коммуникативтік іс-әрекеттің ауызша сөйлеу формасы ретінде
танылады. Сондай-ақ дәстүрлі стиль ұғымын нақтылау үшін де
жаңаша қалыптасқан термин сөз. Мәселен,
ғылыми дискурс,
педагогикалық дискурс, публицистикалық дискурс, көркем
әдебиет
дискурсы, әдеби сын дискурсы, ресми дискурс деп
аталып жүр.
Мәтін – күрделі коммуникативтік (қарым-қатынас) құ-
ралы. Тілдік қарым-қатынастың толық жүзеге
асқан өнімді
нәтижесі ретінде танылады. Яғни мәтін – сөйлеу әрекетінің,
шығармашылық өндірістің жазбаша формасы.
Экспрессивтік стилистика –
тілдегі экспрессивтік әдіс-
тәсілдерді, яғни ойды көркемдеп жеткізудегі экспрессиялы
құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын стилис-
тиканың жаңа бағыты.
Экспрессия –
эмоцияны, ерікті ойды білдіруге, мәнер-
лілікті күшейтуге қызмет ететін стильдік категория.
Яғни тілге
эмоционалды бояу беріп тұратын сөздің көркемдік қасиеті.
Экспрессивтілік – сөйлеушінің сезім-күй әрекеті арқылы
ойды әсірелеп, бейнелеп жеткізуде қолданылатын сөз өрнектері.
Тілде экспрессивтілікті білдірудің сан алуан тәсілдері бар.
Достарыңызбен бөлісу: