Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет3/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

  Раманова Ляззат Бауыржановна 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 
«Биология» мамандығының докторанты
Ибадуллаева Салтанат Жарылқасынқызы 
биология ғылымдарының докторы,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры
Беркимбаев Камалбек Мейірбекұлы
п.ғ.д., профессоры,  Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ,  kamalbek.berkimbaev@yandex.kz
ОРТА МЕКТЕПТІҢ БИОЛОГИЯ КУРСЫНДА ЖҮЙЕЛІК ӘДІСПЕН 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ
Түйін: Бүгінгі қоғамда кез келген тұлғаның экологиялық білімін дамыту мен экологиялық тәрбиесін қалыптастыру 
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Аталған мәселені шешу Қазақстан Республикасының білім беру саласын реттей-
тін нормативтік құжаттарда басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Автор Қызылорда облысының орта мек-
тептерінде оқушылардың экологиялық білімін дамыту мен тәрбиесін қалыптастыру бойынша интерактивтік әдіс-тәсіл-
дерді ұсынып отыр. Келтірілген әдіс-тәсілдердің оқушылардың экологиялық білімінің дамуына қаншалықты ықпал еткендігі 
туралы тәжірибелік жұмыстар жүргізген. Жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың қорытындысы салыстырмалы түрде 
зерттеліп, берілген. 
Кілт сөздер: экология, экологиялық білім, экологиялық тәрбие
Резюме: В современном обществе развитие экологических знаний и формирование экологического воспитания школьни-
ков является актуальной проблемой. Для решения данной проблемы рассмотрены в нормативном документе регламентиру-
ющие сферы образования Республики Казахстан.  Автор представляет интерактивные методы и способы по формированию 
экологического  воспитания  и  развития  экологического  знания  учащихся  в  общеобразовательных  школах  Кызылординской 
области.  Ею были проведены экспериментальные работы по определению эффективности данных методов для развития 
экологического воспитания и обучения. Даные результаты представлены на основе сравнительного исследования экспери-
ментальных работ по развитию экологического образования школьников. 
Ключевое слово: экология, экологическое образование, экологическое воспитание
Summary: In modern society development of ecological knowledge of school students and formation of ecological education 
is an actual problem. For the solution of this problem the regulating education of the Republic of Kazakhstan is considered in the 
normative document. The author represents interactive methods and ways on formation ecological education and development of 
ecological knowledge of pupils at comprehensive schools of Kyzylordinsky area. Experimental works on determination of efficiency 
of these methods for development of ecological education and training were carried out. It is given results experimental works on 
development of ecological education of school students on the basis of comparative research.
Keyword: ecology, ecological education 
Экологиялық  білім  беру  -  бұл  табиғатты  пай-
даланудың  дайындау,  іргелі  негіздері  ретінде  жал-
пы экологияның теориясы мен практикасын игеруге 
бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың 
теориясы  мен  практикасын  игеруге  бағытталған 
оқыту  жүйесі  -  табиғатты  қорғау  білімімен  тығыз 
байланысты.  Ол  кәсіби  мамандарды  дайындауға 
ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау 
жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар 
бойынша  экологиялық  тәрбие  мен  білім  берудің 
бәріне  ортақ,  кешендік  және  үздіксіз  болуы  қара-
стырылған [1,2].
Қазіргі заманғы экологиялық білім берудің не-
гізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологияландыру 
болып табылады. Міндеті - адамның тіршілік бары-
сында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз 
кезегінде  өмірдегі  қоғамдық  мәселелермен  қатар, 
өзі  тіршілік  ететін  ортаны  басқаруды  да  белсенді, 
көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуы-
на ықпал ету.[3]
Оқу  процесінде  пайдаланатын  экология  пәні 
бойынша  оқулықтар  мен  оқу  құралдары  ескірген, 
қазіргі  таңдағы  Қазақстандағы  экологиялық  про-
блемалардың  ерекшеліктерін  көрсете  алмайды. 
Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің 
біртұтас  бағдарламасы  және  экологиялық  арнайы 
мектептер,  гимназиялар,  лицейлер  жоқ  деп  айтуга 
болады.[4,5]
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттеріне сәй-
кес  Қызылорда  қаласындағы  №233  орта  мектепте 
педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды. 
Педагогикалық эксперименттің құрылымы:
- анықтау эксперименті (2015 ақпан оқу жылында);
-  қалыптастыру  эксперименті  (2015  қазан  оқу 
жылында).
Анықтау  эксперименті  кезеңінде  білімнің, 
ептіліктер  мен  дағдылардың  бастапқы  бақылауы 
жүзеге асырылды. Қалыптастыру эксперименті екі 
кезеңде  жүргізілді:  оқу-тәрбие  процесіне  экологи-
ялық  білімді,  ептілік  пен  дағдыны  қалыптастыру 
үлгісінің  компоненттері;  білімнің,  ептілік  пен  дағ-
дының  қорытынды бақылауы енгізілді.  Экспери-
ментке  қатысқан  оқушылардың  жалпы  саны  53. 
Анықтау  экспериментін  жүргізу  барысында  біз 

22
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
әдістемелер  сериясын,  оның  ішінде  оқушылардың 
экологиялық білімін анықтау үшін сауалнама жүр-
гіздік.    Экологиялық  білімді,  ептілік  пен  дағдыны 
табысты  қалыптастыру  үшін  оқушылардың  эколо-
гиялық білімділігін нақты деңгейде болғанын игеру 
аса маңызды мәселе. Осы мақсатта  анықтау  экс-
перименті  негізінде  оқушыларға  диагностикалау 
жүргізілді. 
Арнайы экологиялық білімді, ептілік пен дағ-
дыны  қалыптастыру  үшін  экологиялық  білімінің 
деңгейін анықтау жүргізілді. Оқушылардың арнайы 
экологиялық білімін қалыптастыру деңгейін анықтау 
төмендегі критерийлер бойынша анықталды:
арнайы экология түсінігін меңгеру;
арнайы экологиялық білім деңгейін анықтау.
Арнайы  экологиялық  білім  түсінігін  меңгеру 
сапасы  және  экологиялық  білім  деңгейін  анықтау 
№233 орта мектебінде тестілеу әдісімен жүргізілді. 
Тест 20 сұрақтан құралған.       Арнайы экологиялық 
түсінікті игеру және экологиялық білім деңгейлері 
төмендегі көрсеткіштер арқылы анықталды:
жоғары – дұрыс жауап 100-91 % болғанда;
орта -  дұрыс жауап 90-81 % болғанда;  
төмен -  дұрыс жауап 80-61 % болғанда.
Арнайы экологиялық түсінікті  меңгеру сипат-
тамасы 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1 -  Арнайы экологиялық түсінікті мең-
геру деңгейі 
    Анықтау  экспериментінің  нәтижесі  төмендегі 
көрсеткіштерді  көрсетті:  экологиялық  түсінікті 
меңгеру  деңгейі  жоғары  оқушылар  бақылау  то-
бында 30,7 пайызды құраса, эксперимент тобында 
29,62 пайызға тең болды. Орташа деңгейді игерген 
оқушылар  үлесі  бақылау  тобында  46,1  пайызды, 
эксперимент  тобында  48,14  пайызды  құраса,  ал 
төмен білім деңгейін көрсеткен оқушылар саны екі 
топта да бірдей болды. Пайызға шаққанда бақылау 
тобында 23,07 пайызды, эксперименттік топта 22,2 
пайызды   құрады (кесте 1 ). 
1-сурет-  Арнайы  экологиялық  түсінікті  меңгеру 
деңгейі (%)
0
10
20
30
40
50
1
2
3
жоғары               орташа              төмен 
бақылау тобы
эксперименттік топ
-  жоғары  деңгей-      экологиялық  білімді 
оқу-тәрбие  процесінде  қолдана  білу  ептілігімен; 
оқушылардың  экологиялық  дайындығы  арасын-
дағы пәнаралық байланыстарды көрсете білу және 
қолдана білу ептілігімен;     
- орта деңгей- экологиялық білімді оқу-тәрбие 
процесінде  қолдана  білу  ептілігімен,  пән  аралық 
байланыстарды  көрсете  білумен  және    оқушы-
ларды  экологиялық  дайындауда  оларды  қолдана 
білу  ептілігінің  болмауымен;  экологиялық  білім 
мен тәрбие беруді ұйымдастыру үшін әдістемелік 
тәсілдерді дұрыс таңдай білумен, бірақ оларды сау-
атты қолданудың жеткіліксіздігімен  сипатталады. 
- төменгі деңгей- экологиялық білімді оқу-тәр-
бие процесінде  экологиялық білімді қолдану дең-
гейінің төмендігі, экологиялық білімін пәнаралық 
байланысты  қолдану  деңгейінің  төмендігімен  си-
патталады.
Кесте 2 – Арнайы экологиялық білім деңгейі
Эксперимент  барысында  алға  қойылған  мақ-
саттардың  бірі болып  оқушылардың  экологиялық 
білім  деңгейін  анықтау  көзделген.  Арнайы  эко-
логиялық  білім  деңгейіне  сараптау  жұмыстары 
жасалып,  төмендегідей  көрсеткіштер  байқалды: 
бақылау тобында 26 оқушыдан жоғары деңгейді 7 
оқушы (29,9%), орташа деңгейді 13 оқушы (50%), 
төменгі деңгейді 6 оқушы (23,07%) көрсетті. Экс-
перименттік  топ  оқушыларына  келетін  болсақ 
зерттеу  барысында  келесі  көрсеткіштер  айқын-
далды:  жоғары деңгейді 9 оқушы (33,3%), орташа 
деңгейді  13  оқушы  (48,14%),  төменгі  деңгейді  5 
оқушы (18,5%) көрсетті (кесте – 2 ). 
2-сурет- Арнайы экологиялық білім деңгейі (%)
 
                     деңгейі 
топ 
жоғары 
орта 
төмен 
адам  %  адам  % 
адам  % 
Бақылау тобы  
(26 оқушы) 
 

 
29,9 
 
13 
 
50 
 

 
23,07 
Эксперименттік топ 
 (27 оқушы) 
 

 
33,3 
 
13 
 
48,14 
 

 
18,5 
 
 
 
 
                     деңгейі 
 
топ 
жоғары 
орта 
төмен 
адам  % 
адам  % 
адам  % 
Бақылау тобы  
(26 оқушы) 

30,7  12 
46,1  6 
23,07 
Эксперименттік топ 
(27 оқушы) 

29,62  13 
48,14  6 
22,2 
 
    
 
0
10
20
30
40
50
1
2
3
жоғары      орташа      төмен
бақылау тобы эксперименттік топ

23
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Қалыптастыру  эксперименті  9-сынып  Биоло-
гия пәнінде «Ағзалар мен ортаның қарым-қатына-
сы» тарауын оқыту кезінде жүргізілді. Онда жүй-
елік  әдісті  қолдану  арқылы  экологиялық  білімді 
жетілдіру  көзделді.  Диссертациялық  жұмыстың 
толыққанды  мақсат-міндетін  шешу  үшін  жүйелік 
әдісті  қолдану  арқылы    эксперимент  жұмыстары 
жүргізілді. Төменде эксперимент барысында жүр-
гізілген сабақтардың үлгісі ұсынылады.
Зерттеу  жұмысының  соңғы  кезеңінде  ұсы-
нылған  әдістемені  қолданудың  тиімділігі  тест 
тапсырмалары  арқылы  талданды.  Қалыптастыру 
экспериментінің нәтижесі бойынша оқушылардың  
экологиялық түсінікті меңгеру 3- таблицада және  
3- суретте келтірілген.
Кесте 3 -  Арнайы экологиялық түсінікті меңгеру 
деңгейі (қалыптастыру эксперименті)                                
Қалыптастыру  экспериментінің  нәтижесін 
талдау  барысында  арнайы  экологиялық  түсінікті 
меңгеру деңгейі бақылау тобында 9 оқушы (34,6%) 
жоғары деңгейді, 12 оқушы (46,1%) орта деңгейді, 
5 оқушы (19,23%) төменгі деңгейді көрсетсе, экс-
перимент тобында 11 оқушы (40,74%) жоғары дең-
гейді, 13 оқушы     (48,1%) орта деңгейді, 3 оқушы 
(11,1%) төменгі деңгейді көрсетті (кесте – 3 ). 
 
 
3-сурет  -  Арнайы  экологиялық  түсінікті  меңгеру 
деңгейі бойынша қалыптастыру экспериментінің нәти-
жесі (%)
Сонымен  қатар  арнайы  экологиялық  білімді 
игеру  деңгейі  де  анықталды.  Қолданылған  жүй-
елік  әдістің  оқушылардың  экологиялық  білімінің 
жетілуі, дамуына оң әсерін тигізді (кесте4).
  
                     деңгейі 
 
топ 
жоғары 
орта 
төмен 
адам  % 
адам  %  адам  % 
Бақылау тобы  
(26 оқушы) 

34,6  12  46,1  5 
19,23 
Эксперименттік  
топ (27 оқушы) 
11  40,74  13  48,1  3 
11,1 
 
0
10
20
30
40
50
1
2
3
жоғары       орташа      төмен
бақылау тобы эксперимент тобы
                             деңгейі 
топ 
жоғары 
орта 
төмен 
адам  % 
адам  %  адам  % 
Бақылау тобы  
(26 оқушы) 
9  34,61  13  50  4  15,38 
Эксперименттік топ (27 оқушы)  13  48,1  13  48,1  1 
3,7 
 
0
10
20
30
40
50
1
2
3
жоғары       орташа       төмен
бақылау тобы
эксперимент тобы

24
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ӘОЖ 371.4:504  
Жумадуллаева Айгүл Аязбайқызы 
педагогика ғылымдарының кандидаты,  доцент,  juma033@mail.ru
Мейрбекова Гүлмира Пернебайқызы
PhD доктор, доцент міндетін атқарушы
Мейрбекова Гүлім  Пернебайқызы
экология ғылымының магистрі, gulima79@mail.ru
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Беркинбаева Гүлназ 
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және 
Әлем Тілдер Университетінің шет тілі магистрі, guzi86@mail.ru 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ
Түйін. Экологиялық тәрбие - ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қа-
лыптастыру. Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, 
оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру. 
Резюме. Экологическое  образование  и  воспитание  является  основой  экологического  благополучия  общества  
и  представляет  особую  развивающуюся  систему  естественных  и  социальных  знаний,  которая  использует  до-
стижения  многих  наук.  Тяга  к  красоте  природы  –  естественная  потребность  человека,  тем  более детей.  И  
если  мы  хотим,  чтобы  наши  дети  выросли  не  потребителями,  а  ответственными  людьми,  добропорядочными  
гражданами,  то  сейчас  самое  время  позаботиться  об  этом  и  сделать  все  возможное  для  их  полноценного  
экологического  воспитания  и образования. Следовательно,  экологическое  образование  и  воспитание  представляет  
собой  область  целенаправленной  педагогической  деятельности,  рассчитанной  на  изменение  качественных  пара-
метров  отношения  человека  и  общества  к  окружающей  среде.
Ключевые  слова:  экологических  знаний,  экологического  воспитания,  экологической  сознание,  экологической 
взгляд, охраны природы, учебно-воспитательный процесс, начального учащихся старших классов.
Summary. Ecological education and education is a basis of ecological wellbeing of society and represents the special 
developing system of natural and social knowledge which uses achievements of many sciences. Thirst for beauty of the nature 
– needs of nature of the person, especially children. And if we want that our children grew up not consumers, but responsible 
people, respectable citizens, now it is a high time to take care of it and to do everything possible for their full ecological 
education and education. Therefore, ecological education and education represents area of the purposeful pedagogical activity 
calculated on change of qualitative parameters of the relation of the person and society to environment.
Keywords:  ecological  knowledge,  ecological  education,  ecological  consciousness,  ecological  a  look,  conservation, 
teaching and educational process, initial the studying senior classes.
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған 
өмірлік  маңызы  бар  ауқымды  проблемалардың 
ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды 
тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөліну-
де.  Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  күннен-күн-
ге  туындап  отырған  экологиялық  мәселелер  мен 
олардың  шешімін  іздестіру  өзінің  көкейкестілігін 
дәлелдеуде.
Экологиялық  тәрбие  -  ол  бала  санасында  та-
биғатты  қорғау,  аялау  сезімін,  экологиялық  мәде-
ниетті қалыптастыру. Экологиялық тәрбие мақсаты 
–  оқушыларда  табиғатқа,  қоршаған  ортаға  жауап-
кершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын 
қалыптастыру.
Экологиялық  тәрбие  бала  шақтан  басталуы 
тиіс.  Баланың  алғашқы  қалыптасуы,  көзқарасы-
ның,  азаматтық  санасының  жүйеге  түсуі  экологи-
ялық жауапкершілікті сезіну мен бірге тәрбиеленуі 
керек.  Түпкі  мақсаттың  бірлігі  жүргізілетін  оқу 
-–тәрбие  жұмыстарының  жүйелілігін,  оқу,  тәрбие 
мазмұнының құралдарымен әдістерінің бір жүйеге 
ыңғайлануын қарастыруды талап етеді. Оның бәрі 
табиғатқа  біртұтас  көзқарасты  қалыптастырып, 
жас адамның бойында қамқорлық, аяушылық, жа-
уапкершіліік  сезіміін  оятады.  Жас  ұрпаққа  эколо-
гиялық  білім  мен  тәрбие  беру  міндеттерін  шешу, 
олардың  қоршаған  ортаны  ой  және  сезім  арқылы 
түсініп,  тәжірибелік  іс  —  әрекеттерінің  қалыпта-
суына  мүмкіндік  жасайды.  Теориялық  таным  мен 
эмоциялық сезіну және тәжірибелік белсенділік ба-
лалардың табиғатпен қатынасының әртүрлі жақта-
рын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға бо-
лып  қалыптасуына  ізгілік,  ғылымилық,  жүйелілік 
ұстанымдарына  негізделген  үздіксіз  экологиялық 
білім  беру  жүйесін  құру,  оның  тәрбиелік  мүмкін-
діктерін  саралау  өзекті  мәселелердің  бірі  болып 
саналады.  Бастауыш сынып оқушыларының эколо-
гиялық білім мен тәрбие беру- олардың тіршілікта-
ну жөніндегі сауатын ашуға қажет және қоршаған 

25
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ортаны  сақтауда  маңызы  зор  екенін  білеміз.  Сон-
дықтан  да  бастауыш  сынып  оқушыларының    эко-
логиялық білімдерін қалыптастырып, экологиялық 
білім  мен тәрбие беруге, барлық адамдардың эко-
логиялық  деңгейі,соны  ұғыну  мен  білім  дәрежесі 
жоғары  болуларына  әсер  етуі,  олардың  экологи-
ялық  ақпараттандырылуын  қанағаттандыра  білу  
педогогтардың басты міндеті деп білеміз [1].
Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын 
дамытудың  басты  құралдардың  бірі.  Мұнда  бала-
лардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін 
байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер 
алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру бары-
сында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын 
ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде 
нақты түсініктер беріледі. Бастауыш сынып балала-
рының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік 
қарым-қатынасын  тәрбиелеу  мақсатында  табиғат-
пен  таныстыру,  яғни  табиғатты  қорғау  –  экологи-
ялық тәрбие мен білім беру жұмыстары жүргізіледі.
Экологиялық  тәрбие  беруді    сыныптан  тыс, 
сабақ үстінде, пәнаралық байланыстар арқылы, ар-
найы курстар арқылы беруге болатыны теориядан 
белгілі.Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қа-
тынасты айқындаудың бір формасы баланың күн-
делікті іс-әрекеті.
Экологиялық  тәрбиенің  көкейтестілігі  Қа-
зақстандағы  экологиялық  апат  аймақтарының 
болуымен  тығыз  байланысты.  Батыс  Қазақстан 
жұртшылығын әскери полигондар, экологиялық та-
лаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары 
алаңдатып отыр.
Экология  —  200  жылдық  тарихы  бар  жас 
ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест 
Геккель (1968ж.). "Естественная история происхож-
дения" атты кітабында алғаш рет қолданған. Эколо-
гия - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын 
білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - 
зоологияның  бір  тармағы,  жанды  мақұлықтардың 
органикалық  және  анорганикалық  ортамен  өзара 
қатынасын  зерттейді.  Экология  ғылымы  жеке  пән 
түрінде  биология  ішінде  пайда  болды.  Экология-
ны  ғылыми  негіздеген  эволюция  туралы  ілімнің 
негізін  салушы  ағылшын  ғалымы  Чарльз  Дарвин, 
оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың 
ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын 
зерттейтін биологиялық ғылым. "Экология" ғылы-
мы теориялық және тәжірибелік маңызы бар бар-
лық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған 
салаға  айналды.  Экология  дегеніміз  -  табиғатты 
пайдаланудық ғылыми-теориялық негізі [2, 25б].
Қарашығанақ  кен  орнын  игеруге  3000  га-ға 
жуық егіс, жайылым және орман жері пайдаланы-
лады.  Бұрғылайтын  қондырғылар  мен  магистрал-
ды газ мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ 
апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қор-
шаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ла-
стануы орын алады. Апаттық жағдайлардың тууы-
ның  негізгі  себебі  -  тасымалдау  құбырларының 
коррозия процесіне ұшырап, жарылуы (90,5 %) [3, 
54б].
Еділ  мен  Жайық  өзенінің  аралығында  орна-
ласқан аумағы 40 мың км2 құмды өңір орта есеппен 
теңіз деңгейінен 0,21м төмен жатыр. Жер астының 
тұщы су қоры мол екені анықталды. Облыс тұрғын-
дары Азғыр мен Капустин Ярдағы әскери ядролық 
сынақ полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз ие-
леріне байырғы тұрғындарға қайтаруды, т.б. талап 
етіп, осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шарала-
рын  жүзеге  асыратын  қоғамдық  қозғалыс  құруды 
ұсынды.  1990  жылғы  мамыр  1992  жылғы  мамыр 
аралығында  "Нарын"  қозғалысының  орталығы 
Орда ауданында болды [4, 88б].
Органикалық  отынды  жағу  кезінде  атмосфе-
раға  күкірттің  қос  тотығынан  басқа  азоттың  қос 
тотығы  да  шығарылады.  Күкірт  пен  азоттың  қос 
тотықтары  "Қышқылдық  жаңбыр"  деп  аталатын 
жауын  түсуіне  себепші  болады,  олар  топыраққа 
араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғары-
лауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық дақыл-
дарының  өнімділігіне  әсерін  тигізді.  Қышқылдық 
жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың 
тоттануын туғызуы мүмкін.
Әскери полигон Батыс Қазақстан облысы мен 
Астрахань  облыстың  шекарасында  орналасқан. 
Адамдар  мен  тірі  табиғатқа  тигізген  зияндары 
жөнінен "Азғыр", "Капустин Яр" белгілі Семей по-
лигонынан асып түседі. Полигондар онкологиялық, 
жүрек тамыр және басқа ауруларды қоздырып, жа-
нуарлар  мен  өсімдіктер  дүниесіне  зиянын  тигізді 
[5, 114б].
Озон  қабатының  жұқаруы,  қышқылды  жаң-
быр, жер ғаламшарларындағы климаттың жылына 
бастауы  жер  биосферасындағы  тіршілікке  тіке-
лей  қауіп  төндіруде.  Ойықтардың  пайда  болуына 
өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп, С1, Р ок-
сидтері  әсер  етеді.  Озон  қабатының  бұзылуы  жер 
бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді. Міне, сон-
дықтан да қазіргі таңда барлық мектеп оқушылары-
на экологиялық тәрбие мен білім берудің маңызы 
зор әрі міндетті. Экологиялық білім мен тәрбие бе-
рудің мақсаты:
-қоршаған  ортаға  жауапсыздықпен  қараушы-
ларға жол бермеу;
-жастардың  бойында  экологиялық  мәдениет 
дағдысын қалыптастыру;
-қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі 
арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
-экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  - 
жастардың  экологиялық  көзқарасын,  санасын,  та-
биғатқа  үлкен  парасаттылық,  жауапкершілік,  қа-
рым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы 
адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы 
қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:

26
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
-өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық 
білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
-табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты 
оқушыларды  жаппай  қоғамдық  пайдалы  еңбекке 
қосу;
-мектепте  экологиялық  білім  және  тәрбие 
құрамын ұйымдастыру.
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды та-
биғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теори-
ялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру. Эко-
логиялық  тәрбие  еңбек  тәрбиесімен  байланысты, 
өйткені  өндірістік  іс-әрекеттің  барысында  адам 
жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан 
қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, мине-
ралдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды 
беру  мөлшерінің  мерзімін  технологиялық  талап-
тарға спйкес есепке алып отырады.
Оқушылардың  экологиялық  білімнің  белгілі 
жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын 
тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетіл-
діріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.
Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие. 
Оқыту  процесіндегі  экологиялық  тәрбие.  Эколо-
гиялық  білімнің    негізгі  көздері:  химия,  физика, 
биология, география, астрономия пәндері, олардың 
бағдарламаларындағы  оқу  материалдарын  дәрі-
стерде  терең  түсіндіріп,  сыныптан  және  мектеп-
тен  тыс  экологиялық  жұмыстарда  тиімді  қолдана 
білуге  оқушыларды  үйрету  және  дағдыландыру  - 
мұғалімнің міндеті.
Бастауыш  сынып  оқушылары  табиғат  бай-
лығын  ауыл  шаруашылығында  пайдалану  жай-
лы  алғашқы  ұғымды  еңбек  сабақтарында  алады. 
Олар  үй  мүліктерін,  киім-кешек,  тағам,  т.б.  жаа-
сайтын  табиғат  заттарын  пайдалану  жолдарымен 
танысады.  Бастауыш  сыныптардың  оқу  бағдарла-
масындағы  оқушылардың  экологиялық  іскерлік 
дағдысын  қалыптастыруға  бағытталған  жұмыс 
түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық 
бақылау  жүргізу,  мектеп  және  қоғамдық  мүлікті 
ұқыптылықпен  күту,  тұрмыста  электроэнергияны, 
газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары 
сыныптар  оқушыларын  кең  көлемде  экологиялық 
біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер 
етуші  фактор  болып  отыр.  Осыған  орай  табиғат-
ты  ұтымды  пайдаланудық  ғылыми  білімге  негіз-
делетінін  оқушылардың  түсінуі  керек.  Өндірістік 
іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер 
болып жатыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1.  Ауыл  мектептерінің  оқу-тәжірибе  алақын 
бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, кө-
галдандыруға пайдалану.
2.  Мектеп  оқушылары  мемлекеттік  орман 
шаруашылығына  үнемі  көмек  көрсетіп  отырады. 
Олардың  негізгі  атқаратын  жұмыстарының  түр-
лері:  көшет  материалдарын  өсіру,  ағаштар  оты-
рғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, ор-
ман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу:
-  дәрі  өсімдіктерін  дайындау,  жидек,  саңы-
рау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
-  пайдалы жануарларды қорғау және есебін 
алып отыру; 
-  фенологиялық бақылау жүргізу.
3.  Оқушылар  ауылшаруашылық  тәжірибе 
жұмысымен  айналысады.  Тәжірибе  жұмысы  био-
логия,  химия  мұғалімдерінің,  жергілікті  ғалымда-
рының басшылығымен жүргізіледі.
4.  Оқушылар  табиғатқа  зиян  келтіретін 
адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушы-
ларды анықтайды, химиялық улы заттарды, мине-
ралдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ере-
желерін бұзушыларды әшкерлейді.
5.  Экологиялық тәрбиеге айланысты мектеп-
те жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кеш-
тер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6.  Жалпы білім беретін мектептерде экологи-
ялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу 
пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және 
өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүше-
лерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, 
күтуге  тәрбиелеу,  зерттеу  жұмысына  тарту,  зерт-
теуді  жүргізудің  әдістері  мен  тәсілдеріне  үйрету, 
мектепті  экологиялық  жұмыстың  орталығына  ай-
налдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен 
ынтымақтасып,  тұрғылықты  жерде  экологиялық 
штабтар  құрады,  жорықтар,  саяхаттар  ұйымда-
стырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұ-
маттарды білім және тәрбие процесінде пайдалану 
мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігі-
не, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа 
жаңаша  көзқарасын  қалыптастырып,  әр  түрлі  ны-
сандарда  жүргізіліп,  жеке  тұлғаның  эмоциялық 
сезімдік  әлемін  қалыптастыруға  бағытталып, 
адамгершілік,  жауапкершілік  қасиеттерін  жетіл-
діреді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.  Демешев М .Я. Пока не поздно. - М.: Молодая гвардия, 1991.
2.  Яншин А.Л., Мелуа А.И. Уроки экологических просчетов. М.: Мысль, 1991.
3.  Шілдебаев Ж. Экологиялық білім мен тәрбиенің рөлі // Қазақстан мектебі, 2004ж № 8.
4.  Есеналина Н. Этнопедагогика үлгісінде экологиялық тәрбие беру // Бастауыш мектеп №12, 2004ж.
5.  Манкеш А.Е. Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту // Білім берудегі менед-
жмент №3, 2001ж.

27
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
ӘОЖ 372.357

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет