22
Айнымалылар жəне өрнектер
Кез келген программада есептеулер жүргізу қажет болады. Мəндерді
есептеу үшін операндтардан, операция белгілері мен жақшалардан тұратын
өрнектер қолданылады. Операндтар есептеуге қажетті мəліметтерді береді.
Операциялар орындалуы тиіс əрекеттерді анықтайды. Əрбір операнд, өз
кезегінде, өрнек немесе оның дербес бір түрі, мысалы, тұрақты немесе айны-
малы болып табылады. Операциялар приориттеріне (басымдылығына) сəйкес
орындалады. Операциялардың орындалу ретін өзгерту үшін жай дөңгелек
жақшалар қолданылады.
Өрнектердің құрамдас бөліктерін жəне оларды есептеу ережелерін
қарастырайық.
Айнымалылар
Айнымалы – бұл белгілі бір типтегі мəліметтерді сақтай алатын, атау
берілген компьютер жады аймағы. Айнымалылардың аты жəне мəні болады.
Оның аты мəні сақталатын жады аймағын пайдалану үшін қызмет етеді. Про-
грамманы орындау барысында айнымалының мəнін өзгертуге болады. Кез
келген айнымалыны қолданудың алдында оны сипаттау керек.
Аты
a
болатын бүтін жəне аты
x
болатын нақты айнымалыларды сипаттау
мысалы:
int a; fl oat x;
Айнымалыларды
сипаттау операторының жалпы түрі:
[жады класы] [const] типі аты [инициалдаушы];
Осы оператордың құрамындағы бөліктерді жазу ережелерін
қарастырайық:
□ Міндетті түрде көрсетілмейтін жады класы
Достарыңызбен бөлісу: