49
беткі қабаттың қаттылығын, коррозияға тӛзімділігін арттыру. Процесті
сұйық, газ, қатты күйдегі орталарда ӛткізеді. Газ күйіндегі ортада
циандандыруды нитроцементтендіру дейді.
Кӛбінесе,
сұйық күйдегі ортаны қолданады. Оның құрамы
балқытылған цианит тұздарынан тұрады: 20-25% NaCN
25-50% Na
2
CO
3
25-50% NaCl
Газ күйдегі орта ретінде 70-80% табиғи газ бен 20-30% аммиактан
тұратын ортаны жұмсайды. Циандандыруды ӛткен қабаттың қасиеттері
қыздыру температурасына тәуелді. Қыздыру температурасын 50-950ºС
аралығында ӛткізеді. Ортаның температурасы артқан сайын бұйымның
беткі қабатындағы кӛміртектің мӛлшері артады. Температура тӛмендеген
сайын беткі қабаттағы азот мӛлшері артады. Соған байланысты
циандандыруды жоғары температурада циандандыру және тӛменгі
температурада циандандыру деп бӛледі.
Жоғары температурада циандандыруды 800-950 ºС ӛткізеді. Беткі
қабатқа кӛбінесе кӛміртек отырып, процесс цементтендіруге ұқсас ӛтеді.
Жоғары температурада циандандыруды тісті дӛңгелектер сияқты машина
детальдарына
арнайды.
Цементтендірілген
қабатқа
қарағанда
циандандырылған қабаттың механикалық қасиеттері жоғары болады.
Тӛменгі температурада циандандыруды 500-600ºС ӛткізеді. Процесс
азоттандыруға ұқсас ӛтеді. Тӛменгі температурада циандандыруды
кӛбінесе легирленген аспаптық болаттарға арнайды. 2-10 сағат ішінде
қабаттың тереңдігіне 0,25-1мм ӛтеді.
Жоғары температурада циандандырудан кейін болаттарды термиялық
ӛңдеп, ажарлайды.
Тӛменгі температурада циандандырудан кейін тек тазалай ажарлайды.
Диффузиялық металдандыру деп болаттың беткі қабатын әртүрлі
металдармен диффузиялық қанықтыру процесін айтады. Металдандыру
нәтижесінде беткі қабат легирленеді деп санайды. Хроммен қанықтыру
процесі – хромдау, алюминиймен - алитерлеу, кремниймен -
силицийлендіру, бормен - борлау, т.б. деп аталады. Осы металмен
қанықтырылған беткі қабаттардың ыстыққа тӛзімділігі, қаттылығы, тозуға
тӛзімділігі артады. Орта ретінде балқытылған металдарды, балқытылған
тұздарды немесе газ күйіндегі металл хлоридтерін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: