Государственное регулирование даярлаумен және көптеген сертификациялау орган-
дарының жаңа шарттарымен жұмыс істеуде қиын-
шылықтармен әзірленеді. Әрине бұл мәселелерді тез
арада шешу керек.
Бүгінгі күнде ең негізгі мәселе ИСО 9000:2000
стандарттарын формалды енгізуден қалай ауытқуға
болады? Өйткені бұл жұмысқа формалды әдістеме
уақыт пен қаражат жоғалтуына әкелуі және стан-
дарттарды қолданбаушылық пайда болуы мүмкін.
ИСО 9000:2000 стандарттарында нарық мінез-
демесі айқын көрінеді. Оның негізгі мәртебесі
тұтынушыға бағытталуы болып келеді. Сонымен
қатар оған менеджемент ресурстары мен мәртебе-
лі әдістеме кіреді. Бұдан басқа, олар өзінің
қызыметтеріне менеджмент ресурстарын және
процестік әдістемелерін енгізеді, жетекшілік көш-
басшыларын және қызметкерлерін кәсіпорынның
іс-әрекеттерінің барлық аспектілеріне қатысуын
қарастырады. Мұның барлығы әлемдік тәжірибеде
жасалынып тексерілген және TQM философиясын-
да айқын көрінеді. Біздің мемлекетте ИСО 9000:2000
стандарттарын меңгеру мекемелер жұмысының
тиімділігінің өсуіне әкелетіндігі анық көрінеді. Сондық-
тан бәсекелі өнімді жасауда үлкен қажеттілік бар.
Сонымен қатар ИСО 9000 жаңа үлгісінің бел-
гіленген ерекшеліктері мен артықшылықтары қағи-
далары деңгейінде көрсетілген әдістемелерімен
қамсыздандрылады.
Бұл қағидалардың механизмін іске асыру
толығымен қалыптаспаған, сәйкесінше тәжірибесі
орталықтандырылмаған және жүйелендірілмеген.
Оны әлі де іске асыру керек. Сонымен қатар біздің
мемлекетімізде жинақталған функционалды талдау,
деректер негізіндегі жұмыс тәжірибелерін пайда-
лану қажет, ал ең бастысы жасау мен қолдану және
кәсіпорынды басқару жөніндегі кешендік мемлекет-
тік стандарттарды тәжірибеде қолдану болып табы-
лады. Бізде қолданылған әдістер мен амалдардың
тізімін әлі де дамыту керек еді. Кейбіреулері біздің
нарықтық жағдайларға келмейді, бірақ олардың бө-
лек аспектілерін құруға және еңгізуге, дамытып жә-
не өрбітіп бүгінгі таңда да пайдалануға болады.
Бірінші қауіп – ИСО стандартының 9000:2000
сериясының талап және кепілдеме негізінде өңделе-
тін сапа жүйесінің не беретінін білмеу. Олар шығатын
және кіретін ақпарат құралдарына талап қою және
талдауы қажет. Сонымен бірге өнімнің сапасы мен
процесін жақсартумен байланысты шешімнің негізді-
лігі және ұтымдылығы стандартпен орнатылмайды
және орнатылуы да мүмкін емес. Бұл шешімдер -
шығармашылық үрдістің нәтижесі. Сондықтан мақсат-
қа жету дәрежесі қабылданған шаралардың тиімді-
лігі білімге, тәжірибеге және шешім қабылдаушылар-
дың түйсігіне, олардың аналитакалық қабілеттілігіне
байланысты. Бір қатар мамандардың пікірінше ИСО
сериясы 9000 стандарттардың еңгізілуінің 90%-ы осы
аталған деректерге байланысты. Сапа жүйесін тек
сапа ауданындағы мәселелер кешені шешіміне жағ-
дай жасаушы ретінде қарастыру керек. Бұл да олар-
дың көз қарасы бойынша сапа жүйесінің жетіспеуші-
лігі емес, тек нақты ескеруге қажетті деректерге жай
ғана формалды элементтерге сүйене отырып (бірақ ол
да өте маңызды) кәсіпорын басшылары және маман-
дары сапа стандарттарынан күтілетін нәтижені ала
алмайды. Кейбіреулері біздің нарықтық жағдайларға
келмейді, бірақ олардың бөлек аспектілерін құруға
және енгізуге, дамытып және өрбітіп бүгінгі таңда да
пайдалануға болады.
Сапа бойынша жұмыс негізі шетте қалуы мүмкін.
Сонымен қатар техникалық шешім қабылдаушы
экономикалық және басқарушылық мамандар қалуы
мүмкін.
Айтылған мәселе ИСО 9001 стандартпен ИСО
9004 қатысты қайта соңғысының нәтижелі және
тиімді сапа жүйесін қалыптастыруға әдістер бой-
ынша қосымша ақпарат негізінде, бөлек элементтер
мен функцияларының бөлшекті қарастырылуында,
кіретін және шығатын ақпарат талаптарында, тал-
дамасында мүмкіндіктері көбірек. Сапа жүйесінің
нәтижелі болуы осы шешімдердің мақсаттылығы мен
прогрессивтілігінде. Ал бұл жоғарыда айтылғандай
басшылар мен мамандардың білімі, тәжірибесі,
мамандылық деңгейі, сапа менеджментінің әдістерін
игеруінде.
Екінші қауіп болып, ИСО сериясы 9000:2000
стандарттарын еңгізу кезіңде пайда болуы мүмкін, ол
жүйе механизімі сапа бойынша қызмет құжаттарын-
да регламентацияны қарастырудан құралады. Бұл
позитивті тиімділікпен қатар (жұмыстын реттілігі),
жүйені енгізудің формалды жүрісіне әсер ете алады.
Көбінесе жүйе жұмысында анықталған консерватизм,
оның ұйымдастырылуы «қалай жазылды, солай жаса»
принципі бойынша. Сапа жүйесі ішінде және сыртында
мамандардың араласуыда, араласпауыда мүмкін, ал
жазбалар негізінде бюрократизм элементтеріне әкелуі
мүмкін. Қызмет нәтижелерін талдау сол кезде нақты
жұмысты бағалауға емес, құжат тексерісіне қарай
ығысады. Тағы да әлі нақты сапа жүйесін құжаттаудың
толық басты критерилері жоқ.
Тағы да үшінші қауіп бар, ол кейбір жағдайларда
ИСО сериясы 9000:2000 стандарттарын құрасты-
рушыларды еңгізудің формалді жолына итермелейді.
Ол кәсіпорынға сапа жүйесінің сертификациясын
еңгізуге міндеттегенде пайда болады, яғни стандарт-
тарды ерікті еңгізу нақты түрде міндетке айналады.
Бұған себепші тағыда, сапа жүйесін бағалау оның
сертификациясы кезінде де формалді түрде, егер
оны жоғары мамандандырылған аудиторлар жүргізген
болса да.
Ол анықтамасы бойынша басқа болуы мүмкін
емес. Cебебі 9000:1994 сериясының ИСО стандарт-
тары негізінен сапаны жақсартуға емес, сапа жүйесін
сертификаттауға бағытталған, олар күткен нәтижені
бермеген.
Сапа саласындағы кейбір ғалымдар мен маман-
дар 9001:2000 ИСО стандарты бойынша сертификат-
тау барысында сапа жүйесінің қойылған талаптарға
сай келетіндігі ғана емес, сондай-ақ сапаны жақсарту,
жүйенің тиімділігі де тексерілетін болады. Бірақ
мұнымен келісуге болмайды. Стандарттарда бұл үшін
қажет өлшемдер жоқ, сондай-ақ жүйе төңірегіндегі
қабылданатын шешімдердің дәйектілігін бағалау
үшін де өлшемдер жоқ.
Сапа жүйесінің, оны сертификаттау барысындағы
тиімділігі мен нәтижелілігін сенімді бағалау мүмкін
емес, өйткені бұл үшін сапа көрсеткіштерінің дина-
микасын талдау қажет. Сапа жүйесі көбінесе қажетті
құжаттар дайын болғаннан кейін бірден сертификат-
талады ғой. Сондықтан ешқандай да көрсеткіштерді
жақсарту динамикасы жайында сөз болуы мүмкін
емес.