Наурыз –ұлыстың ұлы күні
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын
алатын, ертеден мерекеленіп келе жаткан мейрамның бірі-Наурыз күні. Наурыз
–
парсы сөзі, қазақша айтқанда «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Күн –жыл
сайын наурыз айының 22-де мерекеленетін болған. Яғни бұл күн мен түннің
теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтың кезі.
Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген.
Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы – «Ұлыстың ұлы
күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. Жұрт жақсы киініп, ауыл
аралап, бірін-бірі жаңа жыл – Наурызбен кұттықтап, сағынышты көрісулер,
ыстық құшақ қауышулар үстінде бір-біріне игі тілек тілесіп, адал ниетпен, ақ
бата беріскен. Мұны олар өлең, тақпақ арқылы білдіріскен. «Аманба! Ұлыс оң
болсын! Ақ мол болсын, қайда барса, жол болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт
түлік ақты болсын! Ұлыс береке берсін! Бәле –жала жерге енсін!- деп, немесе;
«Ұлыс күні» кәрі-жас, құшақтасып көріскен. Шалдар бата беріскен, Сақтай гөр
деп теріс істен!» Кел, таза бақ, кел десіп, Ием тілек бер десіп!» - деген тәрізді
98
тілек айтысқан. Бұл өлең-жырларда, біріншіден, ерте кездегі шаруа
адамдарының арман тілегі айтылса, екіншіден, «әр нәрсенің жаратушы иесі бар,
соған жалбарынсақ, жаманшылықтан сақтайды» деген сияқты діни наным-
сенім де байқалады.
Наурыз мейрамында қазақ халқы «Наурыз көже» ішіп, ән шырқап, күй
шертісіп, балуан күрестіріп, ойын-сауықпен өткізген. Наурыз мейрамын
қазақтармен бірге көрші өзбек, қырғыз, қарақалпақ т.б. жұрттар да осылай
тойлайтын болған. Орта Азия әкімдері кейбір зындандарға салынған
тұтқындардың қол-аяғын босатып кешірім берген. Қарапайым халықтың
«Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді» дейтіні сондықтан болса керек.
Наурыз – діни мейрам емес, халық мейрамы, «Аурулар сауығамыз деп, аштар
тойынамыз деп, жалаңаштар киінеміз де күн көреміз» дегендей жұрттың
бәрінде келешектен үлкен үміт, жылы шырай сезіліп, «бәріміз де табиғаттың
перзентіміз, оның бергеніне риза болайық» дегендей ой-пікір өзекті орын алған.
Наурыз мейрамын атап өту соңғы елу жыл ішінде аяқсыз қалып келген еді.
Ұзақ жылғы үзілістен кейін 1988 жылдан бастап, бүкіл республика
жұртшылығы Наурыз мейрамын зор қуанышпен атап өтетін болды.
«Мәңгілік Ел» идеясы
Жетістік – кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде. Солай
болғанда ғана Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей Жалпыұлттық идея –
қазақтың Ұлттық Шаңырағы – Қазақстан құт пен берекенің, ынтымақ пен
ырыстың ошағына айналмақ. Мәңгілік Ел болу үшін қазақ – шаңырақ, этностар
–
уық, ынтымағымыз – кереге болу қажет.
Бүгінде, Қазақстан әлемнің төрт бұрышына түгел мәшһүр, ұлттық
мемлекеттiлiкке тән барлық қадір-қасиеті мен рәміздерін қамтамасыз еткен
мемлекет. Саяси егемендігіміздің іргетасы экономикалық жетістіктермен
бекітілуде.
Ұлтаралық
татулық
пен
халықтар
достығы
саяси
тұрақтылығымыздың мәуелі мәйегiне айналып отыр. Тіліміз бен діліміз,
мәдениетіміз бен әдебиетіміз жанданып, жаңарып жатыр.
Еуразия атты қарт материк талай аласапыран оқиғаларды басынан өткізсе
де, осы апайтөс құрлықтың дәл кіндік ортасындағы ұшы-қиыры жоқ Ұлы
даланы «үстінде көк аспан, астында қара жер жаралғаннан бері» мекен етіп
келе жатқан халқымыз әр кезде де Бостандық, Еркіндік, Азаттық ұғымдарымен
ұлықтанып келеді. Бас-аяғы бес жарым ғасыр ішінде қазақ халық ретінде,
Қазақстан мемлекет ретінде небір тар жол, тайғақ кешуден өттi. Керей мен
Жәнібек, Хақназар мен Тәуке хандар тұсында азуы алты қарыс көршілерінен
еш қаймықпай, қалыспай, терезесін тең ұстап, ел мен жұрт үшін қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған заман орнатты. Ұлттық мемлекеттілікке деген ұлы
махаббаттың, еркіндік сүйгіш ерік-жігердің, тәуелсіздікке деген арманын
дүниедегі бар асылына балаған асқақ рухтың арқасы.
99
Айтыс өнері
Қазақ тұрмысында ақындар айтысы-жүйрік аттардың бәйгесімен бірдей
болған. Жарыста озған атқа бәйгі беру сияқты, айтысқа түсіп, топ алдында
жеңген ақындарға да бәйгі тігіп, бәйге берген. Ел дәстүрі бойынша жарысқа
түскен жүйрік те, айтысқа түскен ақын да өз намысы емес, белгілі бір
аймақтың, рудың намысын қорғаған. Бәйгеге шапқан аттың озып келуін ат иесі
ғана емес, бүкіл рулы ел болып тілеген. Бәйгеде озған атқа шапқан бала
көмбеге таяй бере ат иесінің атын ұрандамай, ру есімін атап ұран салуы осының
айғағы. Ал ат бәйгеден келгенде оның бәйгесін рулы елдің бөліске салатыны да
«ас ортақ, бәйге ат ортақ» деп қараудан туған рәсімдер.
Ақын да осылай. Ескі әдет бойынша айтысатын акындардың барлығы да
өз руын мақтап, байлығын, мырзалығын, сән-салтанатын дәріптеп, қарсы рудың
жаман әдеттерін жіпке тізіп, кемшілік міні ретінде айып етіп, бетке басуға
тырысқан. Мысалы Құлманбет өз елінің байларын мақтап сөз таластыртқанда,
жыр алыбы Жамбыл:
«Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап, әуре болмай, жөніңе қайт,»- деп сөзден сүріндіреді.
Ақындар айтысы осындай ел намысының қорғаушысы болғандықтан ақынды
әуелі өз руы ішінде сынап алып барып, ұлы дүбірлі үлкен айтысқа жібіретін
болған». Шешеннің сөзі ортақ, шебердің қолы ортақ», «Өлең – сөздің
патшасы», «Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер» деп ақындық өнерді бар
өнердің алды санаған ата-бабамыз айтыс ақындарын ел бастаған хандар мен қол
бастаған батырлардан кем көрмеген. Ертеде өткен ақындар айтысының дүлділі
Біржан мен Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Көкбай
мен Әріпті, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлманбетті т.б. рулы елдің ар-
намысын қорғаушылар деп, көтермелеп, олардың айтыс өлеңдерін сан ғасыр
өтсе де ұмытпай жадында берік сақтап, біздің дәуірімізге жеткізуі, біріншіден,
ақындырдың талантын қадір тұтуы болса, екіншіден сол ел, ру намысын
қорғаған ақындардың өлең-жырын кейінгі ұрпақтың көкейіне ұялатып, олардың
патриоттық сезімін оятудың құралы деп санаған.
Айтыс ақындарынан тапқырлықты, білімдарлықты, өмір тануда сергек
сезімталдықты және өзгеге ұқсамас өзіндік сөз саптау ерекшілігін талап еткен.
Айтыстың шешендік сөз сайысы, тәрбие мектебі, тапқырлықтың тұғыры болып
ерекше бағалануы да сондықтан.
Қазақстан-Байқоңыр-Ғарыш
«Байқоңыр» пайдалануға берілген уақыттан бері 1300-ге жуық зымыран
ұшырылған. Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түскен.
1957
жылғы 1 қазаннан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл
ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос
кеңістігін зерттейтін аппараттар ұшырылған. Зымырандарды жасаған кезде,
100
оларға экологиялық мінездеме беріледі. Ол зымырандарды ұшырған кезде
айналаны қоршаған ортаға өте көп зиян келтірмейтіні ғылыми басшылыққа
алынады. Ал зымырандар экологияны бұзатын болса, онда қауіпті зымырандар
ұшырылмайды. Байқоңыр космодромы қазақ жеріне орасан зор бақытсыздық
әкеліп отырғаны сөзсіз. Ауа райы бұзылып, климат өзгеріп кеткенін айтпай
кетуге болмайды.
1996
жылы 14-ші мамыр күні РН "Союз” атты зымыран-тасымалдайтын
зымыран апатқа ұшырап, бұрынғы Торғай облысы Амангелді ауданына
қарайтын Сарыторғай жылқы заводының территориясына құлап түскен
болатын, Арнаулы түрде жүгізілген зерттеулердің қорытындыларына
қарағанда, жердің, судың, ауаның агрессивті улы қосылыстарымен ластанғаны
анықталған. Олардың тірі ағзаларға тигізетін зиянды әсері орасан күшті екені
байқалған. 1997 жылы 20 мамыр күні РН "Зенит” атты зымыран 49 секундтан
кейін апатқа ұшыраған болатын. 8 шақырым биіктіктен зымырандағы
космостық аппарат жерге құлап түсіп, кенеттен жарылып кеткен.
Бақытқа орай, зымыран апаты космодромның адамдар тұрмайтын бос
аймақтарына құлап түскен. Сондықтан да, адамдар шғыны болмаған, улы
отынның негізгі бөлігі аспанда жанып кеткен. Дегенмен, 80 тонна керосин, 200
тонна сұйық оттек жерге түскен. Бұл жанармайлар зымыран құлаған 300
шаршы шақырым жердің өсімдіктерін мүлдем жойып жіберген. Жарылған
зымыран корпусының жарылғанынан шыққан металл сынықтары Дюраль 1
гектар жерге шашылып кеткен.
1999
жылы 5 шілде күні және 27 қазан күні Қарағанды облысына
қарайтын Қарқаралы ауданының территориясына зымыран-тасымалдаушы РН
"Протон” зымыран 90 шақырым биіктікте апатқа ұшырап, жерге құлап түскен.
Сол жердің тұрғындарына әсер етті ме, жоқ болмаса етпеді ме деген мақсатпен
арнаулы түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, судан, топырақтан,
өсімдіктерден үлгілер алынып, олар лабораторияда анализден өткізілген.
Зымыранның құлап түскен жері – "Карбышевка” (Көктас аулы) деп аталатын
елді мекен.
Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінен арнаулы құрылған комиссиялар
жұмыс істеп, зымыранның келтірген зиянын анықтады. Ол үшін жерден 195
үлгі, судан - 61, өсімдіктерден 101- барлығы 357 үлгі алынып, Қарағанды
қаласының санитарлық эпидемиялық станциясының, әл-Фараби атындағы
Қазақ
ұлттық
мемлекеттік
университетінің
кафедрасында,
Ресей
Федерациясының Биофизика институтының лабораторияларында анықтады.
Суда, өсімдіктерде, малдардың сүттерінде гептил байқалған жоқ. Топырақтың 3
үлгісінен гептил табылған, оның коцентрациясы ете аз болған. Экологиялық
зерттеулер күні бүгінге дейін жүргізіліп келеді
Қазақ жазуының даму жолы
Ерлан: Қырқыншы жылдарға дейін латын әріптерін, одан бұрын араб
жазуын пайдаланыппыз. Сонда қазақ халқының ешқандай жазуы болмаған ба?
Әсет: Қазақ халқы өзінің тарихи даму жолында жазуды, әрине
101
пайдаланған.VII-VIII ғасырларда қазақ рулары туысқан түркі халықтарына тең
ортақ Орхон-Енесей, Талас және көне ұйғыр жазуларын қолданған. Кейін араб
жаулаушылары мұсылман дінін енгізуімен байланысты көне жазуымызды
қолданыстан ығыстырып шығарған. Көне жазуымыз тасқа қашалып жазылған
жазу ескерткіштерінде ғана сақталып қалған.
Ерлан: Сына жазуы деген сол ма?
Әсет:Ия, сол. Ол қазіргі түркі халықтарының төл жазуы еді. Басқа түркі
халықтары сияқты мұсылман дінін қабылдаған қазақ рулары араб жазуын
пайдалануға көшті: одан бері мың жылдай уақыт бойы – 1924 реформа
жасалды. Мұны халқымыздың зиялы азаматы, соған дейн-ақ бірнеше
оқулықтар жазған Ахмет Байтурсынов ұсынды. Жаңа араб жазуына негізделген
альфавитті Жәдид (Жаңа) деп атап, оны 1929 жылға дейін қолданып келдік.
Содан кейн 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әрпін қолдандық.
Ерлан: Бұған не себеп болды? Неге өзгерді?
Әсет: Бұл да – сол кездегі тотолитарлық жүйенің жұмысы. Егер халқымыз
араб әріпімен қалса, дінді уағыздап кетеді деп есептеді. Кеңес өкіметінің
тұсында тілімізге орыс сөздері жөнді-жөнсіз қаптап енді. Ал бұларды латын
әрпімен белгілеу тағы да қиындық келтірді. Ақыры 1940 жылы орыс
графикасына негізделген әріпке көштік, міне содан бері осы әріпті қолданып
келеміз.
Ерлан: Соңғы кезде қайтадан латын жазуына көшу сөз болып жүр ғой ...
Әсет: Иә, ондай сөз болып жүргені рас. Бұл – әлі басы ашылмаған мәселе.
Жолың болсын, жолаушы
Үлкен адамдардың әңгімесіне ден қойып, құлақ түрсеңіз, «жол кеспесем,
амандық болса, топырақтан тысқары болсам» деген тіркестерді жиі естиміз.
Жолдың мағыналық ауқымы біздің күнделікті тұрмыста жиі қолданып жүрген
ұғымнан әлдеқайда кең.
«Атаның ақ жолы», «Есім салған ескі жол», «Қасым салған қасқа жол»,
«Жолы үлкен», «Әйелдің жолы жіңішке», «Жолын болсын, жолдасың Қыдыр
болсын» деген сөздер қадым заманғы қалыптасқан ұлттық рухани мұрамыздың
алтын тамыры іспетті. Адамзат тарихындағы ең алғашқы тас кітаптардың
авторы, түркі халқының еңбегі тасқа басылған тұңғыш жырауы Иоллық
Тегіннің есімінің өзі «Жолы үлкен» дегенді білдіреді.
Сан ғасырлар бойы халқымыздың санасына сіңіп, сараланып жеткен бай
дәстүрлерінің бірі – ырым ғұрыптары. Жақсылық нышандарына жоралғы,
жамандыққа тыйым ретінде айтылатын ырымдар халқымыздың баладан бастап
үлкенге дейін ұлағаттылыққа тәрбиелеудегі бай тәжірибесінен түйіндеген
қағидасы. Әрбір ырым сөздің негізінде қоршаған ортаға, табиғатқа, тіршілікке,
адамгершілікке, көргенділікке қажетті қасиеттерді уағыздап, жаман іс-
әрекеттен, жат пиғылдан безіндіретін түйіндер жатыр. Халқымызда сапарға
шығу, жол туралы да көптеген ырым, тыйымдар бар.
-
Қазақта сейсенбі күні алыс сапарға аттанбайды, үлкен іс бастамайды.
Себебі, бұл ауыр күн болып есептеледі. Бас зеңіп тұрады деп ырымдалады.
102
-
Қазақ жолаушылап жолға шығар алдында үйіндегі кішкене балаға
аяғыңды көтерші дейді. Егер бала оң аяғын көтерсе, жол болады екен деп
қуанады.Сол аяғын көтерсе, жол теріс деп жолға шықпайды.
-
Алыс сапарға шыққанда жолға сары май, тұз алып шықпайды. Оның
мәнісі –жолым сарғайтып, зарықтырмасын, тұздай ащы азап тартпайын деген
ниетті бейнелегені.
-
Жол үстінде келе жатқан жолаушыдан: «Қайда барасың?» – деп
сұрамайды. Қайта «Жол болсын!» деп, ақ жол тілейді. Себебі, жолаушы барар
бағытын құпия ұстайды. Қаскөй біреулер біліп қалып, соңыма түседі, жолымды
ториды, сайтан соңымнан ереді деп, жаман ырымға балайды.
Сапардағы жолаушылар жапан далаға түнесе, атының шылбырын
сүйретіп қояды. Шылбыры сүйретіліп журген атқа қасқыр шаппайды. Өйткені,
қасқырдың ала жіп аттамайтын серті бар.
Қазақтың халық күнтізбесі
Қазақ қауымы негізгі планеталардың жағдайын жақсы білген. Олар
жайында өлең- жыр, сан алуан аңыздар шығарған. Қазақтардың жұлдыздарға
қойған аттары да өздерінің малшылық өмірінен алынған. Қазақтар жұлдызды
аспан картасын Темірқазықтан бастайды. Темірқазық-қазақтардың түнде жол
жүрген беталысын бағдарлайтын компасы істейтін іспеттес. Себебі ол
тапжылмай бір жерде тұрады. Оның маңындағы екі жұлдыз «Ақбозат»,
«Көкбозат» деп аталады. Қыста кешкі Шолпан (Санжұлдыз) туған кезде қойды
қораға әкеледі. «Меркурийді» қазақтар; «Таң Шолпаны» деп, кейде «Кіші
Шолпан» деп атаған. Юпитерді «Есек қырған», Марсты «Қызыл жұлдыз»,
Близнецті «Қос Жұлдыз», Сириусты «Сүмбіле» деп атаған және бұлардың жай-
күйін, орнын, қозғалысын жақсы білген. Жетіқарақшы – қазақтардың бәріне
таныс шоқжұлдыз. Ол – шөміш фигурасын құрастыратын жеті жарық жұлдыз
тобы. «Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы түнде адаспас» дейді қазақтар.
Үркер (Плеяды) жұлдызының қазақтар үшін әрі астрономиялық, әрі
метеорологиялық мәні бар. «Үркер» деп аталатын (орысша Плеяда) бір топ
шоқжұлдызға қарап отырған қазақтар ауа райының құбылуын, әр бөлігін
ажырата білген. Халықтың көпшілігі Үркердің 6 жұлдызын, көзі өткір адамдар
9
жұлдызын көреді. Іңір қараңғысындағы орнына қарай айтсақ, Үркер күздің
басында (қыркүйек-сентябрь айында) шығыстан, қыстың басында
(желтоқсанда-декабрьде) төбеден, көктемнің басында (Наурыз-мартта)
батыстан көрінеді, ал жаздың басында (маусым-июньде) мүлде көрінбейді.
Халық оны «Үркердің жерге түсуі» дейді. 40 күн ішінде Үркердің осы
көрінбейтін кезіне сәйкес келеді. Қазақ есепшілері Үркердің тууы мен батуын
ұдайы қадағалап, бақылап отырған.
Заң – қоғамның тірегі
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ
халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ
103
хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін
арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ
қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа
заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан
дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында
қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан
әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі
жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген
атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.
Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен
саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ
халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде
Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп,
дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі
жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық
деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-
ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Онда жер дауы, отбасы және неке
заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету
мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық
әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген
ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына
аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді
халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ
сөйлеген.
Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы
1991
жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда
98,7%
дауыспен Н. Ә. Назарбаев сайланды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда
44
жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 1991 жылы 1
желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. Елбасы үлкен
саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға.
Н. Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең
сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол
әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу -
бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.
Жасыратыны жоқ, бүгінде қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ
даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт
бұрышы біледі. Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық
Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен
айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай
маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан
үлесінің орасан зор.
104
Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару
ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет,
халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын
біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен
Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ
халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола
алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен
ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Жастар және бұқаралық ақпарат құралдары
Тілші: БАҚ арқылы бүгінгі буынды тәрбиелеудің маңызы мен мәні
қандай?
Ғалым: Бүгінде медиа адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды.
Зерттеушілер, жетпіс бес жыл өмір сүрген «өркениетті адамның» елу жылы
белсенді әрекет ету арқылы өтетін көрінеді. Оның тура тоғыз жылын теледидар
көруге жұмсайды екен. Орташа есеппен қазіргі оқушылар күніне алты сағат
уақытын медиамен байланысқа арнайды. Жалпы, ХХІ ғасырда кез келген
ұлттың барлық салада, әрине, білім саласын есепке алғанда, медиасыз
әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қарқынды дамуы да мүмкін емес. Медиабілім –
бұқаралық коммуникация құралдарын меңгеруге үйретуді көздейтін
педагогикадағы жаңа бағыт.
Тілші: Жаһандану жағдайы демекші, қазір жеткіншектерді теледидар
алдынан ажырату қиын. Тіпті, балаларды теледидар тәрбиелеуге көшкен
тәрізді…
Ғалым: Ол рас. Америкалық психолог А.Моридің зерттеуіне сүйенсек,
теледидардың алдында ұзақ отыру адамның ерік-жігерін әлсірете түседі.
Көгілдір экранға ұзақ телміру көз жанары арқылы миды «арбап тастайды» екен.
Зерттеулер нәтижесінде күні бойы әке-шешесімен емес, теледидардағы ертегі
кейіпкерлерімен «сөйлесетін» бала олардың жалған екендігін біліп тұрса да
мойындағысы келмейді.
Тілші: Медиабілімнің жаңа бағыт. Жалпы, медиабілім беру саласы
бастауын қай елдерден алады?
Ғалым: Жаңа бағыт ХХ ғасырдың 60-жылдарында Ұлыбритания,
Франция, АҚШ, Австралия, Канада және әлемнің тағы басқа да алдыңғы
қатарлы елдерінде пайда болды. Медиабілімнің басты мақсаты жас ұрпақты
медиамәдениет әлеміне бейімделуге, БАҚ тілін игеруге, медиамәтіндерді
талдай білуге көмек көрсету болып табылады. Медиабілім – бұқаралық
коммуникация заңдылықтарын зерттейтін педагогиканың жаңа бір саласы.
Жоғарыда аталған елдерде медиабілім міндетті пән ретінде мектептерде
оқытылады. Мәселен, 1987 жылы Канаданың Онтарио провинциясының орта
білім беретін мектептеріндегі 7-12 сыныптарда «Медиабілім» пән ретінде
оқытыла бастады. Ал Австралияда «Медиабілім» ХХ ғасырдың 90-жылдарынан
бастап міндетті пән ретінде енгізілді. Ресей мен Украинада да өткен ғасырдың
80-
жылдарынан бастап медиабілім бойынша сабақтар факультативтер,
105
үйірмелер түрінде немесе оның элементтері жекелеген пәндерді оқыту
барысында (әдебиет, химия және т.б.) қолданылып келеді.
Тілші: Қазір жастар газет оқымайды, кітап оқымайды деп жүрміз, бұл
жайында сіз не айтар едіңіз?
Ғалым:
Рас,
қазір
көпшілік
басылымдардағы
мақалаларды,
телеарналардағы хабарларды жиі сын тезіне алады. Студенттеріме: «Қандай
отандық бағдарламаларды білесің?», «Қазақстанда қандай газеттер бар?»,
«Балаларға арналған, педагогтерге арналған қандай басылымдар бар?» деген
сауалдар қою арқылы сабағымды бастаймын. Көпшілігінің жауаптары «түк
жоққа» саяды, көңілдерінің толмайтындықтарын білдіреді. Курс соңына қарай
студенттердің отандық БАҚ-қа деген көзқарастары жақсы жағына өзгергенін,
еліміздің ақпарат кеңістігінен жан-жақты хабардар болғандығын, медиадағы
берілген әрбір оқиғаға өзіндік пікірі қалыптасқандығын аңғарамын.
Тілші: Шындығында, бұқаралық ақпарат құралдары болашақ ұрпақты
тәрбиелеуде біздің ойымыздан шығып жүр ме?
Ғалым: Әрине! Мысалы, қазіргі кезде балаларға арналған «Балапан»,
сондай-ақ дүниетаным көкжиегін кеңейтуге бағытталған «Білім және мәдениет»
телеарналары бар. «Балапан» телеарнасының балдырғандардың ұғымын
арттыруға арналған бағдарламаларын, қазақ тілін, тарихын жіті насихаттайды.
Жаңадан ашылған телеарна көрермендердің, әсіресе, балалардың көңілінен
шығатын қызықты дүниелерді ұсынуға талпыныс жасап келеді. Ал «Білім және
мәдениет» телеарнасын менің әріптестерім де, студенттерім де үзбей
тамашалайды. Арнада ғылыми, білім-тәрбиелік маңызы бар туындылар
көрсетіліп жүр.
Тілші: Сұхбатыңызға рақмет, шығармашылық табыс тілеймін.
Ғалым: Рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |