226
«Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасының мақсаты – сөз өнерін мәдени
мұра, ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай алатын, интеллектуалды
эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары шығармашыл тұлға
қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің 10-11-сыныптардағы
білім мазмұнына
әдебиеттің тарихи кезеңдері, әдеби тектер мен жанрлардың даму сипаты, әдеби
ағымдар мен бағыттар, әдебиеттiң теориялық мәселелерi, әдеби көркем
шығармаларды тұтас талдау жүйесi, әдеби шығарма және болмыс,
ұлттық
мәдениет, әдебиеттегі ұлттық рух мәселесі, әдебиет және ғаламның шындық
бейнесi, әдебиеттiң өзге ғылымдармен байланысы, қазiргi әдебиеттегi заманауи
мәселелер, әдеби оқырмандық мәдениет, сөз өнерi және шығармашылық даму,
көркем шығарманың стильдiк ерекшелiктерi, авторлық ұстаным және оқырман
танымы қарастырылып,сөз өнерінен бiртұтас ұғым қалыптастыру көзделді.
Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 10-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты;
2) 11-сыныпта – аптасына 6 сағат, оқу жылында 204 сағатты құрайды.
10-11-сыныптарда «Қазақ әдебиетінің» тарихи курсы оқытылады.
10-сыныптың 1-тоқсанында «ХІХ ғасыр әдебиеті», 2-тоқсанында
«ХХ ғасыр басындағы әдебиет», 3-тоқсанында «1920-1940 жылдардағы
әдебиет», 4-тоқсанында «1950-1960 жылдар әдебиеті»;
11-сыныптың 1-тоқсанында «1960-1980 жылдар әдебиеті», 2-тоқсанында
«1990 жылдар әдебиеті», 3-тоқсанында «Тәуелсіздік жылдар әдебиеті», 4-
тоқсанында «ХХІ ғасыр әдебиеті» оқытылады.
«Абай мектептері» желісінің 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ
әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында
оқытылатын шығармалар тізімінде:
ХІХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде сал-
серілер поэзиясы, әнші ақындар шығармашылығы; ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиетінің, тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттің өкілдері мен олардың
туындылары және ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті және әдеби жанрлар (сатира,
фантастика, детектив) қамтылды.
«
Оқу және түсіну» бөлімінде: көркем шығармадағы поэтикалық
қолданыстардың мәнін ашады, мәтіндегі қолданысын түсінеді;
шығарма
үзінділерімен жұмыс жасайды; шығармадағы өзекті мәселе мен идеялық
мазмұнын ашады және көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігін
ажыратады;
көркем
шығарма
желісі
бойынша
ауызша,
жазбаша
интерпретациялайды.
«
Талдау және жинақтау» бөлімінде:
көркем шығарманың образдар
жүйесі мен типтік кейіпкерлерді ажыратады; көркем шығарманың тілі мен
стилін талдайды; көркемдік тәсілдерді талдап, қазақ
және әлем әдебиетіндегі
құндылықтарды айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: