Сборник текстов на казахском, русском, английском



Pdf көрінісі
бет11/70
Дата31.01.2017
өлшемі8,9 Mb.
#3082
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70

 

Ел үмітін ер ақтар 

 

Қасым  Қайсенов  1918  жылы  23  сәуірде  Шығыс  Қазақстан  облысының 

Ұлан  ауданында  дүниеге  келген.  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  Чапаев  атындағы 

партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 

жылдың  аяғына  дейін  Молдавия,  Чехословакия,  Румыния  жеріндегі  партизан 

қозғалыстарына  қатысады.  Отряд  командирі  болып  жүріп,  жау  тылында 

жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Қазақстанға оралып, 

Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  Президиумы  аппаратында  жауапты  қызметте 

болады.  1953-1972  жылдар  аралығында  «Жазушы»  баспасы  директорының 

орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы 

директоры болып қызмет істейді. 

Еліміздің бейбіт күні үшін жанкешті соғыста арлік көрсеткен ерен тұлға 

есімі әрқашан ұрпақтар санасында болмақ.  

 

Отан – елдің анасы  

 

Қазақ  отбасы  негізінен  үш  ұрпақтан  тұрады.  Ол:  ата,  әке,  бала.  Аталар 

мен  әжелер  –  ауыл-аймақ,  ағайын  арасының  берекесі,  ақылшысы.  Олардың 

әрқашанда  мәртебесі  биік  болып,  сый-құрметке  бөленген.  Өйткені  үлкенді 

сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, 

тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді 

сыйлау, ақылын тыңдау – көрегенділік. Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін 

көрмей  өскен  бала  болмаған.  Ата-әжелер  жыр,  дастан,  ертегі  айтып  немере-

шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. 

Қазақтаң ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі өз 

қолына  алып,  немере  ыстық  болғандықтан,  балаларынан  да  артық  көріп, 

тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер ата-әжесін өз әке-шешесіндей санап, туған әке-

шешесін тек қана өскеннен кейін танып жатады. Кейде тұңғыш немересі кенже 

ұлының  орнына,  атасының  қара  шаңырағына  ие  болып  та  қалатын  жайт 

кездеседі. 

 

Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі 



 

82 

Туған  өлкемнің  тұнып  тұрған  әсем  көрінісі  бойыма  еріксіз  мақтаныш 

сезімін құяды. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманы, тау суын 

сарқырата  кең  далаға  алып  қашқан  өзендері,  дән  теңізіне  шалынған  жазық 

даласы,  төрт  түлік  малға  төсін  ашқан  құтты  жайлау  қырлары,  көк  жасыл 

желекке  бөленген  ауыл  үйлері,  зәулім  ғимаратты  үлкен,  көрікті  қалалары 

бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махаббат сезіміне бөлейді.  

«Ауыл-қаланың  күре  тамыры»  демекші,  қаланың  дамуын  ауылдың 

дамуымен  тығыз  байланыстыратын  қазақ  баласы  қашанда  ауылдың  тыныс-

тіршілігіне  етене  араласып,  өзінің  өмірін  шет  шалғайда  орын  тепкен  туған 

мекенінсіз елестете алмайды. Таң атқаннан бастап күнделікті қарбалас тірлікке 

кірісетін ауыл тұрғындарының қазіргі әлеуметтік жағдайы төмен емес.  



 

Таулар сыры 

 

Тау  –  жер  бетінен  жоғары  да  көтеріңкі  өркештене  тізбектеліп,  созылып 

жатқан  заңғар  құзды  биіктік.  Таулардың  түзілуіне  мыңдаған  жылдар  керек. 

Көптеген  таулар  жердің  бір  платформасы  басқасын  жаншып  жатқанда  пайда 

болған.  Платформаның  шетіндегі  жартастардың  бірін-бірі  жаншуынан  орасан 

зор қатпарлар пайда болады. Таудың биік басына қарай климат суыта бастайды. 

Кейбір таулардың басында суық болғаны соншалық, олардың ұшар басындағы 

қар жыл бойы ерімейді. Тау қатпары түрлі тау жыныстарынан тұратын бірнеше 

қабаттан  тұрады.  Олар  оңай  жіктеледі  және  жер  тақталарының  қозғалысынан 

бүгіледі. 

 

Астана – өнер ордасы 

 

Астана  қаласы  бүгінгі  таңда  республикалық  автокөлік  және  темір  жол 

салалары  мен  әуе  жолдарын  байланыстырып  тұрған  ірі  тасымал  торабына 

айналды.  Елордамызда  экономиканың  бірнеше  салалары:  машина  жасау; 

құрылыс  материалдары  өнеркәсібі;  энергетика;  полиграфия  өнеркәсібі;  жеңіл 

және тамақ өнеркәсіптері, байланыс және телекоммуникация дамыған. 

Бүгінгі  өркендеген  жаңа  Астанамызда  көптеген  зәулім  ғимараттар  мен 

ескерткіштер, даңғылдар мен көшелер бой түзеуде. Астана қаласы үш ауданға 

бөлінеді. Олар: Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары. 

Қаламыздың  көрікті  жерлерінде  Қазақстан  Республикасы  Тұңғыш 

Президентінің  мұражайы,  С.Сейфуллин  мұражайы  мен  Қазіргі  заман  өнер 

мұражайлары орналасқан.  Сонымен  қатар қаламызда  «Мега»,  «Керуен»,  «Хан 

шатыр», «Думан» ойын-сауық орындары, «Еуразия», «Рамстор», «Астаналық», 

«Әлем», «Түркістан» секілді үлкен сауда орталықтары ашылған. Ел мақтанышы 

Астана  –  ХХІ  ғасыр  қаласы  ретінде  әлемдік  өркениеттен  лайықты  орынға  ие 

болып келеді.  

 

 

Қазақстанның қорықтары 

 


83 

Қорықтар  –  биосфера  эталоны.  Мұндағы  орман-тоғай,  жай  алған 

жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер 

мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. 

Қазақстанның  шөл-шөлейтті  аймақтарында  үйір-үйірімен  жайылып 

жүретін,  бірақ  кейіннен  мүлде  азайып  кеткен  құландарды  қорғап  қалуда 

қорықтардың,  әсіресе  Бадхыз  қорығының  рөлі  орасан  зор  болды.  Сондай-ақ, 

Барса-келмес  қорығыда  айтарлықтай  үлес  қосты.  Бүгінгі  Бадхыз  қорығында 

құландар  саны  көбейе  түсуде.  Барса-келмес  аралы  жойылып  кеткеннен  кейін 

ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, 

Іле өзенінің жағасына әкелді.  

Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің 

бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке.  

 

Қазақстан және Ұлы Жібек жолы 

 

Ұлы Жібек жолының сан тарау жолдары Қазақстан жерінің Сырдария мен 



Таластың, Арыс пен Ертістің жағасымен шектескен. Оның аса ірі сауда-саттық 

көші ретінде терең тарихы бар.  

1993 

жылы  Қазақстандағы  туризм  индустриясын  дамытудың  ұлттық 



бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, 

түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 

1997-2003 

жылдары  туризм  инфрақұрылымын  құру  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданды.  1997  жылы  2030 

жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды. 

Қазіргі уақытта бұл бағдарламаның басты мақсаты – республикада қазіргі 

заманға  сай  жоғары  нәтижелі  және  бәсекеге  қабылетті  туристік  кешен  құру, 

экономиканың қосалқы салаларын өркендету. 

 

Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы 



 

Қазақстан Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде 

иеленіп,  жалпы  командалық  есепте  12-орын  алды.  Олимпиада  ойындарына 

әлемнің  204  елінен  он  мыңнан  астам  спортшы  қатысты.  Ойындарда  барлығы 

үш жүзден астам медаль жұбы сарапқа салынған. Олимпиада жүлдесін 85 елдің 

спортшылары иеленді. 

Қазақстан  12-орын  алып,  Голландия,  Украина,  Куба,  Иран,  Чехия, 

Испания,  Бразилия,  Аргентина  сияқты  елдерді  артқа  тастады.  ТМД  елдері 

арасынан  Қазақстан  Ресейден  кейінгі  екінші  орынды  алды,  Азия  құрлығы 

бойынша  Қытай,  Оңтүстік  Корея,  Жапониядан  кейінгі  төртінші  сатыдан 

көрінді. Алғашқы алтынды, велоспортшы - Александр Винокуров алды. 

 

 

 

Абай –дана, Абай –дара қазақта 

 


84 

Ақындық шеберлігі баршамызға үлгі болған Абайды терең білу ұрпаққа 

парыз спеттес. Абайдың ғылыми өмірбаянын жасауда бірінші рет негіз салған 

адам  –  жазушы  Мұхтар  Әуезов.  1940  жылы  Алматыда  басылған  Абайдың 

«толық  жинағының  »  ІІ  томына  қосқан  оның  «Абайдың  өмірбаяны»  деген 

еңбегі  Абайдың  оқушыларын  бұрын  білмейтін  көп  мәліметпен  таныстырады. 

Абайдың  қоғамдық  және  жеке  өмірінде  болған  бірнеше  бағалы  кезеңдерді 

оқушылар бірінші рет Мұхтардың осы еңбегінен көреді. Бұл еңбектің және бір 

бағалы  жағы-  еңбекке  негіз  болған  материалдарды  Мұхтар  Абайды  көрген, 

істес болған адамдардың аузынан жазып алған.  



 

Ұлттық қолөнер 

 

Халқымыздың  бізге  жеткен  ою  –  өрнек  үлгілері  бай  мұра,  салқылмас 

қазына.  Ою-өрнек  -  тұрмыста  бір  бұйымның  бетін  әшекейлеу  үшін 

қолданылатын  нақыш,  өрнек.  Заттың  бетін  өрнектеу  үшін  ісмерлер  әртүрлі 

тәсілді қолданады. Олар: оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, құрау тәрізді 

әрекеттер  арқылы  жүзеге  асады.  Әр  өрнек  белгілі  бір  бөлшектен  құралады. 

Ғалымдар  ою-өрнектердің  200-дей  түрін  анықтады.  Аспан  әлеміндегі 

құбылыстарға байланысты өрнектер «ай», «күн» деп аталса, заттардың атауына 

байланысты  өрнектер  «балға»,  «балта»,  деген  атқа  ие,  ал  эпиграфиялық 

өрнектер, яғни жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре 

әдемілеп, астарлап жазу мен ру таңбалары мен ел таңбаларға байланысты ою-

өрнек элементтері:«тұмар», «айшық», «ашамай» деп аталған.  

 

Халық шеберлері қолөнердің турлерін игере отырып көз қуантарлықтай 



тамаша өнер шығармаларын тудырған.  

 

Саяхат және туризм 



 

Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік 

туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан 

бір  бөлігін  халықаралық  инвестициясының  11%-дан  астамын,  әлемдік 

өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 

1993 


жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше 

болып  кірді.  Қазақстанда  қазіргі  заманғы  инфрақұрылым  салаларының 

дамуына,  соның  ішінде  туризмге  үлкен  мән  беріледі.  Туризм  елдің  тұтас 

өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.  

Қазіргі уақытта бұл бағдарламаның басты мақсаты – республикада қазіргі 

заманға  сай  жоғары  нәтижелі  және  бәсекеге  қабылетті  туристік  кешен  құру, 

экономиканың қосалқы салаларын өркендету. 

 

Ана тілің – арың бұл 



 

«Үш  тұғырлы  тіл»  туралы  идеяны  мемлекет  басшысы  2006  жылдың 

қазанында  өткен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ХІІ  құрылтайында  жария 

етті.  Ал  2007  жылғы  «Жаңа  әлемдегі-жаңа  Қазақстан»  атты  халыққа 



85 

Жолдауында  «Тілдердің  үштұғырлығы»  атты  мәдени  жобаны  кезең-кезеңімен 

іске асыруды ұсынды. 

Қазақстан  халқының  рухани  дамуымен  қатар,  бұл  идея  ішкі 

саясатымыздың  жеке  бағыты  болып  белгіленеді.  Яғни  идеяның  негізі 

мынадай:қазақ  тілі-мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі-ұлтаралық  қарым-қатынас  тілі 

және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. 

 

Уақыт - ұлы күш 



 

Меніңше,  адамға  қажет  нәрсе-уақыттың  қадірін  білу,  оның  әрбір  сәтін 

ұтымды  пайдалану.  Менің  байқауымша,  құрдастарым  уақытты  босқа  өткізеді. 

Олар компьютерде отырады, ойын автоматтарына қаншама уақыттарын құрбан 

етеді. Соларға қарап, жаным ашиды. Қаншама мүмкіндік кетіп жатыр. 

Әрине,  электронды  технологияларға  қатты  қызығамыз.  Бірақ  осы 

қызығушылық  тек  фильмдер  көру,  музыка  тыңдау,  ойын  ойнаумен  шектелу 

керек пе? Таңетеңннен кешке дейін комьютерден бас алмайтын достарым бар. 

Алғашқыда ойлайтынмын: «Міне, нағыз болатын адам, комьютерден қаншама 

материал  қарайды,  оқиды,  үйреніп  жатыр»  деп.  Ал  кейін  сұрасаң,  «ойын 

ойнадым, поштада отырдым» деп таңғалдырады. 

 

Жердегі климаттық өзгерістер 



 

Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, 

сонымен  қоса  Орталық  Азия,  басқаларға  қарағанда,  климаттық  өзгерістерге 

ұшырауы  әбден  ықтимал.  Оның  ішінде,  Қазақстанның  климатына  әсер  етіп, 

онсыз  да  толыққанды  қолдауды  қажет  етіп  отырған  ауыл  шаруашылығын 

күнкөріске  айналдырған  аймақтарға  үлкен  зиян  келтіруі  әбден  мүмкін.  Бұл 

аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен 

байланысты  Ал,  кейбір  аймақтарда  жағымсыз  ауа  райы  салдарынан  алынған 

өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр. 

БҰҰ  ДБ  мәліметі  бойынша,  Қазақстанда  соңғы  50  жылда  орташа  ауа 

температурасы 1,5°С-қа өскен. Ауа температурасындағы өзгерістердің дені ерте 

көктем маусымындағы жерасты ылғалдылығымен байланысты болған.  



 

Ұлы Жібек жолы 

 

Ұлы  Жібек  жолының  тарихы  біздің  заманымызға  дейін  ІІ  ғасырдан 

басталады.  Жібек  жолы  елшіліктің  және  сауда-саттықтың  қызметін  атқарған. 

Оның бағыттары мен тармақтары тынымсыз өзгеріп отырған. Осы жолдың бір 

тармағы Византиядан шығып, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. VІ ғасырдың соңғы 

жылдарында  бұл  бағыт  жанданып,  осы  аймақтағы  қалалардың  салынуына 

әсерін тигізеді. 

Керуен  жолы  үстіндегі  ірі  қалалрдың  бірі-Отырар.  Ол  тоғыз  жолдың 

торабында орналасқан Отырардан Жібек жолының бірнеше бағыты жан-жаққа 

таралады. 



86 

Жібек  жолы  әуелгі  кезде  Қытай  жібегін  сыртқа  шығаруға  қызмет  етті. 

Содан соң сауда-саттық пен елшілік қарым-қатынас ұлғая бастады. Ұлы Жібек 

жолы  арқылы  кілемдер  мен  маталар,  асыл  тастар,  әртүрлі  жемістер  тасылып 

жатты. Алайда басты тауар жібек болды. 

 

Салауатты өмір – нұрлы болашақ 



 

Салауатты өмір салты-бұл, ең бірінші, адамның денсаулығын сақтау мен 

нығайтуға бағытталған адамның белсенді әрекеті. 

Салауатты өмір салты аурудың алдын-алу және денсаулықты нығайтудың 

негізі  болып  табылады.  Салауатты  өмір  сүру  үшін  әрбір  жасөспірім  дене 

шынықтырумен  айналысуы  қажет.  Шылым  шекпеу,  уақытында  тамақ  ішу, 

әдепті болу, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасау-осының бәрі салауатты өмір 

деген ұғымға жатады. Әрбір адамның міндеті-өзінің денсаулығына көңіл бөліп, 

оны нығайту. 

1997 


жылы  Елбасының  Республика  халқына  арналған  «Қазақстан-2030» 

Жолдауы  жарияланды.  Бұл  бағдарламаның  негізгі  мақсаты  мен  міндеті 

Қазақстан халқының тұрмысын өркендету және тыныштығын сақтау. 

 

Ұқсатым. Сән . Талғам. 



 

«Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» дегендей, 

жарасымды  да  сәнді  киінудің  маңызы  зор.  Киім  адамды  қоршаған  ортаның, 

табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Киім тігісті және тігіссіз болып негізгі 

екі  топқа  бөлінеді.  Тігіссіз  киімді  адам  үстіне  жамылып  немесе  орап  киеді. 

Тігісті  киімге  қандай  киімдер  жататыны  белгілі.  Қазіргі  заманғы  киім  түрлері 

күнделікті  өмірде,  жұмыста,  қызметте,  қыдыруға,  спортпен  шұғылданғанда, 

демалыс орындарында киюге арналған. 

Киім  кию  әдебі  адамның  жас  ерекшелігі  мен  мамандығына  тікелей 

байланысты  Сонымен  қатар  классикалық  үлгідегі  киімді  спорттық  киіммен, 

ұлттық киімді романтикалық стильмен араластырып кимейді. 

 

Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет 

 

Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды 



құрал  ол  -  Ғаламтор.  Адамзаттың  интелектуальдық  өмірі  үшін  ол  аз  мағына 

бермейді.  Ғаламтордың  ақпараттық  қуатты  мүмкіншілігін  біз  әлі  тереңірек 

ұғына қойған жоқпыз. Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың 

өмір  сүру  аймағында  қазір  күдік  тудырмайды.  Өз  мүмкіншілігінде  ғаламтор 

философиялық  дисциплина  және  философияның  ғылыми  жұмыстарын 

зерттейді.  Маған  ұсынылған  желілік  ресурстардың  анықталған  формасының 

мүмкіндіктері  бір  бірімен  байланысты.  Олардың  орталығы  ғылыми  ресми 

немесе бейресми сайттары ғылыми және оқыту ұйымдарды болып табылады. 



Нағыз қазақ - домбыра 

 

87 

Ұлттың  ұлы  мұрасының  бірі  домбыраны  ғалымдар  қазақ  жерінде 

сақталған  жеті  қазынаның  біріне  есептепті.  Дұрыс  шешім  деп  бас  иіп 

қосыламыз. 

Қазақтың  музыкалық  аспаптарын  шертпелі  аспаптар,  ыспалы  аспаптар, 

үрмелі аспаптар, ұрмалы- сілкімелі аспаптар деп топтауға болады. 

Домбыра  қазақ  халқының  ұлттық  болмысын,  жан-дүниесінің  тылсым 

сырларын  сыртқы  дүниеге  паш  еткен  таңғажайып  аспап.Домбыраның  пайда 

болуын  археолог  ғалымдар  тасқа  салынған  суреттердің  ішінде  домбыраның 

бедері кездескеніне қарап,неолит дәуіріне жатқызады. Домбыра тым ерте пайда 

болып,  уақыт  озған  сайын  түрленіп,  дамып  отырған  екі  ішекті,  әр  қазақтың 

үйінің төрінде тұрған аспап. 



Ұлыстың Ұлы күні 

 

Әр  халықтың  өзінше  Жаңа  жыл,  жыл  басы  болады.  Қай  уақытта,  қай 



халықта  болса  да,  Жаңа  жыл  осы  халықтың  шаруа  жағдайына  қарай 

белгіленген.  Мұсылман  қауымның  Жаңа  жылы  жазғытұры  күн  мен  түннің 

теңелген  күні-22  наурыз.  Наурыз  айында  шаруаның  малы  төлдеп,  бірі  екеу 

болады.  Наурыз  діни  мейрам  емес.  Наурыз  мейрамы-тұрмыс  мейрамы, 

шаруашылық мейрамы. 

Адамдар  күнге  бас  иеді,  содан  кейін  ер  адамдар  бұлақтарды  тазартады. 

Ата-бабаларымыз:  «Бұлақ  көрсең,  көзін  аш!»  дейтін.  Бұлақтардың  қасына 

ағаштар  отырғызылады.  «Бір  тал  кессең,  он  тал  ек»  деген  мақал  осыдан 

шыққан. 

 

Жастықтың оты қайдасың? 



 

Абай  өлең  жазуды  10  жасында,  «Кім  екен  деп  келіп  ем  түйе  қуған...» 

өлеңінен бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», 

екіншісі  —  «Физули,  Шәмси».  «Сап,  сап,  көңілім»,  «Шәріпке»,  «Абралыға», 

«

Жақсылыққа»,  «Кең  жайлау»  өлеңдері  1870  —  80  жылдар  аралығында 



жазылған.  

Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой 

ұрмағаны  байқалады.  Қысқа  өлеңдерінде  табиғат  бейнесін,  адамдар  портретін 

жасауға,  ішкі-сыртқы  қылық-қасиеттерін,  мінез-бітімдерін  айқын  суреттермен 

көрсетуге  өте  шебер.  Қай  өлеңінен  де  қазақ  жерінің,  қазақтың  ұлттық 

сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.  

«Жастықтың  оты  қайдасың?»  өлеңін  жастардың  білім  мен  оқуға  деген 

құштарлығына қатысты жазған екен. Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан 

көрген  «кемшіліктерді»  себеп  ретінде  емес,  сол  замандағы  саяси-әлеуметтік 

қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан. 

 

 

 

Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары 

 


88 

Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының  

Мемлекеттік сыйлық иегерлері бұл салаға шексіз еңбек сіңіруде.  

«Дифференциалдық 

теңдеулердің 

бастапқы-шекаралық 

есептер 

теориясына»  атты  жұмыстар  топтамасы  үшін  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және  ғылым  министрлігі  Ғылым  комитеті  Математика  және  математикалық 

моделдеу  институтының  бас  директоры,  физика-математика  ғылымдарының 

докторы,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясының  академигі 

Тынысбек Шәріпұлы Кәлменов Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. 

Жоғары  наградаға  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау 

министрлігі  Республикалық  нейрохирургия  ғылыми  орталығы  ұсынған, 

авторлары  Серік  Қуандықұлы  Ақшолақов,  Талғат  Тынышбайұлы  Керімбаев, 

Eрбол  Тарғынұлы  Махамбетов,  Айса  Захарұлы  Нұрпейісов,  Марат 

Рабандиярұлы  Рабандияров,  Нұржан  Әмірбекұлы  Рыскелдиев  болып 

табылатын «Қазақстан Республикасында жоғары технологиялық инновациялық 

ем әдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» жұмыстар топтамасы ие 

болды. 


 

Елін сүйген жауынгер ер болады 

 

Әбдіров  Нұркен  1919  жылы  Қарқаралы  өңірінде  бұрынғы  5-ші  ауыл, 

қазіргі  Нұркен  атындағы  шаруашылық  аумағында  шаруаның  отбасында 

дүниеге  келген.  Кейін  ата–анасымен  бірге  Қарағандыға  қоныс  аударып,  осы 

қалада әуе клубында ұшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен 

Орынбор  әуе  училищесінде  оқитын.  Оны  алдымен  Ташкенттегі,  одан  кейін 

Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери ұшқыш дайындайтын курстарға 

жіберді. 

Теңдесі жоқ ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де 

еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді. 

Оның  қаһармандығы  бүкіл  елге  жайылды.  Қарағанды  енбеккерлері, 

олардың ішінде  кеншілер  Нұркен  Әбдіров атындағы самолетке  қаржы  жинап, 

жауға аттандырды. Бұл самолет кейін Жеңіске дейін қатарда болды. 

Қарапайым  қазақ  баласы  Н.Әбдіровтың  өмірі  мен  ерлігі  қаһарман, 

қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла 

шашып тұр. 



 

Ғылым 

 

Ғылым  –  адамның  табиғат  пен  қоғам  туралы  обьективті  білімін 



қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  танымының  ең  жоғарғы  пішімі.  Адамзат 

қоғамының  дамуы  барысында  ғылым  сол  қоғамның  маңызды  әлеуметтік 

институтына  және  тікелей  өндірістік  күшіне  айналды.  Ғылымның  басты 

мақсаты  –  ғылым  заңдарының  негізінде  ашылып  отырған  болмыс  құбылысы 

мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. 

Ғылым  адамзат  қоғамының  ерте  дәуірінен,  адам  баласының  танымдық 

және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. 


89 

Ежелгі  Шығыста  (  Бабыл,  Мысыр,  Үндістан,  Қытай)  болашақ  ғылымға  негіз 

болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты.  

Ежелгі  Грекияда  дамыған  ғылым  (  Аристотель,  т.б.)  қоғам  мен  табиғат 

заңдылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар ғылымның 

ерекше  тәсілі  дәлелдеу  негізін  қалыптастырды.  Осы  дәуірде  білімнің  кейбір 

салалары  даралана  бастады.  Геометрия  (Эвклид),  механика  (Архимед), 

астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түрінде бөлініп шықты.  

Орта  ғасырларда  ғылымның  дамуына  Шығыс,  араб  елдері  Орта  Азия 

ғалымдары  (  әл-Фараби,  Әбу  Әли  ибн  Сина,  Ибн  Рушд,  Бируни,  Махмұт 

Қашқари, Жүйнеки т.б.) елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда қалыптасқан 

ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны көптеген салаларда 

толыктырып, дамытты.  

Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп таныды. 

Орта  ғасырларда  араб  елдері  мен  ислам  діні  тараған  басқа  да  аймақтарда 

философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т.б. ғылым салалары 

қауырт  дамып,  бұл  құбылыс  кейін  Ислам  Ренессансы  деп  аталды.  Мысалы, 

Омейя  әулеті  халифатында  ғылым  үйі  болды,  онда  ғалымдар  ежелгі  грек 

ғылымының  барлық  жетістіктерін  араб  тіліне  аударды,  ғылымның  ерекше 

формасы, «фәлсафа» қалыптасты.  

Еуропада  бұл  дәстүрді  кейін  схоластар  дамытты.  Ғылымның 

қалыптасуына  негіз  болған  тағы  бір  тірек  алхимия  мен  астрологияның  дамуы 

болды. Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе жасау арқылы зерттеп, 

химияның  қалыптасуының  алғышартын  жасады.  Астрология  аспан  денелерін 

зерттеу  арқылы  астрономияның  дамуына  ықпал  етті.  Қайта  өрлеу  дәуірінде 

діннің  басымдылығы  әлсіреді,  ғылым  рухани  өмірдің  дербес  факторы  болып, 

дүниетанымның  (Леонардо  да  Винчи,  Николай  Коперник)  негізгі  тірегіне 

айналды. Сондай-ақ ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат 

танымының көкжиегін кеңейте түсті. 16-17 ғасырларда ғылымда болған терең 

өзгерістер  алғашқы  ғылыми  революцияға  (Галилео  Галилей,  Иоганн  Кеплер, 

Уильям Гарвей, Рене Декарт, Христиан Гюйгенс, Исаак Ньютан және т.б.) алып 

келді. Ғылымның қарқынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы 

рөлінің  артуы,  жаңа  дәуірде  ғылымды  жоғарғы  мәдени  құндылық  ретінде 

тануға,  көптеген  философиялық  мектептер  мен  бағыттардың  ғылымға  қарап 

бой түзуіне ықпал етті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет