М.Қанабекова


  Шығарманы  оқырман  тұщына  оқу  үшін...;    ...  сол



Pdf көрінісі
бет21/21
Дата30.01.2017
өлшемі1,98 Mb.
#3013
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

170.  Шығарманы  оқырман  тұщына  оқу  үшін...;    ...  сол 
шежірелерді  көркем  тілмен  көрікті  жеткізе  білуімен  де 
баурап  алады;    синтаксистік  қайталамалар  да  –    мәтіннің 
көркемдік жүгін «бір кісідей» көтеретін тәсіл; риторикалық 
сұрақтардың  да  шығарманың  «  құлақ  күйін  келтіріп» 
тұратыны  белгілі,  оны  еркіне  жіберіп  қарап  отыруға 
болмайды  –  үзінділерінде  қай  стильдің  нормасынан 
ауытқулар бар:  
А. Ресми стильдің            В. Көркем әдебиет стилінің     
С. Ғылыми стильдің        D. Эпистолярлық стильдің          
Е. Көсемсөз стилінің         
 
171. Мағыналық және құрылымдық жағынан тұйықталған, 
белгілі  бір  күрделі  ойдың  төңірегінде  топтасып  тұратын 
синтаксистік-стильдік категория: 
А. Күрделіленген сөйлемдер          В.  Қосүнді сөз           
С. Синтаксистік синонимдер     
D. Күрделі синтаксистік тұтастық 
Е. Синтаксистік валенттілік 
 
172. Стильдік эклектизм қай сөйлемнен аңғарылады? 
А. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылданды. 
В. Сөйлеушілер бірауыздан шешім қабылдады 
С. Мәжіліс мынадай шешімге келді     
D. – Қандай ойың бар? Не шештің өзің? 
Е. – Директордың қабылдауынан соң, түс қайта соққамын. Бәрін 
де айттым.   Ақылды ғой, Күнсұлу. Қуаттады шешімімді      
 
173.Тілдік тұлғаны танудың деңгейлік құрылымдары: 
А. Лингвотанымдық, лингвомәдени        В. Вербалды       
С. Семантикалық     D. Прагматикалық    Е. Бейвербалды 
 
174.  Іске  сәт,  қолды  болу,  сөзге  қалу,  бетіне  айту,  есі-дерті 
кету,  бас  ауырып,  балтыр  сыздағанда,  барымен  базар, ағама 
жеңгем  сай  тәрізді  тілдік  бірліктер  қолданысына  қарай 
фразеологизмдердің қай түріне жатады? 
А. Кітаби фразеология       
В. Бейтарап фразеология 

С. Сөйлеу тілінің фразеологиясы       
D. Қарапайым фразеология 
Е. Жазба тіл фразеологиясы  
 
175. Нұрастананың бүгінгі келбеті ерекше көз тартады – 
дегендегі Нұрастана көркемдік троптың қай түріне жатады?  
А. Метафора         В. Эпитет          С. Аллегория      
D. Гипербола        Е. Перифраз  
             
176.  Сөйлемнің  ықшамдылығын,  әсерлілігін  арттыратын 
стилистикалық тәсіл қалай аталады? 
А. Парентеза            В. Эллипсис               С. Инверсия    
D. Параллелизм             Е. Антитеза  
 
177.  Мәтін  ішіндегі  стильдік  құралдардың  қолданылу 
жүйесін анықтайтын әдіс: 
А. Семантикалық            В. Стилистикалық       С. Тарихи    
D. Синтездеу             Е. Эксперимент 
 
178.  Функционалды  стиль  нормаларының  сақталмау 
салдарынан болатын қатенің түрі: 
А. Лексикалық               В. Морфологиялық       С. Синтаксистік     
D. Орфографиялық        Е. Стилистикалық  
             
179.  Қосымша  стильдік  мағына-бояу  беретін,  стилистика-
лық норманы құрайтын тәсіл: 
А.  Стилистикалық  тапсырма                        В.  Стилистикалық  әсер              
С.  Стилистикалық  коннотация                  D.  Стилистикалық  бояу             
Е. Стилистикалық әдіс  
 
180. 
Алғаш  рет  «ауызша  сөз»,  «ақылды  ойлану» 
мағынасында жұмсалған термин:  
А. Мәтін                        В. Дискурс           С. Стратегия    
D. Прагматика             Е. Стиль  
 
             
 
 

                                 ГЛОССАРИЙ  
Стиль – (грек. - таяқша, жазу құралы) – тілдің әлеуметтік 
қызметіне  байланысты  жіктелетін  әдеби  тілдің  функционалды 
түрі, сөйлеу мәнері.  
Стилистика – тілдік тұлға-бірліктерді қарым-қатынастың 
белгілі бір саласы мен мақсаттарына сай қолданыстық тұрғыдан 
зерттейтін тіл білімінің саласы, стиль туралы ғылым.        
Стилизация (стиль тезіне түсіру) – шығарманың тақыры-
бына,  жанрына,  эстетикалық  мақсатына  және  «автор  бейнесі» 
дегенге тілінің үндес келу тәсілі.  
Стилистикалық  құралдар  –  тілдік  тұлға-бірліктердің 
қолданылуда әр түрлі стилистикалық бояуға ие болатын түрлері.  
Стилистикалық  қате  –  тілдік  талғамының,  сөйлеу 
мәдениетінің  төмендігінен,    стильдік  дағдының  қалыптаспау 
салдарынан  болатын  қате  түрі.  Стилистикалық  қате  түрлері 
көбіне тіл деңгейлерінің заңдылықтарын, функционалды стиль-
дердің өзіндік нормаларын жете меңгермеуден пайда болады.  
Стилистикалық  норма  –  көркемдік-эстетикалық,  стиль-
дік  мақсатта  жұмсалған  тілдік  құралдар  жүйесі,  функцио-
налдық-стилистикалық  талаптарды  (дұрыстық,  дәлдік,  эстети-
калық) жүзеге асырудың ұстанымы.  
Стильдік белгі – белгілі бір функционалды стильдің дара-
лығын,  өзге  стильдерден  өзгешелік  сипатын,  сөз-қолданыстағы 
мәнерін танытатын ерекше қасиеті. Әр стильдің өзіндік стильдік 
белгілері болады. Мәселен, сөз бедерінің бейнелілігі, көрнекілігі 
көркем  әдебиет  стиліне  тән  белгі  болса,  дәлдік  пен  нақтылық, 
жүйелілік  ғылыми  стильдің  белгісі  болып  табылады,  ал  эмо-
ционалдық  бояуы  басым,  бағалауыштық  мәндегі  сөздердің  жиі 
қолданылуы ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшелік. 
Стилистикалық  бояу  – әртүрлі  деңгейдегі  тілдік  бірлік-
тердің  ұғымдық  мазмұнынан  басқа  қосымша  мағыналық  рең-
дерге  ие  болуы.  Яғни  контекстен  тыс  ерекше  стилистикалық 
әсер беретін сөздің қосымша мағынасы.Стилистикалық бояудың 
екі түрі бар: эмоционалды-экспрессивті және функционалды.  
Стилистикалық мағына – айрықша экспрессивтік бояу-
ға  ие  болатын  тілдік  бірліктердің  жүйесі,  қолданыста  ерекше 
көркемдік мәнге ие болатын айшықты сөз үлгілері. 

Стильтүзім  –  тілдік  және  тілдік  емес  факторлардың 
нәтижесінде нақты сөйлеу кезінде пайда болатын құбылыс.  
Стильдік  контраст  –  жазушы  идеясына  тәуелдi  болып, 
көркем  әдебиет  стилiнiң  ерекшелiгiне  орай  жұмсалатын  бөгде 
стильдiк  элементтердің  ерекше  эстетикалық  мәнге  ие  болуы. 
Кейіпкер  тілін  даралаудың  ұтымды  тәсілі,  стилистикалық  әсері 
айрықша құбылыс. 
Эклектизм  –  функционалды  стильдердің  өзіндік  норма-
белгілерін  ескермеуден,  бөгде  стильдiк  элементтердi  көркем 
шығарма тiлiнде мақсатсыз қолданудан пайда болған құбылыс. 
Лингвистикалық  факторлар  –  тілдік-стилистикалық 
белгілер.  Яғни  интонация,  жеке  дыбыстардан  бастап,  лек-
сикалық бірліктер мен грамматикалық тұлғалардың, көріктеуіш 
құралдарының  қолданыстағы  ерекшеліктері,  мәтін  ішіндегі 
көрінісі негізге алынады.   
Экстралингвистикалық  факторлар  –  стильдердің  қа-
лыптасуына, сөз сипатына тікелей әсер ететін тілден тыс стиль 
құраушы  факторлар.  Оларға:  қарым-қатынас  аясы,  қоғамдық 
қызмет  түрлері,  қоғамдық  сана  формасы,  сөздің  ауызша  не 
жазбаша  көрінісі,  сөздің  жанрлық  ерекшелігі,  баяндау  түрі, 
жағдаяттық-қоғамдық  факторлар  (сөздің  тоны,  сөйлеу  актісінің 
түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады.  
Функционалды  стиль  –  тарихи  және  әлеуметтік  катего-
рия,  тілдің  әр  түрлі  қызметімен  тікелей  байланысты  болатын 
әдеби  тілдің  бір  түрі.  Мәселен,  тұрмыстық  сөйлеу  стилі  (қаты-
нас жасау), ғылыми, ресми стиль (хабарлау), публицистикалық, 
көркем әдебиет стилі (әсер ету) сияқты түрлері ажыратылады.  
Функционалды  стилистика  –  қоғамның  әр  түрлі  сала-
сында  (тұрмыстық  сала,  эстетикалық  сала,  құқықтық  сала, 
бұқаралық  ақпарат  саласы,  білім  мен  ғылым  саласында)  жұм-
салатын тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін қарасты-
рады.  Немесе  қолданыстық  стилистика  деп  те  аталады. 
Өйткені  тілдік  құралдардың  нақты  қолданыс  кезіндегі  қызмет 
ету салаларын қарастырады.  
Құрылымдық  (тіл  құралдары)  стилистикасы  –  тіл 
деңгейлерінің  стилистикалық  құрам-байлығын,  яғни  тілдік 
тұлғалардың (дыбыстан мәтінге дейінгі) мәнерлегіштік қасиетін, 

стилистикалық  сапа-белгілерін  қарастыратын  стилистиканың 
саласы. 
Көркем  әдебиет  стилистикасы  –  жазушы  шығарма-
шылығының  тілдік-стильдік  ерекшеліктерін,  көркем  шығарма 
жүйесіндегі  поэтикалық  сөз  қолданыстарын  қарастыратын 
ғылым саласы. 
Автор  бейнесі  –  құрылымдық-көркемдік,  тілдік-стильдік  
категория, шығарманың көркемдік әлемін туғызушы субьект.  
Фонетикалық стилистика – сан алуан дыбыстық қайта-
лауларды,  ассонанс,  аллитерациялық  құбылыстарды,  интона-
цияның,  екпін  түрлерінің  стилистикалық  сапаларын,  әуезді 
мәнерін зерттейтін стилистика саласы. 
Грамматикалық  стилистика  –  грамматикалық  катего-
риялар  мен  олардың  мағыналық  түрлерінің  қолданылу  жүйесін 
зерттейді.  
Лексика-фразеологиялық  стилистика  –  әдеби  норма-
дағы  сөздердің  де,  бейнормалық  элементтердің  де  стильдік 
қызметін,  сөз  мағыналарының  жұмсалу  ерекшеліктерін  қарас-
тырады,  фразеологиялық  сөз  орамдарының  да  әсерлілігін, 
мәнерлілігін зерттейді.   
Практикалық  стилистика  –  стилистикалық  дағды,  са-
уаттылықты  қалыптастыру,  тілдік-стильдік  амал-тәсілдерді 
тиімді жұмсауға дағдыландыру міндеттерін қарастырады. 
Мәтін  стилистикасы  –  мәтіннің  құрылымдық-стильдік 
ерекшеліктерін,  мәтіндік  бірліктердің  түзілуін,  автор  бейнесі  
мен  тілдік тұлға т.б. мәселелерді  қарастыратын стилистика саласы. 
Тарихи стилистика – функционалды стильдердің  қалып-
тасу, даму тарихын,  әдеби тіл  тарихындағы алатын орны  мен 
маңызын қарастыратын диахронды аспектідегі зерттеу саласы. 
Прагмастилистика – стилистиканың жаңа бағыты, тілдік, 
қатысымдық  бірлік  ретіндегі  дискурс  пен  мәтіннің    стилис-
тикалық  сипаты  мен  мазмұнын  прагматикалық  тұрғыдан  зерт-
тейтін  тың саласы. 
Дискурс – прагматиканың негізгі зерттеу саласы, күрделі 
коммуникативті-прагматикалық  құбылыс.  Тіл  білімінде  алға-
шында  «сөйлеу»  не  «ауызша  сөз»  мағынасында  қолданылған. 
Бұл – сөйлеу әрекеті жағдайында пайда болатын тілдік құбылыс, 
қазіргі  түсінік  бойынша  өзара  байланысты  мәтінге  негізделген  

коммуникативтік  іс-әрекеттің  ауызша  сөйлеу  формасы  ретінде 
танылады. Сондай-ақ дәстүрлі стиль ұғымын  нақтылау үшін де 
жаңаша  қалыптасқан  термин  сөз.  Мәселен,  ғылыми  дискурс, 
педагогикалық  дискурс,  публицистикалық    дискурс,  көркем 
әдебиет  дискурсы,  әдеби  сын  дискурсы,  ресми  дискурс  деп 
аталып жүр.  
Мәтін  –  күрделі  коммуникативтік  (қарым-қатынас)  құ-
ралы.  Тілдік  қарым-қатынастың  толық  жүзеге  асқан  өнімді 
нәтижесі  ретінде  танылады.  Яғни  мәтін  –  сөйлеу  әрекетінің, 
шығармашылық өндірістің жазбаша формасы.  
Экспрессивтік  стилистика  –  тілдегі  экспрессивтік  әдіс-
тәсілдерді,  яғни  ойды  көркемдеп  жеткізудегі    экспрессиялы 
құралдардың  қызмет  ету  ерекшеліктерін  қарастыратын  стилис-
тиканың жаңа бағыты.  
Экспрессия  –  эмоцияны,  ерікті  ойды  білдіруге,  мәнер-
лілікті  күшейтуге  қызмет  ететін стильдік категория.  Яғни  тілге 
эмоционалды бояу беріп тұратын сөздің көркемдік қасиеті. 
Экспрессивтілік – сөйлеушінің сезім-күй әрекеті арқылы 
ойды әсірелеп, бейнелеп жеткізуде қолданылатын сөз өрнектері. 
Тілде экспрессивтілікті білдірудің сан алуан тәсілдері бар.  
Коннотация  –  қосымша  мағына  беретін  стилистикалық 
категория,  тіл  бірліктерінің  ерекше  мағыналық  реңк,  бояуға  ие 
болатын қасиеті. 
Қосүнді  сөз  –  автор  мен  кейіпкердің  субъективтік  көз-
қарастарын  бірге  салыстырып,  үйлестіруге  мүмкіндік  беретін 
стильдік тәсіл. Қосүнді сөз араласқан баяндау экспрессивті-эмо-
ционалды, әсерлі болып келеді, көбіне лепті, сұраулы сөйлемдер 
арқылы  құрылады.  Өйткені  ол  сөйлемдер  түрлі  сезімдерді 
бейнелеп, ерекше эмоциялы бояумен жеткізіледі. 
Күрделі  синтаксистік  тұтастық  –  бірнеше  сөйлемдер 
тізбегінен  құралған,  мағыналық  және  құрылымдық  жағынан 
тұйықталған,  белгілі  бір  күрделі  ойдың  төңірегінде  топтасып 
тұратын синтаксистік-стильдік категория. Күрделі синтаксистік 
тұтастықтың  құрамына  енген  әрбір  сөйлемнің  мән-мағынасы, 
экспрессивтік  бояуы,  стилистикалық  мәнері  мәтін  ішінде 
анықталады. 
Каламбур  –  сөз  бен  сөз  тіркестерінің  дыбысталуы 
жағынан  ұқсас  келуінен  туатын  стилистикалық  оралым,  сөз 

құбылту  амалы.  Омонимдердің  каламбур  тудырудағы  қызметі 
зор (Тағы сынды жан едік, тағы келдік тар жерге... Махамбет). 
Перифраз – суреттеп атау тәсілі, яғни зат не құбылыстың, 
іс-әрекеттің  ең  негізгі  қасиетін,  бір  белгісін  астарлы  мәнде 
жұмсау. Абай, М.Дулатұлы шығармашылығында кездесетін пе-
рифраздар: надандық – қараңғылық пердесі; сауатсыздық – на-
дандық  шәрбаты;  шәкірт  –  жарқыраған  жарық  сәуле;  сана-
лылық – жүректің көзі; өмір – опасыз дүние, сұм дүние, бұлдыр 
заман, сұм жалған; т.т. 
Окказионализм – белгілі бір әдеби-эстетикалық, идеялық 
мақсатты  көздеуден  туған  лингвостилистикалық  құбылыс.  Жа-
зушы  танымына  тәуелді,  жеке  тұлғалық  қасиетін  танытатын 
өзіндік сөз қолданыстары, тың бояуымен ерекшеленетін тіл бір-
ліктері

Ассонанс – дауысты дыбыстардың үндесе қайталануынан 
тұратын стилистикалық айшықтау түрі. 
Аллитерация  –  дауыссыз  дыбыстардың  бірыңғай  қай-
талануындағы стильдік  айшықтау түрі. 
Анафора – бір сөздің не сөз орамының өлең жолдарының, 
сөйлемнің  басында  қайталануынан  тұратын  стильдік  айшықтау 
түрі.  
Эпифора  –  өлең  жолдарының  не  сөйлемнің  соңында  бір 
сөздің, сөз тіркесінің қайталанып келуі.  
Парцелляция (фр. «бөлік») – тұтас бір сөйлемді бірнеше 
дербес  фразаға  бөлшектеп  көрсетудегі  синтаксистік-стильдік 
тәсіл,  яғни стильдік  мақсатпен  бір сөйлем  мүшесін бөлшектеп 
орналастыру  құбылысы,  дербес  шығарылған  сөз  не  сөз  тіркесі 
парцеллят мүше деп аталынады.  
Парцеллят  –  дербес  фраза  болып бөлшектелген біртұтас 
сөйлемнің құрылымдық бөлігі. 
Инверсия – сөйлем мүшелерінің дағдылы орын тәртібінің  
стильдік мақсатпен ауыстырылу құбылысы.
  
Функционалдық-стилистикалық  талдау  –  ұлттық  тіл 
құралдарының  көркем  тілде  қызмет  ету  ерекшеліктері,  тілдік 
құралдарды сипаттау тілдік деңгейлер бойынша жүргізіледі.  
   Құрылымдық-стилистикалық 
талдау 
– 
тілдік 
құралдардың  шығарма  құрылымындағы  ұйымдасу  механизмін, 
конструктивтік мәнін анықтау болып табылады. 

Пайдаланылған негізгі әдебиеттер: 
 
1.
 
Байтұрсынов  А.  Тіл  тағылымы  (қазақ  тілі  мен  оқу-ағартуға 
қатысты еңбектері). – Алматы: Ана тілі, 1992. 
2.
 
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ 
тілінің 
стилистикасы: Оқулық.–Алматы: Мектеп, 1966
, 1974, 2005. 
3.
 
Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Атамұра, 2005. 
4.
 
Мұсабекова  Ф.  Қазақ  тілінің  практикалық  стилистикасы.  – 
Алматы: Мектеп,1982. 
5.
 
Мұсабекова  Ф.  Қазақ  тілінің  зат  есім  стилистикасы.  – 
Алматы: Мектеп, 1976. 
6.
 
Шалабай  Б.  Көркем  әдебиет  стилистикасы:  Оқу  құралы.  –
Алматы:  Ы.Алтынсарин  ат.  Қазақтың  білім  академиясының 
Республикалық баспа кабинеті, 1999. 
7.
 
Жапбаров  А.  Қазақ  тілі  стилистикасын  оқыту  методикасы-
ның  негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. 
8.
 
Серғалиев  М.  Стилистика  негіздері:  Оқулық.  –  Астана: 
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. 
9.
 
Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы: Оқу құралы. 
– Алматы: Зият-Пресс, 2007. 
10.
 
Қанабекова  М.  Қазақ  тілінің  стилистикасы:  Оқу  құралы.  – 
Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2004. 
11.
 
Бейсембаева  З,  Уәлиев  Н,  Исмаилова  Ж,  Қанабекова  М., 
Қайдарова Г. Тіл мәдениеті: Оқу құралы. – Алматы: Prints, 2005. 
12.
 
Виноградов  В.В.  Стилистика.  Теория  поэтической  речи. 
Поэтика.  – М.: Наука, 1963. 
13.
 
Виноградов  В. В. Итоги обсуждения вопросов стилистики. – 
М., 1955.   
14.
 
Кожина  М.Н.  Стилистика  русского  языка.  –  М.:  Просвеще-
ние, 1983. 
15.
 
Стилистика  русского  языка.  Под  ред.  Н.М.Шанского.  –  Л.: 
Просвещение, 1989. 
 
 
 
 
 
 

Қосымша әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Сыздық  Р.  Тілдік  норма  және  оның  қалыптануы.    –  Астана: 
Елорда, 2001. 
2.
 
Серғалиев М. Кейбір стилистикалық ұғымдар мен категория-
лар туралы // ҚазМУ Хабаршысы. Филология сериясы.1997, №8. 
3.
 
Серғалиев  М.  Синтаксис  және  стилистика.  –  Алматы:  Қазақ 
университеті, 1997. 
4.
 
Әміров Р.Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. 
– Алматы: Мектеп, 1977. 
5.
 
Хасанова  С.,  Жексембаева  Ғ.  Қазақ  тілінің  стилистикасы 
(жаттығулар жинағы). – Алматы,1998. 
6.
 
Шалабай  Б.  Қазақ  көркем  прозасының  тілін  зерттеудің 
ғылыми-теориялық негіздері. – Алматы,1997. 
7.
 
Бүркітов  О.  Қазақ  әдеби  тілінің  публицистикалық  стилі. 
КДА. – Алматы, 1996. 
8.
 
Жанпейісов  Е.    «Абай  жолы»  эпопеясының  тілі.  –  Алматы: 
Ғылым, 1973. 
9.
 
Кәрімов Х. Қанатты тіл. – Алматы: Санат, 1995. 
10.
 
Момынова  Б.  Газет  лексикасы  (жүйесі  мен  құрылымы).  – 
Алматы: Арыс,1999. 
11.
 
Мәжітаева Ш., Рапишева Ж. Қазақ тіліндегі ғылыми стильдің 
қалыптасу тарихы. –  Бішкек, 2006. 
12.
 
Уәли Н.  Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. 
ғыл. док. ... дисс. – Алматы, 2007.  
13.
 
Қоянбекова  С.  Қазақ  тілі  экспрессивтік  стилистикасының 
негіздері: фил. ғыл. докторы авторефераты. – Алматы, 2008. 
14.
 
Ерназарова  З.  Қазақ  сөйлеу  тілі  синтаксистік  бірліктерінің 
прагматикалық негіздері: фил. ғыл. докт. дисс. авторефераты.  – 
Алматы, 2002. 
15.
 
Будагов  Р.  А.  Литературные  языки  и  языковые  стили.  –  М., 
1968. 
16.
 
Розенталь  Д.Э.  Практическая  стилистика  русского  языка.  – 
М.: Просвещение, 1974. 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе................................................................................................3 
Стилистиканың 
жалпы 
теориялық 
негіздері 
...........................5 
1.1  Стилистиканың  лингвистикалық  пән  ретінде  қалыптасу 
тарихы  мен зерттелуі.......................................................................5 
1.2  Стилистиканың  дәстүрлі  салалары  мен  қазіргі  даму 
бағыттары ........................................................................................13 
1.3 Стилистиканың тіл мәдениеті ғылымымен арақатынасы.....24 
1.4 Стилистиканың  теориялық ұғым-категориялары ................27 
Сұрақтар...........................................................................................41 
Әдебиеттер.......................................................................................42 
Функционалды стилистика сипаты .........................................42 
2.1 Функционалды стильдерді қалыптастырушы факторлар.....42 
2.2Функционалды стильдерді жіктеудегі ғылыми көзқарастар.44 
2.3 Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды  стильдері ..........49 
2.3.1 Ауызекі сөйлеу стилі.............................................................49 
2.3.2 Ресми-іскери стиль.................................................................52 
2.3.3 Ғылыми стиль.........................................................................57 
2.3.4 Публицистикалық стиль........................................................65 
2.3.5 Көркем әдебиет стилі.............................................................74 
Сұрақтар...........................................................................................81 
Әдебиеттер.......................................................................................82 
Лексика-фразеологиялық стилистика .....................................84 
3.1 Тіл құралдары стилистикасының жалпы сипаты...................84 
3.2
 
Лексикалық стилистика  ........................................................88 
3.2.1 Сөз мағыналарының стильдік қызметі.................................90 
3.2.2  Синоним, антоним, омонимдердің стильдік қолданысы...97 
3.2.3Бейәдеби тілдік бірліктердің стилистикалық сипаты........103 
3.3
 
Фразеологизмдердің стильдік қолданысы..........................118 
Сұрақтар.........................................................................................126 
Әдебиеттер.....................................................................................127 
Грамматикалық стилистика....................................................128 
4.1  Морфологиялық  стилистика.  Морфологиялық  тұлғалардың 
жеке стиль түрлеріне қатысы.......................................................130 
4.1.1 Сөз таптарының  стилистикасы .........................................133 
4.1.2 Зат есімнің стильдік қолданысы.........................................133 

4.1.3 Сын есімнің стильдік қолданысы.......................................136 
4.1.4 Есімдіктердің стильдік қолданысы....................................139 
4.1.5 Етістіктердің стильдік қолданысы......................................141 
Сұрақтар.........................................................................................144 
Әдебиеттер.....................................................................................144 
4.2 Синтаксистік стилистика........................................................145 
4.2.1 Синтаксистік стилистиканың жалпы мәселелері..............145 
4.2.2 Сөйлем құрылысының стилистикасы................................151 
4.2.3 Күрделі синтаксистік тұтастықтың қолданысы................158 
4.2.4 Сөйлем мүшелерінің инверсиялануы.................................160 
4.2.5  Қайталама  мен  бірыңғай  мүшелердің  стильдік  қолда-
нысы................................................................................................163 
4.2.6  Автор  сөзі,  төл  сөз  және  қосүнді  сөздің  жұмсалуындағы 
стильдік ерекшеліктер..................................................................166 
Сұрақтар.........................................................................................171 
Әдебиеттер.....................................................................................171 
Тілдің көркемдеуіш құралдары...............................................172 
5.1 Троптар – тілді бейнелі жұмсаудың тәсілдері......................172 
5.2 Стилистикалық айшықтаулар................................................179 
Сұрақтар.........................................................................................186 
Әдебиеттер.....................................................................................187 
Қосымшалар...................................................................................188 
Тапсырмалар..................................................................................188 
Тест сұрақтары .............................................................................218 
Глоссарий ......................................................................................249 
Пайдаланылған әдебиеттер .........................................................254 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
    
М.Қанабекова  
 
 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ СТИЛИСТИКАСЫНЫҢ  НЕГІЗДЕРІ 
 
 
                                        Редакторы:  Қ.Шағыр             
        Компьютерлік  қалыптаушы: С.Смағұлова 
                                 Көркемдеуші:  А.Қалибекұлы  
 
 
 
 
Басуға 11.12.2013 ж. қол  қойылды. Пішімі 60 х 84/
16.
 
Офсеттік қағаз. Компьютерлік терілім.  
Әріп түрі  «Times/New Roman» Riso басылымы.  
 Шартты баспа табағы 16,13 
Таралымы   дана.   
Тапсырыс № 
 
«Қыздар университеті» баспасы . 
050000, Алматы, Гоголь көшесі 116 үй 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет