125
сығырайта қарау, бақырайып қарау, тесірейіп қарау, аларып қарау, ежірейе
қарау, қадала қарау сияқты түрлері кездеседі.
Қол алысу. Сәргел орнынан тұрып онымен қол алысып қоштасты.-
Бәлкім,
сіз аттанғанша кездесерміз,
қарсы болмасаңыз аэропортқа шығарып
салайын («Қарғын»).
Қол алысу – екі адамның оң қолының алақандарын өзара
қысудан тұратын қимыл, сәлемдесу немесе қоштасу рәсімі. Бұл әмбебеп кинема
адамдар
арсындағы сыйластықты, мәдениеттілікті, ресми қарым-қатынасты
білдіреді. Көбінесе қол алысу сәлемдесу, қоштасу, құттықтау кезінде, мақұлдау,
белгілі бір келісім жасасу немесе татуласу белгісі ретінде пайдаланылады. Қол
алысудың мақсаты – адалдық пен ізгі ниет көрсету. Қол алысу – сенім
білдірудің белгісі, ол серіктеске деген
жақсы ниеттің кепілі ретінде, сондай-ақ
бір-біріне құрмет көрсету үшін қолданылады. Қол ұстасудан бас тарту
дұшпандық немесе ынтымақтастыққа келмеудің көрінісі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: