Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Тілдің өмір сүру формалары



Pdf көрінісі
бет30/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105
3.1 Тілдің өмір сүру формалары
Тілдің өмір сүру формалары да, оның қолдану салалары да 
әлеуметтік лингвистикада өзіндік ұғымдық аппараты мен катего-
риялары бар «Тіл және қоғам» атты кешенді проблеманың бір 


52
бөлігі ретінде қарастырылады. Қазіргі ғылым бұл мәселеде терең 
зерттеулерге және нақтылы нәтижелерге ие (Жирмунский 1936, 
Будагов 1967, Виноградов 1967, Тухман 1970, Авророин 1675, 
Никольский 1976, Степанов 1976, Дешериев 1976, Филин 1981, 
Швейцер 1983, Домшанов 1983, Алпатов 1985, Тумян 1985, Яку-
бинский 1986, Толстой 1988, Едличка 1988, Широкова 1988, Оры-
сбаев 1991, Хасанов 1992 т.б.). Бұл теориялық базалар кез келген 
тілдің өмір сүру формалары мен қолданылу салаларын нақтылы 
қарым-қатынас тәжірибесінде сипаттауға негіз бола алады.
Тілдің өмір сүру формалары – тілдің құрылымдық-жүйелілік 
жағынан өздігінше ұйымдасқан түрлері. Басқаша айтқанда, 
тілдің өмір сүру формалары дегеніміз - түрлі иерархиялық 
топтарға табиғи түрде бірігетін жеке тілдік құрылымдар деген 
сөз. Тілдің өмір сүру формалары бір этносты бүтіндей қамтуы да 
немесе оның жекелеген топтары арасындағы қарым-қатынаста 
ғана қолданылуы мүмкін. Сондықтан олар өзіндік жетілгендік, 
әмбебаптық деңгейлері тұрғысынан, сондай-ақ қолданылу аясы 
жағынан өзара ерекшеліктеріге ие болады. Белгілі социолингвист-
ғалым В.А.Аврорин тілдің осындай өмір сүру формаларының не-
гізгі түрлеріне төмендегілерді жатқызады:
1.Әдеби тіл.
2.Халықтық ауызекі сөйлеу тілі.
3.Диалектілер.
4.Диалектіүстілік тіл (Койне).
5.Ұлтаралық қатынастағы тіл (Креоль-тіл, Пиджин-тіл, Лингва-
франка т.б.).
6.Еркектер мен әйелдер тілі.
7.Діни-ғұрыптық тіл.
8.Ым (костовые) тілі.
9.Жаргон мен арго т.б. [11]. 
Ал А.Едличка «Литературный язык в современной коммуника-
циий» атты славян әдеби тілдерінің теориясына арнаған еңбегінде 
ұлттық тілдердің мынадай өмір сүру формаларын көрсетеді 
[20,62.]:
1.Диалекті.


53
2.Ауызекі сөйлеу тілі.
3.Әдеби-ауызекі сөйлеу тілі.
4.Әдеби тіл 
Бұл жіктеушілік жалпы алып қарағанда басқа да көптеген осы 
мәселе төңірегіндегі әдебиеттердегі топтастырулармен өте ұқсас 
болып келеді. Бірақ мұның өзіндік маңызды айырмашылықтарының 
бірі – ол қазіргі тілдік жағдаяттың күрделі проблемасын түсіндіру 
үшін тілдің жекелеген өмір сүру формаларындағы қарама-
қарсылық белгілері мен кең танымдылығын негізгі белгі ретінде 
алып қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет