Сборник текстов на казахском, русском, английском



Pdf көрінісі
бет2/70
Дата31.01.2017
өлшемі8,9 Mb.
#3082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

 

Жайлауда 

 

Жазды  мен  ауылда  өткіздім.  Біздің  ауыл  жайлауға  мамырдың  аяғында 

көшіп келеді. 

Біздің жайлаудың аты – Сырт. 

Мұнда біз басқа болыстардың көптеген ауылдарымен кездестік. 

Таныс  емес  балалар  көп  болды.  Кейін  біз  олармен  шомылғанда,  таймен 

жарысқан кезде жиі кездесіп, танысып алдық. Мен бірнеше баламен достастым. 

Біз  бір-біріміздің  ауылға  бардық.  Қозы  бағып  жүрген  кезде  ойындар 

ұйымдастырдық. Кейде кешке қарай біреуіміздің ауылында ұзақ ойнайтынбыз. 

Қосшы мейрамында бірге болдық. 

Жидек теруге бардық. Жазды өте көңілді өткіздік. 

 

 


10 

Торғайлар 

(Әңгіме) 



 

Қыс.  Күн  суық.  Қаңтарда  қарға  адым  ғана  ұзарған  күннің  әлсіз  нұры 

ауланы  шуаққа  бөлей  алмай  тұр.  Дәулет  терезе  алдында  жағын  таянған  күйі 

сыртқа қарап, жалғыз өзі отырған еді. Үлкен терезенің алдына бір топ торғай 

келіп,  қонып,  ұшып  қайта  кетті,  қайта  келді.  Қарындары  қатты  ашқан  болуы 

керек. Дір-дір етеді. Жаураған сияқты. Терезені ашу дұрыс. Қаттылау жабылған 

көрінеді.  Апасы:  «Ашып  қойма,  үй  суып  кетеді»,  –  деген  бағана  шығып  бара 

жатып. Дәулеттің торғайларға шын жаны ашыды. Көзіне бір тамшы жас ұялай 

қалды. Енді қайтті? Не істеу керек? 

Ол  терезені  сәл  саңылау  жасай  ашып,  дорбадағы  бидайдан  томпақ 

алақанымен  бір  уыс  дәнді  терезе  жақтауына  септі.  Қанаттылар  тез-тез  шоқып 

жеп,  қайта  ұшып  жөнелді.  Кенет  торғайлар  топ-топ  болып  бұрынғысынан  да 

көбейе бастаған, терезе жақтауына жапырлай қонып, топырлап барады. Енді не 

қылмақ?  Апасы  ұрсып  жүрсе,  бидайды  қайда  құрттың  десе,  жауабы  қандай 

болмақ? 

«Торғайдың  адамға  пайдасы  көп»  дейтін  әжесі.  Олар  ағашқа,  алмаға, 

жүзімге  зиянды  құрт-құмырсқаны  теріп  жеп,  жамандыққа  жол  бермейді  емес 

пе?  Иә,  солай.  Торғайды  мысықтар  ұстап  алып  жеп  қоятыны  бар.  Мысықтар 

жаман ғой, тышқанды көрмейді, торғайларды аңдиды. Мысыққа «қой, тиіспе» 

деген лазым. Әйтпесе, шыбын-шіркейдің көзін жойып, адамдарға көп қолғабыс 

тигізетін торғайлар азайып кетеді ғой. 

 

Атымтай жомарт 

 

Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне 

ескi-құсқы  киiм  киiп,  отын  кесiп,  шөп  тасып  жұмыс  қылады  екен.  Бiр  күнi 

өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi: 

– 

Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, 



үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете 

алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. 

Жомарт айтты дейдi: 

– 

Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне 



бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi 

төмен  бейшаралардан  жиренiп,  көз  салмай,  кем-кетiкке  жәрдем  берудi 

ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның 

кемшiлiк  емес  екенiн  бiлiп,  кейiнгiлер  әбiрет  алсын  деймiн.  Үшiншiсi:  күн 

сайын  өз бейнетiммен  тапқан бiр-екi  пұлға  нан  сатып  алып  жесем де  бойыма 

сол  тамақ  болып  тарайды,  еңбекпен  табылған  дәмнiң  тәттiлiгi,  сiңiмдiлiгi 

болады  екен.  Төртiншiсi:  құдайтағаламның  берген  дәулетiн  өзiмсiнiп,  тиiстi 

орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне 

күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi. 

 

 


11 

Батыр бала 

А. Имановтың балалық шағынан 

 

Амангелді  бала  кезінде  Торғай  уезінің  Қызылжыңғыл  болысындағы 



Махамбет,  Сарыбай,  Қорқақ  секілді  мергендерге  еріп  тау-тасты  аралап  аң 

аулайды. 

Бір  күні  соңына  екі  лағын  ерткен  киіктің  ешкісі  суатқа  келіп  су  іше 

бастайды.Суат басында киік аңдып жатқан мергендер: 

Ал,бала,мерген саған жол бердік.Ешкіні ат,-дейді.  



Амангелді:-қолым бармайды,-деп ешкіні атпайды. 

Сол кезде бір қасқыр сай ішімен ақырын ғана ұрлана басып,ешкіге қарай 

келе жатты.Амангелді:- ал,ағалар,ататын рет жаңа келді,-дейді де жалғыз оқпен 

өкпенің  тұсынан  дәлдеп  көздеп,  бөріні  атады.  Киіктің  ешкісі  лағымен  қаша 

жөнеледі.-Бала да болсаң,әділ халыққа қамқоршы болғалы тұрған бала екенсің,-

деп,мергендер Амангелдіге батасын береді. 



 

Өзен жағасында  

 

Жазғы демалыс басталғалы бері Ернар мен Махаттың ойыннан қолдары 



босамады.  Суға  шомылады,  асық  ойнайды.  Одан  қалса,  ауыл  сыртындағы 

өзенге барып қармақпен балық аулайды. 

Міне, бүгін де солай қарай беттеп келеді. Күн көтеріле үйлерінен шыққан. 

Өзенге  әне-міне  таяп  қалды.  «Ерте  бармасақ  балық  аз  түседі.  Кейде  тіпті 

қармақты қаппай қояды»,– деген Ернар асықтырып. 

Ернардың  әкесі  –  Тастөбеде  сиыр  бағатын  бақташы.  Кішкентайынан 

әкесімен  сиыр  жая  жүріп,  ол  «Тастыарал»  орманының  ұңғыл-шұңғылын  бес 

саусағындай біліп алған. 

Баратын жерлері – Қаратал өзеніне тақау. Жол бойы күндегідей шалғын 

шөптің  иісі  мұрындарын қытықтап,  арагідік  құлақтарына көлбақаның  құрылы 

мен шегірткенің шырылы шалынып келеді. Осы бақа мен шегірткенің әуенінсіз 

жазды елестету мүмкін емес шығар. 

Қалың жусан түбінен бір-екі рет пыр-пыр етіп бозторғай ұшты. Ол да бір 

әнші құс. Күн жер бетін алтын шұғыласына толық бояп үлгерместен-ақ ол да 

тынымсыз тіршілігін бастайды. 

Өзен әлі тыныштық құшағында екен. Айнала көк жасыл, түндегі өткінші 

жаңбырдан құлпырып, жайнап кетіпті. Жағалаудан жалбыз иісі бұрқырайды. 

Екі  дос  ойқастап  жүрген  балықтардың  біразын  ұстамаққа  ниет  қылып, 

қармақтарын суға лақтырысты. 

Махаттың  қармағының  қалтқысы  батып-шығып  тұр.  Бұл  –  балықтың 

қауып жатқанының белгісі. Қалтқы қалтылдауын қояр емес. Қапса болғаны сәл 

тартады  да,  қайта  қоя  береді.  Сөйтіп  балық  не  қармаққа  ілінбей,  не  кетпей 

кісінің әбден зықысын шығарды. 

Әрі- беріден соң Махат осында келгеніне өкіне бастады. Қарны ашты, іші 

де  пысты.  «Мана  Ернардың  «Тастыаралда»  балық  дегенің  жыртылып 

айырылады  дегені  қайда?  Әлі  соқыр  балық  та  ұстамадық  қой»,  –  деп  іштей 



12 

кейіді. 


Ернар  қармаққа  түзу  сап  іздеп  әлек.  Әрбір  шоқ  талдың  арасына  кіріп, 

керегін таба алмай жүрген сияқты. 

Осы  сәт  Махаттың  басына  бір  ой  келді  де,  қалың  талдың  ішіне 

жасырынды. Артынша дауысын өзгертіп: 

– 

Әй, бала, бермен кел, жаныңның барында тез кел! – деп айқайды салды. 



Іле: – Қасыңдағы баланы жеп алдым, ендігі кезек сенікі. Нәйім-нәйім, қарным 

әбден ашты. Мен – адам жегіш жезтырнақпын. Жаныңның барында бермен кел! 

Тез! – деді. 

Әшейінде сужүрек Ернардың бойын үрей алғанға ұқсайды. Бір қолында 

бәкісі, қайда қашарын білмей, дағдарып тұрып қалды. Ол Махаттан әлдеқайда 

ірі  болатын.  Енді  лезде  шөгіп,  кішірейіп  кеткен  секілді.  Қозғала  бере  жерге 

оңбай құлады. Айқайлайын десе дауысы шықпайды. 

Махат досын аяп кетті. 

– 

Ернар, қорықпа, бұл мен ғой, – деді сәлден соң. Сол-ақ мұң екен: 



– 

Ах,  сен  бе  едің?  Сен  екенсің  ғой  бағанадан  бері  қорқытқан.  Тоқта, 

бәлем, сені! – деп тұра ұмтылды. 

Ұстататын Махат па, ауылды бетке алды да оқтай зулап, безіп берді. 

 

Мөлдір бұлақ 

 

Баяғы өткен заманда бір лашықта жас жігіт өмір сүріпті. Ол жер жыртып, 

егін  салып,  соны  өсірумен  күнін  өткізіпті.  Ол  күндегі  әдетінше  еңбек  етіп 

жатқанда,  күшті  дауыл  соғып,  еккен  егінін  ұшырып  кетеді.  Бірақ  ол  оған 

өкінбей,  тағы  еңбектенеді.  Дегенімен,  оның  егіні  өспейді.  Содан  көңілі 

мұқалып, қайғырып отырып ұйықтап кетеді. Ұйқысында түс көреді. Түсінде бір 

ақсақал оған: «Қарағым, егінің өсуі үшін суғарып жүрген суыңның басына бар» 

– 

дейді. Ол оянғаннан кейін тау жаққа жүреді, судың бастауын табады. Судың 



бастауында бір үлкен тас тұр екен. Ол жалма-жан тасты аударып, оның астында 

үйіліп  жатқан  құмды  аршып,  суды  тазартады.  Тазартқаннан  кейін,  дем  алып 

отырғанда, су атқылап, мөп-мөлдір болып ағады. Жігіт қуанғаннан оның атын 

«Мөлдір бұлақ» деп қояды. Сол сумен егінін суарып, бақытты өмір сүреді. 



 

Судың пайдасы 

 

Өмірде сусыз тіршілік жоқ. Судың адам ағзасына пайдасын білу – міндет. 

Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Кез келген адам күніне 1,5-2 литр таза 

су ішуі керек 

Судың  жетіспеушілігінен  дененің  кейбір  функциялары  баяулап,  адам 



ауруға шалдыға бастайды. 

Су – негізгі энергия көзі. 



Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. 

Жасушаларды бір-бірлеріне байланыстыратын желім. 



ДНҚ-ның (генетикалық ақпараттың ұрпақтан- ұрпаққа берілуін, дамуы 

мен  қызметін  қамтамасыз  етуіне  жауапты  нуклеин  қышқылының) 


13 

зақымдануының алдын алады. 

Иммунитет жүйесінің негізін құрайтын жілік майының түрлі ауруларға 



қарсылығын күшейтеді. 

Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. 



Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады. 

Азықтарға  энергия  беріп,  құрамындағы  элементтердің  ағзаға  сіңуі 



кезінде бұл энергияны денеге таратады. 

Сусыз  желінген  азықтың  денеге  тигізетін  пайдасы  өте  аз  болып 



табылады. 

Өкпедегі  оттегін  тасымалдайтын  қызыл  қан  жасушаларының  жұмыс 



өнімділігін арттырады. 

Жасушаларды  оттегімен  қамтамасыз  етіп,  қалдық  газдарды  өкпеге 



тасымалдайды. 

Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді. 



Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады. 

Омыртқадағы дискілерді жұмсартқыш су көпшіктеріне айналдырады. 



Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етіп, іш қатудың 

алдын алады. 

Жүрек ауруы мен сал болу (паралич) ауруынан сақтайды. 



Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады. 

Мидан бөлінетін гормондардың жасалуы үшін қажет. 



Су адам зейінін ашады. 

Жұмыс істеу өнімділігін арттырады. 



Ешқандай  жанама  әсері  жоқ.•  Адам  денесінде  су  қоймасы 

болмағандықтан, суды жиі ішіп тұру керек. 

 

Неге теңіздің түсі көк болады? 

 

Су түссіз емес пе? Алайда неге теңіздің түсі көк болады? Шыны ыдысқа 

теңіздің суын құятын болсақ, түсі мөлдір, түссіз болып шығады. Сонда теңіздің 

бетіне аспанның түсі шағылысып түседі ме? 

Біздің көзімізге көрінетін теңіздің көк түсі – теңіз суының бетіндегі күн 

сәулесінің ыдырауынан пайда болатын түс. 

Су  күн  жарығын  біркелкі  түрде  өткізбейді.  Теңізде  қысқа  толқынды 

жарық  сәулесі  ұзын  толқынды  жарық  сәулесіне  қарағанда  тез  өтеді.  Қысқа 

толқындар  спектрдің  көк  бөлігіне,  ал  ұзын  толқындар  қызыл  түсіне  сәйкес 

келеді.  Шыны  ыдыста  судың  аз  қабаты  көретіндіктен  сәулелерді  өту 

айырмашылығы байқалмайды. Ал теңізге түскенде жүздеген метр терең судағы 

күн сәулесінің ыдырауы көрінеді. Суда көк түс аз жұтылатындықтан судың түсі 

де көк болып көрінеді. 

Сонымен қатар, су көк түсті емес сия түсті және ультра күлгінсәулені өте 

жақсы жұтады. Сондықтан басқа жерлерге қарағанда теңіз жағалауында күнге 

күю ықтималы басым болады. 



 

 

14 

Өткелде 

 

Екі  бала  өзенді  жағалап  келе  жатты.  Арғы  бетке  өтіп,  бүлдірген  теріп 

қайтпақ. Таңқы қара Әбік сабырлы болса, сорайған сары Жеңіс - сөзшең. - Біз 

Оралда тұрғанда, - деді Жеңіс, - ағынды өзеннің жағасындағы лагерьде болдық. 

Оқытушымыз бір  жарым  шақырымдық  тауға  өрлетті.  Сонда  мен бар  баланың 

алды  болып  шықтым  тау  басына.  Пионерлердің  таңданғанын  айт-  сайшы. 

«Альпинист, барып тұрған ержүрек!» деп шуласты. Содан бастап балалар мені 

«альпинист Жеңіс» деп атап кетті.  

Спортшы екенсің ғой. 



 - 

Жүгіруден де, секіруден де бірінші орын алдым. Суға жүзу деген менің 

ең сүйікті ісім. Жап-жалпақ ағынды өзенді токтаусыз жүзіп өте беруші едім. Ал 

мына  Есіл  дегенің  жылып  жатқан  жылға  сияқты.  Шалқалап  та,  қырындап  та 

жүзе алам. Жеңіс бір түйір малта тасты алды да, зеңгіл жасылданып үнсіз ағып 

жатқан  суға  құлаштай  лақтырып  жіберді.  Су  беті  шеңберленіп  барып  тынды. 

Арғы  бетте  бозғылт  жапырақтарын  толқытқан  сұр  талдар  көрінеді.  Жасыл 

нумен  көмкерілген  өзен  аңғарынан  салқын  жел  еседі.  Құлама  жардан  малта 

тастарды жамырата домалатып, екеуі суға тақау келді. 

 - 


Әттең, сен бөгет болып тұрсың. Әйтпесе, анау көпірге бармай-ақ, осы 

жерден жүзіп өте беретін едім, - деп, Жеңіс опық жегендей басын шайқайды. 

Әбік  үнсіз.  Өзен  арнасының  құмырсқа  белденген  қысаң  тұсында  ағаш  көпір 

бар.  Күңгірттеніп  жатқан  судың  үстінен  екеуі  үңіле  қарап  тұр.  Шабақтардың 

жүйткіп ойнағанын қызықтады. Бір кезде шабақтар тым-тырақай қаша жөнелді. 

Бір дәу шортан келе жатты. Шортан қара қошқыл арқасын су бетіне шығарып, 

біраз  жылынды  да,  құйрығымен  ағынды  жайқап  қалып,  караңғы  тұңғиыққа 

сүңгіп кетті.  

Ех, шіркін, сүңгіп барып, құйрығынан шап беріп ұстар ма едім! - деді 



Жеңіс  алабұртып.  Сөйткенше  болған  жоқ,  көпір  ернеуіне  атша  мініп  отырған 

бір бейтаныс бала суға шолп ете түсті.  

Құтқарыңдар!  Бала  батып-шығып  жүр.  Жеңіс  сасқалақтап:  -  Ей,  бала, 



қолың  мен  аяқтарыңды  сермей  бер,  мен  келгенше  шыда.  Мен  ауылға 

хабарлайын, сені шығарып алады! - деп, жүгіре жөнелді.  

Жеңіс  жұртты  ертіп  келгенде,  Әбік пен  әлгі бала  жағада  отыр  еді.  Суға 

кұлаған балада кескін қалмапты. Анасы қуанғаннан дауыстап жылап жіберді:  

Сен  ғой  шығарған,  айналайын-ай,  ажалдан  құтқардың-ау  құлынымды! 



Әбік қызарып төмен қарады. 

 

Жекпе-жек 

 

 

Қыстың жайлы бір жылы күні еді. Қыр үстіндегі ауылға қарай асықпай 



келе  жаттым.  Бір  кезде  сай  ішімен  бірін-бірі  қуалай  зытып  бара  жатқан  екі 

қараны  байқап  қалдым.  Алдыңғысы  тушадай  ақ  қоян  да,  кейінгісі  қырдың 

қызыл  түсті  арлан  түлкісі  екен.  Түлкі  өкшелей  қуып  жүр.  Қоян  да  жеткізер 

емес, аяқтарын аянбай сілтейді. Кенет ол оқ бойы ойқастай берді де, ойламаған 

жерден  бұғып  жата  қалды.  Мұны  күтпеген  түлкі  екпінін  баса  алмай  төне 


15 

бергенде,  ақ  қоян  артқы  аяқтарымен  бар  пәрменімен  оның  төсінен  салып 

жіберді.  Түлкі  шалқалақтап  барып,  қайта  ұмтылды.  Ашық  алаңдағы  ақ  қар 

үстінде қызу айқас осылай басталды. Түлкі өткір тісті азуын қоянның әр жеріне 

аямай-ақ салып  жүр.  Бірақ  оны  елер  қоян  жоқ, ол да өзінше  қару  жасап, әлді 

дұшпанының  қимылын  аңдып  жүріп,  оны  не  тістеп,  не  теуіп  қалады.  Айқас 

біраз уақытқа созылды. Бір кезде қызыл түлкі ұзын құй- рығын бір бұлаң етті 

де, ақ қар үстіне аунап түсті. Сол сәтте орғып түскен қоян да қалың шіліктің 

ішіне  сүңгіп  кетті.  Мен  тақап  келгенде,  түлкі  ша-  лажансар  халде  екен. 

Бейшараның  ішегі  шығып,  шұбатылып  жатыр.  Қоянды  қан  шашыраған  ізіне 

түсіп,  әлгі  шілік  ішінен  таптым.  Ер  қоян  ұзынынан  түсіп  өліпті.  Денесінде 

жарадан  сау  жер  жоқ,  қып-қызыл  қанға  боялған.  Дүниедегі  ең  қорқақтардың 

бірі - қырдың ор қояны мұндай ерлік көрсеткеніне қайран қалып, мен сол арада 

біраз тұрып қалдым. 



 

«Астана-Бәйтерек» сәулет кешені 

 

2002 


жылы  Еуразияның  кіндігі –  Астананың  төрінде  «Астана-Бәйтерек» 

монументі  салынды.  Бұл  монумент  қазақ  елі  тамырын  жеті  қабат  жер  астына 

жіберген  мәуелі  бәйтеректей  тарихы  тереңде  жатқан  ел  екендігінің  дәлелі 

іспеттес. 

Бәйтерек Астана төрінде көк тіреп тұр. Биіктігі 97 метр, XX ғасырда дәл 

осы  жылы  қазақтың  елордасы  Ақмолада  шаңырақ  көтерді.  Бәйтеректің 

сәулеткерлік шешімі үш буыннан тұрады: 

-

Бірінші бөлік – жер асты бөлігі, ол 4-5 метр тереңге кеткен. Осы 



бөлікте балықтар жүзіп жүр, 7 метрлік аквариум су патшалығының кіші 

моделіндей. 

-

Екінші бөлік – Бәйтеректің діңгегі, металл конструкциялары.Осы жарты 



шар  арқылы  жоғарыға,  Бәйтеректің  ұшар  басына  көтеріліссіз.  Әуелі  93  метр 

биіктігі  қаланы  тамашалу  алаңына  аялдайсыз.  Бұл  жерден  жаңа  әкімшілік 

орталығы алақанға салғандай анық көрінеді.  

-

Үшінші  бөлік  –  диаметрі  22  метр  алып  шар  –  Самұрықтың  алтын 



жұмыртқасы.  Бәйтеректің  ең  биік  тұсы  –  97  метрдегі  «Аялы  алақан» 

композициясына  асықпайтын  жан  кем  де  кем,  осында  келгендердің  бәрі  оны 

көргенше  құмартады.  Онда  Қазақстан  Республикасы  тұңғыш  Президентінің 

алақаны таңбаланған. Соған саусағың тисе «Менің елім» әуені шалқи жөнеледі, 

бүкіл Қазақстан ән салып жатқандай.  

 

Шахмат үйірмесі 

 

Ағам  жасынан  шахмат  ойынына  құмар  болып  өсті.  Мектебіміздегі 

шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады.Ол күн сайын үш – 

төрт  сағат  уақытын  шахмат  ойнауға  арнайды.  Оның  арманы  –  болашақта 

шахмат ойынының шебері болу.  

Шахмат  адамның  ой-өрісін  дамытады,  сондай-ақ,  шыдамдылық, 

ұстамдылық  қасиеттерді  талап  етеді.  Ағам  өзінің  уақытын  босқа  өткізбей, 


16 

өзінің  сүйікті  ісіне  арнады.  Ол  әрбір  жеңісін  мақтан  тұтады  және  болашақта 

шахмат шебері болатынына сенімді.  

 

Қазақтың дәстүрлі уақыт өлшемдері 

 

Уақыт  өлшемдері.  Қас  пен  көздің  арасы-халықтық  өлшем.  Лезде,  тез, 

жылдам,  көзді  ашып  -  жұмғанша  деген  мағынаны  білдіреді.  Қас-қағым  (көзді 

ашып-жұмғанша) - жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, 

шамамен 0,7-1 сек. аралығы.  

Сүт  пісірім-халықтық  өлшем,  ширек  сағат  шамасы,  шамамен  15  минут. 

Бие  сауымдай  уақыт-биенің  екі  сауымының  арасы,  бір  сағат  шамасындағы 

мезгіл.  

Таң  сәрі-шолпан  жұлдызының  туған  мезгілі.  Бозала  таң-күн  шапағының 

белгісі,  таңның  ағара  бастауы.  Таң  ата-күннің  ұясынан  шығар  алдындағы 

мезгіл. Сәске-күн шығып, арқан бойы көтерілген кез.  

Ұлы сәске-тал түске жақындаған мезгіл. Тал түс-күннің тас төбеге келуі, 

яғни, мысалы, қазақтың көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі.  

Сәске  түс-шаңқай  түс  мезгілі  немесе  күннің  қиғаш  45  градуспен  түсуі, 

яғни,  мысалы,  қазақтың  өзінің  биіктігі  мен  көлеңкесінің  ұзындығы  теңескен 

кез.  


Кешқұрым-күн батқан кез.  

Түн  ортасы-  түнгі  сағат  12.  Түн  жарым-түнгі  сағат  3.  Ат  адым-ақпан 

айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең.  

Елік  адым-қаңтардың  басынан  ақпанның  аяғына  дейінгі  аралықтағы 

күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді. Қарға адым-қаңтар айындағы күннің 

ұзаруы, ол 36 минутқа тең.  

 

Қазақтың киелі өнері – күй 

 

Күй  өнері  –  қазақ  музыка  мәдениетінің  ең  озық  саласы.  Күй  - 

халқымыздың  сан  ғасыр  бойыбасынан  өткерген  тайғақ  кешулері  мен  тарихи 

тағдырының  ең  басты  куәгері.  Күй  –  жаратушының  адамзатқа  берген  тосын 

сыйы. Күй – құдірет!.. Күй – ұран!.. Оның түрі өте көп. Күй тілі – тылсым тіл!.. 

Біз  оны  ұлтымыздың  ұрпақтан-ұрпаққа  қалдырып  келе  жатқан  домбыра, 

сыбызғы, қобыз сияқты аспаптарының үнімен ғана сезініп келдік. Осы музыка 

аспаптарының  ішінде  халқымыз  арасында  үнемі  қолданыста  болып,  барынша 

дамығаны  –  домбыра.  Алдынғы  буын  ағаларымыздың  «Нағыз  қазақ  –қазақ 

емес, нағыз қазақ – домбыра» деп жырлауы да содан.  



 

Алтын бесік 

 

Менiң  туған  жерiм  –  Көкшетау,  шыңын  мұз  басып  қатқан  биiк  таулар 

емес, төбесiне оп-оңай шыға беруге болатын аласа таулар... 

Мiне,  сондай  таулардың  бiрiнiң  етегiндегi  көл  жағасында  менiң  туып-

өскен  ауылым  қоныстанған.  Таудың  аты  –  «Салпық».  Ал  оның  iргесiндегi 


17 

айдынның  аты  –  «Шұңқыр  көл»  деп  аталады.  Ауылдың  аты  сол  есiмiне 

қойылған. 

Бiз  бала  кезiмiзде  жазда  Салпық  тауының  бауырына  шие,  бүлдiрген 

теруге баратын едiк... 

Ал  көл  жағасы  қандай  тамаша  едi.  Ыстық  күндерi  Қасынан 

шықпайтынбыз.  Арқаны  күнге  қақтап-қақтап  алып,  жүгiрiп  келiп  суға  қайта-

қайта  күмп-күмп  берiп  құлайтынбыз.  Бiзден  әрiректе  тереңдеу  жерде 

мойындары  жiп-жiңiшке  шүрегей  үйректер  жүзiп  бара  жатады.  Жақындасаң 

тереңге қарай ұзай бередi. 

Дауылды,  желдi  күндерi  көл  бетi  бұйраланып,  дөңбекшiген  толқындары 

жағаны  ұрып,  көбiк  шашып  жатады.  Әлденеге  ашуланған  сияқты  мiнез 

танытады. Туған жер – алтын бесiк. Әлдилейдi, тербетедi. Қиялыңды ұштайды. 

Мен бесiншi класта оқитын едiм. Туған жерге деген сезiмiмдi дауыстай айтқым 

келдi. Өзiмiздiң Салпық тауы туралы, оның iргесiндегi кiшкене көл туралы өлең 

жаздым. Әлемде Салпықтан асқан биiк тау жоқ, әлемде Шұңқыр көлдей үлкен 

көл  жоқ  деп  ойпаттадым.  Олар  маған,  шынында  да,  солай  көрiнген.  Ауылдан 

алысқа ұзап шықпаған кезiм, басқа тауды да, басқа көлдi де көрмеген едiм. 



 

Қазақстан территориясынан табылған алғашқы үй 

 

Оңтүстік Қазақстан облысынан табылған Қараүңгір тау үңгірі тарих үшін 

маңызды болады. Үңгірден тастан, сүйектен және қыштан жасалған бұйымдар, 

ежелгі  құлан,  аю,  бұғы,  жайран,  қабан,  елік  және  жылқылардың  сүйектері 

табылды.  

Бұл  –  Қазақстанның  тас  ғасыры  дүниежүзілік  мәдениеттің  бір  бөлігі 

болатындығына дәлел.  

Тас ғасыр деп аталу себебі, ежелгі адамның азық табатын еңбек құралы 

тас болды. Тас бұйымдар пішіні мен түріне қарай кесетін, тескіш, бұрғылағыш 

құралдарға, пышақтар, шаппа сияқты тағы басқаларға бөлінеді. Ежелгі адамдар 

геометриялық пішіндегі кішкентай үшкір бұйымдарды кең пайдаланған. 

Тарихтың  ежелгі  кезеңін  полеолит,  ежелгі  тас  ғасыр  деп  атайды. 

«Полиос» грек тілінде «ежелгі», ал «лотос» тас деген мағынаны білдіреді. Ол 

біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  шамамен  2,5  млн.  жылдан  15-10  мың  жылға 

дейінгі кезеңді қамтиды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет