66
С.И.Черепанов «Орыс тілінің қытай наречиесі» деп сипаттаған бо-
латын. Өйткені ол тілдің негізі қытайлықтардың сөйлеу дағдысына
сәйкес барынша бұрмаланған орыс грамматикасынан, яғни септік,
жіктік т.б. жалғауларынсыз қолданған сөздерден құралады.
Кяхты пиджинінде Кяхты қаласы жанындағы Мамачень
қалашығындағы қытай саудагерлері мен қытай тілін білмей-
тін орыстар қарым-қатынас жасаған. Орыстар үшін мұндай «тіл
сындырғыш» тілді пайдалану «қытайша» сөйлеу деп аталды.
Пиджиндер көпшілігінде этносаралық қарым-қатынаста екінші
тіл ретінде Жерорта ірі қала-порттарында, алуан тілді жұмысшылар
қызмет ететін Африка, Америка, Ямайка аралындағы қалаларда
және ауылдық аудандарда пайда болған. Пиджин – тілдің пайда
болу көзіне көбінесе қытай, ағылшын, француз, испан, португал
және басқа да европа тілдері мен жергілікті этнос тілдері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: