мақсатына жетуге кӛмектесетін сабақта қарастырылатын кітап не басқа да дерек кӛздері, мәтіндерді
(мәселен, оқулықтағы параграф), интернетте ұсынылған материалдарды, видеокӛрсетілімдер, слайдтар және
басқа да ақпарат кӛздерін жатқызуға болады.
Мұғалімнің ең басты міндеті - ӛзінің кәсіби біліктілігін тұрақты, жүйелі, шынайы түрде дамыту. «Кәсіби
даму дегеніміз тәжірибе және рефлексия» деген ұстанымға сәйкес әр сабақтан кейін (тәжірибе) мұғалім
сабақты талдау мен бағалау арқылы оның ұтымды жақтары мен жақсартуға қажетті тұстарын айқындап, ӛз
тәжірибесін қалай дамытуға болатындығын айқындау дағдыларын қалыптастыруы керек.
Осы мақсатта сабақтан кейін ӛз сабағын талдау барысында мұғалім бұл бӛлімге сабақ туралы ӛз пікірлерін
жазады. Бұл үшін мынандай сұрақтарғаа жауап беру ұсынылады:
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен ӛз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: