Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Көпшілік халықтың төрттен бірі үшін ана тілі болып есеп-



Pdf көрінісі
бет41/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105
Көпшілік халықтың төрттен бірі үшін ана тілі болып есеп-
телетін, сөйлеушісі бір миллионнан асатын, кейде бүкіл орта 
мектепті бітірушілердің кем дегенде тең жартысы оқу тілі 
ретінде меңгерген тіл «ірі» «мықты» тіл болып есептелетін 
ескерсек [10,136.], республикада екі ғана «ірі» тіл бар. Олар - 
әуелі қазақ тілі, онан соң орыс тілі. «Ірі» тілдер қатарынан 
«үміткерлер»: неміс, украин тілдері [28, 161-162.]. 
3.3 Тілдердің қызметтік типологиясы
Нақтылы бір тарихи қалыптасқан социумдағы тілдердің 
атқаратын негізгі қызметтері мен қоғамдық қызметін зерттеуді 
лингвистер тек XX ғасырдың ортасында ғана қолға ала бастады. 
Сондықтан болар бұл бағытта мысалы, әлем тілдерінің генологиялық, 
типологиялық және ареалдық классификациялары, тілдік одақтар 


70
классификациясы т.б. сияқты белгілі нәтижелі тұжырымдыр әлі 
жасалмаған. Дегенмен, әлеуметтік лингвистикалық әдебиеттерде 
тілдердің қызметтік типологияларының бірнеше үлгілері аталып 
жүр. Мұндай топтастырудың алғашқысы КСРО халықтары тіл-
дерін қызметтік даму деңгейі бойынша қарастырылды. Онда тіл-
дер: 
1) көне жазулы тілдер; 
2) жаңа жазулы тілдер
3) жазуы жоқ тілдер деп үшке бөлініп көрсетілді [29]. 
КСРО халықтары тілдерін ұлттық-аумақтық автономия формасы 
бойынша топтастырудың екінші түрін 1963 жылы Ю.Д.Дешериев 
ұсынды. Бұл топтастыруда тілдер мынадай топтарға бөлінеді: 
1) орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі; 
2) одақтас республикалардың ұлттық әдеби тілі; 
3) автономиялы республикалар мен облыстардың әдеби тілдері; 
4) қоғамдық шектелген жазба тілдер (корякт, ненец, нанай тілі 
т.б.); 
5) шағын ұлыстардың жазусыз тілдері.
Бұл топтастырушылықтар әмбебаптық мәнге ие бола алмай-
ды. Өйткені бірінде жазу түрі назарға алынса, екіншісінде елдің 
ұлттық-аумақтық ерекшелігін ғана көрсетуге бағытталған.
Тілдердің қолданылатын өмір салалары мен әлеуметтік орта 
түрлеріне басты назар аудара отырып, тілдердің үшінші қызметтік 
типологиясын В.А.Аврорин «Проблемы изучения функциональ-
ной стороны языка» (1975) атты еңбегінде ұсынды. Бұл топтасты-
ру кейіннен Л.Б.Никольскийдің, А.Д.Швейцердің әлеуметтік лин-
гвистика пәні бойынша жазылған оқу құралдарында үлгі ретінде 
талданып берілді [30]. Мұнда тілдер бес түрлі қызметтік типке 
бөлініп топтастырылады. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет