151
(жер бояуы) тасымалданды. Ертiстен басқа өзендерде әсi ресе Жа йықта,
пароходтардың жүзуiне балық қорын сақтау мақсатымен тыйым салын-
ды. Ал бiрқатар өзендер мен көлдердiң таяз болуы салдарынан оларда
пароходтарды пайдалану кеңiнен өрiс ала алған жоқ.
Теңiзде жүзу тек Каспийде ғана кең тарады. Онда Гурьев пен Аст -
рахан арасында пароходтар қатынап тұрды. Өндiрiс пен сауданың, қала
құрылысының дамуына байланысты елде
банк iсi де қалыптаса баста ды.
1871 жылы Петропавловскiде Қазақстандағы тұңғыш қоғамдық банк
ашылды. Сiбiр сауда банкiнiң бөлiмшелерi бiртiндеп Семей, Верный,
Ақмола, Қостанай және Павлодар қалаларында да ашыла бастады. ХХ
ғасырдың басында жергiлiктi тұрғындардың банкiдегi салымдары 300
мың рубльге жеттi.
?
1. Қазақ жерінде сауда түрінің қайсысына ерекше басымдық берілді деп ойлайсың?
1.
Ел аралайтын сауда
Себебі ...
2.
Тұрақты сауда
Себебі ...
3.
Жәрмеңкелік сауда
Себебі ...
2. Сауда керуені, жәрмеңкелік сауда көрінісін сурет арқылы бейнелеп көр.
3. Интернет материалдарын пайдаланып, жолдардың бұрын және қазір қалай
салынатыны, технологиялық жетістіктер туралы айтып беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: