54
1.Ауызекі сөйлеу тілі қалған үш формадан мынадай ерекшелік-
терге ие:
1.Тілдің жүзеге асу формасы бойынша – ауызша.
2.Тілдің қарым-қатынас актісінің жағдайы бойынша – жеке.
3.Тілдік қарым-қатынасқа субъектінің
қатыстылық актісі
бойынша –дайындықсыз.
4.Тілдік қарым-қатынасқа түсушілерді
қаншалықты қам-
тығандығы бойынша – шектеусіз.
5.Тілдік құрылымның (форманың) таралу мүмкіндігі бойынша
- шектеусіз.
6.Сөйлеу нормасының сипаты бойынша – вариантты.
7.Сөйлеудің қалыпты нормасы бойынша – жүйеленбеген.
2.Ауызша әдеби тіл өзге формалардаан төмендегіше ажыраты-
лады:
1.Тілдің жүзеге асу формасы бойынша – ауызша.
2.Тілдің қарым-қатынас актісінің жағдайы бойынша – жеке кей-
де көпшілік болуы да мүмкін.
3.Тілдің қарым-қатынасқа субъектінің қатыстылық актісі
бойынша – дайындықсыз кейде алдын ала дайындықты да болуы
мүмкін.
4.Тілдік қарым-қатынасқа түсушілерді
қаншалықты қамты-
ғандығы бойынша – шектеусіз.
5.Тілдік құрылымның (форманың) таралу мүмкіндігі бойынша
- шектеулі.
6.Сөйлеу нормасының сипаты бойынша – вариантты болуы
мүмкін.
7.Сөйлеудің қалыпты нормасы бойынша – жүйеленбеген болуы
да мүмкін.
3.Әдеби тіл – өзге өмір сүру формаларынан ерекшелігі:
1.Тілдің жүзеге асу формасы бойынша – ауызша және жазбаша.
2.Тілдің қарым-қатынас актісінің жағдайы бойынша –
көпшілікті.
55
3.Тілдің қарым-қатынасқа субъектінің қатыстылық актісі
бойынша – алдын ала дайындықты, дайындықсыз болуы да мүмкін.
4.Тілдік қарым-қатынасқа түсушілерді қаншалықты қамтыған-
дығы бойынша –
шектеулі, шектеусіз болуы да мүмкін.
5.Тілдік құрылымның (форманың) таралу мүмкіндігі бойынша
– шектеулі, шектеусіз болуы да мүмкін.
6.Сөйлеу нормасының сипаты бойынша - бірізді.
7.Сөйлеудің қалыпты нормасы бойынша – жүйеленген.
Достарыңызбен бөлісу: