1-тапсырма: Мәтін мазмұнын абзацтарға бөліп,
атау бер;
дескрипторлары:
мәтіннің мазмұнын кем дегенде 2 абзацқа бөлу
керек;
әр абзацқа жеке атау берілуі қажет;
мәтін мазмұнын абзацтарға бөлу себебін
түсіндіру керек;
2-тапсырма: Мәтіннен ең маңызды деген 5
сөйлемді іріктеп, себебін түсіндір;
дескрипторлары:
іріктелген әр сөйлемде маңызды оқиға немесе
тұлға есімі, даталар болуы керек;
кем дегенде 5 сөйлем болуы шарт;
3-тапсырма: Мәтін мазмұнына 5 сөйлем арқылы
қорытынды жаса;
дескрипторлары:
құрастырылған
сөйлемдер
мәтіннен
көшірілмейді;
құрастырылған
сөйлемдер
өзіндік
ой-
қорытынды болуы керек;
Жұптық жұмыс (10 минут) Оқушыларға ҚР кескін картасының үлгісін
таратып беріңіз. Алдыңғы тапсырмада берілген
мәтін бойынша оқушылар ғұндардың қоныс
аудару бағыттарын анықтап, келесі жұппен
жұмыстарын алмастырады. Бір-бірінің жұмысын
толықтырып әрі жетілдіреді. Оқушылар осы
тапсырманы орындау арқылы оқу мақсатына
жетеді. Бұл тапсырма оқушылардың тарихи
кеңістікте бағдар жасай алу дағдысын дамытуға
мүмкіндік береді.
Дескрипторлары:
ғұндардың 2 рет қоныс аудары бағыттарын
көрсетеді;
қоныс аудару кезінде ғұндарды басқарған
белгілі тұлғаларды атайды;
ғұндардың қоныс аудару себептері мен
салдарын анықтайды;
Бүкілсыныптық жұмыс (7 минут) Сабақтың бастапқы кезеңіндегі «Ғұндардың
Батысқа қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді?»
деген зерттеу сұрағы бойынша сыныптық
талқылау
ұйымдастырыңыз.
Осы
тұста
оқушыларға қосымша сұрақтар арқылы ғұндардың
дүниежүзілік
тарихқа
енгізген
өзгерісін
анықтауына қолдау көрсетіңіз. Басты назар
өзгерісте болуы шарт.