Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеріске ұшырауы



Pdf көрінісі
бет129/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

3. дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеріске ұшырауы. ХІХ ғасырдың бас 
кезіне дейін қазақтардың өзіне тән бірегей әлеуметтік құрылымы болды. 
ізден!
Қазақ даласында 
жаңа әлеуметтік 
топтардың қалып-
тасуына не әсер етті?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


154
Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты-
на бейімделген еді. ХІХ ғасырдың 20-жылдары-
нан бастап патша үкіметі қазақтың әлеуметтік 
құрылымының өзгеріске ұшырауына жеткізді. 
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың 20–90-жылдары 
аралығында сұлтандар билігін әлсіретіп, билер 
сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отар-
шыл өкімет орындарының жалпыимпериялық 
басқару тәртібін енгізуіне көп кедергі келтіретін 
еді. Билер қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық 
тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін 
қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп 
отыратын. ХVІІІ ғасырда мемлекеттік және 
қоғамдық қызметтің маңыздылығы, шешендік 
өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан 
Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған атақ-
ты билер болды. Олар – Ұлы жүздегі 
Төле би
Орта жүздегі 
Қазыбек би және Кіші жүздегі 
Әйтеке би. ХІХ ғасырда Өткел би, Аслан би т.б. 
билердің есімдері халық арасында кеңінен таныл-
ды. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері 
билер сотының бұрынғы қалпында өзгеріссіз 
қала беруін жақтады. Мәселен, қазақтың көр-
некті ғалымы Шоқан Уәлиханов билер сотына 
жоғары баға берді. Патша үкіметі қазақтың 
би лік құрылымына сұлтандарды да ығысты-
ра бастады. 1867–1868 жылдардағы әкімшілік 
рефор малар сұлтандардың артықшылықтарын 
шек теп, қарапайым қазақтардың құқықтарымен 
теңестірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет