И. А. Зимняя педагогикалық психология


Оқу міндетінің жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет103/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Оқу міндетінің жалпы сипаттамасы 
 
Оқу міндеті кез-келген басқа міндеттер сияқты қазіргі кезде 
жҥйелік білім беру ретінде қарастырылады да, онда екі компонент 
міндетті болып табылады: бастапқы қалыптағы міндет пәні және міндет 
пәні кҥйін талап ететін модель [20, 41б.]. Міндет қҧрамы «берілген 
деректер және іздестіру», «белгілі және белгісіз», «шарт және талап» 
ретінде бір мезгілде бастапқы кҥй формасында және осы қҧрам 
компоненттері арасындағы қатынастардың шешілу нәтижесі ретіндегі 
(Н.А. Бернштейн, П.К. Анохин) «қажетті болашақ моделі» формасында 
кӛрсетілген. Міндетті осылайша тҥсіндіру нәтижені болжау мен оның 
ҥлгісін елестетуді қамтиды. Міндет қандай да бір қҧбылыс, объект, 
процесс жайлы мәліметтердің тек бір бӛлігі ғана анықталған, ал қалғаны 
белгісіз ақпараттың кҥрделі жҥйесі ретінде қарастырылады. Ол тек 
жекеленген тҥсініктер, жағдайлар арасында жаңа білімдерді, дәлелдерді, 
тҥрлендіруді, ҥйлестіруді қажет ететін келісімсіздік, қарама-қайшылық 
болатындай етіп тҧжырымданған міндеттер немсе мәліметтерді шешу 
негізінде ғана табылады.
Оқу міндетінің қҧрамы Л.М. Фридман, Е.И. Машбиц 
жҧмыстарында жете қарастырылған. Кез-келген міндет сияқты оқу 
міндетінде мақсат (талап), объектілер бӛлінеді, олар міндет шарттары-
ның қҧрамына, олардың функциясына енеді. Кейбір міндеттерде 
орындау тәсілдері мен қҧралдары кӛрсетіледі (олар эксплициаланған 
немесе кӛбінесе жасырын формада беріледі).
Л.М. Фридман тҥсіндермесінде кез-келген міндет қҧрамына бірдей 
бӛлшектер енеді:
- пәндік саласы – сӛз болып отырған белгіленіп бекітілген 
обьектілер тобы;
- осы объектілерді байланыстыратын қатынастар;
- міндеттер талаптары – міндетті орындау мақсатын кӛрсету, 
яғни, орындау барысында нені орнату керек, соны кӛрсету;
- міндет операторы – міндетті орындау ҥшін оның шарттарына 
қатысты жасалу керек әрекеттер жиынтығы [222]. Бҧл кӛрсетуде 
«орындау тәсілі» және «оператор» тҥсініктер ӛте жақын, бірақ іс-
әрекеттік тҥсіндермеде бізге «орындау тәсілі» терминін пайдалану 
ыңғайлырақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет