Б.К. Сердәлі
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті,
ф.ғ.к., доцент
Телепортрет
Аннотация
Мақалада бейнелеу өнерінің бір қыры –
телеоператордың
телепортрет
жасаудағы
шеберлігі анықталады. Радиода мінез-құлықтың
құпия сырлары ашық көрсетілмейтін болса,
телевизияда ондай мінезді жасырып ұстай
алмайсың.
Өкінішке
орай,
бірқатар
телекөрсетілімдерімізде
барлық
кейіпкерлер
ұнамды қасиеттерімен көріне бермейді. Әртүрлі
адамдардан
сұхбат
аламыз,
оны
түрлі
тележүргізушілер
жүргізеді.
Осы
жерде
оператордың бейненің жағымды ауқымын аса
сезімталдықпен таңдауына тура келеді. Мақала
осы бір жайтты тереңірек ашады.
Түйін сөздер: телепортрет, телесюжет,
экрандағы бейне, план, деректі фильм.
Жанр – форма мен мазмұн бірлігі арқылы
негізі қаланған көркем шығарманың типі. Ол
шығармашылықтың көптеген саласына – көркем
әдебиетке, журналистикаға, фото және сурет
өнеріне, театр және кино туындыларына да тән.
Осылардың ішінде телевизия өнерінде жанр
заттың бейнесін әр қырынан түсірудің негізінде
қалыптасты:
олар
телепортрет,
теледебат,
телерепортаж, телесұхбат, телеэтюд, телешоу т.б.
болып түрлене береді. Қазіргі кезде телевизия
жанрлары іштей модернизациялауға, яғни
түрленуге ұшырауда. Олардың басқа өнер
салаларымен
бірігуі,
өзара
ықпалдасуы
байқалады.
Кино мен телевизияда белгілі дәрежеде
сурет өнерінің портрет, пейзаж, интерьер,
натюрморт сияқты жанрлары қолданылып жүр.
Көлемді телетуындыларда көп адам қатысқан
көріністер, күрделі инженерлік-пиротехникалар
арқылы жанрлардың жаңаша типпен байығанын
сеземіз.
Тележанрлардың
ішінде,
әсіресе,
портреттің жөні бөлек. Себебі мұнда адам
образы әртүрлі пішінде, оператордың түрлі
планда түсірген шеберлігі арқылы жан-жақты
көрініс табады.
Театр, кино, телевизияда адам көркем
шығармадағыдай сюжеттің басты кейіпкері
болып табылады. Шығарманың негізгі идеясын
көрерменге сол адам жеткізеді. Туындыда
айтылған ой, автор идеясы осы кейіпкер арқылы
көрермен жүрегіне жол табады. Ал оның жанды
бейнесін оператор камерасы арқылы түрлендіре
жеткізу тіпті маңызды болмақ.
215
Телесюжетте басты кейіпкердің мінез-құлқы, оның іс-әрекеті әр қырынан әртүрлі
көзқарастар арқылы қабылдануы мүмкін:
1. Кейіпкердің сын-келбетіне, оның мінез-құлқына, іс-әрекетіне автордың көзқарасы
тарапынан баға берілуі.
2. Басты кейіпкер туралы екінші бір кейіпкердің баяндауы.
3. Басты кейіпкердің өзіне-өзі баға беруі.
4. Кейіпкерге телеоператор түсірілімі арқылы баға берілуі [1].
Кейде оператордың ішкі шығармашылық толғаныстары басты кейіпкерге берілетін
бағаны толықтыруы да мүмкін. Бұл оның өзі туралы және басқа кейіпкерлер туралы
мәліметін байыта түседі. Нәтижесінде туындының басты қаһарманы туралы белгілі бір
көркем портрет пайда болады.
Экрандық өнерде басты кейіпкердің сан қырлы бейнесін жасау үшін әртүрлі тәсілдер
қолданылады: ол автор баяндауы арқылы, кейіпкердің өзі арқылы және басқа
қатысушылар арқылы атқарылуы мүмкін. Дегенмен, осылардың ішінде оператор жасаған
телебейне айрықша рөл атқарады. Әрбір қатысушының өз пікірі, өз көзқарасы болуы
мүмкін, дегенмен сол көзқарас пен ұстаным телеоператор ұсынған байламды
толықтырады. Мысалы: басты қаһарман (егер ол көрікті адам болса) өзінің көркем
бейнесімен айналаға әсер етеді, сол әсемдікке сүйсінген басқа кейіпкерлер де бойларын
эфирде тіктеп ұстап, телесюжет маңызын ашады. Мұны біз «Сен сұлу» бағдарламасының
кейіпкерлерінен анық байқаймыз. Осылардың барлығының өзара үйлесімі арқылы
оператор әртүрлі көзқарастардың жиынтығын сомдап, нәтижесінде басты қаһарманның
біртоға емес, сан қырлы бейнесі жасай алады. Жалпы реалистік шығарманың кейіпкерлері
бір қырынан ғана көрінеді, тек қана біржақты ақ бояудан жасалады десек, қателесеміз. Әр
адам жақсы және жаман кейіптердің қарама-қайшылығынан тұрады. Аталған
қаһармандардың шығармада қай қырынан бейнеленетіндігі оператор үшін маңызды
болмақ. Көптеген көріністерді түсіру барысында қаһарманның көрерменге әсер ететін
көркем бейнесін жасау, оның өмірдің әртүрлі жағдайындағы әлеуметтік-психологиялық
сипатын ашу және оларды телетүсірілімде нанымды дәлелмен шығару – оператордың
алдына қойылған негізгі міндет.
Қалай болғанда да, телепортрет жасау техникасы оператордан қыруар жұмысты
талап етеді. Ол түсірілім алаңын таңдаудан бастап, кейіпкердің көркем бейнесін жасауға
дейінгі қыруар шаруаны қамтиды. Адам бетінің пластикалық үйлесімін көрсетудің де
өзіндік күрделілігі бар: оның көз жанары, бет-пішін ерекшелігі – түсірілім нәтижесін бере
алады.
Оператордың негізгі міндеті – басты қаһарманды экранда бейнелі етіп шығару, оның
шынайы кескін-келбетін таныту. Композициялық шешім арқылы портреттік кадрларды
орайы келгенде орта және ірі планда алмастыра көрсету – оператордың талғампаздық
жұмысының негізі болып табылады.
Адамның бет пішіні – түстік палитраны айқындайды, сонымен қатар барлық
көріністің колористік композициясын жасайды. Кейін олар монтаждалған кадрды көру
нәтижесінде толықтай қалыптасады.
Егер орта және жалпы пландағы түсірілімнің біріндегі түс бұзылып кетсе барлық
эпизодтың колористік бірлігі бұзылады. Бұл әсіресе көп камералы түсірілімде байқалады.
Әртүрлі камерамен түсірілген түсірілімдегі түстің айнып кетуі – бір түстен екінші түске
ауысқан кезде жиірек ұшырасады. Әртүрлі камерамен түсірілген түсірілімдер, әсіресе,
монтаж жасағанда қиындыққа ұрындырады. Түрлі камера арқылы түсіріліп, әрқалай
монтаждалған эпизодтың барлығында да адамның бет-бейнесінің түрліше болып өзгеріп
кетпеуі оператор үшін маңызды болмақ. Орта планда «суық» түспен түсірілген
кейіпкердің портреті жалпы планда «жылы» түспен қайта монтаждала түсірілгенде де
қалыпқа келмеуі мүмкін. Бұл оператор жұмысының жарамсыздығын көрсетеді.
216
Экранды портрет – кейіпкер бейнесінің көркемдік жиынтығын құрайды немесе
деректі туындыдағы өмір көрінісінің бір шынайы үзігін білдіретін жинақтық портреті
болып табылады. Бұл бейнені жасауда кейіпкердің сыртқы кескін-келбеті үлкен рөл
атқарады: мұнда оның қимыл-әрекеті, сыр-сымбаты маңызды болып келеді.
Бейне көптеген портреттердің үйлесімі арқылы қалыптасады. Статикалық кадрмен
түсірілген
түсірілімдердің
сюжетті-монтажды
композициясының
бейнені
қалыптастырудағы өзіндік орны бар: олар динамикалық мизансцена арқылы біріктіріледі
де, әртүрлі ауқымда түсірілген бірнеше портреттер енеді.
Жоғарыда келтірілген гипотетикалық мысалдағыдай, егер біз бірнеше қаһарманның
бір-біріне ұқсамайтын бірнеше сюжет-портретін жасағымыз келсе және олардың әртүрлі
өмір жағдайындағы бейнелерін сомдауға талпынсақ, онда оператор сол қаһармандардың
ешкімге ұқсамайтын әрекеті арқылы көркем бейне жасауға тырысуы керек.
Портретті түсіру кезінде операторға суретті жұмсартып түсіретін оптиканы қолдану
міндетті емес. Кейде бір кадрда кейіпкердің беті көлеңкеде, қолы жарықта қалып қоюы
мүмкін. Орта планды түсірілім кезінде кейіпкердің қолы кадр сыртында қалып қоятын
жағдайлар да кездеседі. Ондайда оператор кейіпкердің психологиялық күйін толық
бейнелей алмайды.
Беттің қимыл-пішіні арқылы да негізгі ойды беретін жағдайлар да жиі ұшырасады.
Мысалы, «Ән-жұмбақ» тележобасында ән әуенін іздеген қатысушы кейіпкердің бет жүзі
мен көз жанарының әрекеті оның қуаныш пен күдігін, ойынға тұтастай берілген кейпін
аңғартатынын оператор әдемі көрсетіп отырады.
Егер экранның орта шеніне орналасқан бір штрих адамды назар аударуға итермелесе
– ол түсірілімнің басты нүктесі екенін білдіреді, сол арқылы сюжетте драмалық бір
шиеленістің бар екені сезіледі.
Ірі планды алғанға дейін біз басты кейіпкермен етене таныс болып үлгереміз,
онымен үнемі қатар өмір сүргендей әсерге бөленеміз. Дегенмен бұл басты қаһарманды
басқа кадрлардан ерекшелеп алуға себеп болмайды. Назар түсетін бағытқа ұмтылу үшін
міндетті түрде кадр ішінде бос кеңістік берілуі керек. Көрерменнің назары түсетін бағытқа
қарама-қарсы монтаждалған кадр көрсетілуі керек: міне, сол кадр көрерменге мағыналық
түсініктеме береді.
Адамның көзі бағытталған тұста экранда адамның немесе басты кейіпкердің
көрермен арқылы тоқайласатын негізгі көрінісі болуы мүмкін. Бұл оператор үшін үнемі
назарда ұстар басты ілік болмақ.
Өте ірі план, С.Эйзенштейннің сөзімен айтқанда, көрерменге басты қаһарман туралы
сенім ұялатуға негіз бола алатын түсірілім түрі. Бірақ мұндай ауқымда түсіру жақын
орналасқан көрініске көрермен назарын бөліп, пішіндік және артқы қапталдан түсірілетін
жарық эффектілерін көрсетуге кедергі жасайды.
Портретте сомдалатын кескінге қарағанда фонның контрасты болғаны жөн. Басқаша
айтқанда, адам бетіндегі жарық пен көлеңкенің ортасындағы контрастылыққа қарағанда
фонның көлеңкесі мен жарығы арасындағы өтпелі бейнелер жұмсақ болуы керек. Сонда
ғана кеңістіктің ауқымын сезіне аламыз. Деректі фильмдерде адам әртүрлі жағдайда
көрсетіледі, оқиғаға байланысты құбылып отыратын жағдайлар да бар. Осындайда
оператор фон мен кейіпкер арасындағы үйлесімділікті тапса, ол үлкен жеңіс. Кейіпкер
айналадағы әртүрлі жағдайлармен үйлеспеуі мүмкін, ол тек көркемдік шешім
қарастырылған жағдайда ғана әсерлі бола алады. Қысқа фокусты оптикамен түсірген кезде
жоғарғы және төменгі ракусты абайлап қолданған жөн, бұл көп жағдайда беттің тепе-
теңдігін бұзады.
Орта және ұзын фокусты оптикамен түсірілген портрет өте көркем шығады, оның
фоны дәл, бейне әсері пластикалық болып шығады. Тіптен орта планда түсірілген
адамның сұлбасы екінші ауқымда түсірілгенде де бірінші ауқымдағы адамдарға қарағанда
сенімдірек шығады.
217
Ол үшін объективтің тетігін барынша ашып қойып түсіруге тура келеді. Объективтің
диаграммасын f=1:2, f=1:2,8 өлшемімен ірі және орта планда алғанда ғана жақсы нәтижеге
қол жеткізуге болады [2].
Ертеде бір неандертальдық тау үңгірінде жанған алаудың жанында отырып,
болашақты көрмек ниетпен қабырғада қозғалып тұрған өз көлеңкесін шоқтың бір
түйірімен ұрып пішінін жоймаққа талпынған екен. Бұл сол замандағы өзінің және өзге
замандастарының солқылдақ бейнесін ұрпақтарына білдірудің тамаша көрінісі еді. Өзін
және айналаны үнемі біліп отыру адамға тән қасиет. Бірақ мұны ұрпақтарына сурет
бейнесінде қалдыру өнер туындылары арқылы ғана жүзеге аспақ. Суретші қылқаламынан
туған кез келген портрет қабылдануы бойынша субективті болып табылады, кейде
суретші оны түпнұсқаға жақындата жеткізуі де мүмкін. Сондықтан да көптеген
суретшілер салған портреттер қоғамның өзіндік көрінісін білдіріп, замандастарының
жиынтық бейнесін жасай алады.
Бірақ мүсін мен сурет туындылары статикалық өнер ғана. Бұл мағынада кино мен
теледидар анағұрлым көркемдік композиция жасай алады.
Репортажды портрет. Деректі фильм түсіріп жүрген оператордың репортаждық
портреттер түсіруі оның еңбегінің ең бір қиын саласына жатады. Өйткені мұндағы оқиға
уақыт кезеңіне байланысты әртүрлі кеңістікте дамиды. Оны кідіртуге, тоқтатуға немесе
қайталауға болмайды. Бұл жерде оператордың шеберлігі қажет: шектеулі уақыт ішінде ол
оқиғаның өрбуін негізіне қарай «қиындатып», формасына қарай көркемдеп, қажетті кадр
жинақтай алады.
Хроникалы түсірілімдер өмір ағысындағы оқиғаларды қас қағым сәтте түсіруге
тәрбиелейді, шығармашылық шешімді жылдам қабылдауға үйретеді, аяқ астынан
монтаждық түсірілімдерді құрастыруға жол ашады, көркем үлгідегі түсірілімнің ең жақсы
нүктесін табуға жәрдемдеседі. Кадрдағы адам өзін міндетті түрде шынайы әрі табиғи
ұстай білуі керек, ол түсіріп жатқан камераны тіптен елемеуі тиіс. Мұндай жағдайда адам
өзін еркін сезіне алмаса «жабық камера» тәсілі қолданылуы мүмкін. Кейіпкер камераны
тіптен көрмегені дұрыс. Камераны әбден еті үйренген, техниканы елемейтін кейіпкерге
ғана қолданған абзал.
Телерепортажды түсіру барысында бұрыннан мәлім жанр талаптары қолданылады:
кадр
тепе-теңдігінің
сақталуы,
кадрдағы
негізгі
композициялық-мағыналық
ерекшеліктердің айқындалып тұруы, басы артық алаңдататын деталдардың болмауы,
портретке түсетін тұлғаның кескін-келбетінің қалыпты болуы т.б.
Қаһарманның ербеңдеген қолы бізге оның бет пішінінен, айтар сөзінен де мол
ақпарат беруі мүмкін. Кейде экранда сыртқы бет-келбетінде ешқандай ерекшелігі жоқ
адам күрделі түсірілімде камера алдында өте сенімді отыруы мүмкін, «қалай өзіне-өзі
сенімді» деп режиссердің өзі таң қалады. Оператор кенеттен әлгі «сенімді» адамды ірі
планда жақындата көрсетеді, сонда біз оның бет жүзінің емес, ербеңдеген қолының «сенім
ұялатып» тұрғанын байқаймыз.
Репортажды портретте композиция еркін өрбиді: кейіпкерлердің, фонның өзгермеуі
композиция еркіндігіне ықпал жасайды.
Репортажды түсірілімде оператордың шеберлігі барынша сарқа пайдаланылады.
Мұнда оптика, жарық беретін құралдар да жоғары дәрежеде қолданылады.
Заттың сұлбасын бейнелеген репортажды түсірілімде бейтарап – сұр фильтрлер
нәтижелі қолданылады, ол объективтің тетігін барынша ашып қойып түсіруге мүмкіндік
береді де, оптикалық көріністің жақсы нәтижесін бейнелеп алуға жол ашады.
Интеръердегі жасанды және табиғи жарық арқылы портрет түсіргенде оператордың
алдына бірнеше міндеттер қойылады: біріншіден, интереръердің өзі фон секілді барынша
табиғи тартымды болғаны жөн, кейіпкердің өзі бұған барынша қызығып, оның құрамдас
бір бөлігіне айналып кетуі тиіс; екіншіден, интеръер мен адамға түсетін жарықтың өте
218
көркем болғаны абзал, ол түсірілген сұлбалардың көлемін, түр-түсін анық көрсетумен
бірге адамның да ішкі психологиясын аша алады.
Табиғи жарық кезінде терезеден түскен сәуле адамның жүзіндегі жарық пен
көлеңкенің контрастылығын тудырады. Сондықтан мұндай түсірілімде көлеңкені
жарықтандыруға тура келеді. Мұны жарық беретін шамдардың көмегімен орындауға
болады: қуаты 5500К мөлшеріндегі жарық бергіш құралдар бұған қолайлы. Жасанды
жолмен берілген жарық әсерлі болуы тиіс, өйткені ол интеръерді жарықтандырумен қатар
портретті түсіру кезінде де кеңінен қолданылады.
Ұнамды және ұнамсыз қызығушылықты тудыратын портреттер. Барлық адамдар
өздеріне таныс жандарды сүйкімді, ал бейтаныс кісілерді сүйкімсіз деп екіге бөледі. Ал
кино және телевизия өнерінде бұл түсінік төмендегі синонимдермен алмастырылады:
ұнамды, қызығушылық тудыратын адам немесе ұнамсыз, қызығушылық тудырмайтын
адам. Бірде-бір режиссер ұнамсыз актерге ұнамды кейіпкерді бермейді. Ал ұнамды адамға
ұнамсыз кейіпкердің рөлі тапсырыла береді. Мұндай фактіні көрермен аңғармайды және
ол сюжеттің жұмбағы болып қала береді.
Көрсетілімдерде тележүргізушілерді дұрыс таңдау – табысқа жетудің бірден-бір көзі.
Мәселенің күрделілігі мынада: тақырыптың негізгі идеясының ұнамды кейіпкердің
ауызымен айтылуында. Егер осы идеяны дәл сол қалпында жұртты тартпайтын ұнамсыз
кейіпкер жарияласа, көрермен оған сенбес те еді. Мұндайда барлық еңбек босқа кетеді.
Деректі туындыларды ірі планда көрсеткенде кадрдағы титімдей ақаудың өзін жасырып
қала алмайсың. Олар көзге бадырайып ұрып тұрады. «Ақ көңілдің аты арымайды, тоны
тозбайды, арамзаның қулығы көзінен білінеді» деген мәтел осыдан қалса керек.
Бейнелеу өнерінің кез келген саласында мінез-құлықтың құпия сырлары ашық
көрсетілмейді, ал кино мен телевизияда ондай мінезді жасырып ұстай алмайсың. Өкінішке
орай, біздің көрсетілімдерімізде барлық кейіпкерлер ұнамды қасиеттерімен көріне
бермейді. Әртүрлі адамдардан сұхбат аламыз, оны түрлі тележүргізушілер жүргізеді. Осы
жерде оператордың бейненің жағымды ауқымын аса сезімталдықпен таңдауына тура
келеді.
Режиссерлер ірі планды түсірілімдерді жиі таңдайды, бірақ мұндай ауқымның оның
кейіпкерлерінің кемшін тұстарын көрсетіп қоятынын олар байқай бермейді. Әсіресе бұл
ән салатын әртістерді түсіргенде өте маңызды болмақ. Ән айтқанда оның бетіне күш
түседі, мойындары жиырылады, ауыздары ерекше кең ашылады. Сондықтан ірі ауқымды
түсірілімдерден гөрі орта ауқымда түсіру мұнда оңды нәтиже бермек. Ал көрерменге
өзінің сезім сырларын тыңдап отырып-ақ жақсы жеткізетін, тек қана тыңдаушы болып
отырған кейіпкер кейпі қызығырақ көрінеді. Бұл түсірілімнің режиссерлік шешіміне еш
нұқсан келтірмейді.
Жалпы, портрет жанрының ерекшелігі телевизия үшін студиялық жобаларда
маңыздырақ ашылады. Сондықтан операторлар студиялық түсірілімдерде бұл жанрға
көбірек иек артып жатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Головня А. Д. Мастерство кинооператора. – М., 1965. – С.87.
2.
Утилова Н. И. Монтаж как средство художественной выразительности. Ч.1, ІІ. – М.,
1997. – С.79.
219
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются проблемы в операторском искусстве: операторы вместе с
журналистами создают портреты различных героев телесъемок, поэтому они должны иметь
чувство меры при выборе того или иного изображения крупным планом.
RESUME
Not all the heroes of our TV shootings have positive charm. We do make a portrait of a wide
variety of people with a variety of operators working with journalists. Here it is very important for the
operator to have a sense of measure when selecting a particular size of the image.
220
ӘОЖ 81622.4
Б.Б. Динаева
Қазақ гуманитарлық заң
университеті, ф.ғ.к., доцент
Қазақ-ағылшын
тілдеріндегі «Әйел»,
«Ер адам» гендерлік
концептілерінің
ұлттық
ерекшеліктері
Аннотация
Әр
ұлттың
концептілер
жүйесін
дүниетаным құндылықтары құрайды. Қазақ
және
ағылшын
халықтарының
этностық
дүниетанымы
мен
ұлттық-мәдени
ерекшеліктерін
«Әйел»,
«Ер
адам»
концептілерінен аңғаруға болады. Автор
мақалада
қазақ-ағылшын
тілдеріндегі
фразеологизмдер мен паремиялар арқылы
гендерлік қатынастағы концептілердің мәнін
ашып талдайды.
Түйін сөздер: концепт, концептуалдық
жүйе, әлемнің паремиологиялық бейнесі,
этнолингвистикалық мән-мағына, гендерлік
ерекшеліктер, антропоцентристік парадигма,
функционалды-номинативтік қызмет.
Ұлттық тілде бейнеленген концептілер
адамның жан-жақты әрекетін айқындайтын
ерекше маркерлерге айналады. Әлемнің тілдік
бейнесінің ұлттық болмысы әр этноста әртүрлі
болуы этностың тәжірибесі мен біліміне
байланысты, өйткені тілдік таңбалардың
таңбалаушы қызметіне адамдардың өмірден
көрген-білгені, көңілге түйгені негіз болады.
Концептіге ұғым енгенімен, ол ұғыммен ғана
шектеліп қалмайды, сөзге қатысты барлық
ақпараттарды қамтып отырады. Сонымен бірге
концептінің көрінісі сөз тіркесінде, түрлі
дискурстарда, тұрақты тіркестерде, мәтіндерде
жүзеге
асады.
Концепт
мәдениеттің
ментальдық ұясы болып саналады. Концептіні
жасауға көмек беретін тілдік деректердің
қатарына тіл бірліктерінің фразеологиялық
және паремиологиялық қорда қолданылуын
табу мен сипаттауды да жатқызамыз. Өзіне тән
бейнелілігі, әлеуметтік мәнділігімен көзге
түсетін тұрақты тіркестер әрбір халықтың
тілдік ерекшеліктерімен қатар, арғы-бергі
тарихы мен мәдениетінен, ұлттық дәстүрінен
және ойлау жүйесінен, ойлау ерекшеліктерінің
ұлттық рухани жан дүниесінен де аса мол сыр
шертеді.
Адамның жас ерекшелігі мен жынысына
байланысты атаулар мен сол атауларға қатысты
тілдік бірліктер кез келген тілдің сөздік
қорының қомақты бір саласы. Бұлар – әрбір
халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің
сипатын дәл көрсететін лексика-семантикалық
топ. Мұндай атаулар өмірде жиі
221
қолданылатыны белгілі. Біз адамның жас ерекшелігіне қатысты атауларды он бес томдық
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» сүйене отырып, мынадай үш топқа жіктеп алдық:
1. Сәби - қарт
1) Әлди, бөпе, бөбек, сәби, нәресте, бүлдіршін, балдырған, балғын, балақай, балапан,
бала; 2) Жеткіншек, жас, жасаң, жасөспірім, жас ұрпақ, жас ұлан, жігіт; 3) Ересек, есейген,
егде, отағасы, кексе, қақсал, мосқал, кәрі, қарт, қария, ақсақал.
2. Ұл – ата
1) Ұл, ұлан, бозбала, жігіт, жігіт ағасы; 2) Күйеу, күйеу бала, күйеу жігіт, әке; 3) Ері,
күйеуі, жұбайы, жары, байы; 4) Ата, бергі ата, арғы ата, түп ата, баба; 5) Ер, еркек, шал,
ақсақал; 6) Хан, ханзада, би, бек, бегім, бекзада; 7) Құл, құлшар, құтан, малай, жалшы.
3. Қыз - ана
1) Қыз, қыз бала, әйел бала, бойжеткен, қалыңдық; 2) Келін, келіншек, ару; 3) Зайып,
жар, қосақ; 4) Әйел, қатын, ана, апа, шеше, әже, кейуана, кемпір; 5) Бибі, бике, бикеш,
ханша, ханым; 6) Бәйбіше, тоқал, күндес, күң, күңше; 7) Жесір, ұрғашы [1].
Қазақ халқында бір ғана «бала» сөзінің этнолингвистикалық мағынасына
байланысты мынадай ұғым-түсініктердің бар екендігі айқындалды:
1) Бала – адамның бауыр еті; 2) Бала – бақыт; 3) Бала – өмір қызығы; 4) Бала – базар;
5) Бала – әке өмірінің жалғасы; 6) Бала – байлық; 7) Бала қамы – ата-ананың мойнында; 8)
Бала тәрбиесі – басты міндет.
Әлемнің паремиологиялық бейнесінде «ұл» бейнесін сипаттайтын жақсы-жаман
қасиеттер «еркек-ұл» концептісі төңірегінде жүйеленген ассоциативтік өрісін көруге
мүмкіндік береді. Атап айтқанда:
«Жақсы ұл» когнитивтік моделі аясы: Ұл жақсысы құрметті, Келін жақсысы
келбетті; Қызың жақсы болса, өрісің кеңейеді, Ұлың жақсы болса, қонысың кеңейеді;
Адам болар ұлыңның арқа-басы кең келер, Дана болар ұлыңның ақыл-есі тең келер т.б.
«Жаман ұл» когнитивтік моделі аясы: Әкеден безген ұл оңбас, Шешеден безген қыз
оңбас; Қыздың аңқауынан, Ұлдың жалқауынан сақта; Ит жаманы түз қорыр, Жігіт
жаманы қыз қорыр; Жаман етікші біз таңдайды, Жаман жігіт қыз таңдайды; Арсыз
болса – қыз қорлық, Ақылсыз болса – ұл қорлық; Үйдегі ұлың жаман болса, Есіктегі
құлмен тең; Ұрысқақ болса – ұлың жау, Керіскек болса – келін жау т.б. [2].
Қазақ тіліндегі еркек жыныстыларға қатысты тілдік бірліктерді шартты түрде үшке
бөліп қарастырамыз. Этнолингвистикалық мағыналары жағынан бұлардың ішіндегі
өнімділері ұл, ер, әке, ата сөздері екендігі анықталды. Ұл сөзі 5, әке 7, ата 12, ал ер сөзі
20 этнолингвистикалық мағынаға ие екендігі дәлелденді. Мәселен, «ер» сөзі мынадай мән-
мағына бере алады:
1) Елі бардың – ері бар; 2) Ер жігіт елге бітеді; 3) Ер – ел қорғаны; 4) Ердің аты –ер
(батыр, ер жүрек); 5) Ер – атақ-даңқымен ер; 6) Ер – қол бастар; 7) Ердің күші – білегінде;
8) Ер қаруы – бес қару; 9) Ер қанаты – ат; 10) Ер майданда сыналар; 11) Ақыл – ердің
қорғаны; 12) Ер – бір сөзді; 13) Ерді намыс өлтіреді; 14) Ердің екі сөйлегені өлгені; 15) Ер
дәулеті – еңбек; 16) Ер жігітке мал бітпес; 17) Ер серігі – дос-жаран; 18) Ер – сегіз қырлы,
бір сырлы (қарапайым, қайырымды, мейірімді, арлы, ынтымақты, епті, шыншыл, жомарт,
мәрт, мырза т.б.); 19) Ер – қайыспас қара нар; 20) Ер – елінде сыйлы.
«Ер адам» концептісінің құрамдас бөлігіне жататын «Жігіт» микроконцептісі қазақ
халқының дүниетанымында жақсы жігіт және жаман жігіт деген екі түрлі категорияда
беріледі. Ғаламның тілдік бейнесінде «Жақсы жігіт» стереотиптік үлгісін беретін мақал-
мәтелдер жігіттің батырлығын, күштілігін, қайсарлығын, іскерлігін, білімділігін,
өнерлілігін т.б. қасиеттерін алға тартады. Бұл сөздің де кемінде он шақты
этнолингвистикалық мән-мағынасы бар екендігі анықталды. Олар:
1) Жігіт – ел сәні; 2) Жігіт – халық намысы; 3) Жігіт – ел қорғаны; 4) Жігіт – көпке
ортақ; 5) Жігіт көркі – пырақ; 6) Жігіт қаруы – бес қару; 7) Жігітке жалғыздық
222
жараспайды; 8) Жігіт – жолдасымен жігіт; 9) Жігіт сында шыңдалады; 10) Жігіттің осал
жері – әйел.
«Жақсы жігіт» стереотиптік үлгісін танытуда мынадай қасиеттер айрықша
сипатталады:
Батыр жігіт: Ер жігіт үйде туып, түзде өледі; Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ;
Арыстанды арыстандай жігіт алар; Жігіттің жолбарысы жол торымайды, ел қориды;
Жібек белбеу – белдің көркі, Батыр жігіт – елдің көркі т.б.
Өнерлі жігіт: Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын; Жігітке жеті өнер де аз,
жетпіс өнер көп емес; Өнерлі жігіт өрге озар, Өнерсіз жігіт жер соғар; Жігіт көркі –
өнер т.б.
Намысшыл жігіт: Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені, Емен ағаштың иілгені –
сынғаны; Намысы бар жігіттің, нар күшіндей күші бар; Жігітке жар қымбат, Намыс
пенен ар қымбат; Жүйрік – алысқа, Жігіт намысқа шабады т.б.
Ақылды жігіт: Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер; Жемісті ағаш жер
бауырлап өседі, Жетелі жігіт ел бауырлап өседі т.б.
Пысық, табыскер жігіт: Пайдасы бар жігіттер дария, шалқар көлмен тең, Пайдасы
жоқ жігіттер ел қонбайтын шөлмен тең; Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім, Жылқы
жақсысы тісінен мәлім; Ауыл билеген аймағын билейді; Жақсы болар жігіттің
жұмыссыз жүрген күні жоқ, Жаман болар жігіттің жұмысқа еш қыры жоқ т.б.
Тәрбиелі жігіт: Тәрбиелі жігіт тәртіпті келер; Әдепті жігіт – сыпайы, әдепсіз
жігіт – тұрпайы; Аталы айғыр үйірін жауға алдырмас, Ата көрген жігіт ауылын дауға
қалдырмас т.б.
Білімді жігіт: Сиырдың сүті – тілінде, Жігіттің құты – білімде; Білімсіз жігіт бірді
жығады, Білімді жігіт мыңды жығады т.б.
«Ер адам» концептісі барша халыққа ортақ концепт болғанымен, әр халықтың
менталитетіне, дүниетанымына, болмысына орай оның концептілік өрісі айқындалып
отырады. Еркек атаулыны сипаттауда оның жас ерекшелігі, отбасындағы орны, әлеуметтік
орны, туыстық байланысына қарай атаулары да әртүрлі лексемалармен беріледі. Мысалы,
«ер адам» тезаурсын түзетін ұл, ер бала, бозбала, жігіт, ер, еркек, күйеу жігіт, отағасы, әке,
ата, баба, ақсақал, шал сөздері мақал-мәтелдерде «еркек-ұл», «еркек-жігіт», «еркек-ер»,
«еркек-күйеу жігіт», «еркек-әке», «еркек-ата», «еркек-баба», «еркек-ақсақал» когнитивтік
модельдерін құрайды. Аталмыш ұйытқы сөздер қатысқан мақал-мәтелдерден «Ер адам»
концептісіне байланысты этностық дүниетаным мен халықтың ұлттық-мәдени
ерекшелігін аңғаруға болады. Ер адамға тән қасиеттерді халық аса бағалап-қастерлеген.
Ер адамға тән ақылдылық, батырлық, өткірлік, білімділік, пысықтық т.б. қасиеттер ұлт
мәдениеті шеңберіндегі «Ер адам» концептісін қалыптастырады.
Ал әйел жыныстыларға қатысты атаулар «қыз – келін», «әйел – ана», «бәйбіше –
тоқал» деп шартты түрде үшке бөлініп алынды. Бұл лексика-семантикалық топтардың
ішіндегі өнімді лексемалар қыз, әйел, қатын, ана сөздері екен. Зерттеу барысында
бұлардың әрқайсысы он-оннан этнолингвистикалық мағынаға ие екендіктері анықталды.
Мәселен, «қыз» сөзі мынадай мағыналарға ие:
1) Қыз – қызғалдақ; 2) Қыз – сәнқұмар; 3) Қыз – арман; 4) Қыз – ел еркесі, ауыл
көркі; 5) Қыз – жат жұрттық; 6) Қыз – болашақ ана; 7) Қызға – қырық үйден тыйым; 8)
Қыз тәрбиесі – басты мақсат; 9) Қыз тәрбиесі – анадан.
Ал «әйел» сөзінің этнолингвистикалық мағыналары мынадай:
1) Әйел – ана; 2) Әйел – отбасының ұйытқысы; 3) Әйел – үйдің берекесі; 4) Әйел –
ырыс; 5) Әйел – жарың, (сыңарың), досың (серігің); 6) Әйел – ердің тәңірісі; 7) Әйел –
сұлу (ару); 8) Әйел – еңбекқор; 9) Әйел – өмірдің іргетасы; 10) Әйел – ұлт тағдыры.
«Ана» сөзінің берер мән-мағынасы да аз емес. Олар:
223
1) Ана – жаратушы (өмір сыйлаушы); 2) Ана – құдірет; 3) Ана – тіршілік тірегі; 4)
Ана – панаң (қорғаның); 5) Ана – тәлімгер; 6) Ана – ұлт тірегі; 7) Ана – досың; 8) Баласыз
ана – гүлсіз алма; 9) Ананың көңілі – балада; 10) Анаға құрмет – балаға міндет.
«Әйел», «Ер адам» концептілері кез келген мәдениетте кездесетін концепт
болғандықтан, әмбебаптық сипатқа ие. Дегенмен, бұл концептілердің белгілі бір қоғамға
тән нақты ерекшеліктері де бар екені анық. Гендерлік ерекшеліктер антропоцентристік
парадигмада этностың өзіндік ерекшеліктері, наным-сенімдері, әдет-ғұрпы, салт-
дәстүрімен, дүниетанымымен байланыста қарастырылуды қажет етеді. «Ер адам»
концептісін қалыптастыратын мақал-мәтелдерден ер адам бейнесінің, «Әйел» концептісін
қалыптастыратын тұрақты тіркестерден әйел адам бейнесінің ұлттық табиғаты жан-жақты
ашылады. Қазақ тіліндегі «Ер адам», «Әйел» концептісін қалыптастыратын
фразеологизмдер, мақал-мәтелдер образ жасауда, ұлттық танымның ерекшелігін
көрсетуде, ұлттық дүниетанымды беру мақсатында, этнос болмысын, таным-түсінігін әр
қырынан көрсетуде мол ақпарат береді.
Ағылшын тіліндегі атауыштық мәндегі фразеологиялық оралымдар арқылы
әйелдердің мынадай түрлері сипатталады: кейуананың, кексе әйелдің, жас әйелдің, сұлу
әйелдің, тұрмысқа шықпаған әйелдің, жеңіл мінезді әйелдің, отбасындағы, қоғамдық-
әлеуметтік өмірдегі, мәдени өмірдегі әйелдер, әйелдердің қасиеті, моральдық бағасы,
адамгершілігі, мінез-құлқы және т.б. Ағылшын тіліндегі атауыштық мәндегі
фразеологиялық оралымдар арқылы ер адамдардың типтері әйелдерге ұқсас келетіндігі
байқалды. Алайда, ағылшын тіліндегі әйелдер мен еркектердің сипатын білдіретін
фразеологиялық оралымдардың салыстырмалы талдауы гендерлік қатынасқа байланысты
қызық деректердің бар екендігін көрсетті. Солардың бірнешеуін атап өтейік:
1. Ағылшын тіліндегі гендерлік қатынастағы зерттеу нәтижелері қоғамдық ғылымдар
мен әлеуметтану ғылымдарындағы гендерлік қатынасқа байланысты зерттеу
қорытындыларымен сәйкес келеді.
2. Қазіргі ағылшын тілінің фразеологиялық жүйесіндегі әйелдер мен ерлерді
сипаттайтын фразеологиялық оралымдарда олардың арасындағы белгілі бір
айырмашылықтар мен биологиялық, физикалық, психологиялық, ойлау, логикалық,
мәдени, мінез-құлқындағы ерекшеліктер бейнеленеді.
3. Ағылшын тіліндегі әйелдер мен ерлерді сипаттайтын фразеологиялық оралымдар
ерлердің мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік-өндірістік, қоғамның еңбек, кәсіби, ғылыми
өмірінде, ал әйелдердің отбасы, мәдени және қоғамның тағы да басқа салаларында қызмет
ететінін көрсететін әлеуметтік зерттеулерді растайды.
4. Әйелдерді сипаттайтын фразеологиялық оралымдар, керісінше, мемлекеттік,
әлеуметтік-қоғамдық, өндірістік, кәсіби өмірде әйелдердің аз қызмет ететінін көрсетеді,
сондықтан да ағылшын тіліндегі осы тақырыпқа қатысты фразеологиялық бірліктер аз
кездеседі.
5. Ағылшын тіліндегі әйелдер мен ерлерді сипаттайтын фразеологиялық оралымдар
олардың қайсысының көбірек Англияның мәдениет, тарих, әдебиет, өнер саласындағы
тарихи тұлға екендігінен хабар береді.
6. Әйелдер мен ерлерді сипаттайтын фразеологиялық оралымдардың бір-біріне
қарама-қарсылығын ер адамдарға қатысты фразеологиялық бірліктерде жаргондар мен
перифразалардың жиі қолданылып, ал әйелдерге қатысты фразеологиялық оралымдарда
олардың қолданылмайтындығынан байқаймыз [3, 23].
Адамзат тілі бір немесе бірнеше жүйенің жиынтығындағы категорияларды көрсетуге
қабілетті. Барлығы сол бейнеленген категориялардың сипатына байланысты. Номинативті
деңгейде бұл тілдің лексикалық және фразеологиялық жүйесінің өзара әсерінен көрінеді.
Екі жүйенің де номинативті мүмкіндіктерінде белгілі бір шектеулер бар, бұл олардың
арасындағы қарым-қатынастың ерекше қағидасының, соның ішінде толықтыру
қағидасының қалыптасуына алып келеді. Бұдан шығатын қорытынды, тілдің лексикалық
224
қорының
семантикалық,
функционалды-номинативтік
қызметін
фразеология
толықтырады, сонымен бірге лексика немесе фразеология сияқты бір жүйенің
номинативті-семантикалық, номинативті-функционалдық, категориялық сипаттарын бір-
бірімен тығыз байланыста қарастыру керек.
Ағылшын тілінің фразеологиялық қорында әйелдердің мынадай концептілік типтері
бар екендігі анықталды:
1) егде жастағы әйел немесе кейуана; 2) тұрмысқа шықпаған әйел; 3) жеңіл мінезді
әйел; 4) әйел және отбасы; 5) әйел және қоғам (әйелдің қоғамдық және кәсіби мәртебесі);
6) әйелдің сыртқы келбеті; 7) әйелдің мінез-құлқы; 8) әйел және оның қасиеті, моральдық
бағасы, адамгершілігі; 9) тарихи тұлғалар; 10) әдеби кейіпкерлер.
Кейуана мен кексе әйелдің концептісі фразеологиялық қордан кең орын алған.
Мысалы:
Мысық – an old cat, кәрі мысық (сөзбе-сөз аудармасы), фразеологиялық мағынасы –
ашушаң кемпір;
Әйел, қыз – old girl – ауызша еркелету «кемпір»;
Қозы, саулық – mutton dressed (up) as lamb – өзін-өзі күтіп қалған кемпір
(молодящаяся старушка);
Гейзер – old geezer – ауызекі сөйлеуде қартаю (старушенция).
Ағылшын тілінің фразеологиялық жүйесінде жалғызбасты, тұрмыс құрмаған
әйелдерді суреттейтін тұрақты сөз тіркестері молынан ұшырасады. Мысалы:
An unappropriated blessing – қажетсінбейтін қазына, тұрмысқа шықпаған әйел, кәрі
қыз;
Bachelor girl – жеке тұратын жалғызбасты қыз, «бойдақ» қыз;
Hell has no fury like a woman cored – «тозақтағы фурия тастанды әйелден
қорқынышты емес»;
Be an the shelt – 1) (of smb) мұрағатқа жіберілген, істен шеттетілген; 2) тұрмысқа
шықпай, кәрі қыз болып қалу.
Ағылшын әйелдерінің мүддесі, қызығушылығы, отбасылық, әлеуметтік, қоғамдық
мәртебесін де номинцияның фразеологиялық тәсілі арқылы беруге болады. Мысалы:
Girl Friday – сенімді қызметкер, бастықтың «оң қолы», көмекші (әсіресе, хатшы
қызға байланысты айтылады);
G.Y.Jane – американдық әскери сөйлеу тілі, әскери қызметкер әйел (қатардағы
жауынгер);
A meter maid – американдық әйел – автотұрақтағы автокөліктердің ережесін
бақылайтын полиция қызметкері.
Ағылшын тілінің фразеологиялық жүйесінде әйелдердің жас ерекшеліктерін
сипаттайтын және некеге қатысты тұрақты сөз тіркестері де көптеп кездеседі. Мысалы:
Please one’s age and plague one’s heart – есеппен күйеуге шығу;
Marry money – бай адамға күйеуге шығу;
The age of consent – әйелдің некеге тұрар жасы.
Ағылшын тілінің фразеологиялық қорында әйелдердің жағымды және жағымсыз
мінездерін сипаттайтын фразеологизмдер де аз кездеспейді. Олар әйелдердің сыртқы
келбетін, әлеуметтік мәртебесін, адамгершілік, зияткерлік, мәдени қасиеттерін, олардың
қабілет-қарымын бейнелейді. Мысалы:
Aunt Tabby – американдық жаргон, «Тэбби тәте» (әйелдер теңдігіне қарсы,
консервативті әйел);
A peroxide blonde – шашы боялған әйел (блондинка);
A high kicker – жеңіл ойлы қыз, ұшқалақ;
A slick chick – американдық жаргон, сұлу қыз, сүйкімді қыз,
A glamour girl – ауызекі сөйлеу тілі, сұлу қыз.
225
Ағылшын тілінде фразеологиялық тәсіл арқылы тек әйелдер ғана емес, сонымен
бірге ер адамдар да сипатталады. Оларға тәжірибелі маман, әлеуметтік мәртебесі жоғары
адам ретінде қарайды. Әйелдерге қарағанда ерлердің әлеуметтік, кәсіби және қоғамдық
рөлі туралы тұрақты сөз тіркестері өте көп кездесетіндігін атап өту керек. Мысалы:
An old bird – қария, қарт адам.
A back room boy ( a boy in the back room) – ауызекі сөйлеу тілі: құпия зертхананың
ғылыми қызметкері, ғалым немесе қарудың жаңа бір түрімен жұмыс істейтін конструктор.
A wife-collar worker – «ақ жағалы», қызметкер.
A dollar-a-year man – амер. арнайы жұмыс істейтін капиталист.
A past worker – ауызекі сөйлеу тілі: уақытты босқа өткізбейтін пысық жігіт.
A marked man – 1) көрнекті, атақты адам; 2) арына дақ түсірген, сезік тудыратын
адам.
The Black Prince – тарихи: Қара ханзада (ІІІ король Эдуардтың ұлы Уэльский
ханзада, ол қара лат киіп жүрген), prince charming (Prince Charming) – ертегідегі ханзада
(болашақ күйеудің бейнесі).
Robin Goodfellow – фольклор: Мейірімді Робин.
Man Friday – сенімді, адал үй қызметшісі [4].
Ағылшын тіліндегі әйелдер мен ерлердің мінез-құлқы мен түрлі сипаттарына
фразеологизмдер арқылы салыстырмалы талдау жасау әлеуметтану үшін де, мәдениеттану
үшін де, лингвистика үшін де қызықты жайттарды аңғартатынын байқадық. Атап
айтқанда, біріншіден, әйел қауымы сипатталатын фразеологизмдерге қарағанда ер
адамдар бейнеленетін тұрақты сөз тіркестері сан жағынан көптеп кездеседі. Екіншіден,
фразеологиялық бірліктер арқылы ер адамдардың қоғамдық-әлеуметтік, тарихи, мәдени,
кәсіби типологиясы әйелдерге қарағанда анағұрлым көбірек екені байқалады. Үшіншіден,
ағылшын тіліндегі ер адамдарға арналған фразеологиялық оралымдарда жаргондар,
ұлттық және мемлекеттік сипаттағы варианттар әйел адамдарға қарағанда молынан
ұшырасады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, қазақ-ағылшын халықтарының этностық
дүниетанымы мен ұлттық-мәдени ерекшеліктерін «Әйел», «Ер адам» концептілерінен де
аңғаруға болатындығын айтқымыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |