Биохимия кафедрасы


Жан-жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі және ветеринариялық маңызы



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата04.02.2017
өлшемі0,91 Mb.
#3351
1   2   3   4   5   6

Жан-жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі және ветеринариялық маңызы

 

Жан-жануарлар жер бетіндегі әртүрлі ортада тіршілік жасайды. Олар суда, топырақта, ауада, 

сондай-ақ  басқа  организмдердің  іші-сыртында  тіршілік  етеді.  Жануарлардың  табиғаттағы 

маңызына келер болсақ, олар биосфераның зат айналу процесінде үлкен роль атқарады. Олар 



консументтер  (пайдаланушылар)  және  редуценттер  (қайта  қалпына  келтірушілер)  ретінде 

өсімдіктермен  қоректенеді  немесе  жыртқыштар  ретінде  басқа  организмдерді  жейді.  Ал, 

кейбіреулері  (қоңыздар,  құрттар,  микроорганизмдер)  басқа  организдердің  қалдықтары  мен 

өлекселерін  жеп,  оларды  ыдыратады,  минераддық  заттарға  айналдырады.  Сөйтіп,  оларды 

өсімдіктердің  бойына  сіңіруіне  жағдай  жасайды.  Яғни,  олар  заттардың  биологиялық 

айналым процессінің маңызды бөлшегі болып табылады. Жануарлар, сондай-ақ, топырақтың 

құнарлы  қабатын  жасауға,  мұхит  пен  теңіз  табанындағы  шөгінділердің  пайда  болуына 

қатысады.  Насекомдардың  өсімдіктерді  тозаңдандырудағы  ролі  өте  зор.  Мысалы, 

Европадағы жабық тұқымдас өсімдіктердің 80% насекомдармен, 19% - желдің әсерінен, 1% - 

басқа  жолдармен  тозаңданады  екен.  Ал  өсімдік  гүлдеріндегі  аталығы  аналығын 

тозаңдандырмаса, олардың жеміс бермейтіні баршаға белгілі нәрсе. 

Жан-жануарлардың адамға пайдасы өте зор. Мысалы, оларды тамақ (ет, бал және т.б.), киім 

(терісі  және  т.б.),  дәрі  (марал,  ақбөкен  мүйіздері  және  т.б.)  алуға,  сондай-ақ  мал  тұқымын 

асылдандыруға (архармеринос), биологиялық әдіс ретінде зиянкестерге қарсы қолдануға, үй 

күзетуге,  мініске,  әдемілік  үшін  (тотықұстар)  және  басқа  да  адам  өміріне  керекті  өте  көп 

нәрселерді жүзеге асыруға пайдаланады.

 

Жануарлардың  келтірер  зиянына  келсек,  ол  адамның  көзқарасымен  қарағандағы  зиян,  ал 



табиғаттағы  құбылыстардың  бәрі  де  табиғи  тепе-теңдікті  сақтауға  бағытталған.  Бірақ, 

әртүрлі  жәндіктер  адам  егетін  егін  мен  мал  шаруашылықтарының  зиянкестері  және  ауру 

қоздырғыштары  ретінде  үлкен  зиян  келтіруі  мүмкін.  Мысалы,  Халықаралық  ұйымдардың 

мәліметі бойынша, әр жылы алынатын дәнді дақылдардардың 20%-тін ауыл шаруашылығы 

зиянкестері жеп құртады екен. 

Қарапайым  паразиттер  туғызатын  қауіпті  аурулар  қатарына,  безгек,  амебиаз,  тейлериоз, 

гельминттер,  яғни  құрттар  туғызатын  аскаридоз,  эхинококкоз,  описторхоз,  трихинеллез 

ауруларын  атауға  болады.  Әртүрлі  кенелер,  бүргелер,  қансорғыш  шыбындар  өте  қауіпті 

инфекциялық  аурулардың,  мысалы  кене  энцефалиті,  оба,  тырысқақ  сияқты  ауру 

қоздырғыштарының  тасымалдаушылары  болып  табылады.  Сондай-ақ,  кейбір  жәндіктер, 

мысалы  улы  медузалар,  қарақұрт,  ара,  улы  жыландар  да  адамдар  мен  үй  жануарларына 

қауіпті саналады. 

Табиғатта  жан-жануарлардың  өзі  де  бір-бірімен  әртүрлі  қатынаста  болады.  Комменсализм 

(commensal,  французша  бірге  тамақтанушы

  деген  сөз)  -  екі  организм  бір  ортада  қатар  өмір 

сүрген  кезінде,  бірі  екіншісіне  пайдалы,  ал  екіншісіне  бәрі-бір  болуын  айтады.  Мысалы, 

крокодил мен балшықшы құс арасындағы қарым-қатынас: кішкентай құс крокодилдің тісіне 

түрып қалған етті шүқып жейді, ал крокодилге бәрі-бір. Мутуализм (латынша, mutius — екі 

жақтан бірдей; франсузша, mutualite — бір-біріне көмектесу деген сөз) — екі түрге жататын 

организмдердің бір-біріне пайдалы, бір-біріне тәуелді қатар өмір сүруі. Мысалы, насекомдар 

(қандала, құмырсқа, тарақан және т.б.) мен олардың ішегінде өмір сүретін микроорганиздер 

(бактероидтар, коккоидтар). Егер насекомдардың ішегінде аталған микроорганиздер болмаса, 

онда  олар  өзінің  өсуін  тоқтатады,  бір  фазадан  екіншісіне  өтуі  баяулайды,  личнкаларының 

пайда болмауы мүмкін. Паразитизм (грекше, раra - қасында, sitos - қоректенуші деген сөз) - 

екі организм қатар өмір сүрген кезде, бірі екіншісін қоректену көзі және тіршілік ету ортасы 

ретінде пайдаланады (паразит), ал екіншісі одан зиян шегеді, (иесі). Паразитизм құбылысы 

табиғатта өте жиі кездеседі. Ол тек жануарлар дүниесінің типтерінің ішінде тек губкалар мен 

тікентерілілерде  ғана  табылған  жоқ.  Паразиттер  мен  олар  туғызатын  ауруларды 

паразитология ғылымы зерттейді.  

 

 



 

 

 



 

 


Лекция №2                             

 

Тақырып:  Қарапайымдылар  типі.  Типтің  классификациясы  және  қарапайымдылар 

құрылысының жалпы ерекшеліктері. 

 

Тірі және жансыз табиғат туралы түсінік. Тірі организмдер 2 топқа (империяға) бөлінеді: 

прокариоттар  және  эукариоттар.  Эукариоттар  дегеніміз  ядросы,  ядро  қабықшасы, 

нуклеопротеидті  хромосомдары,  митоз  және мейоз процесстері  болатын  тірі организмдер. 

Джон  Корлисс  (1984)  эукариоттарды  4  патшалыққа  бөледі:   nimalіа  (жануарлар),  Рlantае 

(өсімдіктер), 

Fungi 

(саңырауқұлақтар), 

Рrotista 

(бір 

клеткалылар). 

Әдетте, 

эукариоттарды  өсімдіктер  және  жануарлар  патшалықтары  деп  2  патшалыққа 

(царство)  бөледі.  Жануарлар  патшалығы  өз  кезегінде  тағы  2  патшалық  асты  (подцарство) 

тармағына  бөлінеді:  1.   ір  клеткалылар  (Қарапайымдылар  типі)  және  Көп  клеткалылар 

(Губкалардан бастап Хордалыларға дейінгі типтер). 

 

Қарапайымдылар  (Рrotozoa)  дегеніміз  анатомиялық  тұрғыдан  қарағанда  клетка 

деңгейінде,  ал  физиологиялық  көзқараспен  қарағанда  дербес  организм,  яғни  тұтас 

организмге  тән  процесстер  (қоректену,  зәр  шығару,  тыныс  алу,  көбею,  қозғалу  т.с.с.) 

болатын  жеке  организм  болып  табылады.  Қазіргі  кезде,  қарапайымдылардың  50.000-

нан  аса  түрі  белгілі.  Тіршілік  етуіне  байланысты оларды төмендегідей 2 топқа бөлуге 

болады: 

 

  1.  Еркін өмір сүріп суды, топырақты мекендейтін қарапайымдылар,  



 

2.Басқа жан-жануарлар организмінде паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. 

 

Қарапайымдылардың  басым  көпшілігі  көзге  көрінбейтін,  тек  микроскоп  арқылы  ғана 



анықтауға болатын жәндіктер. Олардың ең кішісі 2-4 мкм, бірақ 1 миллиметр болатын теңіз 

қарапайымдылары,  ал  кейде  3  см-ге  дейін  жететін  нуммулиттер  де  кездеседі. 

Қарапайымдылар  клеткасы  (торшасы),  баска  ядролы  организмдер  сияқты  ядродан, 

цитоплазмадан  және  кабықтан  немесе  мембранадан  тұрады.  Қарапайымдылардың 

көпшілігінде кабықшалары  қалыңдап, соның нәтижесінде, оларға белгілі  бір пішін беретін 

және  сыртқы  ортаның  әсеріне  қорғаныш  болатын,  пелликула  түзіледі.  Жоғарыда 

айтылғандай,  құрылысы  жағынан  қарапайымдылар  көп  клеткалылардағыдай  болады. 

Бірақ, көпклеткалылардың әрбір клеткасы, белгілі бір ұлпаның немесе органның (мүшенің) 

құрамына  кіреді  және  өз  бетінше  тіршілік  ете  алмайды.  Ал,  қарапайымдылардың 

клеткалары жеке организм ретінде өмір сүре алады. 

Қарапайымдылардың классификациясы  ұзақ жылдар бойы  (XIX ғасырдың 2-жартысы - 

XX ғасыр бірінші жартысы) төмендегідей 4 класқа бөлініп келді: 

1. Саркодалар 

2. Талшықтылар 

3. Споралылар 

4. Инфузориялар немесе кірпікшелілер. 

 Бірақ,  1980  жылы  Халыкаралық  Қарапайымдылардың  систематикасы  мен  эволюциясы 

бойынша Комиссия (Levinе е.а., 1980), оларды төменгідей 7 типке бөледі: 

1.

 

Саркомастигофора 



2.

 

Лабиринтоморфа 



3.

 

Апикомплекса 



4.

 

Микроспора 



5.

 

Асцетоспора 



6.

 

Миксозоа 



7.

 

Цилиата. 



Қарапайымдылар   систематикасы 

туралы 


егжей-тегжейлі 

мағлұматтарды 

мына кітаптардан алуға болады: "Кайруллаев К.К.  Простейшие (Рrotozoа) - паразиты 

крови птиц Казахстана.  Алматы, 2003;  К.К. Кайруллаев. О систематике паразитов крови 



птиц. Журнал «Вестник высшей школы Казахстана». Научное приложение, «Поиск», серия 

естеств. наук 1998, №4, с. 27-34". 

 

 

№3 лекция                              

 

Тақырып: Жалпақ құрттар типі (Plathelminthes). Сорғыш құрттар класы (Trematoda). 



Таспа құрттар класы (Cestoda). Бірінші қуысты немесе жұмыр құрттар типі 

(Nemathelminthes) 

Лекцияның жоспары: 

1.Жалпақ  құртар  типіне  жалпы  сипаттама  және  оның  класcификациясы. 

2. Дигенетикалық сорғыш құрттар класы (Dіgеnеа) немесе трематодтар ( Trematoda).    

3.Таспа  құрттар  класы (Cestoda). 

4.  Бірінші  қуысты  немесе  жұмыр  құрттар  типі  (Nemathelminthes).  Жұмыр  құрттар  класы 

(Nematoda).  

 

Жалпақ құрттардың систематикасы: 

1.

 

Кірпікшелі құрттар класы (Turbellaria). Өкілі: ақ түсті планария. 



2.

 

Сорғыштар  класы (Trematoda). Өкілдері:  бауыр сорғыш құрт (фасциола), ланцет 



тәрізді сорғыш құрт, описторхис, простогонимус.  

3.

 



 Таспа  құртар  класы (Cestoda). Өкілдері: шошқа, сиыр цепендері, эхинококктар. 

4.

 



Моногенейлер (Monogenea). Өкілдері: дактилогирустар, спайниктер. 

 

Жалпы  сипаттамасы:  Жалпақ  құрттардың  денесі  жалпақ  жапырақ,  таспа  тәрізді,  кейде 

ұршық  пішінді  төменгі  сатыдағы  құрттар.  Олар  алуан  түрлі  тіршілік  орталарында 

мекендейді.  Жалпақ  құрттардың  ішінде  паразиттік  және  өз  бетімен  тіршілік  ететін  түрлері 

бар.  Өз  бетімен  тіршілік  ететін  өкілдерін  тұщы  суларда,  теңіз  сулары  мен  ылғалды 

топырақтан  кездестіруге  болады.  Паразиттік  түрлері  адам  мен  жануарлардың    әр  түрлі 

мүшелерін  мекендейді.  Тіршілік  үшін    күрестің  нәтижесінде  жалпақ  құрттың  көптеген  

түрлері    паразиттік  тіршілік  етуге  бейімделген.  Олардың  паразиттік  түрліше  тіршілігіне 

қарамастан барлығына тән ортақ белгілері бар.Ондай белгілері мыналар:  

1.

 



Барлығының дене пішіні ұршық тәрізді  болады.  

2.

 



Жалпақ құрттардың дене қуысы болмайды. Ішкі мүшелері борпылдақ келген ұлпада 

- паренхимада батып жатады.  

3.

 

Нерв жүйесі 2 нерв түйіндерінен және екі құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Олар өзара 



көлденең нерв тізбегі арқылы байланысып жатады.  

4.

 



Ас  қорыту  жүйесі  атқаратын  қызметі  мен  пішіне  қарай  айқын  жіктелген.  Бас 

жағында  ауыз  тесігінен  жұтқыншақ  кетеді.  Ол  қапшық  тәрізді  2  тарамды  бітеу 

ішекке жалғасқан. Астың ыдырау өнімдері ауыздан  шығарылады. Кейбір паразиттік  

түрлерінде (сиыр цепінінде) ас қорыту     мүшелері мүлде  болмайды.  

5. Жалпақ құрттардың  зәр  шығару жүйесі протонефридиялды.  

6.  Жалпақ  құрттардың    барлығында    қалыптасқан  тыныс  алу,  қан  айналу  жүйелері  

болмайды.  Тыныс  алу  процесі  паразит  түрлерінде  анаэробты  түрде,  ал  өз  бетімен  еркін 

тіршілік ететін өкілдерінде бүкіл  денесі  арқылы  жүзеге  асады.  

7.  Жалпақ  құрттардың  барлығы  да  қос  жынысты  –  гермафродит  организмдер.  Аталық  

жыныс    жүйесі  тұқым  бездерінен,  тұқым    жолдарынан,  тұқым  қапшығынан,  тұқым 

шығарғыш  каналдан,  шағылыс  мүшесінен  тұрады.    Ал,  аналық  жыныс  жүйесі:  аналық 

бездерден, жұмыртқа жолынан, оотиптен, қынаптан, сарыуыз клеткаларымен қоршалынады, 

Мелис денешігінен тұрады. Ұрықтану іште жүреді.  

 


№ 4 лекция 

 

Тақырып: Буылтық құрттар типі (Annelida). 

 

Лекцияның жоспары: 

1.

 

Буылтық құрттар типінің классификациясы және құрылысының жалпы сипаттамасы. 



2.

 

Көпқылтанды буылтық құрттар немесе полихеттер (Polychaeta) класы. 



3. Аз қылтанды құрттар немесе олигохеттер (Olygochaeta) класы. 

4. Сүліктер (Hirudinea) класы. 

 

Классификация. Тип 3 класқа бөлінеді: 

  1.  Көп  қылтанды  буылтық  құрттар  (полихеттер)  -  Polichaeta.  Өкілдері:  нереис,  құмқазар, 

теңіз тышқаны. 

2. Аз қылтанды буылтық құрттар (олигохеттер) - Oligochaeta. Өкілі: жауын құрты. 

3. Сүліктер - Hirudonea. Өкілі: медициналық сүлік. 

 

Жалпы  сипаттама.  Басқа  құрттарға  қарағанда  буылтық  құрттар  едәуір  күрделі  болып 

келеді. Негізгі белгілері төмендегідей болады: 

1.  Буылтық  құрттардың  денесі  гомономдық  метамериялы  болады,  яғни  олардың  денесі 

сақиналы сегменттер сияқтанып келеді. 

2. Оларда екінші кезектегі дене қуысы пайда болады. 

3.  Буылтық  құрттарда  бірінші  рет  дененің  алдыңғы  бөлігі  бас  пайда  болады.  Онда  барлық 

сезім мүшелері шоғырланған  (көз, ауыз, иіс сезу т.с.с.). 

4.  Құрттардың  денесіндегі  параподий  деп  аталатын  қосалқы  мүшелері  сегметтердің 

бүйірінде орналасады. 

5. Буылтық құрттардың қан айналу жүйесі тұйық болады. 

6. Буылтық құрттардың көпшілігінде ерекше тыныс алу органдары-желбезектері болады. 

7.  Зәр  шығару  системасы  метамерия  тәртібімен  қайталап  отыратын  сегментарлық  зәр 

түтіктерден құралады. 

8.  Жыныс  системасы.  Олар  метаморфоз  (личинкасы  трохофора  деп  аталады)  немесе  тура 

жолмен өніп-өседі. 

 

 

Лекция № 5 



 

Тақырып: 

Буын аяқтылар типіне жалпы сипаттама.   Систематикасы. Олардың 

табиғаттағы және адам өміріндегі алатын орны. 

 

Типке жалпы сипаттама. 

1.Буынаяқтылардың  аяқтары  бірнеше  буындарға  бөлініп,  денесі  сегменттеліп  келген  екі 

жақты  симметиялы  жануарлар.  Дене  сегменттері  әртүрлі  болып  келеді,  ондай  сегментерді 

гетерономды  сегменттер  дейді.  Гетерономды  сегменттер  бір-біріне  жалғаса  келіп  бөлімше 

құрайды. Сонымен буын аяқтылардың денесі 3 бөлімнен тұрады: 

1.

 

Бас 



2.

 

Көкірек (кеуде) 



3.

 

Құрсақ  



Кейбір буын аяқтылардың денесі 2 бөлімнен тұрады: баскөкірек және құрсақ. 

2.  Буын  аяқтылардың  бас  бөлімі  5  сегменттерден  тұрады.  1-ші  сегмент  окран  және  4  дене 

сегменті.  Барлық  буынаяқтылардың бас бөлімінде ауыз апараты орналасқан. Ауыз апараты 

түрліше  болып  келеді.  Мысалы,  кеміргіш  (тарақанда),  кеміріп-сорғыш  (ара),  жалағыш 

(шыбында), қазғыш (бұзаубаста), сорғыш (көбелекте), тесіп-сорғыш (масада), кесіп-сорғыш 


(санада),  жинағыш,  жүзгіш  т.б.  Сонымен  қатар  бас  блімінде  (акронда),  сезім  мүшелерінде 

(мұртшалары) орналасқан. Мысалы  шаян тәрізділерде антена,антелуна. 

3.Буынаяқтылардың  денесі  сырт  жағынан  қатты  хипішінді  кутикуламен  жабылған  .Ол  бір 

жағынан сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғаса,екіншіден ішкі жағнан бұлшық 

еттері бекініп тұратын қаңқасы болып та есептеледі.Бұл хипішін түлеу арқылы өсіп-дамиды. 

4.

 



Буынаяқтылардың  дене  қуысы  аралас  қуыс  немесе  ликцосель  деп  аталады. 

Эмбрнонольді даму кезінде 1-ші реттегі дене қуысы (аскарида)   2-ші реттегі пайда болған 

дене  қуысымен(целом)  қосылып  кетеді:Сөйтіп  жануарлардың  іші  мүшелері  пайда  болған 

қуыстың ішінде орналасады. 

5.

 

Буынаяқтылардың  мускулатурасы  ет  талшықтарының  шоғырлануынан  пайда 



болған күрделі  

жүйе.  Құрттарға  тән  теріет  қапшығы  бұларда  болмайды,  кейбір         

қарапайымдарынан  басқасында.  Аяқтары  мен  дене  сегменті  көлденең  жолақты  еттері 

арқылы қозғалады.Ішкі мүшелерінде-тегіс еттер болады. 

6.

 

Буын аяқтылардың нер жүйесі өте күрделі.Ол бас мидан тұрады. Бас мидан екі 



нерв тапшығы жұтқыншақ маңынан шығын құрсақ нерв тізбектеріне байланысқан. 

7.

 



Сезім мүшесі өте күрделі буынаяқтылар.Көпшілік түрлерінде жай және күрделі 

көздері  болады.Күрделі  көздер  көптеген  және  көзшелерден-  омматидиялардан  тұрады. 

Бұлар арқылы буынаяқылар заттардың пішінін ғана емес,сонымен қатар түр-түсін ажырата 

алады.Мұнымен қоса дәм сезу,иіс сезу мүшелері жақсы жетілген. 

8.

 

Буынаяқтылардың  ас  қорыту  жүйесі  ауыздан  басталады.Ішек  үш  бөлімге 



бөлінеді:алдыңғы,ортаңғы,соңғы.Соңғы  ішек  аналь  тесігімен  аяқталады.Алдыңғы  және 

ішек  эктодерма  қабатының  клеткаларынан  түзілген,ал  ортаңғы  ішек  энтодермалық.Ас 

ортаңғы  ішекте  қорытылады,себебі  бауыр  және  пилорикалық  өсінділер  ортаңғы  ішектен 

шығады.Бунақ денелілер мен көпаяқтыларды сілекей бездері пайда болады. 

9.

 

Тыныс  алу  жүйесі  буынаяқтыларды  әр  түрлі  болып  келеді.Мысалы  шаян 



тәрізділерде  -  желбезек,  өрнекше  тәрізділер  де-өкпе  және  кеңірдек,бунақ  денелілер  де 

кеңірдек. 

10.Буынаяқтылардың қан айналу жүйесінде жүрек. Жүрек бірнеше камералы болып келеді. 

Қанайналу жүйесі ашық.Ашық дегеніміз - қантамыры денесінде түзіліп, бас, көкірек, құрсақ 

қуыстарына,ішкі  мүшелерге  құйылады,яғни  денесінің  барлық  жерін  шайып  өтеді.Бұларда 

қанды-гемолимфа деп атайды.”Гемо”-қан түйіршігі,”лимфа”-сұйық зат. 

11.Буынаяқтылардың зәр шығару жүйесі күрделі,шаян тәрізділер де ерекше бездерден және 

без  жолдарынан  тұрады.Өрмекші  тәрізділер  де  көксөлді  бездер  деп  атайды,ал 

бунақденелілерде көпаяқтылар да мальпиги түтікшелері арқылы зәр шығарады. 

Көбеюі. 


12.Буынаяқтылардың  көпшілігі  дара  жыныстылар,кейбір  паразиттік  отырып  тіршілік 

тетіндер  де-  гермафродиттер.  Бұлар  жынысты  жолмен  көбейеді,  кейбірі-  партеногенез 

жолымен  көбейеді.  Жыныс  диморфизмі  жақсы  жетілген.  Аналық  жыныс  жүйесі:жұмыртқа 

безі,  жұмыртқа  жолы,  қынап  және  тұқым  қабылдағышы  болады.  Аталық  жыныс 

жүйесі:тұқымнан,  тұқым  жолынан,  тұқым  шығарғыш  каналдан  тұрады.Жұмыр  тқаның 

ұрықталуы аналығының жыныс мүшесінің ішінде өтеді. 

13.Дамуы. Буынаяқтылардың тура болады және өте күрделі метаморфозды болады. 

14.Буын  аяқтылар  ата-тегі  буылтық  құрттар  болып  есептеледі.Жақындастыру  себебі  бір-

біріне:  2 жақты симметрия, сегменттелуі,2-  ші  дене қуығы,нерв жүйелері,  қан айналу және 

зәр шығарулары. 

 

14. Буынаяқтылар типінің классификациясы: 



 

 

 



Лекция № 6 

 

Тақырып: ХОРДАЛЫЛАР ТИПІ – Chidata. 

 Жалпы сипаттама. Типтің типасты тармақтарға бөлінуі. 

Лекцияның жоспары: 

1) 

 Типке жалпы сипаттама және тип тармақтарына бөлу. 



2) 

 Төменгі  сатыдағы  хордалылардың  (личинка-хордалылар  Urochordata  бас  сүйексіздер  - 

Асrania тип тармақтары) негізгі сипаттамасы. 

3) 

 Қазіргі омыртқалылар (Vertebrata) тип тармағына сипаттама және классификациялау. 



 

Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың құрлысы мен дамуында көптеген 

ортақ белгілер болады. Олардың негізгілері мыналар: 

1)  Бәрінің  де  ұзына  бойы  созылып  жатқан  желісі,  ішкі  тірек  қаңқасы  -  хордасы  болады. 

Хорда  солқылдаған  серпімді  тұтас  зат  созылып  жатқан.  Төменгі  сатыдағы  Хордалыларда 

хорда өмір бойы сақталады, ал жоғарғы сатыда дамыған хордалыларда дамудың барысында 

хорда омыртқа жотасына айналады. Хорда эмбрионалдық даму кезінде мезодерма қабатынан 

дамиды. 


2) Хорданың үстіңгі бөліміне орталық нерв жүйесі - нерв түтігі орналасқан. Бұл түтіктің ішкі 

қуысын  -  невроцель  деп  айтады.  Дамудың  барысында  барлық  хордалыларда  нерв  түтігінің 

алдыңғы бөлігі өсіп, үлкейіп бас миына, ал қалған бөлігі жүлынға айналады. Орталық нерв 

жүйесінен барлық мүшелерге нерв талшықтары тарайды. 

 

3)  Ac  қорыту  түтігінің  алдыңғы  бөлімі,  сыртқы  ортамен  екі  қатар  саңылаулар  арқылы 



қатысады, оларды желбезек саңылаулары деп айтады. Желбезек саңылаулары суда тіршілік 

ететін  төменгі  сатыдағы  хордалыларда  (личинкахордалылар  -  асцидия,  бассүйексіздер-

ланцетник,  бассүйектілердің  ішінде-дөңгелек  ауыздылар,  балықтар,  ұрықтық  даму  кезінде 

қосмекенділер) өмір бойы сақталады, басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады да 

содан кейін жойылып кетеді. 

 

4) Жоғарыда айтылған үш негізгі ерекшелігімен бірге т.б. хордалыларды сипаттайтын 



ерекшеліктері  бар.  Ол  хордалылардың  денесінен  де  екінші  реттегі  қуыстың  (целом)  пайда 

болуы.  Хордалылар  екінші  ауызды  жануарлар.  Бірінші  ауыздың  орнына  аналь  тесігі  пайда 

болады. Хордалылардың денесі бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады. 

Хордалыларға  бассүйексіздер,  личинка хордалылар,  дөңгелек  ауыздылар  (минога,  миксин), 

балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер жатады. 

КЛАССИФИКАЦИЯСЫ: Хордалылар типі өзара ерекшеліктеріне қарай үш тип тармағына 

бөлінеді: 

1) 

Личинка хордалылар - Urochordata, өкілі: асцидия, аппендикулярия, сальпа. 



2) 

Бассүйексіздер - Асгаnіа, өкілі: ланцетник. 

3) 

Бассүйектілер  немесе  Омыртқалылар  -  Craniata  немесе  Vertebrata  өкілі:  балық, 



бақа, кесіртке, құс және т.б. 

Хордалылардың  маңызы.  Хордалылардың  теориялық  және  практикалық  жағынан  маңызы 

зор.  Барлық  үй  жануарлары  осы  хордалылар типіне  жатады.  (ет,  сүт,  май,  тері,  жүн, көлік, 

т.б). 


Көптеген  хордалылардың  кәсіптік  маңызы  бар  (бұлғын,  қара  күзен,  ондатр,  суыр,  зорман 

т.б.). 


Хордалылардың кейбіреулері ауыл шаруашылығының зиянкестері (кеміргіштер-тышқандар, 

саршұнақтар, аламандар, егеуқұйрықтар т.б.). Сонымен қатар көптеген түрлері орман, балық 

және  аң  аулау  шаруашылықтарына  зиянды  әсерін  тигізеді.  Хордалылар  типінің  кейбір 

өкілдері  адам  мен  ауыл  шаруашылық  малдарының  қауіпті  ауруларын  сақтаушы  және 

тасушы  рольін  атқарады.  Ондай  ауруларға:  чума,  туляремия,  бруцеллез,  энцефалит  т.б. 

жатады. 


 

Лекция № 7 

Тақырып: 

Қос мекенділер класы -  Amphibia. 

 

    Қос  мекенділер  девон  дәуірінде  тіршілік  еткен  саусақ  қанатты  балықтардан  шықты.  Ол 

шамамен      450-500 млн жыл бұрын алғашқы қос мекенділер (стегоцефальдер) шықты. Қос 

мекенділер құрлыққа шығуымен қатар сумен байланысын да жоғалтпады. Мысалы: аздаған 

түрлерінен  басқасының  бәрі  суда  көбейеді  және  дамиды.  Ересек  өкілдері  сазды  көлеңкелі 

жерде,  көбіне  тұщы  су  қоймаларының  жағалауында  тіршілік  етеді.  Олар  тұзды  суда  өмір 

сүре алмайды. Амфибия деп аталу себебі  гректің    амфибиос  -  екі  жақты  тіршілік  етеді 

деген сөзінен шыққан. Яғни, бұларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос 

мекенділер деп атаған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет