102
Сонымен тілдік тұлға категориясын зерттеуге қатысты мәселелер бойынша
мынадай қорытынды жасауға болады:
1. Қазіргі лингвистика ғылымы және ондағы әдістер тілді және адам
тұлғасының әрекетін тіл арқылы жүйелі түрде, оның бүкіл көлемін қамти
отырып зерттеуге мүмкіндік береді; бұл – оның тіл мен тұлғаны үзік-үзік яки
фрагментарлы күйде зерттейтін өзге ғылымдардан басты айырмашылығы.
2. Тілдік тұлға құрылымын үш деңгейге бөліп көрсеткен Ю.Н. Караулов
тұлға тілдің лингвокогнитивтік (тезаурустық) деңгейінен басталатынын атап
айтады, жалаң (бір қабатты) тілдік семантика деңгейінде тұлғаның даралығы,
ерекшелігі мен қайталанбас қасиеттерін бөліп көрсетуге мүмкіндік жоқ.
«Тұлғаның тілі күнделікті қолданыстағы тілдің ар жағынан басталады»
[113, 36 б.], ол кезде зияткерлік күштер және оны зерттеудегі бірінші деңгей –
оған тән ғалам бейнесіндегі, тезаурусындағы мәндер мен құндылықтардың
сатылы байланысы белгіленіп, айқындалады.
Қазақ қаламгері Ш. Мұртазаның «Шын жазушының көзі көкірегінде
болады» деген сөзінде терең философия жатыр. Көзімен көргенді жүрегімен
сезініп, өзіндік жазушылық талғамының сүзгісінен өткізетін жазушы қауымы
қашанда сезімтал келеді. Көрген-білгенін сезім арқылы өрнектеп, асыл сөздің
қадірін түсінетін оқырманға сөз иірімдерін маржандай жіпке тізіп жеткізеді.
Қандай да бір көркем туындыны оқу барысында тілдік тұлғаның, яғни
автордың ішкі жан дүниесін, рухани әлемін, тілдік және аялық білімінің
негізінде аңғаруға болатыны белгілі. Себебі жазушы көкейінде жүрген ұлы
идеяларын, жүрегін сыздатқан, көңілін жабырқатқан ішкі күйзелісін, қоғамдағы
түрлі мәселелерге қатысты терең толғаныстарын, бір сөзбен айтқанда, өзіндік
рухани әлемін қағаз бетіне түсіреді. Жазушының ұшы-қиыры жоқ қиялы,
жылдар бойы жинақтаған жазушылық, адами тәжірибесі, атадан алған ұлттық
тәрбиесі, ұлылардың мұралары, ой-тұжырымдары арқылы қалыптастырған
ұлттық танымы мен талғамы, жылдар бойы жаңқалап, ұштай түскен өзіндік
стилі көркем туындыны терең мазмұнды, көркем тілді нағыз ұлттық шығарма
етуге негіз болады.
Зерттеу нысаны болып отырған Д. Исабековтің шығармаларын жан-жақты
талдау жазушының рухани әлемінің халық рухымен үндес екенін дәйектейді.
Соның нәтижесінде көркем тілді жазушы ретінде қалыптасқан Д. Исабековтің
рухани әлемі оның көркемдік әлемі арқылы оқырманға жетеді. Осымен
байланысты
автор, автор бейнесі, мәтіндегі автор, баяншы, әңгімеші
мәселелері сабақтас қарастырылады.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, «автор бейнесі» терминін ғылымға алғаш
болып енгізген – көрнекті ғалым В.В.Виноградов. Ғалым автордың шығарма
қатыстылығын байланысты
«авторлық позиция», «авторлық модалдылық»
мәселелеріне тоқталған, бірақ
автор бейнесі мен
баяншы бейнесін бір-бірінен
бөліп қарастыру қажет деп есептейді: «
Баяндаушы – жазушының сөзі, ал
Достарыңызбен бөлісу: