Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Жәрмеңкелердiң әлеуметтiк-мәдени саладағы атқарған рөлi



Pdf көрінісі
бет125/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

6. Жәрмеңкелердiң әлеуметтiк-мәдени саладағы атқарған рөлi. Жәр-
мең келерде сауда-саттық жасалып қана қойған жоқ. Онда алу ан түрлi 
рулар мен халықтардың өкiлдерi бас қосып, пiкiр алысатын, байланыс 
жасап тұратын орынға да айналды. 
Қазақ және орыс халықтары өкiлдерiнiң өзара 
тамыр-таныстығы да осындай жәрмеңкелерден баста-
латын. Жәрмеңкелерде iрi-iрi спорттық шаралар, ат 
жарыстары, ұлттық ойын түрлерi өткiзiлiп тұ ратын. 
Қазақтардың әртүрлi руларының, кейде тiптi барлық 
жүз де рiнiң өкiлдерi күш сынасатын жарыстар да 
өткiзiлетiн. Жәрмеңке ге жиналғандар түрлi спорт 
ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар 
айтыс қа түсiп, бақ сынасатын. 
Iрi-iрi жәрмеңкелерде қазақтың бүкiл әлемге та-
нылған атақты ба луаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы 
өнер көрсеттi. Жәрмеңкелерде қазақтың 
Ақан серi, 
Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Шам сут ди нова,
Әсет Найманбайұлы, Әмiре Қашаубайұлы сияқты көптеген сал-се рi лерi мен 
ақындары да жиi-жиi болып тұрған.
Саяси өмiрдегi оқиғалар шиеленiсiп қыза түскен кездерi жәр мең келер 
өкiмет билiгiнiң жоғары органына жазбаша шағым жолдайтын орын да 
болып табылды.
7. Тұрақты сауда. ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде жәрмеңкелердiң ма ңызы 
төмендей бастады. Оның мынадай себептерi болды. 
Бi рiн шi ден, қазақтар 
барлық жерде бiрдей жаппай отырықшылыққа көше бас тады. 
Екiншiден, 
уездiк және облыстық орталықтар аймағында тұ рақты сауда кеңiнен 
Майра
Шамсутдинова
картамен жұмыс
Картадан сауда 
жолдары мен 
жәрмеңкелерді 
көрсетіңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


150
етек алды. Сауданың бұл түрi қалаларда ба-
рын ша дамыды. Қалалар фабрика-зауыттар 
шығаратын өнiмдердiң тұ рақ ты қоймаларына 
айналды. Қаладан қажеттi бұйымдарын қа-
зақтар мен қоныс аударушы шаруа, казактар 
емiн-еркiн сатып алатын едi.
Қалаларда кең көлемдi сауда жасайтын 
дүкендер мен дүңгiр шек тер ашылды. Олар-
дың жылдық сауда айналымының мөлшерi 
де өсе түстi. Пет ропавлда, Омбыда, Семейде,
Қос танайда тұрақты жүр гi зi летiн сауданың 
кү шейе түсуi ел аралап жасалатын сауда 
мен жәр меңкелердегi сауданың жағдайын 
әлде қайда әлсiретiп жiбердi. Қа зақ өлкесiнде 
тауарлы-ақша қатынастары дами түстi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет