№5дәріс Дәріс тақырыбы: Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
Дәріс мазмұны: 1. Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты мен міндеттері.
2. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
3. Критериалды бағалаудың құрылымы
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу
жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға
ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың ӛзін-ӛзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай
жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға кӛмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:
– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;
– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы;
– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну.
Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ)
және жиынтық бағалау (ЖБ). Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас
бӛлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді.
Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері
байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін ӛлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бӛлімдерін/ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін
(тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында
балл және баға қою арқылы ӛткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда бағалау
тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Мұғалімдер
қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушылармен арадағы кері байланыс үшін және
оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.