Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет7/60
Дата06.09.2022
өлшемі1,6 Mb.
#38535
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Байланысты:
5 (3)

№3дәріс
Дәріс тақырыбыМатематика пәнінің оқу жоспарлары 
Дәріс мазмұны:
1. Ұзақ мерзімді жоспар
2. Орта мерзімді жоспар 
3. Қысқа мерзімді жоспар 
Оқытудың күтілетін нәтижелері оқытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді мақсаттар жүйесін құра 
отырып, нақты оқу пәнінің оқыту мақсаттарында әрбір бӛлім бойынша нақтыланады.
Пәндер бойынша оқу бағдарламаларына қосымша берілген оқу жоспарлары ұсыныс сипатында болады. 
Оқытудың мақсаттар жүйесі мен тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда 
мұғалімдер үшін тақырыптар мен бӛлімдер бойынша сабақтар ӛткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру 
ұсыныстары берілген, сондай-ақ оқыту ресурстары қосылған (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және 
аудиоматериалдары және т.б.).
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен 
бӛлімдерді анықтайды.
Ұзақ мерзімді жоспар белгілі бір бӛлімнің/бӛлімшенің/тақырыптың аясына қажетті оқу мақсатын 
қамтиды.
Әдетте, орта мерзімді жоспарлардың оқу бағдарламасын сабақтардың жүйелі сериясына 
құрылымдайтын мұғалімдер тобы немесе жеке мұғалім жүзеге асырады. Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді 
жоспармен анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа мерзім аралығында жүзеге асырылады. 
Орта мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір 
тоқсанға немесе бӛлімге арналған оқыту тақырыптары кӛрсетіледі. Бӛлімдер ішінде сағаттарды бӛлуді, 
сондай-ақ мұғалімнің қалауына қарай ӛзгертуге болады.


Орта мерзімді жоспарлар оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделе отырып, мұғалімдер үшін 
тақырыптар мен бӛлімдер бойынша сабақтар ӛткізу, сабақтарда оқушыларды ұйымдастыру ұсыныстары, 
сондай-ақ ресурстар берілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдары және т.б.). 
Мұғалім сыныптағы оқушылардың жеке ерекшеліктері мен үлгерім деңгейін ескере отырып, 
тапсырмалардың кейбір түрлерін ӛзгерту және түзетуі мүмкін. Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды немесе 
сабақ жоспарын орта мерзімді жоспардың соңында ұсынылған үлгіге сай ӛзі әзірлейді.
Қысқа мерзімді жоспар дайындағанда мұғалімге саралай оқыту тәсілі мен оқушылардың жеке 
ерекшеліктеріне ерекше назар аудару ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімге сабақ 
мақсаттарына анағұрлым тиімді қол жеткізуге кӛмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы 
әрекет түрлерін мұқият іріктеп алуы керек. Мұғалім әр сабақтан кейін білім алушылар меңгере алмаған 
немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабаққа талдау (рефлексия) жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге тӛмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасында және оқу жоспарында кӛрсетілген мақсаттарды 
басшылыққа алу қажет;
- сабақ мақсаттарын анық тұжырымдау (S.M.A.R.T. қағидасы бойынша), яғни нақты, ӛлшемді, 
қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда кӛрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият 
зерделеу;
- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады. Мұғалім 
білімнің тек дара кӛзі ретінде емес, оқушылардың ӛздерінің оқутанымдық қызметінің белсенді 
ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет