Снижение качества кредитного портфеля БВУ (без межбанковских кредитов) Нельзя считать, что качество кредитного порт-
феля БВУ испортилось внезапно и в связи с кризи-
сом. Уже с 2004 года стал наблюдаться быстрый рост
нестандартных кредитов, а с 2006 года большая часть
кредитов уже начала вызывать беспокойство. На конец
2009 года лишь 6% кредитного портфеля классифици-
ровалось как стандартные. Следует подчеркнуть, что
наличие проблем у кредитов – нормально для банков-
ской деятельности. Вместе с тем, столь низкое каче-
ство показывает, что работа по кредитному портфелю
БВУ предстоит длительная и не дешевая.
Рисунок 26
Стандартные кредиты и использование средств резидентов в БВУ для кредитования 131
«Экономика и статистика» №2, 2010
Информационные системы и технологии Нарық жағдайы туралы жаңалықтар, маркетингтік
зерттеулер нәтижелері экономика қызметінің маңызды
негізі болып табылады. Нарықтық экономикасы
дамыған елдерде маркетингтік ақпарат агенттіктері
нарықтың барлық жаңалықтары мен оқиғаларынан
әрқашан хабардар – нарықта тауарлар белсенді
сатылып жатыр ма, жоқ па; мұндағы бағалар өсіп
келе ме, түсіп келе ме; ұсыныс сұранысқа лайық па,
жеткіліксіз бе, әлде тым артық па, соны анықтайды.
Бірқатар агенттіктер нарық тарихы мен болашағы
жайлы болжам-жорамал жасап, мәліметтерін санақ-
тық жинақтарда жариялайды.
Осыған орай, АӨК-дегі маркетингтік ақпараттың
маңызы мен ерекшеліктерін қарастыра отырып,
бүгінде түрлі мәліметтерді пайдаланбай, кәсіби
басқаруды жүргізу мүмкін емес екендігін атап өту
қажет. Ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізат немесе
өндіріс құралдарын өндіруші, сатып алушы немесе
сатушының барлығы баға, ұсыныс, сұраныс, және
т.б. нарықтық жағдайлар туралы маркетингтік
ақпаратты үздіксіз жинақтайды, қарастырады және
пайдаланады. Өзара қарым-қатынасқа түсе оты-
рып, нарықтық қатынас субъектілері өзінің нәтижелі
дамуын қамтамасыз етуге тырысып, желілік үрдіске
қатысады.
Солайша, маркетингтік ақпарат қарама-қайшы-
лықтарды жойып, өндірушілер, нарықтық инфра-
құрылым, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті
өзін-өзі басқару органдарын, ғылыми, кеңестік
ұйымдарды, т.б. нарықтың барлық субъектілерін
бір жүйеге біріктіре алатын ресурс ролін атқарады.
Ақпаратты алу принциптеріне негізделген,
ақпарат құны өскен сайын, ақпарат көзін жүйелі түрде
іздестіруге арналған жүйелері ретінде маркетингтік
ақпаратты жіктеу нұсқаларының бірін қарастырайық.
Бұл әдісті ақпарат көзін жүйелі түрде іріктеп алу үшін
пайдалануға болады: алғашында ең арзан ақпарат
көздері сарапталады (тізімде бірінші тұрғандары),
онда қажетті ақпарат жоқ болған жағдайда, жіктеу
сызбасында келтірілген келесі ақпарат көздеріне
көшеді:
– ішкі бастапқы ақпарат – фирмада, оның түрлі
бөлімшелерінде болатын, маркетинг бөліміне неме-
се маркетингтік зерттеулерді жүргізетін адамға ар-
найы даярланбайтын ақпарат;
– ішкі туынды ақпарат – маркетинг бөлімі тапсы-
рыс беріп, фирманың ішінен, оның кез келген бөлімінен
алынған ақпарат;
– сыртқы бастапқы ақпарат– фирманың өзінен
емес, фирмадан тыс алынған, бірақ, арнайы марке-
тинг бөлімі үшін даярланбаған ақпарат;
– сыртқы туынды ақпарат (внешняя вторичная
информация) – фирмадан тыс алынған, арнайы мар-
кетинг бөліміне даярланған ақпарат.
Ұйым деңгейінде маркетингтік ақпарат жүйесінің
сәйкес буыны ақпараттың әр түрімен «жұмыс
істейді». Маркетингтік шараларды жүзеге асыру және
бақылау, жоспарлау және жетілдіру мақсатымен,
маркетинг саласының жарлықшылары пайдала-
натын маңызды, уақтылы және нақты ақпаратты
жинақтау, жіктеу, сараптау, бағалау және таратуды
жүзеге асыратын адамдардың, құрал-жабдықтар
мен әдістемелердің үнемі жұмыс істейтін өзара
байланыс жүйесі ретінде қарастырылады.