Агентство республики казахстан по статистике


Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару



Pdf көрінісі
бет20/143
Дата13.09.2022
өлшемі3,57 Mb.
#38999
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   143
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару 
жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдалану 
үшін «экономикалық ынталандыру қорлары»
шартын жасау мәселелері
Е. Құлтаев
ОҚО статистика департаменті
 
Т. Ниязов
Шымкент әлеуметтік педагогикалық университеті 
Шарттар қаржылық жоспар жобасын жасау кезеңін- 
дегі материалдық ынталандыру қорларының жос-
парлы сомасын анықтауды көздейді, ал шарттарды 
шешу алгоритмі жоспарлаудың кейінгі кезеңдерінде 
немесе жыл бойында жоспарға өзгеріс енгізген кезде 
қолданылады. 
Әлеуметтік-мәдени шаралар қоры мен тұрғын үй 
құрылыс қорларына бағытталған пайда көлемі бес 
жылдағы немесе жылдарға бөлінген материалдық 
ынталандыру қорларының жоспарлы көлемімен 
тікелей байланыста болады. Жоғарыда аталған екі 
қордың арасындағы базалық пропорция бес жылға 
жоспарланған осы қорлардың жоспарлы сомасына 
сәйкес есептеледі. Өндірістің даму қоры келесілердің 
есебінен құрылады: негізгі қорларды толық қалпына 
келтіруге бағытталған амортизациялық аударым-
дар, ол амортизациялық аударымдардың норма- 
тиві пайыздық өлшеммен бекітіледі; пайыз мөлше-
рінде есептелген пайда нормасы; негізгі қор құра-
мында есептелген істен шыққан немесе артық 
мүліктерді сатудан түскен түсім және одан оларды 
босату бойынша шығындар алынады. 
Бекітілген нормативтерге сәйкес кәсіпорынның 
даму қоры жоспарлы амортизациялық аударымдар 
сомасына сәйкес бес жылдың әр жылына анықталады. 
Сондықтан, қордың ұлғаюы кәсіпорынның қаржылық 
жоспарындағы құрылу көздерінің ұлғаюымен байла-
нысты. 
Қажетті емес немесе артық негізгі қорлар 
мүліктерін сатудан түскен түсім оларды босату 
бойынша шығындарды алып тастағанда негізгі 
өндірістік қорлардың жаңарту көлеміне байланысты 
анықталады. Бұл жағдайда осы соманың өсуі негізгі 
қорлардың шығу көлеміне пропорционалды емес 
екенін анықтаймыз.
Экономикалық ынталандыру қорларын есептеу 
үшін кіру және нормативті-анықтамалық ақпарат қажет 
болады, олар келесі жылдардағы көрсеткіштерді 
қамтиды: ұзақ мерзімді жоспар бойынша жоспарлы 
жыл – жоспардың бір жылының қызметтік-уақыттық 
сипаттамасы; жоспар жобасы бойынша жоспарлы 
кезең – қызметтік-уақыттық сипаттама – бір жылға 
жоспар жобасы. 
Экономикалық ынталандыру қорларының жос-
парлы сомасын есептеу үшін кіру және нормативті-
анықтамалық ақпараттар құрамына енетін келесі 
көрсеткіштер қажет (1-кесте):
9
«Экономика и статистика» №2, 2010
Экономическая теория


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет