Агентство республики казахстан по статистике


Статистика ғылымының құрылымы



Pdf көрінісі
бет117/143
Дата13.09.2022
өлшемі3,57 Mb.
#38999
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   143
Статистика ғылымының құрылымы
Басқа ғылымдар сияқты статистиканы оқып 
үйрену үшін оның өзіне тән арнайы әдістері 
қолданылады. Статистикалық әдістердің барлығы 
дерлік танымның диалектикалық әдісіне негізделген. 
Бұл әдіс қоғамдық құбылыстар мен процесстер 
өзара байланысты, біріне-бірі тәуелді және үздіксіз 
дамып отырады, ондағы сандық өзгерістер сапалық 
дәрежеге көтеріледі деп санайды. Диалектикалық 
әдістің қағидалары әмбебап, оларды ғылымның 
кез-келген саласында, соның ішінде статистикада 
да нақтылы қолдануға болады. Статистикалық 
әдістерді статистикалық зерттеу жұмыстарының әр 
түрлі кезеңдеріне бейімдеп қолданады, сол себепті 
ол әдістерді мынадай үш топқа біріктіреді:
- жалпылама бақылау әдісі;
- топтастыру және оның нәтижесін жинақтау 
әдісі;
- қорытындылаушы көрсеткіштер әдістері.
Аталған әдістердің нақты қайсысын қолдану 
керектігі зерттеу жұмысының мақсатына, алғашқы 
мәліметтерге тікелей байланысты болады. 
Статистикалық әдістерді экономиканың кез-
келген саласында қолдануға болатынын ағылшынның 
атақты экономисті Артур Боули өзінің «Статистика 
элементтері» атты еңбегінде жазған. Оның 
«Статистиканы білу – шет тілдерді немесе алгебра- 
ны білу сияқты, ол кез-келген уақытта, кез-келген 
жағдайда қажет болады» деген қанатты сөздері ста-
тистика мамандығының ауқымының қаншалықты кең 
екендігін көрсетеді.
Ал статистика ғылымының негізгі ерекшеліктері 
деп мыналарды атауға болады:
- статистика зерттелетін құбылысты, үдерісті 
сандық және мазмұндық жағынан толық сипаттайды, 
сондықтан болмысты бағалаудың сенімді тәсілі болып 
саналады;
- статистика эконоикалық тұрғыдан жасалған 
қорытындыларды дәлелдеуге көмектеседі;
- статистика құбылыстар арасындағы байланыс- 
ты, олардың бір-біріне тигізетін әсерін айқындайды;
- статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыс-
тардың дамуы туралы болжам жасауға, болжамдарды 
тексеруге мүмкіндік береді;
- статитика қоғам өміріндегі, экономикадағы 
азғантай ғана өзгерістердің өзін дер кезінде байқап, 
оларды сандық және сапалық тұрғыдан сипаттайды. 
Қазіргі кезде статистикалық жұмыстарды ұйым-
дастыру 1992 жылдың 15 сәуірінде БҰҰ-ның Еуропа-
лық экономикалық комиссиясының 47-сессиясында 
қабылданған ресми статистиканың мынадай негізгі 
10 принципіне негізделеді:
- ресми статистика үкіметті, экономикалық топ-
тарды, қауымдастықты экономикалық, демография-
лық, әлеуметтік және экологиялық ереже туралы 
деректермен қамтамасыз ететін демократиялық 
қоғамның ақпараттың жүйесінің қажетті элементі 
болып табылады. Осы мақсатпен мемлекеттік ста-
тистикалық ведомстволар азаматтардың қоғамдық 
ақпаратқа құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету 
үшін тәжірибелік құндылығы бар ресми статистика-
лық деректерді объективті негізде дайындайды
және таратады (мәнділік, объективтілік, және 
жалпыға ортақтылық принципі);
- ресми статистикаға сенімді сақтау мақсатында 
статистикалық ведомстволар қатаң кәсіптік пайым-
дауларға сәйкес, ғылыми принциптерді және кәсіптік 
этиканы қоса алғанда, статистикалық деректерді 
жинау, өңдеу, сақтау және ұсынудың әдістері мен 
рәсімдеріне шешімдерді қабылдау керек (кәсіби стан-
дарттар және этика принципі); 


58
«Экономика и статистика» №2, 2010
Анализ в статистике
- деректерді дұрыс түсіндіруді жеңілдету үшін 
статистикалық ведомстволар статистикасы сала-
сында ғылыми стандарттарға сәйкес көздер, әдістер 
мен рәсімдерге қатысты ақпаратты ұсыну керек (есеп 
берушілік және транспаренттілік принципі);
- статистикалық ведомстволардың статисти-
калық деректерді дұрыс түсіндірмелерге немесе 
дұрыс қолданбауларға түсініктеме беруге құқығы бар 
(дұрыс қолданбаудың алдын алу принципі);
- статистикалық мақсаттарға арналған деректер 
дереккөздердің барлық түрлерінен, статистикалық 
зерттеулер немесе әкімшілік есептіліктен жиналуы 
мүмкін. Статистикалық ведомстволар респондент-
терге жүктелетін сапаны, уақыттылықты, шығындар 
мен жүктемелерді есепке ала отырып дереккөзді 
таңдау керек (ресми статистиканың дереккөздер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет