16
жылының барлық кезеңіне бөлу;
- жаңа тақырыптарды және оқу мақсаттарын меңгертуге дейін бұрынғы
оқу материалдарын қайталау;
- білім алушыларға қиындық тудырған
тақырыптар бойынша қосымша
сабақтар өткізу;
- білім алушыларға күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша жеке
және топпен консультациялар өткізу;
- өткен оқу материалы бойынша оқу пәнінен олимпиадалар ұйымдастыру;
- каникулдық сабақтарды және жазғы мектепті ұйымдастыру;
- формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша
тапсырмалар әзірлеу және енгізу;
- өткен оқу жылындағы материалдар бойынша
зерттеу және жобалау
жұмыстарын ұйымдастыру;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу
жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім
беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану;
- білім беру платформаларын қолдану.
Негізгі оқу пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың
орнын толықтыру бойынша ұсынымдар әдістемелік-нұсқау хаттың
«Орта білім
беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты
3-бөлімінде беріледі.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша
жұмысты ұйымдастыруда «2020-2021 оқу жылында
жазғы мектепті ұйымдастыру
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» қосымшасын басшылыққа алу қажет (ҚР БҒМ
2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы).
2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында ұйымдастырылған
Жазғы мектеп білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын
толықтыруға бағытталды.
Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін
20 маусымға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады. 2021-2022 оқу
жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: