Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет73/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Таңдай басу. Қорқып қалдың ба, құлыным! Кел, таңдайыңды басайын
Қарт немересінің қарсылық білдіргеніне қарамастан, оның мойнын өзіне 
күштеп бұрды да, басын қыса құшақтап тұрып, көз ілеспес жылдамдықпен 
таңдайына ағаш қасықтың сабындай ұзын саусағын сүңгітіп алды. 
(«Дермене»). Халықтық медицинада таңдай басу немесе тамақ басу бала бір 


124 
нәрседен шошып қалғанда, суық тиіп, тамағы көтеріліп тұрған жағдайда 
қолданылатын ем-домның бір түрі.
Саусағымен кеңірдегін кесу. Ә.. Жоқ... Тойып алғанбыз... 

Ол 
саусағымен кеңірдегін кесті де, еріген мұздың суын қалайы табақпен шелекке 
сарылдатып құйып ала бастады («Біз соғысты көрген жоқпыз»). ... Егер Роза 
болғаныңда бар ғой. – Ол саусағымен кеңірдегін кесті. – Басыңды жұлып 
алатын едім, білдің бе?(«Өкпек жолаушы»). «Бас бармағымен кеңірдегін кесу» 
– адамның шындықты айтып тұрғанын дәлелдеуіне көмекші ретінде 
қолданылатын кинема. Әдетте, ауызекі тілдегі бетпе-бет қарым қатынас кезінде 
бұл қимылды жасаған адам «Рас айтам!», «Имандай шыным» деген тіркестерді 
қоса айтады.
Шашын жұлу. Үңілді де, қос қолымен бұрымын жұлып, аңырап қоя берді 
(«Біз соғысты көрген жоқпыз»). Әйел адам өте қайғылы жағдайға душар 
болғанда, жақындарынан айырылғанда, күйеуі қайтыс болғанда басындағы 
орамалын босатып, қос қолымен шашын жұлып, зар илеп жылайды. Сондықтан 
да қазақ халқы жай күндері қыз баланың шашын жайып жүруіне тыйым салып, 
жаман ырымға балаған. Әйел жанының сезімталдығын, әлсіздігін танытатын 
мұндай кинесикалық амалдар қазақ жазушыларының шығармаларында жиі 
кездеседі. Ондай амалдар гендерлік сипатына байланысты әйелдерге тән 
кинемалар және ерлерге тән кинемалар деп бөлінеді. Қазақ қоғамында ер 
адамдар мына қимыл-әрекеттерді көбірек жасайды: малдас құрып отыру, төс 
қағыстыру, қамшы тастау, басын қасу, бөркін аспанға ату, сақалын сипау, 
т.б. Ал әйелдерге тән қимыл-әрекеттер: сұқ саусағымен бетін сызу, шашын 
жұлу, ернін сылп еткізу, ернін шығару, қасын керу, орамалының ұшымен көзін 
сүрту, жағын таяну, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет