Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет119/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

дискри ми на ция  жа сады. Бiрдей еңбек ете тұра оларға 
жалақы әлдеқайда кем төлен дi. Бұл жөнiнде округтiк 
инженер М. Красовский былай деп жаз ды: 
«Қыр ғыздармен (қазақтармен. 
– авт.) 
бiрдей жұмыс кө лемiн атқарған орыс жұмысшылары жалақыны 
олардан екi не үш есе артық алады». Олардың орташа жалақысы күнiне 
30–40 тиын нан ғана құралды. Қа зақтар жұмысқа қабылданғанда баспана 
берiлмейтiнi ескер тiлетiн. Қа зақтардың орыс тілін нашар білуінен, олар 
өз құқықтарын қорғай алмады. Зауыт-фабрика дүкендерiндегi тауарлар 
мен азық-тү лiк өнiмдерi қазақтарға көтерiңкi бағалармен сатылды. 
?
1. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, «Қазақ жұмысшыларының
бiр күнi» деген тақырыпқа әңгiме құ растырыңдар. 2. Интернет қорлары мен 
әдеби деректерді пайдалана отырып, көмірдің бұрынғы және қазіргі кез де қа- 
лай өндірілетіні, осы саладағы технологиялық жаңалықтар жайлы айтып 
беріңдер.
 
Акция – құнды қағаз. Ол 
кәсiпорынға акционердiң белгiлi мөлшерде үлес-
жарнасының қосылғанын куәландырады және оған меншiктi иеленуге, түскен 
табысты бөлiсуге құқық бередi.
дискриминация – адамды кемсiту, оның құқығын шектеу, әлеуметтiк қорлау.
Табыс табу – село тұрғындарының күнкөрiс үшiн табыс табу мақсатымен 
маусымдық уақытша жұмыс iздеп қалаға не басқа жаққа кетуi.
Маркшей дер – тау кендеріне геодезиялық зерттеулер жүргізетін маман.
Қосым Пiшенбаев (1844–1932) – Ертiс бойындағы және Орталық Қа зақстандағы 
көп теген кен орындарын бiрiншi болып ашқан адам. Со ның iшiнде Екiбастұз 
көмiр кенiшi және Майқайың полиметалл кен орындары да бар.
Малшаруашылығы шикізатын өңдеу жөніндегі алғашқы көсіпорындардың 
негізгі ошақтары Ақмола және Семей облыстары болатын.
Жергілікті мекемелер жинаған деректер бойынша мұндай кәсіпшіліктердің 
алғашқы ошақтары Ақмола облысында XIX ғасырдың орта шенінде-ақ пай-
да болған. 1888 жылы Семей облысында 63 «зауыт» – 13 былғары, 9 сабын 
қайнататын, 1 шарап ашытатын, 1 май қорытатын, 23 кірпіш, 2 сыра ашы-
татын және басқа да 4 зауыттар болып, оларда 262 жұмысшы істеген, жалпы 
шығарған өнімдері 230 147 сомға жеткен. Оның үстіне малшаруашылығы 
шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындар негізінен уезд орталықтарында орна-
ласып, дала тұрғындарын жаңа экономикалық үрдістерге үнемі тартып отырды. 
Бұл орайда шикізатты өңдеудің ұлғайтуына қарай негізінен ірі қоныстардың 
құрылуына байланысты жекелеген кәсіпорындардың өнімділігі едәуір көлемге 
*
Неліктен тау-кен кәсіп-
шілігі Қазақстанда 
негізгі өндіріс орны 
саналды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


143
жетті. 1890 жылы Өскемендегі екі кірпіш зауытында ғана өндіріс көлемі
20 мың дана күйдірілген және шикі кірпіш болды, сонымен бірге Зайсанда –
3 былғары, 1 тон зауыты, Павлодарда – 2 май қорытатын, 2 сабын қайнататын, 
2 кірпіш, сыра ашытатын зауыттар; Көкпекті, Семей, Павлодарда – 13 май 
қорытатын, балауыз, 23 былғары, 5 тон «зауыттары» жұмыс істеді.
XIX ғасырдың 80-жылдарынан Сырдария облысында да өңдеуші өнер- 
кәсіп қарқын ала бастады, 1887 жылы «фабрика-зауыт және майдагерлік 
кәсіпшіліктердің» өнім шығаруының жиынтық сомасы 1 482 500 сомға жетті; 
бұған мақта өндірісі бойынша – 860 000 сомға дейін, жібек өндірісі бойын- 
ша – 450 000, темекі өсіру бойынша – 20 000, балық аулау және т.б. бойынша 
шығарылған өнім құнын қосу керек, сонда барлығы 1 720 000 сомның өнімі 
шығарылды.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). – Бес томдық. 3-том,
Алматы, 2002, 507-бет.
1. Мал шикізатын өңдеу орталықтары қайда орналасты? 
2. Кәсіпорындар өлкенің экономикалық дамуында қандай рөл атқарды?
Бүгінгі сабағымызда сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзге-
рістерін талдаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет