§ 3. Студент оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
Студенттік жас (18-25 жас) адам ӛміріндегі ерекше кезең болып
табылады, себебі «жалпы мәні бойынша және негізгі заңдылықтары
бойынша 1-ден 25-ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы
ақырғыдан гӛрі, кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын
болып табылады [49, 255 б.].
Студенттік проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық және
жас ерекшелік категориялар ретінде қою еңбегі Б.Г. Ананьевтің
психологиялық метебінікі. Б.Г. Ананьевтің ӛзінің, Н.В. Кузьминаның,
Ю.Н. Кулюткинның, А.А. Реанның, Е.И. Степанованың зерттеулерінде,
сондай-ақ П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин, В.А.
Якунин және т.б. еңбектерінде осы проблема бойынша бақылаулардың
174
ҥлкен эмпирикалық материалдары жинақталған, эксперименттер мен
теоретикалық жалпылаудың нәтижелері келтіріледі. Осы кӛптеген
зерттеулердің мәліметтері студентті әлеуметтік-психологиялық және
психологиялық-педагогикалық позициялы оқу іс-әрекетінің ерекше
субъекті ретінде сипаттауға мҥмкіндік береді.
Студенттік кез – бҧл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім
беру институтымен ҧйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше
қауымдастығы. Бҧл әлеуметтік-кәсіби категория ХІ–ХІІ ғғ. алғашқы
университеттер пайда болғаннан бері тарихи қҧрылған. Студенттік шақ
білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жҥйелі игеруші,
ҧйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды
қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ
мамандыққа тҧрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады,
бҧның ӛзі кәсіби таңдаудың дҧрыстығының, студенттің таңдап алған
мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып
табылады. Соңғысы мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-
әрекеттерін білуді қамтиды. Зерттеулер нәтижелерінің кӛрсетуінше,
студенттердің мамандық жайлы елестетулері деңгейі (біркелкі
және
біркелкі емес) оның оқуға деген қатынасының деңгейімен теңестіріледі:
студент мамандық жайлы неғҧрлым аз білсе, соғҧрлым оның оқуға
деген қатынасы жағымсыз болады. Сонымен бірге студенттердің
кӛпшілігі оқуға жағымды қатынаста екені кӛрсетілген.
Әлеуметтік – психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа
топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғҧрлым жоғары деңгейімен
және танымдық мотивацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді.
Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары
әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік
кемелділіктің жеткілікті ҥйлесімді арақатынасымен сипатталады.
Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр
студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы
ҥшін қызықты тҧлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр.
Тҧлғалық-іс-әрекеттік тҧрғыдан студент белсенді, ӛз іс-әрекетін ӛз
бетінше ҧйымдастыратын педагогикалық ӛзара әрекеттесу субъектісі
ретінде қарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік
белсенділіктің нақты кәсіби-бағдарланған міндеттерді орындауға деген
ерекше бағыттылық тән. Студенттік кез ҥшін оқытудың негізгі формасы
таңбалық-контекстік болып табылады (А.А. Вербицкий).
Студенттік кезді әлеуметтік-психологиялық сипаттау ҥшін
маңыздысы адам дамуының осы кезеңінің қалыпты экономикалық
тҧрақтылықтың қалыптасуымен, ата-аналық ҥйден кетіп, ӛзінің отбасын
175
қҧрумен байланысты болуы. Студенттік кез – адамның, жалпы тҧлғаның
қалыптасуының, сан алуан қызығушылықтардың кӛрінулерінің орталық
кезеңі. Бҧл спорт рекордтарын орнату, кӛркемӛнер, техникалық және
ғылыми жетістіктерге жету, адамның болашақ «қайраткер», кәсіпқор
ретінде қарқынды
және белсенді әлеуметтену уақыты. Осыны оқытушы
оқу іс-әрекеті мен жоғары оқу орнындағы педагогикалық қарым-
қатынасты ҧйымдастыру мазмҧнынында, проблематикасында және
тәсілдерінде есепке алады.
Б.Г. Ананьев мектебінің зерттеушілері алған мәліметтердің
кӛрсетуінше, студенттік жас – бҧл интеллектуалдық қҧрылымданудың
кҥрделі шағы, ол ӛте даралық және әртҥрлі. Осы жастағы адам
интеллектісінің мнемологиялық «ҧйытқысы» бір жағынан, ҥнемі
«шыңдардың» немесе «оптимумдардың» кезектесуімен сипатталса [8,
346 б.], келесі жағынан осы ҧйытқыға кіретін функциялармен
сипатталады. Бҧл дегеніміз, оқу тапсырмалары ҥнемі бір мезгілде
меңгеріліп отырған материалдың тҥсінілуіне, ҧғынылуна және
студенттің есінде қалуы мен қҧрылымдануына да, оның сақталуы мен
мақсатты ӛзектілігіне бағытталған. Мәселені осылайша қою бірқатар
оқу-әдістемелік зерттемелерде бейнелеуін тапты, мҧнда проблемалық
міндеттерді орындауда оқу ақпаратының студент жадында қалуының,
тҥсінілуінің және бекіп қалуының ажырамастығы кӛрстіледі.
Студенттердің танымдық іс-әрекетін белсендендіру ҥнемі оқу
ақпараттарының есте сақталуы және қайта жаңғыртылуымен қатар
жҥреді.
Студенттік шақтың кӛрнекілігі бола отырып, студент ең алдымен
оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде болады, оның ӛзі, бҧрын
кӛрстелігендей, ең алдымен тҥрткілермен анықталады. Тҥрткілердің екі
типі кӛбінесе оқу іс-әрекетін сипаттайды – жетістік тҥрткісі және
танымдық тҥрткісі. Соңғысы ӛз тарапынан адамның ой іс-әрекетінің
табиғатына сәйкестене отырып, оның оқу-танымдық іс-әрекетінің негізі
болып келеді. Бҧл іс-әрекет проблемалық ситуацияда пайда болады
және студенттер мен оқытушылардың қатынастары мен ӛзара
әрекеттесулері дҧрыс болғанда дамиды. Оқытуда жетістік мотивациясы
танымдық және кәсіби мотивацияға бағынады.
Жоғары оқу орнында оқыту барысында еңбек, кәсіби іс-әрекеттің
негізі қалыптасады. «Оқытуда білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды
меңгеру енді оқу іс-әрекетінің пәні ретінде болмайды, ал кәсіби іс-
әрекет құралы ретінде болады» [41, 14 б.]. Алайда сауалнама
нәтижелері, техникалық жоғары оқу орны студенттерінің жартысында
жоғары оқу орнын таңдаудағы мамандыққа қызығушылық мотивінің
176
жоқ екенін кӛрсетеді. Студенттердің ҥштен бір бӛлігінен кӛбі
таңдауларының дҧрыстығына сенімсіз немесе болашақ мамандықтарын
ҧнатпайды [41].
Студенттің оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі елеулі кӛрсеткіші
оның осы іс-әрекеттің барлық тҥрлері мен формаларын орындау ептілігі
болады. Алайда, арнайы зерртеулер нәтижелерінің кӛрсетуінше,
студенттердің кӛпшілігі лекцияларды тыңдауды және жазуды,
әдебиеттерден конспектілеуді білмейді (кӛп жағдайда лекциялық
материалдың тек 18-20% ғана жазылады). Мысалы, В.Т. Лисовскийдің
мәліметтері бойынша, студенттердің тек 28,8% ғана аудитория алдына
шығып сӛйлей алады, пікір талас жҥргізуді 18,6%, проблеманың
аналитикалық бағасын беруді 16,3% ғана біледі. Нақты әлеуметтік
зерттеу материалында кӛрсетілгендей: студенттердің тек 37,5% жақсы
оқуға ҧмтылады, 53,6% ҥнемі тырыса бермейді, ал 8% мҥлдем жақсы
оқуға ҧмтылмайды. Бірақ тіпті жақсы оқуға ҧмтылғандардың ӛзінде
67,2% оқу ҥлгерімі жақсы емес [119]. Соңғы он жылдықта осы
іскерліктер мен жалпы оқуға деген қатынастардың сапалық
кӛрсеткіштерінің ӛзгеруі тҧсында олардың толықтай қалыптаспауының
жалпы бейнесі сақталып қалды.
Оқытушылар алдында студентті оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде
қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық міндеті тҧр, бҧл ең
алдымен, оны ӛз іс-әрекетін жоспарлау, ҧйымдастыру ептілігіне,
толықтай оқу, қарым-қатынас жасау іскерлігіне ҥйретуді ҧйғарады.
Мәселені осылайша қою табысты оқуға қажетті оқу іс-әрекеттерін,
оларды нақты оқу материалында орындау бағдарламасын анықтауды
және
оларды
қалыптастыру
бойынша
жаттығуларды
нақты
ҧйымдастыруды талап етеді. Бҧл жерде осы әркеттерді ҥлгілі
орындауды мҧғалім студенттердің 1-курстағы оқуға бейімделу кезеңінің
қиындығын есепке ала отырып, ӛзі кӛрсетуі керек. Студенттің жаңа
қҧндылық бағдарларының, мотивтерінің және ҥрейлік сияқты даралық
қасиеттерінің қалыптасуына оқытушының әсеріне баға жетпейді.
Студентке, әлеуметтік кемелденген тҧлға, ғылыми дҥниетанымды
тасымалдаушы ретіндегі қатынас, дҥниетаным – бҧл адамның тек
дҥниеге ғана емес, осы дҥниедегі ӛзінің орнына деген кӛзқарастар
жҥйесі екенін есепке алуды ҧйғарады. Басқаша сӛзбен айтқанда,
студенттің дҥниетанымын қалыптастыру дегеніміз оның рефлексиясын
дамытуды, ӛзін іс-әрекет субъекті ретінде, белгілі бір қоғамдық
қҧндылықтарды тасушы, әлеуметтік пайдалы тҧлға ретінде саналы
тҥсінуін білдіреді. Ӛз кезегінде, бҧл оқытушыны оқытудың
диалогтығын кҥшейту жайлы, педагогикалық қарым-қатынасты арнайы
177
ҧйымдастыру жайлы, студенттер ҥшін ӛз кӛзқарастарын, мақсаттарын,
ӛмірлік позицияларын сақтап қалуға оқу орнындағы оқу-тәрбиелеу
процесінде жағдай жасау жайлы ойлануға міндеттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |