Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет4/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Жумадуллаева Айгүл Аязбайқызы
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, juma033@mail.ru
Мейрбекова Гүлмира Пернебайқызы
PhD доктор, доцент міндетін атқарушы
Мейрбекова Гүлім  Пернебайқызы
экология ғылымының магистрі, gulima79@mail.ru
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Беркинбаева Гүлназ Оңғарбекқызы 
Абай атындағы Қазақ ҰПУ аударма ісі магистрі, g_u_l_n_a_z_k_e_n@mail.ru 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТАНДЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түйін. Бүгінгі таңда ғылымның жаңа салаларының, техниканың, өндірістің жоғары қарқынмен дамуы және 
адамдардың еңбек әрекетінің қоршаған  ортаға ықпалының артуы экологиялық дағдарыстарды туғызып отыр. Сон-
дықтан да адамның табиғатты бағындырудағы теріс ықпалының алдын алу ғылыми-техникалық, әлеуметтік-саяси 
және басқада мәселелерді соның ішінде педагогикалық, тәрбие мәселелерін шешуді қажет етеді. 
Резюме. В последние десятилетия исследователями в различных научных сферах признано, что ведущей пред-
посылкой планетарного экологического кризиса, является осознание человеком своего превосходства над природой и 
противопоставление себя ей как объекту эксплуатации. Все более становится понятным, что сохранение природной 
среды на планете и планеты в целом как экосистемы возможно лишь при условии изменения отношения человека к 
окружающей его природе и к природе своей собственной. Это отношение должно обрести форму ответственности 
человека за сохранение окружающей природы и планеты в целом как среды обитания человечества. В этом смысле 
человек должен стать личностью, обладающей экологической компетентностью – экологически компетентной, а 
следовательно экологоориентированной личностью.
Ключевые слова: оброзование, экологическое образование, экологическое воспитание, формирование, воспита-
ние, окружаюшая природа.
Summary.  Nowadays researchers in various scientific areas recognized  the leading premise of ecological crisis is the 
realization of man’s superiority over nature and contrasting himself  as an object of exploitation. More and more it becomes 
clear  that  the  preservation  of  the  natural  environment  of  the  planet  and  the  planet  as  ecosystems  is  possible  only  if  the 
changes of man’s relationship to the surrounding nature and the nature of their own. This ratio should take the form of human 
responsibility for the preservation of the natural environment and the planet as a habitat for humanity. In this sense, a person 
must be a person with environmental expertise - an environmentally competent and therefore ecological oriented personality.
Key  words:  education,  natural  environment,  an  environmentally  competent,  environmental  expertise,  formation,      to 
educate
Егеменді  еліміздің  1997  жылы  қабылданған 
«Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  Қазақстан  Ре-
спубликасының заңында» халыққа білім беру жүй-
есінде  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру  және 
экологиялық  мәдениетін  қалыптастыру  мәселе-
леріне басты назар аударылып, жеке тұлғаны эко-
логиялық  сауаттандыру  мәселесін  жүзеге  асыру 
қажеттілігі атап көрсетілген. 
Бүгінгі  таңда  бүкіл  адамзаттың  алдында 
тұрған  өмірлік  маңызы  бар  ауқымды  проблема-
лардың  ішінде,  табиғатты  қорғау  мен  табиғи  ре-
сурстарды  тиімді  пайдалану  мәселесіне  ерекше 
көңіл  бөлінуде.  Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей, 
күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәсе-
лелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкей-
кестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім 
беру  процесінде  (отбасы→  балабақша  →  баста-
уыш мектеп) балалардың экологиялық тәрбиелілі-
гін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, 
өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын 
сақтау  маңызды құндылықтың бірі болып табыла-
ды [1, 7б].
Қоғамды  экологияландыру  –  бұл  адамның 
табиғатпен  үйлесімділігіне  қол  жеткізуге  бағыт-
талған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалып-
тастыру  процесі.  Тарихи  тұрғыдан  бағдарласақ, 
адамның  өмір  тіршілігінің,  қызмет-әрекетінің  не-
гізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар 
адамзаттан  әлдеқайда  бұрын  пайда  болған,  адам 
санасынан  тыс  және  тәуелсіз  өмір  сүреді.  Қор-
шаған  ортаны  танып  білу,  игеру  барысында  адам 
табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете 
алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны 
ғылымда «екінші табиғат» деп атайды.
Демек,  табиғат  заттарының,  процестерінің, 
құбылыстары мен жәй-күйлерінің болмысы өткін-
ші,  өтпелі.  Олардың  болмысы  (болмыссыздығы) 
ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезек-

28
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
тесіп отырады. Олардың болмысы – сақталатын да, 
жоғалатын да болмыс. Гегель қалыптасу процесін 
саралай  отырып,  оны  жоғалатын  болмыс  немесе 
болмыстың  жоғалуы  деп  дәл  көрсеткен  болатын.  
Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелі-
гі, тұтастық ретіндегі табиғат дүниесінің тұрақты 
әрі түпкілікті болмысындағы жекелеген мәндердің 
өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын 
танытады. 
«Екінші табиғат» қатаң түрде шынайы, бірін-
ші  төл  табиғатқа  тәуелді  және  соның  туындысы 
десе  болады.  Әйтседе,  «екінші  табиғаттың»  өзін-
дік  мәнді  ерекшеліктері  де  жоқ  емес.  Екінші  жа-
санды табиғат дүниесінің шынайы төл табиғаттан 
айырмашылығы:  біріншіден,  оны  жасап  дүниеге 
келтіру  барысында  адам  табиғат  байлығын,  та-
биғи  материалдарды  пайдаланып,  өңдеді,  екінші-
ден,  «екінші  табиғат»  дүниесін  жасауда  адамның 
еңбегі,  іс-тәжірибесі  және  білімі  пайдаланылды, 
үшіншіден, «екінші табиғат» бұйымы ермек үшін 
жасалмайды.  Оны  дүниеге  келтіру  адамдардың 
әлеуметтік  өмірдегі  белгілі  мұқтаждарынан,  мақ-
сат-мүдделерінен  туындады.  Осылайша,  екін-
ші  табиғат  бірінші  табиғаттың  заңдылықтарына 
бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан 
адамның  білімі,  еңбегі,  тәжірибесі  және  дағдысы 
негізінде  қоғамдық  сұраныстарды  қанағаттанды-
ру  мақсатында  жасалды.  Яғни,  «екінші  табиғат» 
болмысы – табиғи  -  рухани-әлеуметтік тұтастық 
құрайтын  нақтылы  ақиқат.  Сондықтан  да,  бір 
жағынан,  қоғам  мен  «екінші  табиғаттың»  үнемі 
үйлесім тауып отыру қажеттігі еш уақытта маңы-
зын жоймайды, екінші жағынан, «бірінші табиғат» 
пен  «екінші  табиғаттың»  ортақ  заңдылығын,  бір 
тұтастығын, бірегей болмысына қатысты олардың 
өзара байланысын сақтап, реттеп отыруы да зама-
нымыздың жалпы адамзаттық мәселесі болып та-
былады [2, 14б].
Қазақстан Республикасының 2004–2015 жыл-
дарға  арналған  экологиялық  қауіпсіздігін  сақтау 
тұжырымдамасында  еліміздегі  толассыз  белең 
алған экологиялық ахуалды жақсартудың жаңаша 
мүмкіндіктері  айқындалып,  экологиялық  білім 
мен  тәрбие беру мәселесіне ерекше мән беріледі. 
2006 жылы қабылданған «Экологиялық кодексте» 
экологиялық  саясатты  дәйектілікпен  жүзеге  асы-
рудың механизмі реттеліп, оның жоғары деңгейде 
шешілуі қажеттігі басты назарда болды. 
      1950  жылы  қоршаған  ортаны  қорғау-
дың  халықаралық  одағының  жанынан  табиғат 
қорғау жөнінде білім берудің тұрақты комиссиясы 
құрылып, табиғатты қорғау, сақтау, оған жауапкер-
шілікпен қарауға жұмылдыру мәселесіне Біріккен 
Ұлттар Ұйымы назар аудара бастады. 1960 жылдың 
аяғында педагогикада экологиялық білім мен тәр-
бие  берудің  ғылыми-педагогикалық,  әдістемелік 
негізін  қалыптастыру  бағытында  «табиғат  қорға-
уға оқыту» термині кең қолданылды. 1970 жылдың 
ортасында бұл терминді «табиғат қорғауға тәрби-
елеу» термині ауыстырып,  соңғы жылдары уақыт 
талабына сай «экологиялық тәрбие», «экологиялық 
білім» терминдері  пайдаланылуда.
Экология  мәселесі  жөніндегі  қабылданған 
мемлекеттік  құжаттарда  болашақ  ұрпақ  үшін 
қоршаған  ортаны  қорғаудың  құқықтық  негіздері 
көрсетіліп,  биологиялық  алуан  түрлілікті  сақтау 
мен  табиғатты  ұтымды  пайдалануға  бағытталған 
іс-шаралар белгіленген. Мәселен:
-  мектепке  дейінгі  мекемелер  мен  арнаулы 
орта және жоғары оқу орындарында экологиялық 
білім негіздерін міндетті түрде оқыту;
-  басшы қызметкерлер мен мамандардың кәсі-
би экологиялық даярлығы және қоршаған ортаны 
қорғау туралы заңдар негізінен білімі болуы;
- қоршаған ортаны қорғау саласынан ғылыми 
зерттеулердің, конструкторлық және практикалық 
тұрғыда  тәжірибеге  енгізу  жұмыстарының  мем-
лекет тарапынан қолдау табу мәселелері атап көр-
сетілген [3, 8б]. 
Бүгінгі  таңда  ғылымның  жаңа  салаларының, 
техниканың,  өндірістің  жоғары  қарқынмен  да-
муы және адамдардың еңбек әрекетінің қоршаған  
ортаға  ықпалының  артуы  экологиялық  дағдары-
старды туғызып отыр. Сондықтан да адамның та-
биғатты  бағындырудағы  теріс  ықпалының  алдын 
алу  ғылыми-техникалық,  әлеуметтік-саяси  және 
басқада мәселелерді соның ішінде педагогикалық, 
тәрбие мәселелерін шешуді қажет етеді. 
Елімізде экологиялық білім мен тәрбие беру-
дің мемлекеттік және қоғамдық жүйесі  қалыпта-
сып, даму үстінде. Экологиялық білім мен тәрбие 
беруді  негіздейтін  құжаттар мен заңдар қабылдан-
ды. 
 
Қазақстан  Республикасының  экологи-
ялық  білім  беру  концепциясы  экологиялық  білім 
берудің  маңыздылығын  көрсетіп,  үздіксіз  эколо-
гиялық білім берудің ұстанымдарын, мазмұны мен 
құрылымын,  оларды  жүзеге  асыру  жолдары    мен  
құралдарын нақтылады.  Экологиялық  білім  беру-
дің ұлттық жүйесі негізінде республика бойынша 
біраз жұмыстар орындалған. 
Жеке  тұлғаға  экологиялық  білім  мен  тәрбие 
беру  мазмұнын  анықтауда  философиялық  идея-
ларға: өлі табиғат пен тірі табиғаттың бірлігі, тірі 
ағзалар мен қоршаған орта арасындағы өзара бай-
ланыстылық, қоғам мен табиғаттың біртұтастылық 
ұстанымына сүйенудің маңызы зор.
Экология  ғылымының  өз  алдына  дербес 
ғылым  ретінде  қалыптасу  кезеңдеріне  адам  мен 
табиғат, адам мен техника, адам мен ғылым, адам 
мен  адамның  арасындағы  қарым-қатынас  сипа-
тының  әсері  зор.  Экология  ғылымы  саласындағы 
ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жинақталған 
білімдерді жүйелеу арқылы  экологиялық білімнің 
теориялық  базасы  құрастырылды.  Бұл  кезеңде-
гі  негізгі  жетістіктер  В.И.Вернадский,  С.Форбс, 

29
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
В.Шелфорд,  Ф.Клемент,  А.Тенсли,  Ч.Элтон, 
Н.Ф.Реймерс,  В.Н.Сукачев,  В.В.Докучаев  т.б.  ең-
бектерімен  байланысты.  Экология  ғылымының 
дамуы экология ғылымындағы ойлар мен мәселе-
лердің ғылымның басқа салаларына енуіне байла-
нысты  экологияландыру  (экологизация)  түсінігін 
туғызды.  Экологиялық    білімнің  ғылыми  негізі 
экология  ғылымы,  сондай-ақ  философиялық  иде-
яларға  сүйенудің,  яғни,  қоғам  мен  табиғаттың 
біртұтастылық принципін басты назарда ұстау со-
нымен қатар, педагогикалық оқыту және тәрбие те-
ориясы оқушыларда экологиялық білім негіздерін 
қалыптастырудың  іргетасы  болып  саналады  [4, 
37б]. 
Сонымен қатар, экологиялық тәрбие берудегі 
экологиялық  сана,  экологиялық  мәдениет,  эколо-
гиялық  таным,  интеллектуалды  және  эмоционал-
ды-еріктің  бірлігі,  экологиялық  қарым-қатынас, 
экологиялық  іс-әрекет,  экологиялық  сезім,  эко-
логиялық  қызығушылық,  экологиялық  көзқарас 
ұғымдарымен  бірлікте  қарастыруды  талап  етеді. 
Жалпы  педагогикалық  зерттеулерде  экологиялық 
білім  беру  мен  тәрбие  мәселелері  бір-бірімен 
байланысты  біртұтас  жүйе  ретінде  қарастырыла-
тындығы белгілі. Алайда, экологиялық нысандар, 
түсіндірмелік-ұғымдар,  басты  мақсаттар,  басым 
бағыттары  т.с.с.  тұрғыдан  оқытылуы,  оқушылар-
дың танымдық, білімдік деңгейлерін көтеру өз ал-
дына жеке қарастырылуы қажет. 
Жас ұрпаққа экологиялық білім беру, олардың 
табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін, 
табиғатты  аялап,  оны  қорғай  алатын  азаматты 
тәрбиелеу  міндеттері  мен  мақсаттары  өз  маңыз-
дылығын  жоймай,  одан  әрі  көкейкестілігімен  си-
патталуда.
Экологиялық  тәрбие  -  адамның  бойына  та-
биғатқа  әдепті  көзқарастың  және  оған  қарым-қа-
тынастың қалыптасуы мен дамуын,  табиғи ресур-
стардың  жағдайына  жеке  жауапкершілік  сезімін 
және  адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін 
болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, 
қоршаған  ортаны  және  халықтың  денсаулығын 
қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы ха-
лықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді. 
Қазақ  халқының  ұлан  байтақ  кең  далада 
көшіп-қонып,  әрбір  аймақтың  табиғат  жағдайла-
рына  қарай  бейімделіп,  шаруашылық  салаларын 
жүргізе  білуінің  өзі  байсалды  байқампаздықты, 
терең  білімділікті  аңғартады,  әрі  табиғатқа  деген 
аялы  алақан,  жүрек  жылылығын  арнап,  аса  зор 
қамқорлық көрсете білгендігін байқаймыз. Халқы-
мыздың,  мағыналы  да  мазмұнды  ұғымдары  ерте 
кезден-ақ табиғатқа қамқорлықпен қарап, табиғат 
байлықтарын ұқыпты пайдалануға бағытталған.
Күнделікті  отбасында  қолданылатын  «сүт-
ті  жерге  төкпе»,  «тұзды,  нанды  аяққа  баспа», 
«бұтақты сындырма», «гүлді үзбе» және т.б. тый-
ым  сөздер  жаман  әдет,  жағымсыз  іс-әрекеттен 
бойды аулақ ұстауға тәрбиелесе,  суға байланысты 
айтылатын «ағын суды тоқтатпа», «құдыққа қоқыс 
тастама»,  «су  ішкен  құдығыңа  түкірме»  т.б.  тый-
ым сөздер судың тазалығын сақтаудың адам өмірі 
үшін қаншалықты қажет екендігін аңғартады. «Өр-
мекшіні өлтірме», «аққуды атпа», «балалы үйрекке 
оқ  атпа»  және  т.б.  жануарлар  дүниесін  қорғауға, 
олардың адам баласы үшін ерекше маңыздылығын 
білдіріп,  баланы  ізгілікке,  имандылыққа  тәрбие-
леп, туған жердің  сұлу көрінісін сезініп, табиға-
тын аялай білу жөнгіндегі түсініктерді меңгертеді. 
Қазақ халқының табиғатқа деген сүйіспеншілік 
сезімін  аңыз  ертегілері  мен  мақал-мәтелдерінің, 
нақыл  сөздерінен  басқа,  күнделікті  тұрмыстық 
тұтыну  заттарында,  оларға  түсірілген  ою-өрне-
ктерінен  де  көруге  болады.  Мысалы,  тұскиізге 
түсірілген өрнектер даланың хош иісті гүл бәйше-
шегін,  бұлақ  суларын,  тау  жоталарын  бейнелесе, 
сырмақтарға  әшекейлеп  салынған  қошқар  мүйіз, 
құс тұмсықтар мен қарлығаш қанаттарын көз ал-
дыңа елестетеді.
Ұрпағына  ізгі  тәрбие  беруді  мақсат  еткен 
халқымыз  тәрбие  мәселесіндегі  өз  тәжірибесін, 
ойға түйген, ұстанған қағидасын, ұсынар тағылы-
мын мақал-мәтелдер арқылы терең де ұшқыр ой-
мен жеткізіп отырған. Мәселен, «күте білсең жер 
жомарт», «туған жердің топырағы да киелі», «жері 
байдың елі бай», «ер елінде, гүл жерінде» және т.б. 
мақал-мәтелдерден  өзінің  елі  мен  қасиетті  жерін 
көздің қарашығындай сақтай білу қажеттігін кей-
інгі ұрпаққа қатаң ескерткен халықтық қағидалар 
екенін аңғарамыз. Бұның бәрі халық педагогикасы-
ның  жетекші құралдарының бірі - фольклор жан-
рларының жалпы тәрбиедегі, соның ішінде эколо-
гиялық  тәрбие  берудегі  мүмкіндіктерінің  жоғары 
екендігін дәлелдейді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.  Манкеш  А.Е. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық сабақтастықтың ғылыми-теориялық негіздері. Моно-
графия. ТКО «Зерде» баспасы. –Алматы, 2005.-181 б.
2.  Косанов О. Экология және адам экологиясы. «Қазақстан мектебң», №3, 1991.
3.  Сарманова К., Н.К.Перкас. Экологиялық білім беру бағдарламасы. // Қазақстан мектебі, №8, 1993.
4.  Манкеш  А.Е. Бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие беру. Оқу-құрал. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 
1998. –83 б.

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

34
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Сурет 1 – Сандық құзыреттілік құраушылары

35
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

40
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

41
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Ересек  адамдар  жасына  қарай  бірнеше  топқа 
бөлінеді: 34 жасқа дейінгі әйелдерді, 39жасқа дейін-
гі ер адамдарды –жасы толған, немесе жас адамдар 
дейді,  35-54  жастағы  әйелдер  мен  40-59  жас  ара-
сындағы  ерлерді  орта  жастағылар,  55-74  жастағы 
әйелдерді, 60-74 жастағы еркектерді егде адамдар, 
75-89 жастағыларды кәрілер деп атайды, 90 жастан 
асқандар ұзақ өмір сүрушілерге жатады .
Егде  жасқа  өту  біртіндеп  және  ферменативті 
жүйесінің  белсенділігі  мен  зат  алмасудың  төмен-
деуіне  байланысты  болады.  Сүйек  тіндерінде  сүй-
ек  заттары  ыдырап,  олардың  бірліктері  төмендей-
ді.  Буын  қуыстары  ұлпаларының  серпімділігі  мен 
қозғалыс  аралығы    азаяды.  Бұлшық  еттің  барлық 
қасиеттері  төмендеп,  күретамыр  қабырғаларында 
тұздардың  шөгуі  есебінен  қалыңдайды.  Күрета-
мыр  қысымы  140  мм  сынап  бағанасына  дейін  кө-
теріледі,  өкпе  ұлпа  ұлпасының  серпімдігі  төмен-
дейді.  Өкпенің  тіршілік  сиымдылығы,  жыныстық 
бездердің  қызметі  нашарлайды.  Жүйке  процесінің 
қимылы  азаяды.  Сенсорлы  көру,  есту,  бұлшық  ет 
сезімі жүйесінің қызметі нашарлайды. Тері рецеп-
торларының  сезімі  төмендеп,  оның  серпімділігі 
жоғала  бастайды.
Алғашында ептілік пен жылдамдық, кейінірек 
төзімділікте  төмендейді.  Бұлшық  ет  жұмысы  істе-
ген  кезде  қайта  қалыптастыру  мен  қайта  қалпына 
келтіру  ұзақтығы  артады.  Жүктемені  таңдағанда 
бұрынғы тәжірибелер ескеріледі . Саяхат жасау, аң 
балық аулау, қалашық ойнау ұсынылады. Адамның 
денсаулық жайы ұлғайған сайын, ағзаның қартаюы 
айқынырақ  біліне  бастайды.  Орталық  жүйке  жүй-
есіндегі қозу және тежеу процестерінің жылжыма-
лы  тепе–теңдігінің  бұзылуына  байланысты  оның 
қызметі  өзгереді.  Зат  алмасу  бұзылып,  тіндерде 
құрылымдық  және  қызметтік  өзгерістер  пайда  бо-
лады.  Ішкі  ағзалардың  бейімделу  мүмкіншіліктері 
төмендейді. Мысалы, 55 жастағы ер адамның оттегі 
тұтыну шегі 20-25% -ға кемиді. Жас ұлғайған сай-
ын қан тамырлары кемерлерінің қалыңдап қатаюы-
ның  атероклероз  ауруының  қалыптасуы  ықтимал. 
Жүрек бұлшық етінің салмағы 0,27 -0,5 % -ға кеми-
ді.  Артериялық  қан  қысымы  жоғарылап,  жүректің 
жиырылуы  сирейді.  Жүректің  систолдық  көлемі 
мен минуттық қан айналымының көлемі азаяды.
Тыныс  алу  бұлшық  еттерінің  әлсіздігінен, 
қабырғалар  мен  диаграмма  қозғалмалылығының 
шектелуінен өкпенің тіршілік сиымдылығы, ауа ал-
мастыру қабілеті және т.б қызметтік көрсеткіштері 
төмендеп іркілу құбылыстары дамиды.
Мысалы,  артериялық  қан  қысымының  40-
49  жасты  с.б  139/84  мм,  50-59жаста  -149/89  мм, 
60жастан адамдарда -149/89 мм-ге дейін көтерілуі 
ықтимал. Сонымен қатар қан қысымының әдеттегі 
мөлшерде  сақталуы  да  мүмкін.  Бұлшық  еттердің 
көлемі 43-45%-дан 20-26 %-ға дейін азаяды . Дене 
салмағы құрамында май тінінің үлесі артады . Сүй-
ектердің  ішінде  бос  кеңістіктер  пайда  болуынан 
олар  күйрек  келеді.  Буындардың  қозғалмалылығы 
кеміп, қимыл қозғалыстар қиындайды.
Бұл  өзгерістердің  даму  қарқыны  қартаюдың 
түріне  байланысты.  Қартаюдың  физиологиялық  
және сырқаттық түрлері болады.
Физиологиялық  қартаюда  жүйке  жүйесіндегі, 
ішкі ағзалар мен  тірек-қозғалыс т.б жүйелерде қа-
лыптасады. Адамның сыртқы әсерлерге бейімделу 
мүмкіншілігі де біртіндеп төмендеп  жұмыс қабілеті 
ұзақ уақыт бір деңгейде сақталады.
Қартаю  барысын,  оның  даму  себептері  мен 
жолдарын зерттейтін ғылым саласын геронтология 
дейді.  Ал  қартаюды  басеңдетіп,  адамды  жасарту 
тәсілдерін жетілдіруші ғылым саласы –Валеология .
Сырқаттық  қартаю  дегеніміз-жасына  жетпей, 
ерте  қартаю.  Оған  себеп-әр  түрлі  аурулар,  жағым-
сыз сыртқы және ішкі әсерлер, зиянды әдеттер, қи-
мыл қозғалыс тапшылығы т.б.
Кәріліктің  ауруларын  зерттейтін  ғылым  са-
ласын  гериатрия  деп  атайды.  Қартаю  қарқыны  әр 
адамның биологиялық жасын анықтайды.
Сонымен бірге ақыл-ой қызментін басты бей-
неде  сандық  параметрлері  төмендеп,  қорытынды-
сында  тез  шаршап,  шалдығуға  әкеледі.  Геронтоло 

42
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
гияның  осы  заманғы  мәліметтері  адам  дамуының 
Инволюциялық кезеңі бірінші кемелденген шақтан 
екіншісіне өтетін 30-35 жастарда басталады. Бұл ке-
зең, шекара ретінде эволюциялық және инволюци-
ялық даму кезеңдерін бөліп тұрады. Адамның тірек 
қозғалыс  аппаратының  морфофункционалдық  қа-
сиетінің жасына қарай өзгеруінің сипаты өмір сүру 
бейнесіне, оның дене белсенділгінің  мазмұны мен 
деңгейіне байланысты.
Ғылыми  және  тәжірибелік  мәліметтер  үй-
лесімді  қозғалыс  қызметінің  көмегімен  ағза  қы-
зметінің  кері  кетуін  төмендету  арқылы  инволю-
циялық  өзгеріс  процесін  принципінде  басқаруға 
болатынын  дәлелдейді.  Адамның  жас  ерекшелік-
теріне сәйкес дене белсенділігін дұрыс ұйымдасты-
ру орташа және жоғары емес қарқындағы жүктеме-
мен ағзаға  әр түрлі сипатта әсер ететін жүйелі дене 
жаттығуымен  шұғылдануды  ұсынады.
Кәрілік жеке дамудың қалыпты бір сатысы. Бұл 
кезеңнің өзгешеліктері: тіршілік әрекеттің біртіндеп 
төмендеуі және әлсіреуі, ағзаның бейімделу мүмкін-
діктерінің шектелуі. Қартайған кезде ағзаның ішкі 
ортасын  тұрақтылығын  қамтамасыз  ететін  және 
икемделуші мәні бар нейро-гуморалдық қарым–қа-
тынастың  жаңа деңгейі пайда болады.
Оларда  шартты  рефлекс  құру  жылдамдығы 
баяулап,  ішкі  тежелу,  әсіресе  ажырату  процестері 
нашарлайды  .  Жаңадан  жасалған  шартты  рефлек-
стер тұрақсыз келеді, шартты тітіркендіргіштердің 
сигналдық мәнін алмастыру қиындайды.  Тітіркен-
діргіштердің әсіресе, сөздің сигналдық мәнін аудара 
өсу жылдамдығы бәсеңдейді. Ол жүйке процестері 
күшінің әлсіреуіне байланысты болады. Адамда үл-
кен ми сыңары қыртысының жұмысқа қабілеттілігі 
төмен болса, сигналдық мәнін адара қосу өте баяу 
болады немесе тіпті кейде ол алмастырылмайды.
Жас ұлғайған сайын қимыл әрекет те өзгереді 
тез  қимыл  азайып,  баяу  қозғалыс  көбейеді.  Со-
нымен қатар ұйқы да бұзылады.
Жасы ұлғайған адамдарға дене шынықтыруға 
рұқсат  берерде  олардың  денсаулығын  мұқият  тек-
серіп, жаттығуға қайшылықтардың жоқ екеніне то-
лық көз жеткізу керек . 
Жаттығуға қайшылық етеін аурулар: 
-қандайда болсын аурудың оқыс түрлері;
-психикалық аурулар;
-орталық жүйке жүесінің құрылымдық  аурулары;
-қатерлі ісіктер;
-жүрек-қан тамырлары ауруларының кей біреу-
лері (қолқаның кеңеюі – аневризма, жиі асқынатын 
ауыр стенокордия, жақында болған миокард инфар-
кты, II-III дәрежелі қан айналымының тапшылығы, 
жүректің  жыбырлап  жиырылуы  мен  толық  атрио-
вентрикулярлы блокадасы , қан тасуының II Б саты-
сынан бастап) .
-ас қорыту ағзаларының созылмалы аурулары-
ның асқынып өршуі. 
-бауыр қызметінің тапшылығы 
-буындарды  қатырып,  қандай  да  болсын  қи-
мылдарды  ауырлататын  тірек-қозғалыс  жүйесінің 
асқынған аурулары.
-тромбофлепит веналарының қабынып бітелуі.
-главкома көз іші қысымының көтерілуі.
Жаттығуға рұқсатты жергілікті емхана немесе 
жұмыс  орындағы  медициналық  мекемелер  береді. 
Дәрігерлік  бақылау  жаттығудың  алғашқы  жарты 
жылында әрбір 3 ай сайын, одан кейін  6 айда бір 
рет жүргізілуі керек.
Дәрігерлік бақылауда кешенді тәсіл қолданға-
ны жөн.
Алғашқы  дәрігерлік  бақылау  кезінде  жат-
тығуына  рұқсат  берілген  адамдардың  жұмыс  қа-
білеті бағаланады. Ол үшін жұмыс қарқыны төмен 
не  орташа  сынамалар  қолданса  жеткілікті  (30-сек  
ішінде  20рет  отырып-тұру,  не  60рет  секіру,  1-2-3 
минут  140-180  қадам  жылдамдықпен  бір  орын-
да  тұрып  жүгіру,  әр  түрлі  жүрек  соғу  жиелігінде-
гі    PWC  ).  Ортостатикалық  және  координациялық 
(Ромберг қалпы) сынамалардың бұл жас кезеңдерін-
де пайымдашылық маңыздары жоғары .
Дене  жаттығулары  сауықтыру  әсерінен  басқа 
адам ағзасына жаттықтыру әсерін тигізеді ( ақыл-ой 
және дене жұмыс қабілеттілігі артады) дене сапала-
ры деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызады, өмірде 
маңызды қозғылыс біліктілігімен дағдыларын (суға 
жүзу,  шаңғымен  жүру    және  т.б)  қалыптастыруға 
және одан әрі жетілдіруге көмектеседі.
Ағзаға  дене  жаттығуларының  сауықтыру,  ем-
деу және жатықтыру әсерін беруі, егер олар су про-
цедурасы,  күн  және  ауа  ваннасы,  сонымен  бірге 
массаж түріндегі шынықтыру құралдарымен дұрыс 
үйлестірілсе, одан да әсерлі болады .
Осындай бейнеде, дене жаттығулары мен шы-
нықтырудың  қозғаушы  күштерін  жүйелі  қолдану 
шұғылданушылардың  ағзаларының  өмірлік  тону-
сын  (жүйке  жүйесі  бұлшық  еттердің  физиологи-
ялық жағдайдағы күш қуаты) оның табиғи иммуни-
тетін арттырады, вегетативтік жүйелердің қызметін 
жұмыс қабілеттілігін арттырады және ерте қартаю-
дың алдын алады. 

43
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
УДК: 378.196

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет