3. Халық - қоғамның негізгі саяси субъектісі
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым-
қатынастарын дамыту мәселесі қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс.
Өйткені, дүние жүзінде үш мыңнан астам ұлттар, халықтар мен этникалық
топтар өмір сүреді. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында
тұрған халықтардың арасында азаттық пен бостандыққа қол жеткізгендері де,
оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да бар. Дүние жүзіндегі
халықтардың 90 процентінен астамы көпұлтты мемлекет құрамында өмір
сүруде. Әлем халықтары 220-дан астам мемлекеттерде топтасқан. Олардың
ішіндегі 190-ға жуығы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, ал 70-тен астамы
ғана жоғары деңгейдегі демократиялық қоғам орнатқан елдер.
Бұл келтірілген мысалдар саясаттың субъектісі ретіндегі әлеуметтік-
этникалық қауымдастықтың дамуы жөніндегі мәселенің айрықша назар
аударуды талап ететін, күрделі де аса маңызды мәселе екенін көрсетеді. Бұл
мәселе ұзақ жылдар бойы белсенді түрде талқыланып келгеніне қарамастан
қазіргі уақытта жаңаша ой толғаулар, жаңа талаптар тұрғысынан қарау міндетін
алға тартуда.
“Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың” мәнін зерттеуде ең алдымен
оның саясаттың өзекті субъектісі ретіндегі ерекшелігін, адамзаттың қоғамдық
өркениеттің дамуындағы алар орны мен ролін айқындаумен қажет.
Әлеуметтік-этникалық
қауымдастықтар
көпұлтты
мемлекеттер
шеңберінде құрылады. Осындай қауымдастықтың түрі, әсіресе, отаршылдық
және жартылай отаршылдықтан азаттық алған елдерге тән болып отыр. Сондай
қауымдастықтың қалыптасуы кезінде осы елдерде тиісінше саяси, әлеуметтік-
экономикалық және мәдениет саласында бірігу біртіндеп етек ала бастады.
Көпұлтты халықтары бар мемлекеттер Азия мен Африканың көптеген
елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да орын алған. Ал “Қазақстан халқы”
деген немесе «қазақстандықтар», Қазақстандық халық ұғымы өмір шындығына,
заман талабына орайлас туындағаны белгілі. Қазақстандық этносаясат мәселесі
жөнінде айтатын болсақ, бұл мәселе саяси әдебиетте, теориялық және қоғам
өмірі практикасында әлі толық шешілді деп санауға болмайды. Сондықтан
Қазақстан болмысы негізінде осы этникалық саяси қауымдастықтың әлеуметтік
121
мәнін кеңірек талдап, белгілі деңгейде теориялық тұжырым жасап, әртүрлі
нәсілдер,
халықтар
мен
этнотілділік
компоненттерінің
ерекшелігін
айқындауымыз жөн.
Қазақстан халқы қауымдастығы ұлттық-миграция сияқты аса күрделі
тарихи даму барысында қалыптасуда. Осы қауымдастықтың қалыптасуы
кезінде халықтардың біртіндеп саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
топтасуы байқалып отыр. Олардың өмір-тіршілігінде қоғамдастық, сана-сезім
бірлігі өріс жайып келеді.
Көпұлтты, әртүрлі нәсілдік және әртүрлі конфессиялық қоғам «Қазақстан
халқын» құрайды. Ол дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бір бөлігі бола
отырып, қазақ мемлекетінің бірлігін қалыптастырады. Бүгіндегі Біріккен
Ұлттар Ұйымына мүше болған 190-ға жуық мемлекеттің ішінде Қазақстан
жерінің аумағы жөнінен (2724,9 мың шаршы шақырым) әлемде тоғызыншы, ал
халқының саны жағынан елуінші орын алады.
Қазақстанда көпұлттық, әртекті этносаяси қоғамдастықтың қалыптасуы
өзінің әлеуметтік өрісі жағынан жалпы адамгершілік рухтағы мазмұнды байыта
түсуде.
Сөйтіп,
Қазақстан
халықтарының
этносаяси қауымдастығы
жалпықазақстандық рухани күш сипатында, өзінің әсері, табиғаты жалпы
адамзаттық және интернационалдық сипатта болса, екінші жағынан, көп ұлтты
халықтардың қазіргі қоғамдық дамуына сәйкес ұлттық ерекшеліктерімен бой
көрсетіп отыр. Қазақстан халықтарының этносаяси қауымдастығының айрықша
ерекшелігі сол, азаматтарды ұлт құраушы белгілерімен емес, халықтардың
этносаяси қауымдастығының ерекшелігін берік ұстану, қолдау негізінде,
олардың экономикалық, мәдени мүдделі мақсаттарының негізінде, тарихи
тағдырдың ортақтастығы негізінде бірігу.
Жинақтай айтқанда, өркениетті қоғам құру, осы негізде көпжақты,
жалпыадамзаттық белгілер: мәдениетте, тұрмыста, әлеуметтік-экономикалық
өмірде, тіл саласында өзіне тән әрбір этносқа сай қасиеттер қалыптастыру.
Сайып келгенде, осы ерекшеліктердің бәрі Қазақстан халықтарының сана-сезімі
мен бірлігін нығайтудың, мемлекетке топтасудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының әрбір халқы мен этникалық тобы -
мемлекетіміздің этносаяси қауымдастығының құрамды бөлігі болып табылады.
Осы қауымдастықтағы әрбір халық Қазақстанның жалпы дамуына белсенді
үлес қосуда. Ал Қазақстан мемлекеті, өркениетті республика халықтарының
әрқайсысының жан жақты дамуын тездетеді.
Біртұтас Қазақстан халқын қалыптастырудағы жоғарыда көрсетілген
Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы орасан зор.
Қазақстан халқының қауымдастық ретінде қалыптасу процесінде
“қазақстандық”, “қазақстандық патриотизм”, “жалпы қазақстандық мақтаныш”,
“қазақ тілі – мемлекеттік тіл”, “қазақстандық ғылым”, “қазақстандық әскер”
және басқа да факторлар пайда болып, ол жаңа теория жағынан толыға түсуде.
Бұған нақтылы дәлелдің бірі – Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлайтын болуы.
1991жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық өмірдің жаңаруы нәтижесінде
азаматтардың сана-сезімі мен рухында жалпы қазақстандық мақтаныш сезімі
122
қалыптасып, кең өріс жайып, өз табиғатына жаңа мазмұн мен толық та терең
түсінік ретінде бой көрсетіп отыр. Жаңа жағдайда орнығушы осы мақтаныш
сезімі Қазақстан Республикасын мекендеуші әр халықтың ұлттық сана-сезіміне
терең бойлай бастады. Бұл жетістік Республика халықтарының демократиялық
қоғам құру мақсатын жаппай қолдауы мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі
нәтижесінде қалыптасуда.
Бақылау сұрақтары
1. Адам – саясаттың субъектісі мен объектісі.
2. Адамның саяси субъекттілігі немен сипатталады?
3. Саяси социализация дегеніміз не?
4. Саяси белсенділікті жоғарылатудың алғышарттары.
5. Әлеуметтік стратификация (әлеуметтендіру) деген ұғымның мәні мен
авторы?
6. Қоғамның әлеуметтік құрамындағы орта таптың ролі.
7. Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының маңызы неде?
8. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттарына не жатады?
9. Саяси элита туралы теориялар.
123
Х тарау
САЯСИ ПРОЦЕСС: ШЕШІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТ
1. Саяси процесс – саяси жүйені дамытушы күш
«Саяси процесс» (соңғы кездері «саяси үрдіс» деп те айтылып жүр),
әлеуметтану мен саясаттану ғылымдарында өте жиі қолданылатын ұғым. Бірақ
бұл ұғымның мәні, саяси өмірде алатын орны, тарихи қалыптасқан түрлері,
құрылымы туралы зерттеулер әлі де жеткіліксіз. Ал, саяси процестің жалпыға
бірдей түсінік үлгісін жасаудың өзі әрі маңызды да, іс жүзінде бағалы екені
даусыз.
Саяси процесті танып-білу үшін оны құрайтын бөліктерді анық айыра
білу ғана емес, олардың өзара байланысын, бірігуін, бір-біріне ауысатын
кездерін, тағы да басқа тәртіптерін анықтай білу қажет. Сонымен қатар саяси
процесс қандай жағдайда өтеді, сипаттары қандай (ынтымақтастықта ма,
жанжалды ма, қарама-қарсы күресте ме? ) екенін анықтаудың мәні зор. Осы
процеске қатынасушылар туралы толық деректер (әлеуметтік, саяси және
құқықтық жағдай, қоғамда алатын орны, жүргізу тәртібі, белгілі дәрежесі,
құндылық мөлшері) болуы қажет.
Осы оқу құралының YІІ тарауында баяндалғандай қоғамның саяси өмірін
үйлестіруші және біріктіруші саяси жүйе болып табылады. Қоғамның
әлеуметтік топтары мен жеке адамдардың өмірінің, әлеуметтік, саяси тұрақты
дамуы саяси жүйенің орнықты, нәтижелі қызмет атқаруымен тікелей
байланысты. Саяси процесс саяси жүйені әрдайым жаңартып, өзгертіп
отыратын саяси құбылыстар. Саяси ғылымның тұжырымдамасы бойынша,
саяси процесс дегеніміз - саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші
жағдайға ауысып өзгеруі мен қозғалысы. Саяси процестің бүкіл қызметі
қоғамның саяси жүйесімен тікелей байланыста болады. Саяси процесс
күнделікті өзгерістерден басталып, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі
өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.
Саяси процестің жіктелуін саяси жүйенің даму барысындағы төрт
кезеңмен белгілеуге болады:
1) Саяси процестің легитимдігі. Қоғамның саяси жүйесі жаңарған кезде
саяси процесс екі бағытта өтеді. Біріншісі, билік жүйесінің толық өзгертілуі,
екіншісі, саяси-құқықтық құрылымдардың жаңарған жағдайға бейімделуі. Егер
халық жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Ол
саяси жүйе өзін-өзі дамыту дәрежесіне жетеді.
2) Саяси процестің жаңаруы. Жеңіске жеткен саяси жүйе, біріншіден,
ескі жүйенің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта іске қосады, екіншіден,
элементтерді жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Нәтижесінде жаңа саяси
қатынастар мен институттар құрылады, саяси ережелер мен тәртіптер,
нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары,
қызметтері бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді. Саяси
процестердің әдіс-тәсілдері де жаңарады.
124
3) Саяси басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыру.
Қоғамдағы әртүрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің
қажеттіктері, мақсаттары сан қилы; кейбір жағдайда олар өзара қарама-қарсы
келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық
қарсыластарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде анықтап,
асқындырмай реттеп, халықтың талап-тілектері мен мүдделерін үйлестіріп,
қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай
жасауы керек. Бұл өте маңызды саяси мәселе. Демократиялық мемлекеттерде
биліктің әр тармағының (орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына
бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші топтары және т.б. ақыл-кеңес беретін
құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми-талдау жұмыстарын жүргізіп, ең
дұрыс, ұтымды шешімдер қабылдауға жәрдемдеседі.
Бұндай шешім қабылдаушы саяси ел басқарушылары мен оны
орындаушылардың арасында өзара тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы
Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар
ештеңеге жауап бермейтін. Жауапты партаппараттың айтқанын орындап,
солардың бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік
органдардың, мекемелердің жауапты қызметкерлері болды. Осының
нәтижесінде ақылға сыйымсыз жағдай туындады: шешімді қабылдаушылар
ештеңеге жауап бермейтіндер, ал жауап берушілер оны қабылдауға
қатыспайтындар еді. Бұның бәрі қандай нәтижеге әкелетінін өмірдің өзі
көрсетті.
4) Саяси жүйенің қызметін бақылау. Саяси жүйенің іс-әрекетін бақылау
екі жолмен жүргізіледі. Біріншісінде, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық
ұйымдар мен қозғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады.
Бұған мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау, ресми баспасөз
органдары жатады. Бұл саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет
бабындағы атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі бақылауы. Екіншісінде,
саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға қоғамдағы барлық азаматтардың
қатысу мүмкіндігі жасалуы, бұны “төменнен бақылау” десе де болады. Бұл
үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады,
тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.
Қандай қоғамның болмасын саяси өмірі қайсыбір жеке адамдардың,
топтардың, таптардың, бірлестіктердің тұтас әлеуметтік тілектеріне қарама-
қайшы (келіспеушілік, көзқарастың бірдей болмауы, антагонистік қайшылық,
пікірдің орын алуы) жағдайындағы өзара күресінен қалыптасатыны белгілі.
Осындай келіспеушіліктерді уақытында ретке келтіріп, ақылға сиымды,
көпшіліктің көңілінен шығатын шешімдер қабылдап, қоғамның тыныш, бейбіт
өмір сүруіне жағдай жасау - ең қажетті саяси процесс.
Тоталитаризмнен демократияға өту жолы туралы теориясында екі түрлі
саяси процесс бар, олар либерализм және демократияландыру. “Либерализм
жеке адамдардың, қоғамдық институттардың құқықтарын кеңейтуге мүдделі.
Демократияландыру - өте күрделі процесс, ол мемлекетте қабылданатын
шешімдерге барлық азаматтардың қатысу теңдігін бекітеді, сондықтан
осындай шешімдерді қабылдау өкіметтің азаматтар алдындағы жауапкершілігін
125
күшейтеді”. (Б.Рубл. (АҚШ) Совет одағындағы тыныш революция. Вестник
МГУ. Серия 12, 1, 1992, 68-бет).
Қазіргі уақыттағы саяси мақсат - барлық әлеуметтік қозғалыстарды тұтас
біріктіріп, қоғамдағы еркін әлеуметтік процестің негізгі идеяларын жүзеге
асыру болып отыр.
Қоғамдағы саяси процестің тұрақты әсері саяси қызмет пен саяси
шешімдер деңгейімен тікелей байланысты болады. Саяси қызмет пен саяси
шешімдер саясатты жүзеге асырудың басты шарттары, осылар арқылы ғана
мемлекеттің, партиялардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, жеке адамдардың,
әлеуметтік таптар мен топтардың, ұлттар мен халықтардың мүдделері мен
мақсаттары, алдарына қойған міндеттері жүзеге асады. Қорыта келгенде,
саясаттың жүзеге асуы және нәтижелі болуы саяси қызмет пен шешімдерге
тікелей байланысты.
Сондықтан саяси қызметтің және саяси шешімдердің мәнін, мазмұнын,
сипатын, түрлерін, типтерін және жүзеге асу жолдарын жүйелі талдаудың
маңызы өте үлкен.
2. Саяси қызмет – саналы іс-әрекеттің нәтижесі.
Жоғарыда көрсетілгендей, саяси процестің құрамдас бөлігі – қызмет. Ал
“қызмет” дегеніміз – іс, әрекет, еңбек. Қызмет ол еңбектің өзіндік сипаты бар
ерекше түрі. Оның қарапайым еңбектен айырмашылығы қоршаған ортаға,
күнделікті өмірге белсенді араласуы, ал мазмұны жағынан алғанда жағдайды
белгілі мақсатқа сай өзгерту мен қайта құру.
Саяси саладағы қызметтің өз ерекшеліктері бар. Ол билік үшін күреспен,
мемлекеттік істермен, әлеуметтік таптар мен топтардың, халықтар мен
ұлттардың мүдделерімен байланысты. Аристотельдің анықтауы бойынша,
«саясат», «саяси қызмет» ұғымдарының дәл мағынасы – «мемлекет басқару
өнері». Осыған сәйкес саяси қызмет асқан шеберлікті, іскерлікті қажет етеді.
Белсенді іс-әрекет саяси қызметтің негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Саяси саладағы қызметтің тағы бір ерекшелігі – іс-әрекеттің саналы
болуы мен белгілі бір мақсатқа бағытталуында. Бұл сипат қызметтің барлық
түрлеріне тән, бірақ саяси қызметте саналы қимыл атқару ерекше орын алады.
Дәл мағынасында саяси қызмет - қоғам дамуының пәрменді қозғаушы күші
және оның өмір сүру шарты. Осыған орай саяси қызмет саяси оқиғаның
барысына прогресті ықпал етіп, жасампаздық роль атқаруы қажет.
Саяси қызметтің тағы бір сипаты – оның жүзеге асыру әдістері мен
амалдарының белгілі бір моральдық және этикалық түсініктермен
байланыстылығы. Бүлдірушілік, террористік, экстремистік әрекеттер саясатта,
экономикада, мәдениетте өте зиянды; ұлтаралық қатынастарда халықтарды бір-
біріне қарсы қою, саяси бүлік, қорқыту, сатқындық, тұрақсыздық әрекеттер
саяси мақсаттың адамгершілік құнын төмендетеді, саяси қызметтің мәнін және
нәтижесін жоққа шығарады.
Саяси қызметтің түпкі мақсаты - билік үшін күрес. Саяси билікті жеңіп
алу немесе оны сақтап қалу үшін жүргізілетін күрес партиялардың немесе оған
126
қатысушылардың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсатта күрестің
әртүрлі жолдары мен әдістері қолданылады. Олар өзінің жүргізілу және жүзеге
асу жағынан алуан түрлі. Бұларды жүйелеп, саяси қызметтің күрес жолдарын
бірнеше типтерге бөлуге болады. Соның ішіндегі негізгілері: революциялар,
төңкерістер, реформалар. Революциялар мен төңкерістер тарихта көп орын
алған, жалпы баршаға әйгілі саяси процесс. Ал реформалар – бұл адамдардың
белгілі бір топтарының немесе жеке адамдардың саналы және арнаулы
мақсаттағы саяси іс-әрекеті. Бұған соңғы жылдары Қазақстанда болған елеулі
өзгерістерді жатқызуға болады. Бірқалыптағы демократиялық өзгерістер
арқылы еліміз алдымен саяси егемендікке қол жеткізді. Ал реформалар жүргізу
нәтижесінде еліміз қарқынды әлеуметтік-экономикалық табыстарға жетті.
Саяси қызмет демократиялық реформаларды жүзеге асырып, билік
жүргізу арқылы әлеуметтік топтардың, ұлттар мен халықтардың арасындағы
қоғамдық қатынастарды үйлестіреді. Бұл адам құқықтарын қорғау және
жариялылық, саяси бостандықтар беру жағдайында, әртүрлі бағыттағы саяси
күштер, ұйымдар мен қозғалыстар арасында келісімге келу арқылы жүзеге
асады.
Мысалы, Қазақстандағы саяси қызмет – еліміздің бірлігін нығайтуға
бағытталған өзекті мәселелерді шешуде келісімге келуге бағытталған.
Республиканы мекендеген халықтардың татулығын нығайту үшін барлық
халықтардың және саяси ұйымдар өкілдерінің күштерін біріктіру; барлық
қоғамдық-саяси күштердің еркін пікір алмасуына жағдай жасау, халықтар
арасындағы ынтымақтастық арқылы бейбіт әрі теңқұқықтық, достық байланыс
орнату. Бұның бәрі өз кезегінде әр адамның құқығын міндетті түрде
қамтамасыз ету, құрметтеу, республикамызды мекендеуші әртүрлі этникалық
топтардың мәдени дәстүрлерін дамыту және т.б. саяси қызмет арқылы жүзеге
асады.
Еліміздің бүгінгі таңдағы саяси қызметінің негізгі мақсаты –қоғамды
демократияландыру. Бұл қоғамның мәдени дәрежесімен, қоғамдық пікірдің
алуан түрлілігімен, кемшіліктерді жоюға бағытталған еркін пікір таласқа
әртүрлі көзқарастарға жол ашылуымен, қандай да болмасын маңызды
мәселелерді көтере білуі мен, қоғам дамуының күрделі де, қарама-
қайшылықтарға толы проблемаларын шеше білумен байланысты. Мұның өзі
кез-келген саяси партияның, қоғамдық-саяси ұйымның, әлеуметтік топтардың
прогресшілдігімен айқындалып, дүниежүзілік өркениеттің даму жолын
көрсетеді.
Шынайы демократияға сүйенген саяси қызмет зор жауапкершілікті талап
етеді. Сондықтан қандай да болмасын саяси топтардың қызметі туралы сөз
болғанда олардың нақты іс-әрекетіне қарап баға беруге болады.
Демократияландыру барысында көпсөзділікке, қақтығысқа, алып-ұшпа
әрекеттерге жол беруге болмайды. Қоғамнан, әлеуметтік ортадан тыс
бостандық жоқ. Қоғамға әр уақытта үлкен қауіп болатын – шексіз бостандық.
Сонымен, кез-келген саяси қызмет нақтылы нәтижеге жетуге бағытталып,
әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарда, билік саласында, басшылар мен
127
орындаушылар арасында, жекелеген адамдар мен топтар арасындағы
қатынастарды реттеушілік жұмыстарын жүргізіп отырады.
Біздің еліміздегі кең көлемде жүргізіліп жатқан өндірістік реформалар
мен нарықтық экономикаға көшу барысында жаңа әлеуметтік топтар
қалыптасты. Кәсіпкерлер, фермерлер, іскер адамдар бүгінгі жаңа қоғамның
көріністері.
Қазақстанда қазіргі кезеңде саяси қызмет өзінің мазмұны мен сипатына
байланысты негізгі екі бағытқа бөлінеді: теориялық саяси қызмет және
практикалық саяси қызмет.
Теориялық саяси қызметке танымдық, талдамдық, болжамдық және
бағалама – бағдарлық қызметтер жатады. Бұл қызмет түрлері қазіргі жағдайда
саяси ғылымының маңызы мен ролінің басты көрсеткішіне айналып отыр.
Себебі мемлекеттік істерді дұрыс шешу үшін ел басшысы – президенттің
жақын кеңесшілері мен ақыл беруші мамандар саясатшы ғалымдар болуы
қажет.
Практикалық саяси қызмет іс жүзіндегі жұмыстарды реттеуге
бағытталады. Бұл ғылым тілінде регулятивтік қызмет деп аталады, оларға
басқару, құқықтық, ұйымдастырушылық, үгіттеушілік, насихаттаушылық және
тәрбиелік жұмыстар жатады. Қандай да болмасын саяси күштердің іс-әрекеті
осы қызметтермен айқындалады.
Әрине, саяси қызметтің осы екі бағыты бір-бірімен тығыз байланысты.
Саяси теория бұқараның практикалық тәжірибесімен ұштасқанда ғана қоғамға
ықпалды әрі тиімді болады. Саяси қызметтің осы екі негізгі түрі қоғамның
саяси өмірін толық қамтып, оның көптеген салаларына араласады.
Мысалы, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ұлттық, әскери, ішкі және
сыртқы, халықаралық, дүниежүзілік және жергілікті - аймақтық саясаттарға
тікелей қатысы бар.
Саясат жүргізушілердің қызметімен мемлекеттің, партиялардың саяси
бағытына, әртүрлі қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың, жеке
адамдардың, саяси басшылардың ұстанатын саясаттарына да байланысты.
Саяси қызмет уақыт мерзімі бойынша ағымдағы саясат және ұзақ
мерзімге белгіленген саяси бағыттарға бөлінеді. Осыдан біз саяси қызметтің
мазмұны өте кең екендігін білеміз. Әр саладағы саяси қызметтің өзіндік
ерекшеліктері бар және олар саясатты жүзеге асырушылардың іс-қимылымен
байланысты.
Саяси қызмет атқарудың әртүрлі әдістері болады. Солардың ішіндегі ең
тиімдісі – пікір алысу, бұл шындыққа апаратын бірден бір жол. Ол ортақ
пікірге, тұжырымдарға келуге көмегін тигізеді. Саяси практикада ақиқат
көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Әртүрлі саяси күштердің
арасындағы жан-жақты пікір алысу қоғам өміріндегі алуан түрлі түсініктердің
орын алуымен байланысты. Қоғам дамуының өзекті мәселелері бойынша пікір
алысу және оны талқылау мәдениеті жоғары болуы қажет. Пікір таласы
әншейін бос сөзге, немесе қыңыр іс-әрекетке айналмауы қажет. Пікір талас
мәселенің мәнін жете білуге, әр адамның берік сенімінің қалыптасуына, ойдың
дәлелді болуына, өз пікірін қорғай білуге көмектеседі. Бұндай жағдайда
128
басқаның пікірін сыйлай білудің маңызы зор. Осыған орай, саяси қызметтегі
жалаң уәдеге жол берілмеуі керек. Бұлар саясаттағы субъективизмнің айқын
көрінісі болып табылады.
Демократиялық емес қоғамда басшылардың саяси қызметі шешуші роль
атқарып, оларға әлеуметтік жағдайларды өзгерту де және реттеуде шексіз билік
беріледі. Бұған нақтылы мысал: Сталиннің жеке басына табыну, Хрущевтің
елдің ішкі және сыртқы жағдайымен санаспай, жиырма жыл ішінде коммунизм
орнатамыз деп даурығуы, Брежневтің кезінде кемелденген социализм орнады
деген ұшқары тұжырымы. Сондықтан саяси қызметте осындай ретсіз
көріністерге жол берілмеуі үшін қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер
қызметінде демократияға кең жол ашылуы қажет. Мемлекет дәрежесіндегі
дұрыс саяси қызмет: заң шығаратын, атқарушы және сот органдары билігінің
айқын және жүйелі бөлінуін, дербестігін қамтамасыз ету.
Саяси қызмет арнайы мамандық дайындықты талап етеді, өйтпесе саяси
қызметпен айналысушы жеке адамдар мен топтардың мүшелері күрделі
әлеуметтік және саяси мәселелерді ретсіз, заңсыз шешулері мүмкін.
Саяси қызметтегі адамдардың саяси мәдениет деңгейі, жалпы білімі,
саясат жүргізушілердің бір-біріне ықпалы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік
қатынастармен үндес болуы тиіс. Басқаша айтқанда, саясат жүргізушілердің
қызметі басқа әлеуметтік күштердің мүдделерімен ұштасқан жағдайда, яғни,
олардың мүдделері өмір талаптарымен, қоғам қажеттілігіне сәйкес келгенде
ғана пайдалы болады. Нәтижесінде саяси күштердің арасында тұрақтылық
қалыптасады, қоғамға пайдалы қызмет етуге мүмкіндік жасалады.
Саяси қызметтің мемлекеттік саясатпен, саясат жүргізушілердің
көзқарастарымен байланысының маңызы зор. Көзқарастар арасындағы күрес,
саяси белсенділік, саяси әрекеттерді қолдау немесе жоққа шығару саяси
қызметке өз әсерін тигізеді. Саяси көзқарастар жеке адамның, әлеуметтік
топтардың, партиялардың тұжырымдары мен түсініктері тұрғысынан көрінеді.
Саяси көзқарастар тек ғана тұжырымдалған, жүйеге келген түрде ғана емес,
үйреншікті, үстірт ойға негізделуі де немесе саяси жағдайды мұқият талдаған,
ғылыми пайымдалған, логикаға негізделген болуы да ықтимал. Сондықтан
азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйым басшыларының саясаттағы
ғылыми көзқарасының қалыптасуы өте маңызды. Бұл саяси қызметтің нәтижелі
болуының басты шарты. Сондықтан саяси күштердің ықпалының артуы осыған
байланысты болады.
Сонымен, саяси қызметтің мәні, мазмұны, типтері мен әдістері және
негізгі түрлеріне байланысты мынадай анықтама беруге болады: Саяси қызмет
– саясатты жүзеге асыруға және жүргізуге қатысу; әлеуметтік топтардың,
таптардың, бірліктердің, ұлттардың және т.б., ұйымдардың және жеке
адамдардың белгілі бір саяси мүдделерді жүзеге асырудағы іс-әрекеті. Бұл іс-
әрекет қоғам өмірінің барлық салаларына пәрменді ықпал етеді.
129
Достарыңызбен бөлісу: |