Анализ в статистике Аталған жоба бойынша «Қазақстандағы адам
дамуы» атты оқулық, хрестоматия, практикум,
бакалавриат және магистратураға арналған оқу
бағдарламасы екі тілде жарияланды, соның ішінде
«Қазақстандағы адам дамуы» оқулығы «Т.Рысқұлов
атындағы экономикалық университетінің үздік
оқулығы» атанды.
Кафедра профессоры Авров А.П. жыл сайын
Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы
университетінде, Новосибирск мемлекеттік эконо-
мика және қаржы университетінде өтетін ғылыми-
практикалық конференцияларға қатысады. Доцент
Мананов Б.Б. халық санын болжамдау бойынща
Прагада Карлов университетінде өткен тренингке, сол
сияқты «Халықтың қартаюы және оның әлеуметтік-
экономикалық саясатқа, даму жоспарына тигізетін
әсері» атты Қазақстан Республикасы Президенті
жа-нындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық
саясат бойынша Ұлттық комиссияның БҰҰ-ның қар-
таю мәселесі бойынша Халықаралық институты
(Мальта), БҰҰ-ның халықтың қоныстануы саласын-
дағы қорымен (ЮНФПА) бірлесе отырып өткізген
халықаралық тренингке қатысты.
1993 жылдан бастап БҰҰ-ның ұлттық шоттар
жүйесіне сәйкес келетін статистикалық есептің
халықаралық стандарттары оқу процесінде қолда-
нылады. Кафедра оқытушылары статистика теори-
ясы, ұлттық шоттар жүйесі, қаржы-банк статистикасы,
әлеуметтік-экономикалық статистика, халықаралық-
экономикалық статистика, адам дамуы пәндері бой-
ынша 40-тан астам оқу құралдарын жариялады.
Кафедра Қазақстан Республикасы Статистика
Агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік), қалалық және
облыстық статистикалық департаменттермен тығыз
байланысып, ынтымақтастық қарым-қатынас жасай-
ды. 2005 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ эконо-
микалық университеті мен Агенттік өзара ынты-
мақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы
меморандум шеңберінде статистиканың көкейкесті
мәселелері бойынша әр түрлі мастер-класс, семинар-
лар өткізілді. Кафедраның ізденушілері Агенттігінің
Жауапты хатшысы Ю.К. Шокаманов, ұлттық шот-
тар департаментінің директоры З.М. Сұлтанова
докторлық диссертацияларын, өндіріс статистикасы
департаментінің директоры А.Т. Епбаева, қорлану
шоттары мен көмекші шоттар басқармасының басты-
ғы А.Ә. Демесінова кандидаттық диссертацияларын
ойдағыдай қорғады. Кафедра ұжымы Агенттігінің
әр түрлі басқармаларында бас сарапшы қызметін
атқарып жүрген А.Ғ. Әділова, Р.Р. Сегізбаев, А.М.
Қожабектің кафедра түлектері екенін мақтан тұтады.
Жыл сайын «Статистика» мамандығының
студенттеріне өндірістік практикадан өтуге мүмкіндік
беру арқылы Агенттік, қалалық және облыстық
статистикалық басқармалар кафедраға үлкен көмек
көрсетіп, болашақ мамандардың кәсіби жағынан
қалыптасуына қомақты үлес қосты.
2002-2003 оқу жылына дейін Т.Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық университетінің «Статистика»
кафедрасы статистика мамандығы бойынша эконо-
мистерді даярлайтын республикадағы жалғыз
кафедра болды. Өкінішке орай 2006-2009 жылдары
жоғары кәсіби білім мамандықтары жіктемесінде
«Статистика» мамандығы көрсетілмегендіктен, уни-
верситет бұл мамандыққа студенттерді қабылдай
алмады. Бірақ 2010-2011 оқу жылынан бастап
аталған мамандық қайта ашылмақшы. «Статистика
және бағалау» кафедрасының ұжымы Агенттік
қызметкерлеріне, әсіресе Жауапты хатшы, э.ғ.д., про-
фессор Ю.К. Шокамановқа, сол сияқты Қазақстан-
Британ техникалық университетінің «Экономика және
менеджмент» кафедрасының ассистент-профессо-
ры, э.ғ.к. Қ.Қ. Белгібаеваға, БҰҰ-ның халықтың
қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА)
бас маманы, э.ғ.к., доцент Ғ.М. Молдақұловаға
«Статистика» мамандығын жоғары кәсіби білім
мамандықтары жіктемесіне енгізуге атсалысқанда-
ры, осы мәселеде кафедраны барынша қолдаған-
дары үшін өз ризашылықтарын білдіреді.
Қазіргі кезде «Жоғары білім. Бакалавриат.
Негізгі ережелер» атты Қазақстан Республикасы
мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
негізінде (МЖМБС 5.04.019-2008) «Статистика және
бағалау» кафедрасы «Статистика» мамандығына
арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім стан-
дартын, типтік оқу бағдарламалын әзірледі. ҚР
МЖМБС-ке сәйкес «Статистика» мамандығы бой-
ынша студенттер оқып-үйренетін пәндерді 3 топқа
бөлуге болады.
Бірінші топтағы пәндер жалпы білім беретін
пәндерді қамтиды. Олардың негізгі мақсаты – негізгі
білімді меңгерген, ынталы, еңбек нарығы мен
технологиялардың өзгермелі талаптарына бейімді,
командада жұмыс істей алатын жаңа формация мама-
нын даярлау.
Екінші топтағы пәндер жалпы экономикалық
немесе базалық пәндер деп аталады. Мұндай пәндер
экономикалық мамандықтардың барлығында оқы-
лады. Базалық пәндер циклі экономика, менеджмент,
маркетинг, статистика, бухгалтерлік есеп және аудит,
қаржы салалары бойынша қажетті білімді игерген,
бастапқы ақпаратты талдай білетін және қорытынды
жасай алатын маман даярлау үшін қажет.
Үшінші топта кәсіптік пәндер қамтылған.
Кәсіптік пәндер циклін статистикалық инструмента-
рий деп атауға да болады. Бұл циклдағы пәндерді
меңгеру әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың
заңдылықтарын зерттеуге, олардың дамуына ықпал
ететін факторларды анықтауға, экономикалық
көрсеткіштерді болжамдауға мүмкіндік береді.
Статистика мамандығының артықшылығын осы
цикл пәндерінің ерекшелігімен түсіндіруге болады.
Статистика - кез-келген экономика маманы үшін тап-
тырмас құрал, онсыз фирманы, банктерді, компания-
ларды, ел экономикасын басқару мүмкін емес. Ал
статистикалық әдістер әмбебап, олар экономиканың
кез-келген саласында қолданылады. Сондықтан
«Статистика» мамандығы түлектеріне деген сұраныс
әрқашан да жоғары болады, олар экономист, тал-
даушы, қаржыгер, логистик, аудитор қызметтерін,
яғни жоғары кәсіби білімді қажет ететін лауазымды
қызметтерді атқара алады. Сонымен, статистика бака-
лавры мемлекеттік статистикалық органдарда, сол
сияқты экономиканы, математиканы, статистиканы,
компьютерлік технологияны, болжамдау әдістерін
терең меңгеруге негізделген, аналитикалық ойлауды
қажет ететін басқа да мекемелер мен ұйымдарда, атап
айтқанда:
- банк мекемелерінде;
- сақтандыру және инвестициялық компанияларда;
60
«Экономика и статистика» №2, 2010
Анализ в статистике - мемлекеттік басқару органдарында;
- ішкі істер органдарында;
- кеден қызметі органдарында;
- халықаралық ұйымдарда;
- туризммен, бағалау, сыртқы экономикалық әрекет-
термен айналысатын ұйымдарда;
- барлық меншік түріндегі кәсіпорындарда;
- ғылыми зерттеу ұйымдарында жұмыс істей алады.
«Статистика» мамандығын бітіруші түлекке
«Статистика мамандығы бойынша экономика
және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесі
беріледі. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық
университетінің
«Статистика
және
бағалау»
кафедрасының ұжымы талапкерлерді «Статистика»
мамандығын таңдауға шақырады!