Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет92/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   105
тілі
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мемлекеттік тілде, 
ал қажет болған жағдайда, басқа да тілдерде жүргізіледі.
15-бап. Мәмілелер тілі
Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың 
жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмілелері қажет болған 
жағдайда басқа тілдердегі аудармасы қоса беріліп, мемлекеттік 
тілде және орыс тілінде жазылады.
Шетелдік жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жа-
салатын мәмілелер мемлекеттік тілде және тараптар үшін қолайлы 
тілде жазылады.
III тарау
Тіл – білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат 
құралдары саласында 
16-бап. Тіл білім беру саласында
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде, ал ұлт топтары 


211
жинақы тұратын жерлерде солардың тілдерінде жұмыс істейтін 
мектепке дейінгі балалар мекемелерін құру қамтамасыз етіледі.
Балалар үйлерінде және оларға теңестірілген ұйымдарда 
оқыту, тәрбие беру тілін жергілікті атқарушы органдар олардағы 
балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгілейді.
Қазақстан Республикасы орта, арнаулы орта және жоғары 
білімді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал қажетіне қарай және 
мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуды қамтамасыз 
етеді.
Мемлекеттік те, мемлекеттік емес оқу орындарында мемлекет-
тік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып табылады және білім 
туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.
17-бап. Тіл ғылым және мәдениет саласында
Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертация-
ларды рәсімдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік тіл мен 
орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі.
Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда 
басқа да тілдерде жүргізіледі.
18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі
Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық 
ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің, басқа да тілдердің 
қолданылуын қамтамасыз етеді.
Қажетті тілдік ортаны жасау және мемлекеттік тілдің 
толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншік нысаны-
на қарамастан, телерадио арналары арқылы берілетін мемлекет-
тік тілдегі хабарлардың көлемі уақыт жағынан басқа тілдердегі 
хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.
IV тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет