59
2.Ауызекі сөйлеу формасында күнделікті тұрмыста қолда-
нылатын қарапайым сөздер жиі кездеседі. Мысалы, –
Бала мен
бүгін де шөпті өндіре алмадым.
– Кем талапсың, шөп қайдан өнсін. Арқасынан күн
өткен
ешкі құсап, үйден шыққасын-ақ шыжықтап қайтып кете бересің
(Ә.Нұрпейісов).
3.Кейде ауызекі сөйлеу формасында тұрпайы сөздер де кезде-
седі. Өйткені, айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сиғызуға
тырысады. Мысалы,
– Мылжыңдап барасың, антұрған.
–
Құдай ақы, рас. Біздің қатынның...
4.Ауызекі сөйлеу тіліндегі диалектизмдер де кездеседі.
– Сен тағын, тағын бастадың ба? Қанша үрмет
қылсам да
болмай-ақ қойдың ғой, жүдә! Сен албасты.
5.Ауыз екі сөйлеу тілінде кәсіби сөздер де жиі ұшырасады.
– Есеп бар ма? Мен бүгін сүген ұстадым.
Бұйрық дегенді
қойсаңшы, аудың жаңғыз көзіне сағалынан ғана ілініп тұр екен.
6.Сөйлеу тілінде ауыспалы мағынада келтірілген бейнелі сөздер
көп қолданылады
– Жоқ. Ел-аға, көңіл кірі айтса кетеді. Әйтпесе, іргелес отырған
ағайыныңмен жауласпа, бір-біріңнен
есіктеріңнен бас сұғып,
жүзіңді жылытып ал деп талай кеңес бердім.
7.Сөйлеу тілінде фразеологизмдер де көбірек қолданылады.
– Қалқам, араздықты қой... Мені ренжітпеймін дейтінің қайда?
Сен үйге бармаған соң, мен тірі өліп жүрмін ғой.
Достарыңызбен бөлісу: