smb түсінуге, елестетуге мүмкін болмау, өресі
жетпеу ♦It’s ~ me why she wants to marry Geoff. – Оның не үшін Джефке үйленгісі келетініне өрем жетпейді (... келетінін түсінсем бұйырмасын). B.adv алысқа, алыста, қашықта
♦The mountains ~ were covered in snow. – Алыстағы тауларды қар жауып жатты. ♦We must look ~ for signs of change. – Біз алысқа өзгеріс нышандарын іздей қарауымыз керек. ♦The immediate future is clear, but it’s hard to tell what lies ~. – Жақын болашақ – айқын, бірақ одан əрі қарай не болатынын айту қиын. bi- [bai-] pref екі, қос м: biannual, bicentenary
biannual [bai’ænjuəl] adj жылына екі рет
(болатын)
biannually [bai’ænjuəli] adv жылына екі рет
bias [‘baiəs]A.n 1.сыңаржақ пікір, сенім, сіңіп
қалған (байырғы) түсінік, бірбеткей, біржақты
түсінік, жауыры шыққан пікір, қиғаш көзқарас
♦The university has a ~ towards/in favour of/ against science. – Университеттің ғылымға деген/...ды жақтайтын/...ға қарсы бірбеткей түсінігі бар. ♦The committee is of a /has a con- servative ~. – Комитеттің жауыры шыққан пікірі бар. ♦He is without ~. – Онда қандай да бір болмасын сыңаржақ пікір жоқ. 2.матадағы
қиғаш, қисық сызық, бағыт 3.табиғи икем,
бейім я қызығушылық, құштарлық ♦Lynda has a strong artistic ~. – Линда өнерге өте құштар. A.v (-s-; -ss-) ~ smb (towards/in favour of/ against smb/smth) пейілін, райын өзгерту,
бұру ♦a ~ed account, jury – теріс есеп, қазылық ♦The newspaper is clearly ~ed (in the govern- ment’s favour). – Газет (үкіметке бүйрегі бұра) бұрмалай жазады. biased, biassed [‘baiəst] adj сыңаржақ пікірдегі,
біржақты [қ-з: bias]
bib I [bib] n 1.сəбидің алжапқышы, шалғышы
2. (idm) *one’s best ~ and tucker best
bib II [bib] v (архаизм) маскүнемдену
bibb [bib] n тығын, кран, шүмек
bibcock [‘bibkɒk] n тығын, кран, шүмек
bibelot [‘bibləu] n (Fr) уақ-түйек əшекей,
ойыншық
bible, Bible [‘baibl] n библия, інжіл
bible basher [‘baibl bæʃə(r)] n (жақтырм)
інжілді уағыздаушы дүмше неме, тақуа
уағыздаушы
bible puncher [‘baibl pʌnʧə(r)] = bible basher
bible thumper [‘baibl θʌmpə(r)] = bible basher
biblical [‘biblikl] adj библия(ның), інжіл(дің)
♦a ~ theme, expression – библиялық тақырып, библиядан алынған сөз (тіркесі) ♦~ times, language – библиядағы оқиғалар болған заман, інжіл тілі (яғни, сөз саптау стилі, т.с.с.) bibliofi lm [‘bibliəufi lm] n микрофильм
(кітапханадағы көне кітаптардың беттерін
фотографиялап жасалған)
bibliographer [,bibli’ɒgrəfə(r)] n библиограф
(библиография құрастырумен айналысатын
адам)
bibliographic(al) [,bibliəu’græfi k(l)] adj библиографиялық
bibliograph [,bibli’ɒgrəfi ] n библиография
1.белгілі бір кітап я автор жайлы
кітаптардың не мақалалардың тізімі
2.кітаптардың тарихын, жасалу жолдарын
зерттеу
bibliomania [,bibliəu’meinjə] n кітапқұмарлық,
библиомания
bibliomaniac [,bibliəu’meiniæk] n кітапқұмар
bibliophile [‘bibliəfail] n кітапсүйер, кітапжи-
ғыш
bibulous [‘bibjuləs] adj 1.маскүнем 2.сорғыш,
сіңіргіш
bicameral [bai’kæmərəl] adj қос палаталы
(парламент) (м: Ұлыбританиядағы қауымдар
палатасы ж/е лордтар палатасы) ♦~ legislature – қос палаталы заң шығару органы bicarb [‘baikα:(r)b] = sodium bicarbonate
bicarbonate [,bai’kα:bənət] n (хим) бикарбонат,
қос көмір қышқылды түзілім (көмір
қышқылының тұзы, құрамында HCO
3
−1
тобы
бар)
bicarbonate of soda = sodium bicarbonate
bice [bais] n көк я жасыл түс (мыс
карбонатынан жасалғандықтан болатын көк я
жасыл түс)
bicentenary [,baisen’ti:nəri; US -’sentəneri] n, adj екі жүз жылдығы, екі ғасырлығы ♦~ celebra- tions – екі жүз жылдық мерейтой (екі жүз жылдығына байланысты салтанатты іс- шаралар) bicentennial [,baisen’teniəl] n, adj екі жүз
жылда, екі ғасырда бір болатын, екі жүз
жылдық ♦a ~ anniversary/celebration - екі жүз жылдық мерейтой/екі жүз жылдығын тойлау bicephalous [bai’sefələs] adj (биол) екі басты,
екі басы бар
biceps [‘baiseps] n (анат) бицепс (шынтақтың
үстіндегі əрі оны бүгетін бұлшық ет)
bichloride [bai’klɔ:raid] n (хим) бихлорид, қос
хлорлы түзілім
bichromite [bai’krəumit] n (хим) бихромит, қос
хромды қышқылдың тұзы = dichromate
bicker [‚bikə(r)]A.v 1. (бос нəрсеге) керісу,
кикілжің туғызу, ренжісу ♦The couple had ~ed for years as a matter of habit. – Ерлі- зайыптылар баяғы əдеті бойынша жылдар бойы керісіп келді. 2.асыға қозғалу, жылдам
жүгіру ♦The raging stream ~ed down the val- ley. – Ашулы ағын (су ағыны) алқаппен төмен қарай қуалай қозғалды. 3.əлсіз жарқырау,
дірілдей, тербеле сəулелену, мөлтілдеу, мөлт-
мөлт ету ♦The afternoon sun ~ed through the trees. – Күн түс ауа ағаш арасынан мөлтілдей сəуле шашты. B.n керіс, кикілжің, ренжіс
biconcave [bai’kɒnkeiv] adj (оптикада) екі
жаққа да бірдей иілген (линза) (екі жақтан
да центрі ішке қарай, жиектері сыртқа қарай
тебілген линза)
biconvex [bai’kɒnveks] adj (оптикада) екі
жаққа да бірдей шығыңқы (линза) (центрі екі
жаққа да томпая шыққан линза)
bicycle [‘baisik(ə)l] A.n велосипед B.v велосипед тебу
bicycler [‘baisiklə(r)] = bicyclist
bicycling [‘baisikliŋ] n велосипедпен жүру
bicyclist [‘baisiklist] n велосипедші
bid [bid] A.v (-dd-, pt, ppbid; ptbade [bæd],
ppbidden [‘bidn]) 1. ~ (smth) (for smth); көбінесеUS ~ (smth) (on smth) (a) (аукционда)
баға, құн ұсыну ♦She bid £500 (for the paint- ing). – (Картина үшін) ол £500 ұсынды. ♦We had hoped to get the house but another couple was ~ding against us. – Үйді алуға дəмелі едік, алайда бір ерлі-зайыпты бізден көп (баға) ұсынып қоймады. (b)тендерге қатысу, жобаға
қатысу үшін ұсыныс жасау ♦Several fi rms have bid for the contract to build the new concert hall. – Бірнеше фирма жаңа концерт залын салу үшін болған тендерге қатысты. 2.(архаизм не кітаби) (а)бұйыру, айту ♦Do as you are bidden. – Саған қалай айтылса, солай істе. ♦She bade me (to) come in. – Ол мені ішке (кір деп) үндеді. (b) шақыру ♦guests bidden to (attend) the feast – тойға шақырылған меймандар (c) сəлемдесу
я қоштасу ♦to ~ smb good morning – біреуге қайырлы таң айту ♦to ~ farewell to the guests – меймандармен хош айтысу 3. (idm) *~ fair to do smth солай болатын сияқты♦The plan for a new hospital ~s fair to succeed. – Жаңа аурухананың жоспары табысты жүзеге асатын сияқты. B.n 1.ұсынылған, сұралған
баға; ұсыныс ♦to make a ~ of £50 for a painting – сурет үшін £50 ұсыныс жасау ♦Any higher/ further ~s? – Бұдан жоғары/əрі ұсыныстар жоқ па? 2.(көбінесе US) = tender 3. талпыныс,
ұсыныс, ниет əрекет ♦He failed in his ~ to reach the summit. – Оның шыңның басына шығамын деген ниеті сəтсіз болды. ♦He made a ~ for power/popular support. – Ол билікке ұмтылды/ көпшілік қолдауынан дəмелі болды. biddable [‘bidəbl] adj көнгіш, иілгіш (адам)
bidder [‘bidə(r)] n (аукционда) баға, құн
ұсынушы ♦The house went to the highest ~. – Үй көп баға бергенге кетті.
192
193
bidding [‘bidiŋ] n 1. (кітаби) жұмсау, бұйрық
♦to do smb’s ~ - біреудің айтқанын істеу ♦At his father’s ~ he wrote to the lawyer. - Əкесінің айтуымен ол өз адвокатына хат жазды. 2.(аукционда) баға ұсыну; ұсыныс ♦Bidding was brisk. – Ұсыныстар апыл-ғұпыл түсіп жатты. bide [‘baid] n 1. (архаизм) = abide 2. (idm) *~ one’s time өз уақытын күту, оңтайлы мезетті күту
bidet [‘bi:dei; US bi: ‘dei] n биде (асты жақты
шаюға арналған леген)
biennial [bai’eniəl] A.adj 1.екі жыл сайын
болып тұратын, екі жылда бір 2.екі жылға
созылатын, екі жылдық B.n екі жыл өмір
сүретін əрі екінші жылы гүлдейтін өсімдік
biennially [bai’eniəli] adv екі жыл сайын, екі
жылда бір
biff [bif] (ауызекі) A.n қатты соққы
(жұмырықпен ұрылған) B.v соғу, ұру ♦to ~ smb on the nose – біреуді мұрнынан соғу biffi n [‘bifi n] n 1. (Британияда өсетін) қызыл,
пісіріліп я қуырылып желінетін алма 2. (Brit)
жанышталып қант қосып пісірген алма
bifi d [‘baifi d] adj екіге бөлінген, қақ айырылған
bifocal [bai’fəuk(ə)l] adj (линза, көзəйнек ж)
қос фокусты, бифокал (алыстан да, жақыннан
да көруге арналған)
bifocals [bai’fəukl(ə)z] n қос фокусты, бифокал
көзəйнек, көзілдірік
bifoliate [bai’fəuliit] adj (бот) қос жапырақты
bifurcate [‘baifəkeit] v (жол, өзен, ағаш бұтағы
ж) айырылу, екіге бөліну
bifurcation [,baifə’kei∫n] n айырым, тармақ
big I [big] A.adj (-gger, -ggest) 1.(a) үлкен,
дəу, ірі ♦a ~ garden – үлкен бақша ♦a ~ man – ірі адам ♦a ~ majority – басым көпшілік ♦a ~ defeat – ірі жеңіліс ♦a ~ explosion – үлкен жарылыс ♦a ~ argument – үлкен пікірталас ♦the ~ toe – табанның бас бармағы (b)
(ауызекі) көп ♦~ money – көп (мол) ақша (c)
ауыр ♦The bigger the crime, the longer the gaol sentence. – Қылмыс неғұрлым ауыр болса, кесім де соғұрлым ұзақ. (d) нағыз, барып
тұрған ♦He is the biggest liar I know. – Ол мен білетін нағыз суайт. 2.(жасы) үлкен♦my ~ sister – менің əпкем ♦He is ~ enough to go out without his parents. – Ол əке-шешесінсіз далаға шығуға ер жетіп қалды. 3.үлкен, маңызды
♦the ~ match – маңызды матч (кездесу) ♦a ~ decision – үлкен (маңызды) шешім ♦the big- gest moment in my life - өмірімдегі ең маңызды сəт 4.үлкен, даңғаза, көпірме ♦to have ~ ideas – ауқымды ойлары болу ♦to have ~ plans – үлкен (даңғаза) жоспары болу 5. (ауызекі)
халыққа ұнайтын, көпшілік қалайтын, кең
♦Videogames are ~ this year. – Видеоойындар бұл жылы кең сұранысқа ие. 6. ~ on smth бірдеңеге зейін, ынта қойған; бірн-е істеуге
құлқы бар 7. (idm) *to be/get too ~ for one’s boots маңғазданған, тоқмейілсіген (сөзбе сөз:
аяқ киімі симай қалған) *a ~ cheese (slang жақтырм) дөкей, қасқа, дəу неме *a ~ deal! жетістіріпті! жетіскен екенбіз! ♦We’re get- ting a wage increase of £40 a year. Big deal! – Жалақымыз жылына £40 өсетін болыпты. Жетіскен екенбіз! *a ~ fi sh (in a little pond) (сөзбе сөз: кішкене тоғандағы дəу балық)
(шағын ұжымдағы) беделді адам *the ~ stick (сөзбе сөз: дəу таяқ) күш қолдану хаупі *the ~ three/four, etc үш/төрт, т.с.с. мықты ел,
адам, компания ♦a meeting of the ~ fi ve – бес мықтының (алпауыттың) кездесуі *the ~ time (көбінесе шоу-бизнестегі) өте табысты,
сəтті шақ, кезең *smb’s eyes are bigger than his belly/stomach eye *to give smb/get a ~ hand ду қол шапалақтау, ұру ♦Let’s all give her a ~ hand. – Қанеки, бəріміз де қол соғайық оған. *to have bigger/other fi sh to fry fi sh
*in a ~/small way way B.adv (slang) 1.кең,
кеңінен, молынан ♦Let’s think ~. – Ауқымды ойлайықшы. ♦He likes to talk ~. – Ол көпіргенді жақсы көреді. 2.табысты, сəтті ♦a band which comes/goes over ~ with pop fans worldwide. – Дүние жүзі эстрадалық əнге құштарлар арасында беделге ие топ. big II [big] = bigg
bigamist [‘bigəmist] n екі, қос əйелі бар ер, екі
күйеуі бар əйел
bigamy [‘bigəmi] n бигамия, екі əйелі я күйеуі
бар болу(шылық)
bigamous [‘bigəməs] adj екі əйелі я күйеуі бар,
бигамиялық
bigamously [‘bigəməsli] adv big bang [,big’bæŋ] n үлкен жарылыс
(ғаламның тууына себепкер болған-мыс) ♦the ~ theory – үлкен жарылыс теориясы Big Ben [,big’ben] n Биг Бен (Ағ-н Парламент
үйі мұнарасындағы сағат)
big cat [,big’kæt] n ірі мысық тұқымдастар (м:
арыстан, барыс, т.с.с.)
big dipper [,big’dipə] n балалар
аттракционындағы иір-қиыр жол
Big Dipper, the [,big’dipə] Жеті қарақшы
шоқжұлдызы
big game [‘biggeim] n ауланатын ірі аңдар
(спорт я ермек үшін)
bigg [big] n төрт қатарлы арпа (кəдімгі алты
қатар арпадан сапасы төмен арпа)
biggin [‘bigin] n капюшон, тар тақия
big-horn [‘bigh:ɔ(r)n] n арқар
bight [bait] n 1.шығанақ (жағаға бойлай енген
су) 2.тұзақ, ілмек, шалма
bigness [‘bignis] n ірілік, үлкендік,
ауқымдылық
big-head [‘bighed] n өзіне-өзі мастанған,
тоқмейілсіген адам
big-headed adj өзіне-өзі мастанған,
тоқмейілсіген
big-hearted [big’hα:tid] adj кең пейіл,
жомарт
bigot [‘bigət] n тақуа, (дінге, т.с.с.) көзсіз
сенуші, дүмше, фанатик ♦religious ~s – діни содырлар bigoted [‘bigətid] adj (ой, пікір ж.) тар, төзімсіз,
көзсіз, сыңаржақ ♦~ views – тар көзқарас ♦He is so ~ it is impossible to argue with him. – Оның сыңаржақтығы сонша, онымен сөйлесу мүмкін емес. bigotry [‘bigətri] n тақуалық, (дінге, т.с.с.)
көзсіз сенушілік, дүмшелік
big-mouth [‘bigmauθ] n сөзшең, ашықауыз
адам
big-top ['bigtɒp] n 1.цирктің күмбезі, басты ша-
тыры 2. цирк
bigtree ['bigtri:] n (бот) секвойя (ағаш)
big wheel [big'wi:l] n 1. аттракциондағы алып
дөңгелек (қаланы, т.б. көруге арналған) 2.
(slang) маңызды адам, дөкей
bigwig ['bigwig] n (ауызекі) дөкей, мықты,
қасқа
bijou ['bi:ʒu:] (plbijoux ['bi:ʒu:z]) A.n 1. асыл
тас 2. зергерлік бұйым B.adj шағын əрі нəзік,
сүйкімді ♦a ~ residence – ұядай үй (яғни, шағын əрі қолайлы) bijouterie [bi’ʒu:təri:] (Fr) n 1. зергерлік
бұйымдар 2.бижутерия
bijoux [‘bi:ʒu:z] pl ofbijou bike [baik] (ауызекі) A.n 1. велосипед 2.
мотоцикл B.v велосипед, мотоцикл тебу
♦Let’s go ~ing. – Жүр, велосипед тебейік (мотоциклмен жүрейік). biker [‘baikə(r)] n мотоциклист, мотоциклші
bikini [bi’kini] n бикини (екі бөліктен тұратын
əйелдердің жүзу костюмі) ♦a ~ top – бикинидің үсті (үстіңгі жағы) bilabial [,bai’leibiəl] (фонетикада) n,adj билабиал, қос ерінді (дыбыстар) (м: ағ-н т-де:
b, m, p, w)
bilabiate [,bai’leibiit] adj (бот) қос ерінді
bilateral [,bai’læterəl] adj екі жақты ♦a ~ agree- ment/treaty – екі жақты келісім/шарт bilateralism [,bai’læterəlizm] n екі жақтылық
принципі (елдер арасындағы қатынаста екі
жақты келісімдерге сүйену қағидасы)
bilaterally [,bai’læterəli] adv екі жақты
billberry [‘bilbri; US - beri] n (бот) (кейде
blueberry, whortleberry) қарақат, қаражидек,
қарамық
bilbo I [‘bilbəu] n (pl~es) (тұтқындардың
аяғына салынатын) шынжыр, кісен
bilbo II [‘bilbəu] n (pl~es) (архаизм) қатты
шыныққан семсер
bile [bail] n 1.өт 2. (ауысп. мағ.) кірпияздық,
кіртигіштік
bile-duct [‘baildʌkt] n (анат) өт түтігі, өт жолы
bilge [bilʤ] A.n 1. кеменің түбі, табаны
2.(кейде ~-water) кеменің түбіне жиналған
лас су 3. (slang) былшыл, бос сөз ♦Don’t give me that ~! – Ондай жөні жоқ нəрсені айтпа маған! B.v тес(іл)у (кеменің түбі ж)
bilharzia [bil’hα:tsiə] n (медиц) билхатсия
(қандағы я қуықтағы құрттар тудыратын
тропикалық ауру)
biliary [‘biljəri] = bilious 1
bilingual [,bai’liŋgwəl] adj, n екі тіл білетін,
қос тілді, екі тілді (адам) ♦He is ~. – Ол екі (қос) тілді. ♦a ~ community – қос тілді қауым ♦a ~ dictionary – екі тілді сөздік bilingually [,bai’liŋgwəli] adv екі тілде, т.с.с.
bilious [‘biliəs] adj 1.өттің көптігінен болған
я ауырған ♦a ~ attack - өттің көптігінен болған ауру ♦a ~ headache - өттен болған бас ауру ♦I feel a little ~ after last night’s dinner. – Кешегі астан кейін өтім аздап сырқап тұр. 2.кіртигіш, кейігіш 3.сарғылтым (түс) ♦a ~ green – сарғылт жасыл
194
195
biliousness [‘biliəsnis] n bilk [bilk] A.v~ smb (out) of smth1.»ақша
төлеуден) жалтару, қашу ♦He ~ed us of all our money. – Ол біздің бар ақшамызды қағып кетті. 2.алдау, көз бояу B.n сұм, суайт,
айлакер
bill I [bil] A.n 1.құстың тұмсығы 2. (геогр)
мүйіс (жағаның теңізге бойлай енген
тұсы) ♦Portland Bill – Портлəнд мүйісі B.v 1.тұмсықтарымен түйісу, аймаласу
(көгершіндер сияқты) 2. (idm) *~ and coo (ғашықтарша) сыбырласу, күбірлесу ♦My sister and her boyfriend were ~ing and cooing on the front porch. - Əпкем (қарындасым) мен оның дос жігіті үйдің іргесінде бір-біріне емірене күбірлесіп тұрды. bill II [bil] A.n 1.(көбінесе Brit, US check) счет,
чек, билл (тауар я қызметі үшін төленуге тиісті
ақша көрсетілген қағаз, құжат) ♦telephone, gas ~s – телефон, газ счеттары (билдері) 2.(жазылған я басылған) жарнама, хабарлама,
құлаққағыс, листовка, плакат ♦Stick no ~ bills! – Жарнама жапсырма(ңыз-дар)! 3.(кино,
концерт) программасы, бағдарламасы ♦a hor- ror double ~ - қорқынышты екі фильмнен тұратын бағдарлама 4.заң жобасы, билл(ь)
♦to propose/pass/through out a ~ - заң жобасын (билді) ұсыну/қабылдау/өткізбей тастау 5. =
bill of exchange 6.банкнот, қағаз ақша ♦a ten- dollar ~ - он доллар (яғни, он долларлық қағаз ақша) 7.мəлімет құжат, дерек, қағаз, билл ♦a ~ of charges – төленетін ақша жөніндегі дерек (счет) ♦a ~ of expenditures – шыққан шығын туралы мəлімет ♦a ~ of entry – (сөзбе сөз: ену қағазы) заттың елге енгені туралы кедендік қағаз 8.сотқа жазылған шағым, арыз 9. (idm)
*a clean ~ of health clean *to fi ll/fi t the ~ дегеніне, ниетіне сай келу; ойдағыдай болу ♦The car fi ts the ~ perfectly. It’s cheap and gets good mileage. – Машина дəп ойдағыдай: арзан əрі жақсы жүгіреді. *to foot the ~ foot *to head/top the ~ концертте ең маңызды номер
я орындаушы болу ♦She topped the ~ at the Palace Theatre. – Ол Палас Театрда дүйім жұртты аузына қаратты. B.v 1. ~ smb (for smth) біреуге счет жіберу ♦I can’t pay for the books now. Will you ~ me (for them) later? – Қазір бұл кітаптар үшін төлей алмаймын. (Солар үшін) кейінірек счет жібере аласыз ба? 2.мəлімде(н)у, жарияла(н)у ♦He is ~ed to appear as Otello. – Оны Отеллоның рөлін ойнайтын болды деді. bill III [bil] n 1.айбалта 2.= billman айбалтамен
қаруланған адам 3.= billhook шот, шот балта
4.= pea якорьдің тісі
billabong [‘biləbɒŋ] n (Austral) өзеннің
тұйықталған, еш жерге құймайтын тармағы
billboard [‘bilbɔ:(r)d] n жарнама тақтасы
billbroker [‘bil,brəukə] n биржадағы брокер,
делдал
billet I [‘bilit] A.n 1.уақытша тұрақ, үй
(əскерилерге, т.б. арналған) ♦The troops are all in ~s. - Əскерлердің бəрі де уақытша тұрақтарда. 2. (ауысп. мағ.) қызмет, лауазым
B.v~ smb (on/with smb) уақытша орналастыру
♦The soldiers were ~ed on an old lady. – Солдаттар бір əжейдікіне орналастырылды. billet II [‘bilit] n шөрке, кеспек ағаш, дөңбек;
ағаштың діңі
billet-doux [bilei’du:] n (Fr) (plbillets-doux [bilei’du:z]) (əзілдей) ғашықтық хат, махаббат хат
billfold [‘bilifəuld] n əмиян, қапшық
billhook [‘bilhuk] n шот, балта шот (ағашты
аршуға арналған, ұзын сапты имек балта)
billiards [‘biliədz] n билиард ♦to have a game of ~ - биллиард ойнау billiard- [‘biliəd-] (күрделі сөздерде) n бильярд
♦~-ball – бильярд добы ♦~-cue – бильярд таяғы ♦~-room – бильярд ойнайтын бөлме ♦~-table – бильярд столы