Молодой учёный


Эстетикалық тәрбие беру тарихы мен қазіргі жағдайы



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата30.01.2017
өлшемі1,49 Mb.
#3041
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Эстетикалық тәрбие беру тарихы мен қазіргі жағдайы

Оспанова Гульнар Утепбергеновна, тарих ғылымдарының тарихы, аға оқытушы

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)

Қ

азақстан Республикасьның «Білім туралы» Заңының 



8-бабында білім берудегі басты міндет ретінде жеке 

тұлғаның шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін 

дамыту, адамгершілік пен салауаттық өмір салтының не-

гіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай 

жасай отырып, олардың ақыл-ойы мен зердесін байыту 

сондай-ақ әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне 

үйрету атап көрсетілген [1].

Өнер арқылы адам қабілетін дамыту мәселесі туралы 

жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, ең-

бектер баршылық. Ежелден ұлы ойшылдарымыз әл-Фа-

раби, М. Қашғари, Ж. Баласағұн [2, 192 б.], ұлы Абай [3, 

152 б.] өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілет-

терін дамытуға үнемі назар аударып отырған. Көр-

некті педагогтар Ж. Аймауытов [4,55 б.], Ш. Құдай-

бердіұлы [5,80 б.], А. Байтұрсынов [6,34 б.],

М. Жұмабаевтардың [7, 54 б.] және т. б. шығармала-

рында да адамның бойындағы қабілеттерді дамытудың 

және қалыптастырудың жолдары қарастырылған.

Эстетикалық тәрбиеге назар аударған ғалымдар эсте-

тикалық тәрбие беру мәселелерін С. А. Ұзақбаева [8] өз 

еңбектерінде зерделеген және оқушылар мен студент-

тердің көркем мәдениеттік тәрбиесін (эстетикалық, му-

зыкалық, адамгершілік) жетілдіру жолдарын қарастырып, 

педагогикалық мүмкіндіктерін ашып керсеткен.

Еңбек сабағында бастауыш сынып оқушыларының сән-

дік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын туғы-

зудың жолдарын С. А. Жолдасбекова, сабақ және сабақтан 


48

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Педагогика

тыс жүмыстардың өзара байланысы арқылы оқушылардың 

пәнге танымдық, қызығушылығын Б. Т. Әбиева, болашак 

бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындау үрдісінде халықтық 

педагогиканы қолдану мәселесін Қ. Болатбаев, қазақ мек-

тептерінде бастауыш сынып окушыларын сәндік-қол-

данбалы өнерін қолдану арқылы еңбекке баулу жолдары 

О. Сатқановтардың арнайы зерттеулеріне арқау болған.

Эстетикалық тәрбиелеу мәні, оның міндеттері мен 

мақсаттары туралы ұғымдар Платон мен Аристотельден 

бастап, бүгінгі күнге дейін өзгеріп кетті. Қоршаған дүниеге 

қарым-қатынас пен оны көркемдік қабылдауға деген са-

налы қатынас Ежелгі шығыс өркениетінде атап көр-

сетілген. Бірақ та халықтың діни және эстетикалық сана-

сының бөлінбеуі өнерді тәрбие құралы ретінде анықтады.

Қытайда, б. з. бұрынғы 3–2 мыңжылдықты табиғатта, 

еңбекте қолөнерде, тілде және араласу ережелерінде эсте-

тикалық бағдарларға оқыту дәстүрі болды. Оқытуда да, 

араласуда да ерекше назар жораларға, рәсімдерге, басқа 

да өнерлерге, табиғаттағы әртүрлілікті бақылауға ауда-

рылды. Қытайда бұл идеялар эстетикалық тәрбие негізінде 

әр ғасырда өз бейнесін иеленіп, көп дәуір бойы сақталды.

Ежелгі және өзіндік ерекшелігі бар мәдениет Индияның 

эстетикалық тәрбиесі дәстүрін бойына сіңдірген. Ежелгі 

индиялық ілімдерде (брахманизм және т. б.) адамның та-

биғат дүниесімен тығыз байланысын, оның көңіл-күй-

інің күш-қуатын, қабілеті мен сезінуін дамытудың ерекше 

маңызы болды.

Жапониядағы мәдениет пен білім синтоизммен — 

бастапқы діни жоралармен және елдің ұлттық ерекшелік-

терімен байланысқан. 7 ғасырда буддалық діннің, мәде-

ниеттің, сәулет өнерінің Қытайлық жазудың, әдебиеттің 

қалыптасу үрдісі жүрді, шеттен алынған емес, кескінде-

меде, киім мен рәсімдерде қайталанбас көркемдік жүйені 

қалыптастыру жүрді.

Жапон оқушыларының эстетикалық санасына та-

биғат пен адам жаратылысына деген нәзік мәнер, әсер-

леніп қабылдау, шыдамдылық пен анықтылықты таңдау 

тән. Ислам дүинесінде әдетте өнерде діни тақырыптарды 

жаңғыртуға, сенімнен алыстатын шындықпен адамдарды 

бейнелеуге деген жағымсыз қатынас бар. Сонымен қатар, 

эстетикалық сезімдерге бай кітап миниатюрасы, сәулет 

өнері мен сәндік өнер ықпал етті. Осы көркемдік дәстүр-

лерді көрсету қазіргі кездегі мұсылман мектептерінде 

жалғасуда, онда сұлулық туралы ұғымдардың, мәнер-

лердің, бағалаудың, идеалдардың, эстетикалық сананың 

ерекшеліктері қалыптасқан; кейбір мектептерде көр-

кемдік білімнің ұлттық үлгілерімен қатар батыс үлгілері 

қатар өмір сүреді. Европалық білім мен мәдениеттегі эсте-

тикалық тәрбиелеудің теориясы мен практикасының не-

гізгі мақсаттардың тамыры ежелгі дәуір кезеңінде жатыр. 

Одан үш бірлікті: шындықты, жақсылық пен әдемілікті си-

паттайтын «каллокабатия» түсінігінде берілген мүлтіксіз 

адамды тәрбиелеу идеясы туындаған. Сонымен қатар ол, 

ғылымдардың бірдей пайда болғанын көрсетеді.

Орта ғасырдағы діни христиандық тәрбие аскетизм 

мен ғажайып рухани идеалдарға бағдар алған эстети-

калық тәрбие сипатына өз таңбасын салды. Канондық діни 

өнердің әр түрі мен жанры (діни мүсін өнері, иконаларды 

бейнелеу, т. б.) көркемдік бейнеліліктің әсерленушілік 

ықпал етуін қолданды. Батыс еуропалық мектептерде, 

көркем қолөнерде, фольклорда, тағы да басқа халық өнері 

формаларында дәуірдің дүниені бейнелік — сезімдік көруі 

бейнеленді. Өнер аясы эстетикалық тәрбиенің іс жүзіндегі 

негізгі бастамасы болды.

Эстетикалық тәрбиелеу теориясы элементтері педаго-

гикалық ұғымдарға әсер еткен өнер туындылары шығар-

маларында (Леонардо до Винчи, т. б.) дамыды. 1423 жылы 

Виторино да Фельтреде (Италияда) оқушылардың шығар-

машылық қабілеттері мен оларды эстетикалық тәрбие-

леуді дамытуға бағдарланған поэзия, ежелгі тілдерді оқыту 

мектебі ашылды. Қайта өркендеу дәуіріндегі педагогика 

мен эстетикаға көркемдік шығармаларды және өнер ту-

ралы нақты ғылымды терең зерттеулер елеулі әсер етті.

Халықтық мектебіндегі туындыларындағы гуманистік 

білім мен тәрбие жүйесінің нақты көрінісі Я. А. Коменский 

еңбектерінде суреттелді. Оның негізінде: сезімдерді да-

мыту, дүние мен заттардың ерекшеліктері туралы білімдер, 

көзбен көріп шолуды қолдану, сенсорлық және эстети-

калық қабылдауды дамытуға нұсқаулар бар.

И. Г. Песталоцци өзінің теориялық және әдістемелік 

еңбектерінде табиғат пен өнердің ықпал етуі, күйзелуі, қа-

былдау сезімдерінің мағынасын атап көрсетті. Песталоц-

цидің пікірі бойынша, «табиғат өнері» мен «табиғатқа ұқ-

сатуға тырысатын балалардың өнері», сурет салу мен ән 

салу, табиғатты бақылау әсемдік сезімін тудырып, оны қа-

лыптастырады. Ф. Фребельдің балалардың дербес әре-

кеттеріндегі, табиғат әсерімен «әдемілік формасын» ой-

ындық құрудағы олардың шығармашылығын дамытудың 

маңыздылығы туралы ұғымдары жемісті болады. Ф. Гер-

барт «индивидуалдық педагогика» дәстүрінде баланың 

ұғымдары мен сезімдерінің дамуын этикалық өзін-өзі 

бағалау және «тазалануға» (ежелгі катарсис сияқты) 

деген қабілеттілікті тәрбиелеу тәсілі ретінде қарастырды. 

19 ғасырдың 2-жартысында А. Дистервергтің еңбек-

терінде бұқаралық мектептерге сай келетін, ұлттық мәде-

ниетті меңгеру мәселелері, табиғат объектілері мен өнерді 

қабылдау үрдісінде адамгершілік, ақыл-ой мен эстети-

калық тәрбиелеудің байланыстары жазылған.

30–50 жылдары ағылшын эстетигі Г. Рид үйлесімділік 

тәсілі ретінде баланы өнер мен ойынға спонтандық эсте-

тикалық тәрбиелеуге басты рөлдерді беріп, сурет не-

гізінде жеке адамның көркемдік типологиясын анықтау 

әдістемесін даярлады. Рид «өнермен тәрбиелеудің» кең 

қозғалысының негізін салушы, бұл бағытта белсенді із-

деністерді К. Орф т. б. эстетикалық тәрбиенің теоретик-

тері мен практиктері жүргізді. Адамның жеке және әле-

уметтік қасиеттерін есепке алатын, оның жалпы және 

эстетикалық дамуы ретінде мәдениет пен көркемдік білім 

алуды меңгеру М. Манромен негізделді. Германияда гума-

нистік, көркемдік педагогикамен бірге (Г. Кершенштейнер, 

Л. Вейсмантель, З. Штрангель) діни — адамгершілік 

білім ретіндегі эстетикалық тәрбие тұжырымдамасы да-


49

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Education

мыды. Эстетикалық тәрбиелеу үрдісінде жеке адамның 

өзін-өзі жүзеге асыру теориясы (К. Ясперс) фашистік иде-

ология мен жеке адамды тегістеуді жоюға әсер етті.

Британдық мектепте эстетикалық тәрбиелеудің не-

гізгі тәсілі осы күнге дейін бейнелеу өнері болып отыр. 

Францияның бұқаралық мектептерінде балалардың мә-

дениетті оқуы мен шығармашылық әрекеттері үрдістерін-

дегі эстетикалық мәнерлері мен қажеттіліктерін дамытуға 

назар аударылып отыр. АҚШ-да эстетикалық тәрбие-

леуге кең көзқарас дамуда. Білім беруде бірінші орынға 

өнер, оның теориясы мен тарихы ғана алынып отырған 

жоқ (А. Айшер, Г. Броуди), сонымен қатар балалардың 

эстетикалық тәжірибесін көзбен шолып, ойлауды байыту 

идеялары да алдыңғы орындарға қойылып отыр. Қазіргі 

Жапонияда басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, мә-

дени білім беру үрдісінде әдеттегі мүлтіксіз адам иде-

ясын, эстетикалық тәрбиелеу идеясы, табиғаттың эстети-

калық құндылықтарын түсіну мен субъективтік күйзелуді 

дамытудың қазіргі уақыттағы ұстанымдары сәйкес келіп 

отыр. Қазіргі жапон педагогтарының түсіндірулеріндегі 

(Т. Мотому, М. Цунзсабур) жүздеген түстер үйлесімділігін 

оқушылардың меңгеруі әдеміліктің көптүрлілігі мен жақ-

сының, тиімдінің айқындығы туралы ұғымдармен бірік-

тіріледі. Педагогикада эстетикалық тәрбиелеуге бұлай 

келу болашақта экологиялық үйлесімділікке көшуде дүни-

ежүзі қоғамдастығының бағдарына байланысты маңызды. 

Қазіргі кездегі ғалымдар зерттеулерінде эстетикалық 

тәрбие жеке адамның даму үйлесімділігі шарты, оның дү-

ниені сезінуі, эстетикалық санасы, шындықты эстети-

калық меңгеруі мен араласуы және эстетикалық әрекетті 

меңгеру өнері ретіндегі шарт болып табылады.

Ресейде эстетикалық тәрбиелеу 17 ғасырда педагоги-

калық теорияда, негізінен риторика курстары мен тәрби-

елеу практикасында көркем әдебиеттерді қолданумен мең-

герілді. Француз (Дидро және т. б.) мен жемістің (Шеллинг, 

Гегель) өнер теориясын әсерін сезініп, орыс эстетикасы 

таза ақылға салу құрылысына тереңдеуден құтылып кете 

алды. Эстетикалық тәрбиелеу көп жылдар бойы қалып-

тасқан классикалық білім беру жүйесімен шектелген. 

Отандық педагогикада бастауыш және орта мектептерде 

барлық пәндер тәсілдерімен эстетикалық тәрбиелеудің қа-

жеттілігі туралы біршама маңызды қағидалар мен ойларды 

К. Д. Ушинский айтқан болатын. Оқу үрдісіндегі өнер әде-

биеті рөлі, сезімдерді, сөз сөйлеу мен ойлауды тәрбиелеу 

толығымен В. И. Водоводов, В. Д. Ситоюнин, В. П. Остров-

ский т. б. еңбектерінде түпкілікті қарастырылған.

20-шы жылдардың аяғында біртұтас еңбек мектептері 

шеңберінде бұқаралық көркемдік — эстетикалық білім 

беру мен тәрбиелеудің бағдарламасы жасалды. Онда өнер 

сабақтарына аптасына 21 сағат бөлінді (бейнелеу өнері, 

музыка, ритмика, көркем сөз, ойын, театр, импровизация, 

кино, фото түсіру). Жарқын күйзеліс бастамалары ретін-

дегі өнер туындылары, еңбекке деген қарым-қатынас, 

ұжымдық әрекеттер, мереке — мейрамдар бұқаралық 

эстетикалық тәрбиелеудің іс жүзіндегі тәсілдері болды, со-

лардың арасында мектептің қоршаған дүниемен тікелей 

байланысы орнады.

Қазіргі кезде эстетикалық тәрбиелеу жеке тұлғаны 

дамыту, оның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру 

мәселелері мектеп алдында тұрған ең маңызды міндет-

тердің бірі. Аталмыш мәселе отандық және шетел пе-

дагогтары мен психологтары Н. И. Киященко [9, 65 б.], 

В. Н. Шацкая [10, 103 б.], Б. М. Неменский [11, 75 б.], 

В. С. Кукушин [12, 175 б.] және И. Б. Харламовтың [13, 

64 б.] еңбектерінде толығымен зерттелген.

Қорыта айтқанда, шындық пен өнерге деген баланың 

эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырудан басқа, 

эстетикалық тәрбиелеу, олардың жан-жақты дамуына 

да үлес қосады. Эстетикалық тәрбиелеу адамның адамгер-

шілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Оның қоғам, табиғат, 

дүние туралы танымдарын кеңейтеді. Балалардың әр түрлі 

шығармашылық еңбектері олардың ойлауы мен елестетуін, 

еркі, табандылығы, ұйымдасқандығы мен тәртіптілігін да-

мытуға ықпал етеді.

Әдебиет:


1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. — Алматы, 2000.

2.  Келімбетов Ы. Ежелгі дәуір әдебиеті. — Алматы: Ана тілі — 1991. — 192 б.

3.  Абай. Қара сөздер. — Алматы, 1993. — 152 б.

4.  Аймауытов Ж. Бес томдық, шығармалар жинағы. — 4-том. — Алматы, 1998, 55 б.

5.  Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық. — Алматы: «Қазакстан» және «Ғалия» ғылыми-әдеби орталығы, 1991. — 

80 б.


6.  Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, пуб. Мақалалар және әдеби зерттеулер (құр. Ғ. Нұрға-

лиев). — Алматы: Жалын, 1999. — 34 б.

7.  Жұмабаев М. Шығармалар, өлеңдер, поэмалар, қара создер (құрастырған X. Абдуллин). — Алматы: Жазушы, 

1989. — 54 б.

8.  Ұзақбаева С. А. Қазақтың халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие. — Алматы, 1993.

9.  Киященко Н. И, Лейзеров Н. Л. Эстетикалық шығарма. — М.:Знание, 1984. — 65 б.

10.  Шацкая В. Н. Мектепте эстетикалық тәрбиелеудің жалпы мәселелері. — М.: ПҒА РСФКР, 1995. — 103 б.

11.  Неменский Б. М. Әдемілік даналығы. — М., 2004. 74 б.

12.  Кукушин В. С. Эстетикалық сөздік. — М,. — Ростов на Дону, 2004. — 175 б.

13.  Харламов И. Ф. Педагогика. — Минск, 2002. — 64 б.



50

«Молодой учёный»  .  № 6.2 (86.2)   .  Март, 2015  г.



Педагогика

Оқушыларды кәсіпке баулу мәселесінің зерттелу жай-күйі

Парменова Гульбану Ералиевна

1

, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы; 



Абдихайымова Гулжазира Торебековна

1

, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы; 



Тауипбаева Айнур Торебековна

2

, педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы



1

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан) 

2

«Болашақ» университеті (Қызылорда қаласы, Қазақстан)



Қ

азақстан Республикасының «Білім беру туралы» 

Заңында және жалпы білім беретін мектептер 

тұжырымдамасында қазақ халқының мәдениеті мен 

салт-дәстүрлерін оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау, 

оқушылардың санасына туған халқына деген құрмет пен 

мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ 

тілін, салт-дәстүрін меңгерту бұл мектеп алдындағы не-

гізгі міндет болып саналады. Бұл сала бойынша ғылы-

ми-зерттеу жұмыстары қолға алынып келгенімен, оны 

әлі де болса тереңдей білімді қажет етеді. Қазақ халқында 

бұрын «Технология» деп атамаса да, май шайқап, құрт 

жасау, киімді әр түрлі тәсілмен тігу, сәндеу, тері өңдеу, 

кесте және кілем тоқу, киіз басу, арқан есу, ши тоқу, бала 

бағу, т. б. секілді жұмыстарды атқарған.

Қазіргі таңда дамыған елдердің ақпараттары мен тех-

нологияларын кеңінен қолдауына байланысты қойылып 

жатқан жаңа талаптар жастардың тек қана өндірістік мін-

деттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қосымша жо-

балай білу, шешім қабылдау, шығармашылық жұмы-

старды да орындай білуі қажеттігін байқатады.

Оқушыларды кәсіпке баулу жүйесі, оларды еңбекке да-

ярлау жүйесінің үш бірдей компоненттерінің бірлігі арқа-

сында жүзеге асырылады. Ол компоненттер: оқушылар, 

мақсат пен міндет, еңбекке даярлау мазмұны, оқы-

тушылар және еңбекке даярлау құралдары, тәрбие, оқу, 

еңбек прцестері, ұйымдастыру түрлері және басқару. Осы 

құрылым шеңберінде оқушылар мен үйірме, сынып же-

текшілерінің бірлескен іс-қимылы жүзеге асырылады [1].

Ғылыми еңбектер, оқушыларды кәсіпке баулу жүй-

есінің өзге де анықтамалары кездеседі. Айталық, инте-

гралдық процестердің мынадай бағыттары болады. Олар 

политехникалық сипат арқылы оқыту, оқушылардың 

жалпы білімге қоса еңбек дағдыларын алуын қамтамасыз 

ету. Сондай-ақ, сабақтан тыс немесе демалыс кезеңдерінде 

қоғамдық белсенді еңбекке жұмылдыру, кәсіптік бағдар 

беру. Оқушыларды кәсіпке баулу екі ерекшеліктен тұрады. 

Біріншісі — интегралды процесс болса, екіншісі — жұ-

мыстың бағыт бағдары. Бұл екеуі де басқару нәтижесінде 

жүзеге асырылады.

1.  Оқушыларды кәсіпке баулудың педагогикалық не-

гізін зерттеуде оларды басқару аналитикалық, индуктивті, 

дедуктивті, сандық, сапалық, құрылымдық, тарихи аспек-

тілер де көмекке келеді.

2.  Оқушыларды кәсіпке баулудың негізгі диакти-

калық және политехникалық методологисымен бір қа-

тарда тұруы; даярлау кезеңдері: мақсатты белгілеу, пе-

дагогикалық талдау, жобалау, ұйымдастыру, бақылау, 

бағалау, үйлестіру және түзету. Оқушылардың жеке тұлға 

болып қалыптасуын қамтаммасыз ету; оқушылардың фи-

зиология-гигеналық талаптарға сай келуі ескеріледі.

3.  Оқушыларды кәсіпке баулу жүйесі құрылым-

дық-функциональдық жағынан үнемі дамып отырады. 

Оның түпкі мақсаты — оқу тәрбие процесінің тиімділігін 

арттыру болып табылады. Оған қоса ішкі және сыртқы 

(компонеттер) қоршаған орта, қоғамдық жағдайларға 

да тығыз байланысты.

4.  Жүйелік тәсіл кешенді тәсілді жоққа шығармайды. 

Кешенді тәсілге іс-әрекет нәтижесін талдау, өзара байла-

нысты анықтау, еңбекке даярлау жағдайлары мен про-

блемалары, басқару технологиялары кіреді. Негізгі бел-

гілеріне оның тұтастығы, құрылымы қабілеті сияқты 

ұғымдар кіреді. Осы процестердің құрамдас компонеттерін 

оқушылар мен мұғалімдер, мақсат пен міндеттер, мазмұн 

мен тәрбиеісі, оқу мен кәсіби еңбек құрайды [2].

Орындалатын тапсырмалардың ерекшелігіне қара-

мастан өндіріске баулу мен технология сабағының прак-

тикасы бір-біріне ұқсас келеді. Оқытудың бұл екі түрі де 

оқытудың мазмұнына, топтарға жіктелу қағидалармен 

топтастыру реттілігі оқытудың жүйесін қолдану негізінде 

анықталады. Олардың көбінесе кәсіпке баулудың жүй-

есімен атап, еңбекке практикалық ептілігі мен дағдысын қа-

лыптастырудың дидактикалық жолдарын түсінеміз. Кәсіпке 

баулудың төменде көрсетілген негізгі жүйесі белгілі:

Заттық жүйе (предметная)

 — оқушының меңгеретін 

мамандығының сипатына байланысты, типтік бұйымдар 

жиынтығы әзірленеді. Мұндай оқыту барысында дидакти-

калық жоспары бойынша жеке операцияларға жіктеледі. 

Оқушының жеке еңбек тәсілдерін орындау ережелерімен 

арнайы таныстырмады. Олар тек қана шебердің қозға-

лысы мен басқа да еңбек қимылдарын көшіруге ұмтылды. 

Мұндай оқыту жаңа бұйым әзірлеу барысында оқушылар 

өздерінің ептілігі мен дағдысын қолдана алмады. Сол се-

бептен де олар қайтадан оқытуды қажет етті. Бұл жүйенің 

негізгі кемшілігі де осы болды.

Заттық жүйе



 — өндірісте ұялы тәсілді айқындады, сон-

дықтанда ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қолда-

нылды. Мануфактуралардың өркендеуіне байланысты ең-

бектің бөлінуі технологиялық процесстерді бөлшектенуге 

әкеп соқты. Мұндай еңбек дайындығының мазмұнын қайта 

қаралуына байланысты операциялық жүйе пайда болды.

Операциялық жүйе бойынша оқушылар мамандық 

мазмұнын өздері меңгеретін, еңбек операцияларын орын-

дайды. Осыған байланысты оқушылар әртүрлі бұй-

ымдарды әзірлеуді үйретеді. Тек қана жүйелілік негізінде 



51

“Young Scientist”   #6.2 (86.2)   March 2015



Education

жұмыс жасау, мамандық шеңберінде шектеледі. Операци-

ялық жүйе

 — кешенді оқу жүйесінде 2–3 операцияларды 

үйреніп, содан кейін осы операциялардан құралатын жұ-

мыстарға көшеді. Кейін кешенді жұмыстарға сәйкес ке-

летін жаңа операцияларды үйрене бастайды. Операция-

ларды үйренуде жеке жұмыс қозғалыстары мен амалдарды 

орындау бойынша жаттығулар жасаудан басталады [3].

Операциялық-заттық жүйе алғашқыларда қарағанда 

нәтижелі болды. Бұл жүйеде оқытудың екі кезеңі қарасты-

рылады. Бірінші кезеңде еңбектік операциялардың бірле-

скен түрлері зерделенеді. Бұл операциялар бұйым әзірлеу 

барысында жүзеге асады. Екінші кезеңде оқушылар ал-

дын-ала өтілген операциялардың технологиялары не-

гізінде, бұйым әзірлеуде кешенді жұмыстарды орындайды. 

Операциялық-заттық жүйе бұйымның жеке бөлшектерін 

өңдеу барысында емес, керісінше нақты бір бұйымды 

өңдеу процесінде қолданылады. Еңбек объектісі, мектеп 

бағдарламасына сай қарастырылатын еңбек операция-

ларымен толық таныса алатындай дәрежеде қамтылатын 

болуы тиіс. Күрделі еңбек операцияларымен танысу, 

жалпы операциялар мен еңбектік тәсілдерді орындау жат-

тығуларында басталады.

Моторлық-жаттығулар жүйесі 20-шы жылдары оқы-

туда кең тарады. Ол еңбектің орталық институтында 

(ЕИО) дайындалды. Дегенмен де бұл жүйенің өзіне тән 

кемшіліктері болды. Мұнда, ептілік пен дағды, оқулықтар 

арқылы саналы түрде меңгерілмеді. Ептілік пен дағдына 

қалыптастыру, еңбек процесінің нақты түрін, боямалаушы 

арнай аппараттар мен жаттығуларды қолдану негізінде 

жүргізілді. Көптеп қайталау арқылы сананың қозғалы-

сының қатынасынсыз, тек қана денені «оқытумен» шек-

телді. Оқыту процесіне мұндай ықпал жасау қолдау тап-

пағандықтан, жуық арада өз құнын жойды.

ЕОИ жүйесінің өзіне тән жетістіктері де болды. Бірінші 

рет, еңбектік ептілік пен дағдыны қалыптастырудың пси-

хофизиологиялық заңдылықтар жүйеліліге сәйкес келетін 

дидактикалық негіз қолданылды: еңбек тәсілдері- еңбек 

операциялары — еңбек процесі. Бұл жүйе бойынша ЕОИ 

еңбек қозғалысы мен еңбек тәсілдерінің дұрыс құрасты-

рылуы үшін қайтадан тереңірек талдау жұмыстары жүр-

гізілді. Сондықтан да бұл жүйе қазіргі күнге дейін өз құнын 

жоймай келеді [4].

Операциялық-кешенді жүйе қазіргі уақытта кәсіби 

техникалық оқу орындарында негізгі болып саналады. Бұл 

жүйемен оқытуда, оқушылар алдымен, 2–3 операция-

лардың орындалу тәсілдерін меңгереді, содан кейін осы 

операциялармен бірге кешенді жұмыстарды орындауға 

көшеді. Одан әрі кешенді жұмыстарға сәйкес келетін жаңа 

операцияларды меңгереді. Операцияларды оқып-үйрену, 

жеке жұмыстық қозғалыстар мен тәсілдерді қайта өңдеу 

барысында жаттықтырушы жаттығулардан басталады. 

Еңбектік операцияларды меңгеру және оларды кешенді 

жұмыстарды орындауда пайдлану- оқытудың бірінші ке-

зеңінің негізгі міндеті болып саналады. Ал, екінші кезеңде 

оқушылар өнімді еңбекті міндетті түрде өндірісте өткі-

зеді. Бұл жүйенің өзіне тән кемшіліктері болды. Кешенді 

жұмыстарын оқушылардың өндіріс орындарында жалға-

стыруы қиындық туғызды. Олардың жұмысшы қызметін 

атқаруға бағытталды.

ЕОИ жүйесі техниканың дамуы мен технология жаб-

дықтарының жетілуіне байланысты маңызды орын алатын 

уақыт өлшемін жеке есептеу қызметін айқындады. ЕОИ 

жүйесіне, өз міндеттерін шығармашылық түрде орындай 

алатын жұмысшылар дайындау міндеті қойылды. Авто-

матизация және механизация процесінің жетілуіне бай-

ланысты жаңа жүйелерді басқаратын мамандар даярлау 

қажет болды.

Кәсіпке баулу — оқыту үрдісінің дамуын қамтамасыз 

ететіндіктен оның ұйымдастырылуы мынадай кәсіби та-

лаптарды қанағаттандыруы қажет:

1.  Бұйымның практикалық сипатын

2.  Практикалық тапсырмаларды орындау мен алған 

білімді қалыптастыруда еңбектің шығармашылық бағыт-

тылығын.

3.  Еңбек іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін

4.  Дәстүрлі оқытуымен қатар ауыл мектептерінде 

белгіленген варианттар мен жеке дара оқытуды жүзеге 

асыру.

Себебі оқыту процесі нәтижесінде технология жетістігі 



оқушы игілігіне айналады. Қазіргі заман мәдениетін 

бағдарлама негізінде жүзеге асыру үшін алдымен оны те-

реңінен зерделеу қажет. Технологияны білім құрылы-

мының дербес элементі ретінде қарап, оған сипаттама 

беру қажет. Бұл жерде В. В. Краевскийдің пікірін негізге 

алуға болады. Автор білім мазмұнын әлеумеуттік тапсы-

рыстың педагогикалық моделі деп санайды. Білім мазмұны 

өзінің әлеуметтік маңызына орай педагогикалық мән-

мағынаға ие. Осыған орай оқу заңдылықтарына тәуелді 

келеді. Қазіргі кезде оқу пәндерінің циклі жекеленген оқу 

пәндерінен тұрады, яғни ол технология, техникалық сызу 

және материалдарды жүргізу сияқты пәндерді қамтиды. 

Мұның бәрі, сайып келгенде, адамның кісілік келбетін 

жоғарылата түседі.

«Оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттерінде белгілі бір 

материалды пайдалану арқылы оқушылардың даярлығы» 

ұғымы: озық дәстүрлерде қалыптасқан жеке тұлғаны қа-

лыптастырудың жалпы гумандық мұраттарына сай іске 

асыруға мүмкіндік беретін біріктірілген (интеграциялы) 

қасиеті (Мағауова А. С.)

«Қазіргі уақыттың мәнділігін түсінуін, өнертану мен 

кәсіптік білім және іскерліктің практикада қолдана 

алатын тәжірибесінің қалыптасуының өзегі көркем мә-

дениет болып табылатын күрделі біртұтас білім» (Гро-

макова С. В.) деп түсіндірілетін ұғымды біздің проблема-

мызға байланысты ұстанамыз. Себебі, мұндағы түсінікте 

педагогика ғылымындағы даярлықтың дәстүрлі моти-

вациялық, мазмұндық, процессуалдық компоненттері 

қамтылған. Біздің зерттеуімізде оқушыларды қазіргі заман 

мәдениетіне сай кәсіпке баулу процесін жүзеге асырудың 

педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мен оны негіздеу 

барысында жоғарыда көрсетілген даярлықтың компо-

ненттері негізге алынады [5].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет