Сұрақтар:
1.«Образдылық», «бейнелілік», «көркемдік» стилистикалық ка-
тегорияларының мәнін, арақатынасын ашып түсіндіріңіз.
2. Троп дегеніміз не?
3. Тілді бейнелі жұмсаудың тәсілдерін атап көрсетіңіз.
4. Эпитет пен теңеудің көркемдік ерекшеліктері.
5. Метафораның түрлері, стильдік қолданысы.
6. Метонимия, синекдоханың стильдік сипаты.
7. Гипербола мен литота, аллегорияға сипаттама беріңіз.
8. Перифраздың түрлері, оның функционалды стильдердегі
көрінісі.
9. Стилистикалық айшықтаулар, оның түрлері.
10. Анафора, эпифораның экспрессивтілік мәні.
11. Параллелизм, риторикалық сұрақ пен қаратпаның стильдік
қолданысы.
12. Антитеза, оксюморон, градацияның стильдік сипаты.
13. Каламбур дегеніміз не?
14. Парцелляция – синтаксистік-стильдік категория дегенге
түсінік беріңіз.
Әдебиеттер:
1.
Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі.
Алматы: Арыс, 2004.
2.
Хасанова С., Жексембаева Ғ. Қазақ тілінің стилистикасы.
Алматы, 1998.
3.
Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы, 1978.
4.
Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолда-
нылуы. Алматы, 1966.
5.
Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992.
6.
Кәрімов Х. Қанатты тіл. Алматы, 1995.
7.
Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998.
8.
Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік.
Алматы, 1998.
9.
Cайрамбаев Т., Ақылжанова А. Қазіргі қазақ тіліндегі пар-
целляция құбылысы. Алматы, 2001.
10.
Нұржекеева Л. Метонимияның лингвистикалық табиғаты.
Алматы, 1992.
11.
Сыбанбаева А.С. Метафораның тілдік болмысы және кон-
цептуалды метафоралар (көмекші оқу құралы). Алматы, 2002.
12.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. //Құраст.
Б.Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнісбеков және т.б. Алматы,
2007.
Қосымшалар
ТАПСЫРМАЛАР
I. СТИЛИСТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1-тапсырма. Белгілі тұлғалардың ана тілі жайлы ой-
толғамдары мен нақыл сөздерінің мазмұнына назар аудары-
ңыз. «Қазақ тілі – кемел тіл» деген ұғымға қатысты өз пі-
кіріңізді білдіріңіз.
Н.Назарбаев:
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қал-
қыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген
орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты
да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не
бар екен!
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтас-
тығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.
Бізге ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше оны
жан аямай қастерлеуден асқан биік парыз да жоқ.
Ә.Қайдар:
Көркем сөз өнерінің негізгі тетігін сөз қолданыста деп
білсек, оның екі түрі бар екен: біріншісі – сөзді орнымен, сөз
жүйесімен дұрыс қолдану да, екіншісі – сөзді дұрыс қолдану
үстіне әсем де әсерлі етіп қолдану. Біріншісі – елдің бәріне
қойылатын жалпы талап болса, екіншісі – ақын-жазушылар
үшін міндетті де ерекше талап.
Әрбір халықтың ой-өрісін, парасат-парқын, сезім-түйсігін,
дүниетанымы мен болмыс-тірлігін танытатын – оның тілі.
Қ.Жұмаділов:
Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, бедерлі де, бейнелі
тілдердің бірі. Ол күні кешегі «өнер алды – қызыл тіл» деп
ұққан көшпенділердің, ердің құнын екі ауыз сөзбен тындырған
көшелі билердің тілі.
2-тапсырма. Стилистика – тілді зерттеудің биік шыңы,
ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың теориялық негізі де-
генді қалай түсінесіз? Осыған орай төменде келтірілген көп
нүктенің орнына тиісті сөз бен сөз тіркестерін қойып, ай-
тылған ойдың мазмұнын түсіндіріңіз.
1. ...сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің
ең қуаттысы – тілі (А.Байтұрсынұлы).
2.Ұлттық ... негізі – ұлттық тіл (М.Шоқай).
3.... іздесең, Абайды оқы, ерінбе (С.Торайғыров).
4.Кімде – кім ... сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мә-
дениетті адам деп санауға болмайды (М.Әуезов)
5.Сөз
... – көркемдігінде, ой ... – шындығында (Ғ.Мүсірепов).
6....мәдениетінің
жоғары
формасы
–
шешендік
(М.Балақаев).
7.Ана тілі – бәріміздің ..., өйткені ол ұлтымыздың ...
(Н.Назарбаев).
8.Қазақ тілі – ... тіл. Оның болашағы да ... . Тек оны наси-
хаттай білуіміз керек, оқыта білуіміз керек.
9. Абайдың сөзі – қазақтың ... (Н.Назарбаев).
Керекті сөздер: ғажап, қасиеті, сөйлеу тілі, анамыз, ұлт-
тың, рухтың, білімнің, асыл сөзді, ана тілін, әдебиетін, бой-
тұмары, анасы.
3-тапсырма. Зерттеуші ғалымдардың стилистика жай-
лы сипаттамасы мен ғылыми көзқарастарын саралап, ке-
лесі бағанға жазыңыз.
Зерттеуші ғалымдар
Сипаттамалар
А.Байтұрсынұлы
М.Балақаев
Р.Сыздық
М.Серғалиев
Б. Шалабай
А.Жапбаров
Н.Уәли
Д.Әлкебаева
4-тапсырма. Стилистиканың даму бағыттары жайлы
теориялық ақпараттармен танысып, зерттеу бағыттарының
сипатына қарай стилистика түрлерін анықтап, екінші ба-
ғанға толтырыңыз. Қысқаша түсініктеме беріңіз.
Зерттеу бағыттарының сипаты
Стилистика
түрлері
Стилистиканың жалпы мазмұнын
айқындайтын дәстүрлі салалары
Зерттеу нысандарының ауқымына
байланысты
Зерттеу әдістемесіне қарай (шарт-
ты түрде)
Қолданыс тіліне қатынасушылар-
дың қызметіне қарай
Жаңа бағыт-бағдарларға сүйенетін
5-тапсырма.
Стилистика мен тіл мәдениетінің
арақатынасы жайындағы ой-пікірлерді сипаттай келіп,
олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын төмендегі
кестеге немесе Венн диаграммасына түсіріңіз.
Ұқсастықтары
Айырмашылықтары
6-тапсырма.
Тілдік бірліктерден стилистиканың
негізгі ұғым-категорияларын анықтап, түсініктеме беріңіз.
Фонема, морфема, стиль, сөзжасамдық ұя, синтаксистік
қатынас, әдеби норма, стилистикалық норма, қатысымдық қыз-
мет, экспрессивтік қызмет, прагматикалық әсер, тілдік тұлға,
стилистикалық мағына, категориалдық мағына, cтилистикалық
коннотация, парцелляция, лексикалық қате, стилистикалық қате,
мәтін, дискурс, функционалды стиль, синтагма, стильдік белгі,
экспрессивтілік, стильдік бояу, экспрессивті-эмоционалды бояу,
функционалды бояу, экстралингвистикалық фактор, лингвис-
тикалық фактор, автор бейнесі, стилистикалық тапсырма, сти-
листикалық әсер.
8-тапсырма. Төмендегі сөз бен сөз тіркестерінің сти-
листикалық коннотацияның қай түрлеріне жататынын
ажыратып, түсінік беріңіз.
Арсаңдау, көз тоқтата қарады, бажырая қарады, тесіле қа-
рады, сөйлей жөнелді, айтып тастады, оқып-оқып алды, ботақан,
ізденуші, тамаша идея, инверсия, теорема, өркениетті ел, жарыс
жүлдегері, көңілдің ашығында, қу тілмен қулық сауу, көңілдің
сызығы, көңілдің құты, қараңғылық пердесі, жанкешті күрес,
сыбайлас жемқорлық, уызынан жарымаған жан, имансыздық,
қанішерлік, жағымпаздар, жебірлер, жауыздық, жымысқы әре-
кет, алдамшы, білгіш, ұлттық нигилистер, пысықай, атжалман-
дар, сұғанақ.
9-тапсырма. Стилистикалық категорияның бірі – экс-
тралингвистикалық факторларға не жататынын анықтап,
төмендегі мәтіндік үлгілер бойынша талдау жасаңыз.
Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхэ» –
жан деген сөзінен шығады. «Логия» – ілім. Бұл ғылымның өзін-
дік таңбасы, псю деп аталатын грек сөзі. Сонымен, психология –
жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып,
болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау,
ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық про-
цестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің, күллі жан
дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орай-
да, біз психологияның жантану жайындағы ғылым екеніне көз
жеткіземіз (Оқулықтан).
– ...Саған тай сатып әперемін.
– Қызыл Жебедей ме, көке?
– Иә, Қызыл Жебедей, Тұрар.
– Қызыл Жебені Саймасайлар сойғаны рас па, көке?
– Оны кім айтты?
– Иә, болыстың Қалдыбек деген баласы айтыпты ғой.
– Жо, Тұрар, Қызыл Жебе сияқты асыл жылқыны ешкім
де соймайды.
– Қайдам... (Ш.Мұртаза).
10-тапсырма. Прагмастилистиканың пайда болуына
ықпал еткен факторларды анықтап, ондағы дискурс, мәтін
категорияларына сипаттама беріңіз. Ол жайындағы ғалым-
дар пікірлерін сызба кестеге түсіріп, ғылыми таным-түсінік-
теріне өзіндік талдау жасаңыз.
II ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛИСТИКА СИПАТЫ
1-тапсырма. Төмендегі
мәтіндердің
функционалды
стильдердің қай түріне жататындығын анықтаңыз. Тілдік-
стильдік ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.
Анталияда айтылмаған мәселе қалмады. Ендігісі – істе!
Бүкіл әлем халықтарының жаһандану ағынынан аман қалуы
үшін ықпалдастық тіршілік етуге көшпелі көк түріктің төрткүл
дүниеге тарап кеткен ұрпақтары да бір-бірін іздей бастады. Бұл
құбылыс әсіресе бұрынғы Кеңес одағы ыдырап, әлемнің саяси
картасында Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан
және Өзбекстан секілді тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттер пайда
болғаннан кейінгі кезеңде анық бой көрсетіп, оның негізгі ұйыт-
қысы да Түркия болған еді. 1992 жылы түркі тілдес мемлекеттер
басшыларының алғашқы саммитін өткізген Түркия содан бері
шама-шарқынша түркі әлемінің басын біріктіруші факторын ат-
қаруға тырысып келеді (Газеттен).
Тал-теректің сарғая бастаған жапырақтарын тозаң тұтқан.
Күз де болса күн ыссы. Көбелектердің өзі ыстықтан ыңқылдап,
шөп басында әрең отыр. Жолда келе жатқан адамдардан сес-
кеніп жалбаң етіп үркіп ұшса да, лезде жалп етіп барып қайта
қонады. Тек қарлығаштар ғана ащы күнді елең қылмай көне-
тоздау бола бастаған көгілдір аспанда қайқаңдап ұшып, қалық-
тап жүр.
...Аспанда ұзақ қарғалар күннің көзін көрсетпей, қара-
құрымдай қаптап, жылы жаққа көшіп барады. Суық күз түсіп
келе жатыр. Аспараның басын сіреспе сұрғылт бұлттар жиі-жиі
торлайтын болды...(Ш.Мұртаза).
Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма
жағынан қарастырылса, ендігі тұста тілдік және тілдік емес
мәнділіктерді тек нормативті аспектіде қарастырмай, функцио-
налдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингво-
мәдени аспектіде зерттеу; тілдік тұлғаны сөз мәдениеті пәнінің
түпқазық ұғымы ретінде алу; сөз мәдениеті бұған дейін сөй-
леуші (автор, коммуникатор, адресант, сөз субъектісі) пози-
циясы тұрғысынан қарастырылса, ендігі тұста тыңдаушы (адре-
сат, коммуникант, реципиент) тұрғысынан қарау, соның негі-
зінде сөздің сапасына баға беру зерттеудің коммуникативтік ас-
пектідегі жаңалықтары болып саналады (Н.Уәли).
2-тапсырма. «Тәуелсіздік – бабаларым туын тіккен
жол» тақырыбында шағын шығарма жазып, жазылу сти-
ліне қарай тілдік белгілерін анықтаңыз.
3-тапсырма. Мәтіндерден сөйлеу стиліне тән тілдік
ерекшеліктерді (лексикалық, морфологиялық, синтаксис-
тік) анықтап, сызба кестеге түсіріңіз.
Лексикалық
Морфологиялық
Синтаксистік
– Кем талапсың, шөп қайдан өнсін. Арқасынан күн өткен
ешкі құсап үйден шыққасын-ақ шыжықтап қайтып кете бересің.
– Кетпесіме лаж бар ма? Үйімде ауыз ашып отырған бала-
шағаның түрі анау. Бәрі маған қарап отырғасын теңізге тор
жайып, торға шабақ аулап кеткенім рас.
– Бөбекжан, – деді тоқталып, – ағаң асығыс. Балшейбек-
тің бір асығыс шаруасымен жүр екен. Азаматым аман оралсын,
әлі шай да ішілер, ет те желінер. Қазір, айналайын, нан ауыз
тигіз. Қысылатын түгі жоқ. Иә, иә... бұндайда да ырымын іс-
тесең болғаны (Ә.Нұрпейісов).
– Қалқам!.. Араздықты қой... Мен ренжітпеймін дейтінің
қайда? Сен үйге бармаған соң, мен тірі өліп жүрмін ғой...
Жұртқа қарайтын бетім қалмады... Жүр, үйге барайық!..
(Б.Майлин).
4-тапсырма. Ғылыми стильдің қалыптасу тарихына
қатысты пікірлермен танысып, өз ой-пікіріңізді білдіріңіз.
XIX ғ. соңғы он жылдықтарында жарық көрген кітап-
шалар – қазақ тіліндегі ғылыми көпшілік әдебиеттің алғаш-
қы көрінісі, бұл стильдің едәуір етек жая бастаған тұсы – XX
ғасырдың басы, ал нағыз өркендеген, айқындалған дәуірі –
қазіргі кезең (Р.Сыздық).
…Ертедегі ғылымға қатысты кейбір кітапша, мақалалар
ғылыми стильдің негізгі даму арнасы бола алмайды. Өйткені
ғылыми әдебиет стиліне тән тілдік ресурстар ғылымның да-
муымен, ғылыми әдебиеттің молаюымен байланысты. Олар
қазақ елінің Октябрьден кейінгі ғылыми прогресс дәуірінде
пайда болды. Сондықтан әдеби тілдің стильдер жүйесінің бұл
саласы жаңадан, кейін пайда болды (М.Балақаев).
XX ғасырдың бас кезінде ғылым мен техникаға байла-
нысты аударма әдебиеттермен қатар ана тілінде жазылған
ғылыми әдебиеттер де баспа бетін көріп, жарыққа шыға бас-
тады (С.Исаев).
...Ғылым тілін жалпы әдеби тіл тұрғысынан алып, оның
дүниеге келуін жазба әдеби тіліміздің қалыптасуынан баста-
лады деп қараған жөн (Ә.Қайдаров).
...Қазақ әдеби тілінің ұлттық кезеңіне дейін ғылыми
стиль болған жоқ. Озық орыс ғылымының аударма арқылы
қазақ халқына жетуінің нәтижесінде, яғни XIX ғасырда үл-
кенді-кішілі ғылыми әдебиеттер пайда бола бастады
(А.Ысқақов).
5-тапсырма. Ғылыми стильдің нормасынан ауытқу-
ларды, мазмұнын түсінуге қиындық туғызатын фактілерді
тауып, себебін түсіндіріңіз.
Бұл процестің ақырысында ақша, қосымша құн, пайда,
процент, рента формаларына, капиталға әкелетіні белгілі...
...қоғамдық ортадағы адамдардың өзара қатынас жасау тәртібін,
қатынас жасау әдебінің заңдылықтарын адамгершілік норма-
лары тұрғысынан белгілеп беру де осы жерде әңгімеленбекші...
Шығарманы оқырман тұщына оқу үшін...; ... сол шежірелерді
көркем тілмен көрікті жеткізе білуімен де баурап алады; син-
таксистік қайталамалар да – мәтіннің көркемдік жүгін «бір
кісідей» көтеретін тәсіл; риторикалық сұрақтардың да шығар-
маның « құлақ күйін келтіріп» тұратыны белгілі, оны еркіне
жіберіп қарап отыруға болмайды; ал тіл дамуының, тіл болып
қалуының бірден-бір негізі – сөздік құрамы, өз сөзі екені бе-
сенеден белгілі; ... тілдің сөз-қабырғасы «өз кірпіштері», өз
бойындағы сөздік, тәсілдік қаражаттары негізінде жасалып қа-
ланғаны маңызды болмақ және т.б. (Монографиядан).
...Көне түркілік лексикалық единицалардың мазмұндық
жағының сипаты семантиканың тек қана синхрондық және
диахрондық тұрғыдағы типологиялық заңдылықтарын ғана
емес, сол лексикалық единицалар білдіретін реалийлерге қа-
тысты экстралингвистикалық деректерді де талап етеді.
...Зерттеу объектісі фонемалардың синтагматикадағы
(фонетикалық контекстегі) дыбыстық репрезентанттары және
олардың әлсіз позициядағы перцептивті түрленімдері...
(Ғылыми еңбектерден).
6-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, публицистикалық
стильге тән тілдік белгілерді көрсетіңіз. Бағалауыш мәндегі
сөздердің қолданылу уәжін түсіндіріңіз.
Шындығында да, біз Кенесарыдан бастап, Алаштың аза-
маттары жалғастырып, «Желтоқсан» мен «Азат» қозғалысы нүк-
тесін қойған күрес нәтижесінде не үшін жең түрдік және сол
жеңісіміз қандай нәтижеге алып келді? Әрине, ең басты жеңіс –
Тәуелсіздік! Оған талас жоқ. Бірақ Тәуелсіздік дегеннің өзі не?
Елтаңба мен ту және әнұран десек, ондай жеке елтаңба, ту,
әнұран бодандықта жүргенде де болған. Меніңше, кез келген
халық тәуелсіздікті өзінің ұлттық сипаттағы мемлекетін құру
үшін ғана алады. Ешкімге жалтақтамай, бөгдеден рұқсат сұра-
май өздеріне қажетті заңдарды шығару үшін күреседі. Бодан-
дықтың бұғауынан құтылғаннан соң, өздерінің жоғалып бара
жатқан, империяның жоспарлы саясатының салдарынан құрып
кеткен ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға күш салады. 90-
жылдардың басында ұлттың рухы оянған кезеңде билік те
халықтың мүддесімен санаса отырып, осы бағытта қадамдар
жасады. Оны жоққа шығаруға болмайды. Тек қазақтарға ар-
налған «Көші-қон» заңы да осы жылдары қабылданды, ақ-
шамызға қазақтың ұлы тұлғаларының бейнесі басылды, күш-
қуаты министрліктен кем емес «Тіл комитеті» жасақталды, қан-
шама жер-су атаулары, қала, көше аттары қазақшаланып, Тәуел-
сіздігімізді бірнеше мәрте тойлайтын күнге жеттік («Егемен
Қазақстан»).
7-тапсырма. Теледидар хабарларынан келтірілген
үзінділер негізінде сөйлеу стилі мен публицистикалық
стильдің өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, салыстырмалы
талдау жасаңыз.
«Қазақстан» арнасының тікелей эфирінде – Апта kz. Бағ-
дарламаның сөз ұстары – Есболат Айдабосын. Бүгінгі көре-
тіндеріңіз: Қазақстан Президенті ұсынған идеясы дағдарыспен
күресуге қандай даралық танытпақ? Астана экономикалық
форумының берер салмағы қандай деңгейде? Елбасы шетел
инвесторларына қандай тапсырма берді? М.Шоқайға шабуыл
жасалды. Неліктен Алаштың ардақтысын қорғай алмады?
Немесе Тікелей эфирде «Қазақстан» телеарнасының қорытынды
жаңалықтары. Студияда – Мен, Гүлназ Әлімгерей. Армысыздар,
ардақты ағайын! Әдеттегідей, алдымен, бүгінгі күннің маңызды
деген жаңалықтарына қысқаша тоқталып өтейік.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-
Мұхаммед
бастаған
қазақстандық
делегация
алдымен
Құрманғазының кесенесіне тәу етіп, аруақтарға арнап Құран
бағыштады, гүл дестесін қойды; Менің ойымша, бұл орталық
тек қана мұражай ғана емес, Қазақстан және Ресей халықта-
рының, қала берді шетелдік меймандардың тәу етер қасиетті
жері болмақ.
8-тапсырма. Таза ғылыми стильде, ғылыми-көпшілік
стилінде және оқулық-ғылыми стилінде жазылған мәтін
үзінділерін ажыратып, шағын стильдер арасындағы тілдік
ерекшеліктерді, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды та-
уып, салыстырмалы талдау жасаңыз.
Коммуникативтік прагматикалық категория ретіндегі
жанр функционалды стильдермен тығыз байланысты, өйткені
жанрлық парадигмалар стильдік байланыста болып келеді және
стильдік белгілерді сол прагматикалық белгілердің негізінде са-
ралайды. Зерттеушілердің көрсетуінше, белгілі бір функцио-
налды стиль аясында жанрлық түрді таңдау үш түрлі фактор
арқылы жүзеге асады: сөйлеуші интенциясы, мазмұнның тілдік-
логикалық қатыстылығы, мазмұнның композициялық құры-
лымы т.т. Әр стиль түрлерін жанрлық түрлерге топтастырғанда
осы көрсетілген факторлардың қызметі негізінде қалыптасып,
орнығып жүйеленеді (Еңбектен).
Сендер бесінші сыныпта бүкіл елдің экономикасын зерт-
тейтін макроэкономика бар екенін білдіңдер. Енді сендерге мы-
надай экономикалық ұғымдар белгілі болады:
- әлемдік нарық дегеннің не екені;
- ішкі және сыртқы сауданың ерекшеліктері;
- мемлекеттің экономикаға қатынасатыны;
- нарықтық экономикадан, дәстүрлі және командалық
экономикадан немен ерекшеленетіні (Бизнес бастамасы).
Шоқан Уәлиханов – Шыңғысханның ұрпағы, қазақ ханы
Абылайдың шөбересі еді. Атасы Уәли орыс қарауына өткен-ді.
Александр бірінші Уәли ханға үлкен ниеттестік көңілмен қараған.
Патшаның әмірімен қазақ даласында ханға арналып тас үй салып
берілді. Мұхаммедқанафия-Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов дәл
сол үйде дүниеге келді. Григорий Потанинмен бірге Омбы кадет
корпусын бітірген Шоқан неміс және француз тілдерін өте жақсы
білді. Орта Азия мен Қытай империясының тарихын ынта қойып
зерттеді (А.Алдан-Семенов).
9-тапсырма. Төменде берілген стандарт тілдік бірлік-
терді негізге ала отырып, ресми стильде өтініш, бұйрық
үлгілерін жазып көрсетіңіз.
Өтінемін, қабылдауыңызды сұраймын, сырттай бөлімге
ауыстырылсын, келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты,
бұйрыққа қол қойылды, академиялық үлгермеушілігіне байла-
нысты, өтініші бойынша, мемлекеттік білім гранты негізіндегі
оқуға, тапсыруға жіберілсін, материалдық көмек көрсетуіңізді
сұраймын, басқа қызметке ауысуына байланысты, білім сала-
сындағы ерен еңбегі үшін, профессор ғылыми атағының бе-
рілуіне байланысты, 60 жылдық мерейтойына байланысты, жа-
тақханадан орын бөлуіңізді сұраймын, кезектен тыс демалыс бе-
руіңізді, қайтадан оқуға алу туралы, денсаулығыма байланысты,
бұйрық бойынша, ақылы негізінде оқуына байланысты, рұқсат
етілсін, комиссия құрамы бекітілсін.
10-тапсырма. Ғылыми стильдің ауызша түрлеріне: ғы-
лыми монолог пен ғылыми диалогке тілдік деректер кел-
тіріп, стильдік талдау жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |