Жалпы сипаттама.
Құрылысы. Ересек түрінің денесі бас, дене және екі жұп аяқтан тұрады. Құйрық ертедегі қос
мекенділерде - стегоцефальдарда болған, өйткені олар үнемі суда тіршілік еткен. Ал, қазіргі
кезде тіршілік ететін қос мекенділердің құйрықтылар деп аталатын (тритондар,
саламандралар) отрядында құйрық сақталған, өйткені олардың ересек өкілдері де көпшілік
уақытын суда өткізеді. Қазіргі қос мекенділердің көпшілігінде, әсіресе құйрықсыздар
отрядының өкілдерінде (көлбақа, құрбақа және бақалар) артқы аяқтарымен секіріп
қозғалудың нәтижесінде құйрықтары жойылған. Жартылай жер астында тіршілік ететін
аздаған өкілдерінде - аяқсыздар немесе құртшалар (червяги) отрядында аяқтары да,
құйрықтары да жойылған. Мысалы: құртшада, цейлон балық жыланда т.б. Қос мекенділердің
жартылай құрлықта да тіршілік етуіне байланысты балықтардан дене құрлысы елде қайда
жақсы жетілген. Басы денесімен қозғалмалы байланысқан ересек түрлерінде. Соның
көмегімен ұшатын насекомдарды да, яғни қорегін тез ұстап алуына көмек болады.
Систематикасы.
Хордалылар типі - Chordata.
Бас сүйектілер немесе омыртқалылар тип асты тармағы - Craniata немесе Vertebrata.
Амфибиялар немесе қос мекенділер класы - Amphibia
I) Құйрықтылар отряды - Caudata немесе Urodela.
Өкілдері: саламандралар; жолды тритон; кәдімгі тритон, амбистом, амфиум тұқымдасы,
сирен тұқымдасы.
II) Құйрықсыздар отряды - Anure немесе Ecaudata.
өкілдері: 1) Дөңгелек тілділер тұқымдасы - жерлянка, повитуха.
2) Құрбаќа тұқымдасы (Bifonidae). Өкілдері: австралия құрбақасы-псевдофрина, оңтүстік
Америка құрбақасы - циклорамфус; кәдімгі және жасыл құрбақа.
3) Бақылдауық бақалар тұқымдасы (Hylidae). Өкілдері: кәдімгі Қиыр Шығыс бақасы,
оңтүстік Америка бақылдауық қалталы бақасы, филломедуза.
4) Нағыз бақалар тұқымдасы (Ranidae). Өкілдері: Кұрбақа, тоспа бақасы, шөп бақасы,
бізтұмсық бақасы.
III) Аяқсыздар отряды - Apoda.
Лекция № 8
Тақырып:
Бауырымен жорғалаушылар класы- Reptilia.
Рептилилер таскөмiр дәуiрiнiң екiншi жартысында стегоцефалға туыс күрделi
қосмекендiлерден келiп шыққан. Эволюциялық ұзақ даму барысында амфибиилерге
қарағанда активтi тiршiлiк ететiн рептилилер, құстар, сүтқоректiлер жоғары сатыдағы
омыртқаларға жатады. Жоғары сатыдағы омыртқалардың ұрықтануы iште болады. Бұлардың
эмбриональдық дамуындағы бiр ерекшелiгi ерекше ұрық қабының пайда болуы.
Сүтқоректiлерде ұрық қабы, яғни, бала жататын орынды плацента дейдi. Ол эмбрион мен
аналық организмдi байланыстырады. Бұл ұрық қабының аминотикалық деп аталуына орай,
жоғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгi сатыдағы омыртқалыларда
ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.
Жалпы сипаттамасы. Құрылысы: Рептилилердiң басы тұлғасымен қозғалмалы
байланысқан. Мойын пайда болған. тұлғасы ұзын, көпшiлiгiнiң құйрықтары да ұзын,
аяқтары да жақсы жетiлген. Ал кейбiр кесiрткелерде, барлық жыландарда аяқтары жойылған.
Денесi сыртынан эктодермальдi мүйiзденген қабыршақпен қапталған. Оның маңызы дененi
құрғап кетуден және әртүрлi механикалық зақымданудан сақтайды. Бұл мүйiзденген
қабыршақ түлеп отырады. Қазiргi рептилилердiң терiсiнде бездер болмайды, денесi қүрғақ
келедi. Аздап болса да терi бездерi жас крокодилдерде кездеседi, ал жыландарда тек нүсқасы
ғана болады. Сыртқы көрiнiсiнiң реңi сан алуан болады.
Нерв жүйесi. Рептилилердiң нерв жүйесi амфибирлерге қарағанда жақсы жетiлген. Алдыңғы
миы үлкен болады. Ми жарты шарлары үлкендеу, бiрақ мидың сұр затынан тұратын ми
қыртысы әлi де жақсы жетiлмеген, сондықтанда алдыңғы мидың көп бөлiгi жолақты
бөлiктен тұрады. Аралық және ортаңғы мидың құрылысы да күрделене түскен. Мишық өте
жақсы дамыған. Басқа да жоғарғы сатыдағы омыртқалылардiкi сияқты бауырмен
жорғалаушылардың сопақша миы вертикаль бағытта айқын иiн жасайды. Жұлыны ұзын
болып, күрделi құрылған.
Сезiм мүшелерi. Рептилилерде (жыландар мен т.б. түрлерiнен басєа) жақсы жетiлген
амфибилилерге қарағанда. Көздерi қозғалмалы, оларда қасаң қабағы мен қоса жынықтау
жарғағы болады. Кейбiр өкiлдерiнде жарықты қабылдайтын аралық мимен байланысты
келген төбе мүшесi болады. Бұлардың есту мүшелерi амфибилердiкi сияқты iшкi және
ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақта бiр ғана үзеңгi сүйегi бар. Жарғақты лабиринт
иiрiмдерi жiктелiңкiреген, оның iшiнде мүйiз тәрiздi иiрiмдерi болады. Ауыз iшiндегi
тамақтың иiсiн айыратын якобсонов деген мүшесi болады. Иiс айыруда тiлдiң қызметi өте
зор. Көпшiлiгiнде дaм сезу нашар жетiлген.
Лекция № 9
Тақырып: Құстар класы - Aves.
Құстар омыртқалы жануарлардың iшiндегi жоғары сатыда дамығандардың бiрi. Денесi
қауырсынмен жабылып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Құстардың ұшуы -
эволюциялық дамудың жемiсi. Юра дәуiрiнiң басында бауырымен жорғалаушылардан
құстар келiп шыққан. Эволюцияның ұзақ жылдар дамуының нәтижесiнде олар ағаштан-
ағашқа қалықтап барып қонды. Дамудың келесi сатысында құстардың ұшу қабiлетi жетiле
түстi. Құстардың ұшу қабiлетiне дүние жүзiне кең таралуына мүмкiндiк бердi. Сөйтiп,
құстар генетикалық жағынан бауырымен жорғалаушыларға жақын, прогрессивтi бiр бұтағы.
Құстардың ұшуы, оның денесiне көптеген өзгерiстер тудырды.
Қазақстанда құстардың 488 түрi тiршiлiк етедi. Соның iшiнде 388 түрi (79,5%) Қазақстан
жерiнде ұя жасап көбейедi. 138 түрi қысты күнi кездеседi. Республика жерiне 14 түрi
қыстауға ұшып келедi, ал 47 түрi Қазақстан жерi арқылы ұшып өтедi. Дүние жүзiнде
құстардың 8600 түрi тiршiлiк етедi. Құстар барлық географиялық аймақтарға таралған.
Сыртқы пiшiнi мен дене тұрқы әралуан. Ең кiшкентай құс колибридiң дене тұрқы арадай, ал
ең үлкен құс - африка түйеқұсы биiктiгi 275 см.
Құстардың сыры мен қырын жан-жақты зерттейтiн зоологияның бiр саласын - орнитология
деп атайды.
Жалпы сипаттама
Құрылысы: Құстардың денесi бас, дене, қозғалмалы мойын, қанатқа айналған алдыңғы
аяқтары және жақсы дамыған аяқтардан тұрады. Кеудесiнiң алдыңғы жағы жұмыр болып
ауада ұшуға жақсы икемделген. Құстардың ұшу кезiнде салмағын жеңiлдетуге себепшi
болатын бiрқатар бейiмделушiлiктер бар: Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, сүйектерi
(қаңқасы) iшiне ауа толған қуыс болады. өкпелерiмен байланысты ауа қапшықтары болады.
Қысқа келген тоқ iшегiнде қорытылмаған ас қалдықтары тоқталмайды, қуығы болмайды,
тiстерi жоқ. Осы ерекшелiктер құстардың ұшуына және жерде жүруiне толық мүмкiндiк
бередi. Терiсi жұқа,оның сыртқы эпидермис қабаты жақсы жетiлген. Терiсiнде ешқандай терi
бездерi болмайды. Тек қана құйрық түбiрiнiң үстiңгi жағында құйымшақ безi болады. Оның
шығарған секрет заттары қауырсындарын майлап, оған су жұққызбайды, яғни, сынбайтын
майысқақ қасиет бередi. құйымшақ безi барлық құстарда бiрдей дамыған. Мысалы, су
құстарында жақсы дамыған, ал құрлықта тiршiлiк ететiн құстарда нашар дамыған, әйтпесе
болмайды. Мысалы, түйеқұстарда, дуадақ пен безгелдекте, көгершiндерде және т.б. құстарда
құйымшақ безi жоқ. Жоғарғы және төменгi жақтарының үстi азды-көптi болсын мүйiзденген
қабыршақпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтар мен сирақтарының сыртын мүйiздi
қабыршақтар қаптаған. Олардың бәрi эпидермис қабатының туындылары. Құстар денесi
қауырсынмен қапталған. Олар құрылысы мен атқаратын қызметiне қарай түрлiше болады.
Денесiнiң сыртын жауып тұратын қауырсынды жамылғы немесе қалыпты қауырсын дейдi.
Бұл қауырсын терiге енiп тұратын қаламнан және сабағынан тұрады.
Сабағынан - ұзын бiрiншi дәрежедегi мұртшалар және оған орналасқан қысқа екiншi
дәрежедегi iлмешектерi бар мұртшалар кетедi. Бұлар өзара байланысып өзара пластинка –
пәр немесе желпуiш түзедi. қалыпты қауырсындар құстардың денесiнiң барлық жерiнде
бiрдей өспейдi. Сондықтанда қалыпты қауырсындардың бар жерiн птерилия, жоқ немесе аз
жерiн аптерия деп атайды. Қалыпты қауырсындардың орналасу жерiне қарай бiрнеше
топтарға бөледi. Ескi қанаттарының екi шетiне орналасқандарын – қақпа қауырсындар, ал
құйрығына орналасқандарын - бағыттаушы қауырсындар деп атайды. Қалыпты
қауырсындардың астыңғы жағында сабағы жоқ, тек жұмсақ мұртшалары бар - мамық және
нағыз мамық қауырсындар орналасады. Бұл қауырсындар,әсiресе су құстарында, суық жақта
тiршiлiк ететiн құстарда көбiрек болады. Олар жылуды жоғалтпайды. құстар түлейдi,
жылына 1-3 рет. Түлегенде ескi қауырсындар түсiп, жаңа қауырсындар пайда болады.
Әртүрлi пигменттерге байланысты қауырсын түсi де әртүрлi болады. қара түс - меланинге,
сары және қызыл - липохром пигменттерiне байланысты. Пигменттерi жоқ
№10 Лекция
Тақырып: Сүтқоректілер класы (Mammalia).
Сүтқоректілер – омыртқалы жануарлардың ең жоғарғы даму сатысында тұрған
жануарлар болып табылады. Олардың негізгі ерекшеліктері төмендегідей:
1. Орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Миының үлкен ми жарты шарларында сұр
қыртысының болуы жоғары нерв әрекетінің орталығы ретінде үлкен роль атқарады.
2. Сүтқоректілер тірі туатын жануарлар. Ұрпағын сүтімен қоректендіреді.
3. Дене температурасының тұрақты болуына байланысты сүтқоректілерде жылу
реттелу қабілеті жақсы дамыған.
Сүтқоректілердің қазіргі кезде 4000-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда олардың 178
түрі кездессе, оның ішінде 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазақстанның
сүтқоректілер фаунасына 7 отрядтың (насекомқоректілер, қолқанаттылар, жыртқыштар,
жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, кемірушілер, қоянтәрізділер) өкілдері жатады.
Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктеріне мыналар жатады: денесі түкпен
жабылған, кейбір түрлерінде түк мүлде болмайды немесе рудимент ретінде сақталған (кит,
дельфин), тері бездері, оның ішінде сүт бездері жақсы дамыған, дене кеуде және құрсақ
қуысына бөлінген, олардың арасын диафрагма (көк ет) бөліп тұрады, тісі күрек тіс, шошақ
тіс, азу тіс болып жіктелген, жүрегі төрт камералы, тек қана сол жақ қолқа доғасы сақталған.
Қызыл қан түйіршіктерінде ядро болмайды.
Ас қорыту жүйесі сөл шығаратын бездері бар түтікке ұқсайды. Ауыз қуысынан
басталып, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішекпен жалғасады. Бауыры диафрагманың астыңғы
жағына орналасып, өт пен ұйқы безінің жолдары он екі елі ішекке ашылады.
Сүтқоректілердің тістері – күрек тістер (латынша – incisivi(i), шошақ тістер (canini(c),
жалған азулар (praemolares(pm), азу тістер (molares(m) деп бөлінеді. Сүтқоректілердің
тістерінің жалпы саны мен олардың топқа бөлінуі әрбір түрдің тұрақты систематикалық
белгісі болып табылады. Оны белгілеу үшін бөлшек түріндегі арнаулы тіс формуласы
пайдаланылады (ол тіс түрінің латынша атауының алғашқы әрпімен белгіленеді). Бөлшек
сызығының үстіндегі сандар жоғарғы жақтағы тістің санын, ал сызықтың астындағы сан
төменгі жақтағы тістің санын көрсетеді.
Мысалы: 3 1 4 2
Қасқырдың тіс құрылысының формуласы: i 3 ; c 1 ; pm 4 ; m 3 = 21 x 2 = 42;
2 0 6
Үй қоянының тіс құрылысының формуласы: i 1 ; c 0 ; pm + m 5 = 14 х2 = 28.
Күйіс қайтаратын сүтқоректілердің, мысалы сиырдың қарны 4 бөлімнен тұрады:
үлкен (мес) қарын, оның ішкі бетінде қатты бүрі болады; жұмыршақ қарын, оның ішкі беті
торлы ұяшықтарға бөлінген; жалбыршақ қарын, оныі ішкі беті көлденең орналасқан
қатпарлардан тұрады; ұлтабар немесе безді қарын.
Сүтқоректілердің бүйрегі, басқа амниоттардікі сияқты мықын бүйрегі (metanephros)
деп аталады. Анамнияларға тән дене бүйрегі (mesonephros) сүтқоректілерде эмбриональдық
даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді.
Сыртқы тұрпаты, үлкендігі әрқалай болып келеді. Мысалы, қазіргі заманда тіршілік
етіп жатқандардың ішінді ең кіші сүтқоректі – белозубка-малютка (Насекомқоректілер
отряды) – салмағы 1,2-1,7 г, ұзындығы 3,8-4,5 см. Құрлықтағы ең ірі сүтқоректі – африка пілі
– биіктігі 3,5 м, салмағы 4-5 тонна, ал теңіз сүтқоректілерінен – көк кит, оның ұзындығы 33
м, салмағы – 150 танна (яғни салмағы 30-35 пілге тең).
Сүтқоректілер класы 3 класс тармағына бөлінеді:
1. Жұмыртқа салушы сүтқоректілер немесе алғашқы аңдар (Prototheria).
2. Қалталылар немесе төменгі сатыдағы аңдар (Metatheria).
3. Плацентарлылар немесе жоғары сатыдағы аңдар (Eutheria).
№1 зертханалық сабақ
Тақырып. «Саркомастигофоралар типі - Sarcomastiqophorа. Саркодиналар класы» -
Sarcodina.
Сабақтың мақсаты: Кәдімгі амебаны (Amoeba proteus) мысалға алып, класс
өкілдерінің системалық жағдайы мен құрылысын оқып білу.
Сабаққа қажетті құралдар мен материалдар: микроскоп, өсірілген тірі амебасы бар су,
тамызғыш, жабын және заттық әйнектер, сүзгіш қағаздар, препараттау инесі, белгіленген
тұрақты пішіні бар амебалар, микропрепараттар, микроплакаттар және де түрлі-түсті
плакаттар.
Сабақтың мазмұны
Саркодиналардың 10 мыңнан аса түрлері белгілі. Олар тұщы суларда, теңіздерде,
ылғалды топырақта жиі кездеседі. Адамның және жануарлардың ағзасында паразиттік
тіршілік етеді. Солардың бірі кәдімгі амеба (Amoeba proteus) – қарапайымдылардың
ішіндегі өте қарапайым құрылысты, тек микроскоппен ғана көрінетін жәндік. Оның денесі
0,5 мм әлсіз бейнеленген қабықшадан, цитоплазмадан және ядродан тұрады. (1- сурет).
Цитоплазманы екі қабатқа бөлуге болады: жабысқақтау, ақшылдау болып келген сыртқы
қабатын – эктоплазма деп атайды, ал сұйықтау, түйіршіктеу келген ішкі қабатын –
эндоплазма деп атайды. Эктоплазма псевдоподияларында жақсы жетілген.
Талшықтылардың 6000-нан аса түрлері белгілі. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды
топырақтарда кездеседі. Жануарлар мен адам ағзасында паразиттік тіршілік етеді.
СИСТЕМАТИКАСЫ
Қарапайымдылар патшалық тармағы – Protozoa
Саркомастигофоралар типі – Sarcomastiqophorа.
Саркодиналар класы- Sarcodina
Тамыраяқтылар класс тармағы- Rhizopoda
Амебалар отряды – Amoebina
Амеба тұқымдасы – Amoeba
1.Түрі - кәдімгі амеба – Amoeba proteus
2. Түрі – дизентерия амебасы – Enthamoeba histolytica
Бақылау сұрақтары:
1.
Не үшін амеба денесінің тұрақты пішіні болмайды?
2.
Амеба цитоплазмасы қандай қабаттарға ажыратылады?
3.
Амеба өмірі үшін қажетті негізгі органоидтарды (органеллаларды) атаңыздар?
4.
Амебалар қалай көбейеді?
5.
Қорғаныш қабықшасы-циста дегеніміз не және оның биологиялық маңызын
түсіндіріңіз?
6.
Паразиттік амебаларды атаңыздар және олардың тудыратын аурулары?
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі:
1. Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы», 1 кітап, Алматы, 2004, 24-35
беттер
1.
Түсіпова К.С. «Омыртқасыздар зоологиясы», 1 бөлім Алматы, 1998,25-41 беттер
2.
Махмутов С.М. «Зоология» Алматы, 2006, 47-55 беттер
3.
Лукин Е.И. «Зоология» Агропромиздат 1989, 37-49 беттер
№2 зертханалық сабақ
Тақырып. «Ішек қуыстылар типі- Coelenterata (Cnidaria)
Гидрозоа класы- Hydrozoa»
Сабақтың мақсаты: Тұщы су гидрасын мысалға алып ішек қуыстылардың
систематикалық жағдайын, құрылыстарын оқып білу.
Сабақтың мазмұны. Ішекқуыстылардың 9000-ға жуық түрі бар. Олардың басым
көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда тіршілік етеді. Дене пішіндері табақша,
шатыр, қоңырау, цилиндр тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге дейін. Мысалы, ең ірі
түрі- Cyаnea arctica- ның көлденеңінен 2м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м. Ішек
қуыстылар типі 3 класқа бөлінеді: гидрозоа класы- Hydrozoa, сцифозоа- Scyphozoa және
маржан полиптері- Anthozoa. Сол гидрозоа класының өкілі гидра тұщы суларда тіршілік
етеді. Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Личинкалары- планула деп аталады.
Сабаққа қажетті құралдар мен материалдар: микроскоптар, лупалар, боялған тотальды
(бүкіл денесін қамтитын) препараттар, тұщы су гидрасының көлденең және тігінен
кесінділері бар препараттар, микротаблицалар мен таблицалар.
Студенттердің өзіндік орындайтын жұмыстары:
СИСТЕМАТИКАСЫ
Ішек қуыстылар типі- Coelenterata (Cnidaria)
Гидрозоа класы- Hydrozoa
Гидроидтылар клас тармағы- Hydroidea
Гидралар отряды—Hydrida
Өкілі: Тұщы су гидрасы- Hydra olygactis
Бақылау сұрақтары
1.
Гидра не үшін екі қабатты жәндік болып саналады?
2.
Гидраның денесі қандай жасушалардан тұрады?
3.
Гидраның көбею жолдарын атаңдар?
4.
Гидра қорегін қалай ұстайды және онда ас қорыту процесі қалай жүреді?
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі:
1. Дәуітбева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» 1 бөлім, Алматы- 2004, 97- 128 беттер
2. Түсіпова К.С. «Омыртқасыздар зоологиясы» 1 бөлім, Алматы-
1998, 138-170 беттер.
3. Махмұтов С.М. «Зоология», Алматы-2006, 73-76 беттер
4. Лукин Е.И. «Зоология», Москва, Агропромиздат 1989. 71-79 беттер
№3 зертханалық сабақ
Тақырып. «Бірінші қуысты құрттар типі- Nemathelminthes немесе Ashelminthes. Нағыз
жұмыр құрттар класы –Nematoda»
Сабақтың мақсаты: Жылқы аскаридасын мысалға ала отырып, жұмыр құрттардың
систематикалық жағдайы мен дене құрлысын оқып білу.
Сабақтың мазмұны. Нағыз жұмыр құрттардың 27000-нан астам түрі бар. Бұлар
мұхиттар мен теңіздерде, тұщы суларда, топырақ арасында еркін қозғалып тіршілік етсе,
кейбірі өсімдіктер мен жануарлардың, адамдардың да барлық дене мүшелерінде паразиттік
жолмен өмір сүреді. Дене пішіндері 1 мм – ден 1 метрге дейін болады. Солардың бірі –
жылқы аскаридасы.
Жылқы аскаридасының (аналығының) ұзындығы 37см-ге дейін жетеді.
Сабаққа қажетті құралдар мен материалдар: микроскоптар, лупалар қайшылар,
скальпелдер, пинцеттер, препараттау инелері, ілгектер, табақшалар, суы бар стакандар,
формалинде қатырылған аскаридалар, аскарида денесінің көлденең қимасы бар
микропрепараттар, таблицалар, схемалар.
СИСТЕМАТИКАСЫ
Бірінші қуысты құрттар типі – Nemathelminthes
Нағыз Жұмыр құрттар немесе Нематодтар класы – Nematoda
Сецерненттер класс тармағы – Secernenta
Аскаридалар отряды – Ascarididea
Өкілі: Жылқы аскаридасы – Parascaris equorum
Бақылау сұрақтары:
1.
Аскариданың жыныс диморфизмі қалай көрсетілген?
2.
Жұмыр құрттардың тері-мускул қапшығы қандай құрылысты болып келген?
3.
Аскариданың тіршілігіндегі мүшелер жүйесінің негізгі құрылыс ерекшеліктерін
атаңдар.
4.
Жылқы (шошқа) аскаридасының даму циклі қандай?
5.
Аскаридалар және жұмыр құрттардың басқа да өкілдері қандай зияндар келтіреді?
Студенттің өз бетімен дайындалуына арналған әдебиеттер тізімі:
1.Дәуітбева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» 1 бөлім, Алматы - 2004, 195-222 беттер.
2. Түсіпова К.С. «Омыртқасыздар зоологиясы» 1 бөлім, Алматы - 1998, 241-261 беттер.
3. Махмұтов С.М. «Зоология», Алматы-2006, 101-111 беттер.
4. Лукин Е.И. «Зоология», Москва, Агропромиздат 1989, 109-113 беттер
№4 зертханалық сабақ
Тақырып. «Буынаяқтылар типі – Arthropoda. Шаянтәрізділер
класы– Crustacea»
Сабақтың мақсаты: Өзен шаянының систематикалық жағдайы мен құрылысын
оқып білу.
Достарыңызбен бөлісу: |