Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Мемлекеттік (ұлттық) тілдер



Pdf көрінісі
бет45/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105
Мемлекеттік (ұлттық) тілдер. Олар мемлекеттік немесе 
ресми тіл деген заңды мәртебеге ие, белгілі бір елдің негізгі тілі 
қызметін атқарады. Бұл көптілді социумдағы көпшілік халықтың 
тілі; кейде ол этносаралық қатынаста қолданылады.
Аймақтық тілдер. Бұл – этносаралық қатынастағы өзіндік жазу 
жүйесі бар, бірақ ресми немесе мемлекеттік мәртебесі жоқ тілдер. 
Мысалы: 1) чжуан тілі (13 млн. адам сөйлейді) Қытайдың Гуанш-
Чжуан автономиялық аудандарындағы көпшілік халықтың тілі, 
осы аудандағы өзге де этнотілдік топтар арасында қолданылады; 
2) ҚХР Тибет автономиялық ауданындағы тибет тілі (мұнда 4 
млн. адам сөйлейді, тайпааралық қатынаста және іс қағаздарын 
жүргізуде қолданылады).
Жергілікті тілдер. Әдетте бұл жазуы жоқ тілдер. Мұндай тіл-
дер жүздеп кездеседі. Олар көпэтносты социумдағы этникалық 
топ ішінде тек бейресми түрде ауызша қатынаста пайдаланылады. 
Кейде бұл тілдерде жергілікті радио мен телехабарлар жүргізіледі. 
Бастауыш мектепте жергілікті тілдер сол мектептің оқу тіліне өту 
кезеңінде көмекші тіл ретінде жұмсалады.
3.5 Тілдің қызмет ету салалары
Әлеуметтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірін тілдің 
қоғамдық қызметін зерттеу құрайды. Тілдердің қоғамда қызмет 
ету ақуалының объективті көрсеткіштеріне мынадай әлеуметтік 
лингвистикалық белгілер жатады:
1.Тілдердің қоғамдық қызмет көлемдері.
2.Қызмет ету аясы.
3.Тілдердің қолданылатын өмір салалары.
Осыған орай Ю.Д.Дешериев тілдердің қызмет ету жағынан 
дамуын зерттеу – тілді зерттеудің ең жоғарғы деңгейі, өйткені 
бұл деңгей қоғамның материалдық және рухани өмірдегі барлық 


77
салаларының дамуымен ажырамас байланыста қарастыруға жағдай 
туғызады дей келе: «Судьба любого языка, его роль и назначении 
в жизни общества, перспиктивы его функционирования зависят от 
его общественных функций»,- деп атап көрсетеді [31,65-70.]. 
Тілдің қоғамдағы нақтылы қызмет ауқымы оны қолданылатын 
өмір салалары бойынша қарастырғанда анықталады. «Өмір са-
ласы» ұғымы адамдардың өмірде өзара араласуындағы қарым-
қатынасының белгілі бір тіл көмегімен жүзеге асырылатын нақты 
кеңістігі дегенді білдіреді [28,75.]. 
Тілдің қоғамдық өмірдің нақты бір саласында қолданылуы оның 
нақты қызметі де, ал оның қолданылатын орындары бойынша са-
ралануы қоғамдық қызметі болып табылады. Олардың көпшілігі 
белгілі бір тұрақтылықты бола бермейді, керісінше, объективті 
өзгерімпаздыққа ие. Мұны бүгінгі өмір шындығымен дәлелдеуге 
болады. Айалық, шарушылықтың нарықтық түріне өту мынадай 
салалардың: банкілік қызмет, маркетинг, менеджмент т.б. дамуына 
түрткі болды. Бұл салалардың пайда болуы соларға сәйкес қатынас 
түрлерінің қарқынды дамуын туғызды. Демек, уақыт өткен сайын 
бүгінгі күнде зерттелді деп танылған өмір салаларының саны мен 
мазмұны не азаяды, не ұлғаяды. Ол қоғамның әлеуметтік, мәдени, 
саяси және экономикалық дамуына байланысты. Сондықтан 
олардың толық санын көрсету қиын. Десек те социолингвист 
ғалымдар тарапынан тілдің қоғамдық қызмет аясын анықтауда 
әр саланың іштей кішігірім сала-салаға бөлінетіндігін ескере 
отырып, негізгі өмір салаларының санын көрсетіп жүр. Мысалы, 
Л.Б.Никольский тіл қолданылатын салаларды алтыға, В.А.Аврорин 
он екіге, Ә.Орысбаев он үш негізгі сала мен алпыс бес қосымша 
саланы атайды. Ал Қазақстандық белгілі социолингвист-ғалым 
Б.Хасанұлы қазақ тілінің Қазақстанда қоғамдық өмірдің он бес 
негізгі саласы мен елу жеті қосалқы саласында (подсфера), яғни 
жетпіс екі салада қолданылатынын көрсетсе, орыс тілінің он сегіз 
негізгі салада және алпыс жеті қосалқы салада, барлығы сексен 
бес өмір саласында пайдаланатынын атайды [28,177.]. 
Осыған дейін айтылғандарды жинақтай келсек, тілдің жеке 


78
адамның, сондай-ақ бүтіндей қоғамның өте кең көлемдегі қарым-
қатынастық қажеттілігін өтейтіндігін көреміз. Адамның түрлі 
салаларындағы іс әрекетіне байланысты -өндірістегі, білімдегі
ғылымдағы, мәдениеттегі, саудадағы, тұрмыстағы т.б. – тілдің 
әртүрлі қолданылу салаларын саралап көрсетуге болады. Біз осы-
ны мысал ретінде Алматы облысының тілдік ахалы негізінде мем-
лекеттік тіл – қазақ тілінің кейбір өмір салаларындағы қолданыс 
аясы тұрғысынан қарастырып көрейік. 
Жалпы Алматы облысының аумағында қазақ кездеспейтін жер 
жоқ десек, соған сәйкес облыста қазақ тілі қолданылмайтын өмір 
саласы да жоқ. Бұған облыс көлемінде тіл дамыту барысында 
атқарылып жатқан жұмыстарды айтуға болады.
Облыстағы тілдік жағдайға мониторинг пен талдау жүргізетін 
автоматтандырылған жүйесін қолдану арқылы облыстық және 
жергілікті атқарушы органдарындағы кіріс-шығыс құжаттарына ай 
сайын мониторинг жасалады. Соның нәтижесінде облыс бойынша 
мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 97 пайызды құрап отыр.
Облыстағы тілдік ахуалды үнемі назарда ұстау мақсатында 
зерделеу, тексеру, сауалнама жүргізу жұмыстары жоспарлы 
түрде жүргізіліп келеді. Жалпы облыста тіл мәселесі бойын-
ша атқарар жұмыстардың ауқымы кең. Мемлекеттік тілді оқыту 
стандарттарын жетілдіруге, ономастика мәселесін біріздендіруге, 
көрнекі ақпаратты заң талаптарына сәйкестендіруге, сондай-ақ 
нәтижелердің тиімділігіне мониторинг жүргізу жүйесін енгізу-
ге бағытталған жұмыстар ұйымдастырылуда. Мемлекеттік тіл 
мәселесімен айналысатын құрылымдар мамандарының жауап-
кершілігі мен талаптары күшейтіліп, мемлекеттік тілді оқыту 
орталықтарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, 
әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүзеге асырылуда.
Мемлекеттік тіл – әлемдегі елдердің қай-қайсысында бол-
масын қоғамдық-саяси салада алдымен қолданылатын тіл. Бұл 
біздің соңғы Конституциямызда (7-бап), Тіл туралы заңда анық 
көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ 
тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық 


79
қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік 
басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу 
тілі» (1 тарау, 4-бап). 
Зерттеу нысаны болып отырған Алматы облысындағы 
қоғамдық-саяси салада қазақ тілінің жағдайы қанағаттанарлық 
деңгейде. Алматы облысы – іс қағаздарын мемлекеттік тілге толық 
көшірген, ана тіліміздің қолданыс аясы ауқымды облыстардың 
бірі («Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 
ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2006 
жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығының 1-ші тармағының талап-
тарын орындау мақсатында облыстың барлық жергілікті өкілетті 
және атқарушы органдары 2008 жылдан бастап мемлекеттік тіл-
ге көшірілді). Айталық, облыс бойынша мемлекеттік органдарда 
мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіштері мынаны көрсетеді: 
2004 жылы облыстық басқару органдарында ісқағаздарының тек 
16 пайыздайы ғана мемлекеттік тілде жазылса, бұл көрсеткіш 2005 
жылы 44,5 пайыз, 2006 жылы 65,2 пайыз, 2007 жылы 81,2 пайыз, 
2008 жылы 87,3 пайыз болды. Ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 94,0 
пайызға, 2010 жылы 97,0 пайызға және 2011 жылы 97,5 пайызға 
көтерілді. 
Мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасындағы тіл 
туралы Қазақстан Республикасы заңының орындалуын бақылау 
мақсатында 13 аудан мен 2 қалада, 36 облыстық басқармада зерде-
леу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде облыс бойынша 7083 мемлекеттік қызметкер болса, оның 
856-сы – өзге ұлт өкілі. Сол барлық мемлекеттік қызметкерлердің 
80 пайызы ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе алатын 
деңгейде. Сонымен қатар тілдік жағдайға мониторинг пен талдау 
жүргізетін автоматтандырылған жүйені қолдану арқылы облыстық 
және жергілікті атқарушы органдардағы кіріс-шығыс құжаттарына 
ай сайын мониторинг жасалып тұрады. Нәтижесінде облыс бойын-
ша ортақ көрсеткіш 97 пайызға жетті [32]. 
Облыста қоғамдық саяси өмір саласында әдеби тілдің жазбаша 
формасы кең түрде қолданылады. Ол жергілікті атқарушы орган-


80
дар қаулыларында, түрлі актілер мен заңдарда, ережелерде, ресми 
және іскерлік хат, хабарларда т.б. қатынастарда кітаби ресми іс 
қағаздар стиль тармағында көрінеді. 
Мемлекеттік тіл – жоғарыда айтып өткендей, елдердің 
қоғамдық-саяси өмірінде алдымен қолданылатын тіл. Алайда 
Қазақстанда бұл салада алдымен орыс тіліне жүгіндік, әлі де солай. 
Бұл салада да біртіндеп, кезең-кезеңімен, жоспарлы түрде мемле-
кеттік тілге көшу керек. Қазірдің өзінде осы жұмысты екі бағытта 
бастауға болар еді: бірі – қаулы, қарар, жарғы, ережелер, үндеу 
т.б. құжат түрлерін қазіргідей орысша дайындап, содан қазақшаға 
аударуды доғарып, бірден қазақ тілінде дайындау. Өйткені орыс-
шадан аудару мемлекеттік тілдің беделін түсіріп қана қоймайды, 
ішкі заңдылығын да бұзуда. Ашығын айтайық, орысша білмейтін 
қазаққа түсініксіз құжаттар көбейіп барады. Екіншісі – қазақша 
жазылған хат, арыз, шағым, өтінішке (тіпті сөйленген сөзге де) тек 
қана қазақша жауап (машинка болмай, қолмен жазылса да) талап 
етуге дағдылану, орысша жауапты қабылдамау. Айта кету керек
Қазақстан үкіметінің 20-жылдары қазақ болыстары мен ауылдық 
кеңестеріне орысша түскен қаулы қарарларды қайтарып жіберу 
керектігі жөніндегі үкімет тәртібі ресми құжаттарда көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет