Государственное регулирование ISO стандарттарын дамыту әртүрлі (техникалық
ғана емес) жүйелер қызмет етуінің үйлесімділігін
қамтамасыз ету қажеттілігінің өсуіне негізделген.
Қазіргі кезде басқару әдістері, технология, қара-
жаттар мен нарықтар әдістерінің өзара бірігуін ISO
стандартынсыз елестету мүмкін емес.
ISO стандарттарын дайындау қағидасы қара-
пайым. Бастама басқа компаниялармен бірігуді не-
месе халықаралық еңбек бөлінісінің жалпы дүние-
жүзілік процестеріне енгізуді қажет ететін ұйымдар-
дан шығады. Олар стандартқа негізгі талаптар
қалыптастырып, оларды ISO-дағы өздерінің ұлттық
өкілдіктеріне береді. Ары қарай құжатты ISO-ның
тәуелсіз сарапшылары дұрыстығына сараптама
жасап, оң қорытынды берген жағдайда стандарт жоба-
сын жасайтын техникалық комитетке береді. Соңғы
қорытындыны қарап, баға беру үшін ISO-ның мүше
комитеттеріне беріледі. Оң дауыс бергеннен кейін
оны ISO (ИСО) стандарты ретінде қабылдайды.
ИСО стандарттарының тарихына қысқаша
тоқталар болсақ, 1979 жылы Британдық BSI 5750
стандарттарына негізделе отырып Британдық стан-
дарттар институтымен мақұлданған. Өз кезегінде
осы стандарттар АҚШ-та 1950 жылдардың аяғында
мақұлданған американдық әскери MIL-Q 9858 стан-
дарттарымен қабылданған деп саналады. ИСО
9000 стандарт сериялары - бұл «ИСО/Техникалық
комитет 176» (ISO/TC 176) атты халықаралық ұйым
мүшелерімен дайындалған сапа жүйесін құрасты-
руы мен сапаны қамтамасыз ету құжаттар тізбесі.
Одан кейін бұл стандарт қайта қаралып BSI 5750
стандарттың 1987 жылы қабылданған ИСО 9000 жаңа
үлгісі шықты. Қайта қараудың себебі стандарттар-
дың бірінші үлгісінде қарастырылмаған өзіндік
өнімдердің сапасына талаптар қою. Осы өнімдердің
бірінде бағдарламалық қамтамасыз ету және қазіргі
уақытта ИСО арқылы сертификациялау қажет.
Қазіргі уақытта ИСО 9000 сериясына жата-
тындар:
- барлық ИСО 9000-9004 нөмірленген халық-
аралық стандарттар, сонымен қатар ИСО 9000 мен
ИСО 9004 стандарттарының бөлімдеріде жатады;
- ИСО 10001-10020 нөмірленген барлық халық-
аралық стандарттар және олардың бөлімдері;
- ИСО 8402 және жеке жағдайларда – жаб-
дықтаушының ерекше жұмысын анықтайтын басқа
да стандарттар.
ИСО 9000 (ИСО 9001, ИСО 9002 және ИСО
9003) сериялы үш стандарты сапа жүйесінің
негізгі құжаттары болып табылады, сапа жүйесі
қатысушылары арасындағы функционалдық және
ұйымдастырушылық қарымқатынастық 3 әртүрлі
үлгісін көрсетеді және сапамен қамтамасыз ету
әдістемесін анықтайды («жабдықтаушы», «тұты-
нушы», «субконтрактор» және «субжабдықтаушы»).
Негізінен осы стандарттар бойынша сапа басқару-
дың негізгі обьектісі болып табылатын жабдық-
таушының сертификациясы жүргізіледі.
Осы стандарттар жүйесінің (яғни оның көптүрлі-
лігі – 9001, 9003) белгілі салымдылығы бар, яғни әр-
бір келесі стандарт алдыңғы стандартқа қарағанда
тар аумаққа арналған сапа жүйесін анықтайды. Са-
па жүйесі және сапасын басқару моделіне арналған
ортақ талаптарды 9000 және 9004 стандарттарында
анықтаймын.
ИСО 9000 стандарттарының сапа жүйесін
куәландыратын әуестенген лейблді алу үшін серти-
фикация процесінен өту қажет.
Сапа жүйесі сертификациядан өтетін болған-
дықтан, ол кәсіпорында құрылуы қажет. Кәсіпорын
кеңесшілердің көмегіне жүгінбей-ақ, жеке өзі де
сапа жүйесін құра алады. Алайда, мұндай қызметте
кәсіпорынның тәжірибесі болмаса, болашақта серти-
фикациялық аудиторлардың санын қысқартуға мүм-
кіндік беретін бұл кезеңде маманды адамдармен
кеңес жүргізу маңызды болып табылады.
Бұдан кейін сапаның ішкі аудиттің көмегі арқы-
лы кәсіпорын құрылған сапа жүйесі ИСО 9000 талап-
тарына сәйкестенген екенін куәландыру қажет, ал егер
бұл тура сол деңгейге жетсе, құрылған сапа жүйесі
сәйкестігіне сай сертификат алады. Әдетте бірінші
реттен аудитқа өту мүмкін емес, себебі өту жолында
сапа жүйесінің кемшіліктері шығуы мүмкін. Бұл
кемшіліктерді жоюға біраз уақыт кетеді, содан кейін
аудит қайта жүргізіледі. Бұл процес қалыпты болып
саналады және сертификация жобасына регистра-
тор (сертификация жүргізуге құқығы бар компания
маманы) мен компания талапкерінің бірігіп атқарған
қызметінің жемісі болып табылады.
Басқару процесінің бағаланатын көзқарасы
тұрғысынан бөлінетін бірнеше ірі бөлімдер түрінде
басқару жүйесін тәжірибеде әр бизнес түрінде
көрсетуге болады. Мұндай нүктелердің арасында
мыналарды белгілеу қажет:
- қаржылық – ақша ағымының қозғалыс ұста-
нымы тұрғысынан кәсіпорынның қызметін сипаттау;
- логистикалық – материалды ағымының қозғалыс
ұстанымы тұрғысынан кәсіпорынның қызметін сипат-
тау;
- өндірістік – бизнестің функционалды сипатта-
луы, яғни бұл терминнің кең мағынасындағы өндірістік
функцияларды жүзеге асыру ережелері мен реттілігі.
ИСО 9000 сериялы стандартын құрудың негізгі
мақсаты – ұйымдардың қызметіне арналған талап-
тарды қалыптастыру, тапсырыс берушінің талапта-
рына сәйкес өнімді өндіру икемділігін куәлендіруіне
қарай орындалуы. Осы ұйымдар өз қызыметін іске
асыру үшін стандарттар талаптарымен қатар, өзіндік
тәсілмен қабылдай алады. Осындай үлгіде оның
мақсаттары мен міндеттері, сыртқы ортасының
ерекшелігімен және ішкі қызыметінің ерекшелікте-
рімен сәйкес келуін нақты ұйымдастыруда жеке сапа
жүйесін құрады.
ИСО 9000:2000 стандарттың жарияланумен
оларды жетілдіру, келістіру мен бекіту кезеңі аяқта-
лып, оны енгізу кезеңі басталды. Ол оңай болмайды,
өйткені бұрынғы үлгісіне қарағанда (1994 ж.) бұл стан-
дарттар көптеген өзгерістерден өтті және онымен
жұмыс істеу сапа менеджментінің әдістемелерді қай-
та қарау мен TQM философиясында шоғырланған
жаңа талаптарды меңгеру болып келеді.
ИСО 9000 стандарттаудың, әсіресе жаңа үлгісі-
нің прогрессивті болғанымен, оларды формалды
енгізуде потенциалдық қауіптілік бар. Бұл қауіптердің
себептерін білуге тиіс және оларды тәжірибелік
жұмыста жою үшін барынша көп жұмыс жасау керек.
ИСО 9000:2000 сериясын енгізу кезінде көптеген
қиыншылықтар пайда болды. Олар бұл жаңа стан-
дарттың талаптары мен ахуалдарын өткізудің мето-
дикалық қамтуымен, мамандар мен эксперттерді
59
«Экономика и статистика» №2, 2010