52
терминдердің ӛздері жоғарыда аталғандай, біртекті тҧжырымдалмайды.
Екіншіден, оқытушының тарапынан білім
беру процесі ерікті немесе
еріксіз тҥрде оқыту мен тәрбие берудің бірлігін ҧйғарады. Ҥшіншіден,
тәрбилеуші оқыту процесінің ӛзі оқушының позициясынан білімдер,
практикалық дағдылар, танымдық тапсырмалар, сонымен қатар оның
жан-жақты дамуына әсер етуші тҧлғалық
және коммуникативтік
тренингтерді қамтиды.
Білім беру процесінде адамның дамуы кӛп жағдайда оның қандай
қҧралдармен, қандай мазмҧнда жҥзеге асырылатынымен байланысты.
ХІХ ғасырдың аяғында жазылған П. Барттың «Тәрбиелеу мен оқытудың
элементтері» атты кітабына жҥгіне отырып, П.Ф. Каптерев формалды
тҥрде дамудың ҥш тҥрін келтіреді: рефлектендіруші - субъекттік әлемді
(адам рухын) зерттеуге дайындалу, объективті - объективті әлемді
зерттеуге дайындалу (табиғатты) және жҥйеге келтіруші - фактілердің
кез-келген саласында қисынды (логикалық) тәртіп орнату. Біріншінің
қҧралы тілдер болып табылады (әсіресе латын), екіншісінікі –
жаратылыстану ғылымдары, ҥшіншінікі – математика. Бҧл дамудың ҥш
тҥрі жиі жағдайларда бір бірі ҥшін қажетсіз.
«Сол себепті формалды
дамудың үш түрін сәйкес таланттар: гуманитарлық-ғылыми,
жаратылыстанушылық және математикалық - ӛз дамуының ең
жоғарғы сатысында бір-бірін ӛзара жоққа шығарады және сол
арқылы ӛздерінің табиғатының әр түрлілігін белгілейді» [836, 375].
Фуркацияны ҧйғарушы, келесі кезектегі білім берудің барлығы
саналы тҥрде немесе ішкі тҥйсікпен білім берудің осы тҥрлерінің табиғи
айырмашылығына негізделеді.
Соған сәйкес, гуманитарлық және
жаратылыстану-ғылыми (технократтық) екі мәдениет қалыптасты -
олардың ӛкілдері бір-бірімен қосылу нҥктесін табуды ойламай,
керісінше «физик-лирик» деп осы ара қашықтықты одан сайын
тереңдете тҥседі. Бҧл ара қашықтық білім беруде әлеммен ӛзра
әрекеттесудің жобалық тәсілін қалыптастыруға
негізделген жаңа
бағыттың пайда болуымен ғана жойылуы мҥмкін (Дж. К. Джонс, В.Ф.
Сидоренко, Г.Л. Ильин және т.б.). Бҧл жобалық білім беру мәдениеттің
жаңа тҥрін қалыптастыру тәсілі - жобалық мәдениет және Ҥлкен дизайн
мәдениеті.
Достарыңызбен бөлісу: