Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет54/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

бейвербалды білім болып бөлінеді. Мұндағы қоршаған орта туралы білім 
аялық білім жүйесі ұғымын береді. Аялық білім жүйесі – индивидтің 
материалдық және рухани құндылықтарды меңгерудің нәтижесі».
О.С. Ахманованың анықтамасы бойынша: «Аялық білім - тілдік қатынастың 
негізі болып табылатын екіжақты тыңдаушы мен айтушыға бағытталған 
реалийлер туралы білімі» [127, 74 б.].
Демек, қоршаған орта туралы білімді аялық білім десек, онда сол білімді 
қолдану арқылы автор оқырманға жақындай түседі. Жоғарыда айтып 


96 
кеткеніміздей, адам – ең алдымен қоғамның бір мүшесі. Сондықтан мәтінді 
түзуші адамның (автордың), кейіпкерлердің, оқушының аялық білімінің кең 
болуы көркем шығарманың мазмұнын тереңдете түседі. Жоғарыда берілген 
мәтінге қайта назар аударатын болсақ, оқырман тарапынан аялық білімнің 
маңыздылығын байқаймыз. Мәселен:
Қыз ашуы оңай дейсің бе? Соның орнында мен болсам қайтер едім? 
Алғашында солғын болса, кеудесін ашу кернеген шығар. «Ашу алдында, ақыл 
соңында» деген бар емес пе?». Осы арадағы «Қыз ашуы оңай дейсің бе?» деген 
сөйлемнің астарында тағы бір мәселе жатыр. Оны түсіну оқырманның аялық 
білімінің деңгейіне байланысты. Яғни қызды алып қашқанда қыздың және оның 
әке-шесінің реніші, өкпесі болады. Соны автор үнемдеу тәсілі арқылы «қыз 
ашуы» деп сәтті қолданған. Х.М. Нұрмұқанов, Қ.Ж. Балапанова сынды 
ғалымдар бұндай астарлы ойдың тілдік көрінісін былайша түсіндіреді: 
«айтылған сөзде» айтылмаған мән (смысл) болады. Айтылған сөздiң 
мағыналық өрiсiнен тысқары жатқан «кеңiстiктi» аялық бiлiм деп ұғамыз» 
[128]. Демек, автор өзінің аялық білімін қаншалықты ұтқыр қолданса, 
соншалықты өзінің тапқырлығын оқырманға көрсетеді. Дегенмен, автор 
оқырман қауымның да аялық білімін ескеруі қажет. Себебі көркем шығарманы 
дұрыс қабылдау үшін оқырманның білімі, талғамы, қалауы да маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет