Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Реттеу мен бақылау басқарудың функциясы ретінде



Pdf көрінісі
бет129/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

37. Реттеу мен бақылау басқарудың функциясы ретінде
Мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері
Мемлекеттік органдардың жеке бизнес субъектілерімен 
өзара әрекетті ұйымдастыратын формалары серпінді өзгеруде. 
Мақсаттарды және мемлекеттік пен нарықтық тетіктерді реттеуді 
үйлестіруде елеулі қадамдар жасалуда.
Кәсіпкерлік іс-әрекетті мемлекеттік реттеудің мақсаты белгілі 
бір жағдайлар жасау болып табылады, олар тұтастай экономиканың 
қалыпты жұмыс істеуін және елдегі кәсіпкерлердің еңбекті 
халықаралық бөлуге тұрақты қатысуын және осыдан ұтымды пайда 
алуды қамтамасыз етеді.
Жинақтай алғанда мемлекеттік реттеудің міндеттеріне мыналар 
кіреді:
- кәсіпкерлерге құқықтық негіз бен мүдделерді қорғауды 
қамтамасыз ететін заңнамаларды әзірлеу, қабылдау және бақылау;
- мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру мен тиісті 
шығындарды кеміту;
- кәсіпорынның қызметіне тікелей араласумен бюрократиялық 
бақылауды азайту;


286
- нарықта еркін және адал бәсекелестік үшін жағдайлар жасау;
- ақша-тауарлық және бюджеттік тепе-теңдікті қаржылық, 
салықтық, үрдістік саясат пен ақша эмиссиясын басқару арқылы 
қамтамасыз ету;
- капиталдың ұзақ уақыт бойы өсуі мен тұрақты дамуына ықпал 
ету;
- жұмыс күшінің еркін ауыс-түйісі мен еңбек Заңнамасының 
нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;
- әлеуметтік тепе-теңдік пен табыс бөлуді қолдау.
Реттеу түрлері мен тетіктері үнемі өзгерістерге ұшырап отырады, 
оларды иілімді сипатта және жүзеге асыру тиісті органдар арқылы 
(заңнамалық, атқару) атқарылады.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында мемлекеттік 
реттеу орталығы; салмағы өндірісті ұйымдастыру-шаруашылық 
жағынан реттеуге белсене қатысатын мемлекетке ауысады.
Оның негізгі міндеттері мыналар:
- өндіріс құрылымын қайта құру (экспортқа бейімделген жаңа 
салалар құру, жаңғыртып, жетілдіру (модернизация) және т.б.)
- экспорт салалары өнімінің және өндірістің кейбір түрлерінің 
бәсекеге мүмкіншілігін арттыру;
- өндірісті шикізат, отын, жартылай өнім түсетін кепілді 
көздермен ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ету;
- экономиканың артықшылықты және ең озық салаларында 
жағдайды нығайту;
- экономиканың жетекші салаларында, соның ішінде 
шоғырландыру үрдісіне әсер ету шараларын қолдану;
- реттеу өндіріс тиімділігін арттыруға барынша бағытталуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет