189
асыру үшін әрекет атқарылатын шарттармен санасу керек. Мақсат
пен шарттың арақатынасы міндетті анықтайды, ол әрекетпен
шешілу тиіс. Адамзаттық саналы әрекет – бұл азды кӛпті мӛлшерде
міндетті саналы түрде орындау. Бірақ әрекетті атқару үшін
міндеттің субъект тарапынан түсінікті болу да жеткіліксіз; ол
субъект тарапынан қабылданған болу қажет» [193, 152 б.]. Айта
кететін жайт, А.Н. Леонтьев бойынша міндет – бҧл белгілі бір жағдайда
берілген мақсат.
Міндет тҥсінігінің жалпы дидактикалық мазмҧнын қарастыра
отырып В.И. Гинецинский оны былайша анықтайды
«...іске асырылып
қойған танымдық іс-әрекеттің кейбір үзінділерін сипаттаудың
стандартталған сәйкес формасы, ол оқыту жағдайында осы іс-
әрекетті қайта ӛндіру үшін жағдай тудыруға бағдарланған» [53, 173
б.]. Міндет шарттарына, оның талаптарына берілген деректер мен
іздестіру жатады, сондай-ақ негізгі шарты «бар дерек арқылы
іздестіруды кӛрсетеді». Сонымен қатар, тапсырмаларды мҥлтіксіз және
кҥрделілік критерийлері бойынша тҧжырымдаудың маңыздылығы атап
ӛтіледі, бҧл жерде соңғысы объективті кӛрсеткіш
болып табылады, ол
субъективті кӛрсеткіш қиындыққа немесе міндетті орындаудың
жеңілдігіне теңестіріледі. Дидактикалық тҧрғыда В.И. Гинецинский
кӛрсеткен психологиялық міндеттің екі сипаттамасы да маңызды, мҧнда
біріншісі оқу материалын игеруді анықтау міндеттеріне теңестіріледі,
ал екіншісі – танымдық белсенділікті, танымдық жігерлерді
ынталандырумен байланысты.
Оқу іс-әрекетінін, субъекттің ӛзін-ӛзі
дамуына бағытталған
әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін игерудегі ӛзгеше іс-әрекеті
ретіндегі анықтамасына сҥйене отырып, атап ӛтетін жайт, оқу міндеті –
бҧл оқу іс-әрекетінің негізгі бірлігі. Д.Б. Эльконин бойынша, оқу
міндетінің басқалардан негізгі айырмашылығы оның мақсаты мен
нәтижесі субъект әрекеттенетін заттардың емес, керісінше субъектің
ӛзінің ӛзгеруінде тҧр.
Оқу
міндеттерінің қҧрамы,
яғни берілген оқу уақыты
қиындысында оқушы жҧмыс істеуі тиіс сҧрақтар (әрине, жауаптар да)
мҧғалімге, оқытушыға, және де оқушыға, студентке белгілі болу керек.
Іс жҥзінде бҥкіл оқу іс-әрекеті оқу міндеттерінің жҥйесі ретінде
қойылуы тиіс (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Г.А. Балл). Олар белгілі
бір оқу жағдайларында беріледі және де белгілі бір оқу әрекеттерін
ҧйғарады – заттық, бақылау және кӛмекші (техникалық) әрекеттер.
Кӛмекші әрекеттерге сызба жасау, айрықша кӛрсету, кӛшірме және т.б.
жатады. Сонымен қоса, А.К. Маркованың
айтуынша оқу міндеттерін
190
игеру оқушының соңғы мақсатты тҥсінуі мен берілген оқу міндетін
тағайындауы ретінде жҧмыспен ӛтеледі.
Достарыңызбен бөлісу: