Бет-бейнесі адам шошырлық, екі көзі тостағандай, оның
өзі құлағына жақын орналасқан, үйрек тұмсығы иегімен
бітіскен, ауызы, тісі түсініксіз сол жігіт соғыстан кейінгі
жылдарда Жекенді өзеніне қой тоғытып жүргенде суға
кетіп өліпті. Қазіргі ұшқыш тарелка дегеніміз сол болса,
ерте дүниеден орныққан Ойыл өңірін басқа әлемдіктер-
дің зерттегісі келгені ме? Шәміл жүрегін түрткілеген
жұмбақ құбылыстардың сырын білу қиын екеніне басын
қатырғысы келмеді. Десе де археологтар Қарауылтөбеден
235
ерлі-зайыптының қаңқасы екі жарым метрге дейін же-
тетінін теледидарда көрсетіп қалды. Сонда басқа әлем-
дегілер Ойыл өңірінің тарихын зерттегісі келгені ме деп
таңғаласың. Қисық ағашты тез түзетеді, қисық адамды
көр түзетеді деп, бұл дүниеде болмаса, о дүниеде жаның
азаттыққа жетсе, пенде тілегінің орындалғаны болар. Тірі
жанға бұйыратыны тартыс, арпалыс шығар. Қалың ел не
көрсе де, нені білсе де жұртқа дабыра етпей іштен тына-
ды. Кезең солай. «Ой түпкіріндегіні анықтап білудің ауыр
мезгілі-ай», – деп күбірледі де Шәміл нағашысын есіне
алды. Қазақ «Адамның үш жұрты бар, туған жұр-
ты – міншіл, қайын жұрты – сыншыл, ең абзалы – нағашы
жұртың» деседі. Неткен ғаламат тәртіп, тәрбие!
* * *
Керей айтқан сұм-сұрқиямен арпалыс, тартысты на-
ғашым Дүзелбай Жұмабайұлы аз тартпаған еді. Түрлі
құжат, деректерін Атыраудан іздеді, тапты. Атырау об-
лысы бойынша жиырма төрт байдың бірі болып мал-мүлкі
тәркіленген екен. Белсенділер, қызыл жағалылар қара
мылтығын шошаңдатып:
– Мал керек пе, жан керек пе, қансорғыш?
– Мен де өкімет адамымын, қансорғышқа теңеме. Қан-
сорғыш маса, сона, таскене болады. Әр нәрсенің атауы-
мен айтпайсың ба? Жұрт қатарлы малымды ортаға беріп
жатырмын, қарсылық көрсетуден аманмын. Әрине, со-
нау сармат дәуірінен бастап бабаларымыздың босағасына
біткен байлықты өзің болсаң көзің қияр ма?
– Енді бәрін де о дүниеден табасың, Құдайыңа сыйына
бер. Діншілдігің мықты деседі.
– Асқақтамай абайлап сөйле, дін – ғылым. Лениннің
«Оқы, оқы» дегені де сол ғылымды құрметтегені, білгені.
– Құдай жоқ, дін жалған деді ғой.
– Басқалардың қосып айтқаны шығар. «Адам баласы
ұйқыда, өлгенде ғана оянады» деген Хазіреті Әли. Өзің
тірімін деп діңкілдеп, мылтығыңды шошаңдатып сүкініп
тұрсың. Ұйқыдағы адамдар көбіне не айтып, не қойғанын
білмейді. Көрген-баққаны ұрып-соғу, тауалы қайтқан
236
әлсіздің дүние-мүлкін тартып алу. Қиянатына арлануды
да білмейді.
– Кеңес өкіметінің адамы қиянат жасауды білмейді, жа-
ңа қоғам, кедейлердің мемлекетін құрып жатқанымызды
білесіз бе?
– Білгенде қандай, баскесер дейсің бе, қолшоқпар
қанішер дейсің бе, осы тәрізділерді түсініп болдық. Ал
енді мал-мүлкімді қарсылықсыз алдыңдар, жанымызға
тиіспеңдер. Біз де қоғамның адамымыз. Тірінің ісі Аллаға
аян. Лұқман сүресінде «Күмәнсіз Алла Тағала барлық
нәрсені толық естуші әрі көруші» депті. Әкелеріңнен,
аталарыңнан ондай сөзді де естіген шығарсыздар. Бүгінгі
еліргендер бұған қанша қайран қалғанымен, о дүниеде
бәрі алдарынан шыққанда қатесіне өкінеді, қиянатынан
қорлық көреді. Адам екенсіңдер, адамды қорғауды ойласа,
қорлауды ұмытса дейсің.
– Атақты байсың, 824 бас малың болды, алтын, күміс
бұйымдарың өз алдына. Құлдарыңды қорлаған жоқсың
ба? Екі әйелің бар екен.
– Бірін әкем әперді, екіншісін өзім сүйіп алдым.
«Сүймей алған сұлудан сүйіп алған сумұрын артық» деп
екеуі де жарыса туып, өкіметке адам өсіріп отыр. Мал –
бір жұттық, адамнан артық байлық бар ма? Қазақ әйелді
сыйлаған, бірі де зәбір көрген жоқ. Қарауымдағы хал-
қым – бәрі де туған-туыстарым. Малдың арқасында ішпесті
ішті, киместі киді, Араб, Парсы, Үнді, Иран, Грек және
басқа елдермен сауда жасады, өнер, оқу, білім қатынасын
жалғастырды. Кімнен кем өмір сүріпті. Өздерінен сұрап
біл. Ақымақ болып қалған бірі жоқ, – деп Жұмабайұлы ау-
зын жиып болғанша үш жігіт кіріп келеді.
Қара мылтығын қозғап қойған шықшыты шығыңқы,
салпы ерінді милиция әлгі үшеуіне тесірейе қарап:
– Мына бай қожаларың еңбектеріңді елемей, қақ-
тарыңды жеп қан қақсатыпты ғой. Сол рас па? – деді
үстемсіп талтайып тұрып.
– Дүниені билеп-төстеп тұрғандай сұрақтарың айдап
салу ма? Осындай да айлакерлік, зәлімдік болады екен-
ау. Бір қазаннан ас ішіп, бір жайлауда бірігіп малымыз-
237
ды өсірдік. Байлығымыз бәрімізге ортақ. Кеңес өкіметі
барлық малды түп-түгел алмай, қырық шақты үйміз,
еншімізді заңдандырып берсін. Ортаға жинаған малды да
өсіретін адам керек шығар. Ұзын құлақ сөзіне қарағанда,
малды жинап алып, сойып Мәскеуге жібереді деседі. Ал
Жұмабайұлы Дүзелбай болса қарауындағыларды өзінің
ішінен шыққан балаларынан кем көрген жоқ. Біз үнді елі-
не дейін барып өнерімізді танытып, керек-жарағымызды
алып тұрдық. Қайсыңның ағаң ба, әкең бе үнді еліне
барып па?
Екі милиция сөзді естімегендей саусақтарын сипап,
пұшайман күйде үнсіз қалды. Бар тапқандары тәркілеу-
дің қағаздарын толтырып, шаруашылыққа ұйысады
деген басшыға бір жапырақ қағазды есептеп берді де,
Дүзелбайды қара машинаға отырғызып, Атырауға әкете
барды. Дүзелбай балаларын бетінен сүйіп, ағайындарына
«Бақыл болыңдар» деп ұзаққа кететінін білдірді. Әкесіне
ілесіп Меккеге екі рет қажылыққа барған сайран өмірі,
халқына жасаған жақсылықтары өңірдегі қабырғалана
сусып көшкен құмдай бірте-бірте ұмытыларын іші сезеді.
Бақас адамдар үдеп, басынудан ел жүдеп, мүкі-тақы
тірлік ажалға тіреп қояр деп өкінді. Көкірегі күмбірлеп
дұғасын оқып, «Мен ажал жетсе өтірік өлем, ұрпағым
қалды, елге сіңірген қызметім қалды, Алла жолына
арнаған ісім қалды» деп ойлайды. Қызылқоға ауданының
құм белдеріне дейін қимай қоштасқандай болды. Бір кез-
дескенде айтқыш Керейдің: «Саясат – дауыл-құйын,
оның саябыр табарын өзің көрмесең де, ұрпағың көрер.
Адам – құйынның тұтқыны, сілейтіп тастар мықтыны.
Беталды бұрқылдамай, ақырын күтіп, ауыздан аңлаусыз
сөз шығармаған жанын сақтар, бәлкім», – дегені кө-
регендік екен деп жорыды. Ауданнан тұтқындалған
Байтілеу Көмесаев, Демеу Меңдалиев, Әлжан Игіліков,
Жұмағұл Жұлдызов, Бабас Елубаевтар 1928 жылдың 27
тамызындағы Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті мен
Халық Комиссарлар Кеңесінің «Ірі байлар шаруашылы-
ғы мен жартылай феодалдардың шаруашылығын кон-
фискациялау мен жер аудару туралы» декреті бойынша
мал-мүлкі, байлығынан айырылып, отбасымен бірге жер
238
аударылып кете барды. Дүзелбай сол кеткеннен Петро-
павлск қаласында табаны күректей он жыл жазасын өтеп,
өкіметке тегін қызметін атқарып, Қызылқоғаға үлкен
ұлы Оңғардың қолына оралады. Өкініші көп, қуанышы аз,
ештеңені жасырып-бүкпей ашық сөйлесуші жоқ, өлгені
көп, көптің бірі болып еленбей жүруші жетерлік, сақау
адамдай сорлылардың бар арманы жазадан құтылу ғана.
Жазалылар тірі жаннан жақсылық ықыласын күтпейді,
басшының үнін тыңдайды, ымына дейін түсініп, атқаратын
жұмысын біледі. Дәрменсіз, кәдімгі ұйқыдағы өлік тәрізді
тіршілік Дүзелбайды қажытса да ақтарылып ештеңе айта
қоймайды. Көкірекке қатқан мұз, ыза белгілі бір уақытқа
дейін бе, әлде басы жерге жеткенше өзінің денесімен қара
жерге бірге сіңе ме, бәрі белгісіз еді.
– Кедейлердің өкіметіне байдың керегі жоқ, көзіне
көк шыбын үймелеп, байлықтың рахатын көріп едің,
енді ажалын көресің, – деген тергеуші куәгерлер сөзі
ұмытылмайды.
– Өкіметтің халыққа беремін деген азаттығы қайда?
– О дүниеге тездетіп барсаң азаттық емей немене? – деп
қызыл жаға өлтіргенінше асығып еді.
«Сонда рахаттанып күліп тұрып, «Қазақ өлер жеріне
дейін күліп барады» деген едім. Солар аман келгенімде
ұялмады ма екен?» – деп Дүзелбай жәй жымиятын да
қоятын еді. Қиындықты күліп жүріп жеңгеніне ештеңе
теңгермейтіндей болатын. Күлгенің – өмірің, тірлігің,
дұшпаныңа сесің деп түсіндіргені есте. Ауылдасы Сағи
Ермұхановтың өлең жолдарын ойына оралтты.
Уақыт өтті, күлдірсін!
Жақсы, жаманды кім білсін.
Ел ортасында жүргенді
Аман-сау деп бір білсін.
Тәсі қайтып зәлімнің,
Ішін өртеп күйдірсін!
Әттеген-ай, арамызда
Жүргендер бар көлгірсіп.
Досым, досым, дос кісі,
Таңменен күліп жүрмісің?
239
Тірлік толған күлкі,
Түсінбей қалма білгішсіп, –
дегеніне сөзді қадірлей білетіндер тоқтайтын еді. Рас,
адамдар көбіне-көп өзін аңғара алмайды. Бағдары әлсіз,
болжауы мәнсіз. Кісіліктің сан түрлі қасиетін түсіне ал-
май, бұлыңғыр сезімнің жетегіне еріп, кескін-келбетін
өзгертіп, әуре-сарсаңмен бейшаралық күйге түседі. Қалың
тобырдың мақсатын алдын ала түсіну қайда, алтыншы
сезім, үшінші көреген көз жүйелеуді ұмытады. Көзді ақ
шел басқандай түк көрінбей, түнектенуге арсыз шайтан
кіріседі. Шайтан не үшін жаратылған? Елді адастыра-
тын ондай азғырушының керегі не? Өзінің тозаққа бара-
тынын біле тұра ол неліктен кінәсін мойындап, тәубеге
келмейді? Алланың құдіретімен шайтан да періштелердің
арасында болса да Алланың сынағынан қатты сүрініп,
бұйрықты орындамай, нағыз қырсық шалған, нәпсінің
құлы болғандықтан қуылды. «Шайтанның азғыруына
ерсең, басыңды жұтарсың» деген қазақ. Соған қарағанда
шайтанның зұлымдығы арқылы адамдар сақтана бі-
луге, жақсылық жолдан ауытқымауға, ой-санасының
кемелденуіне, жан тазалығын сақтауға мүмкіндік туды.
Кеңес өкіметінің бірден саясаты дінді жоюға бағыт
ұстағаны шайтанның түрлі зұлымдығын нажағай ойнай-
тын сұсты қара бұлттай түнеріп, халықтың басына қалың
нәубет зілін салды. Пендені түрлі қасірет шегуіне еріксіз
мойынсұндырды. Үрей көз аштырмады. Сол тергеушіге
Дүзелбай:
– Пендені тергеп-мінеу оңай, ертеңгіні болжау қиын,
қазақ «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа» деген. Оны құ-
лағыңның тосабы болмаса естіген шығарсың. Абай бол, –
деген.
– Ақылыңыз өзіңізге, ондайды тыңдамаймыз, біз ком-
мунизм адамымыз.
– Кім болсаң да жаратылысты ұқпай ма екен? – деп
Дүзелбай күңірене ойланып, тарттыратын жазасын кү-
ліп отырып, қабақ шытпай қабылдауды ұйғарып еді.
Қызылжарда өзімен жылдастар да табылды, сырласа-
тын жазалылардың тілектері бас амандығы еді. Өндіріс
240
орындарының құрылысын салуда күн-түн қатып жұмыс
істеді. Ресейден жер ауып келген кулактармен де сөй-
лесті. Олардың қолында мал-мүлкін тәркілегенде ал-
тын бағасымен сәйкестендірілген рубльге шаққандағы
қаражаты көрсетіліп, акт берілген. Иван Сергеев де-
ген кулак кісі жатырқамайтын, адамдармен жанасып
сөйлескісі келіп тұрады екен. Сол айтып еді: «Ажалдан
бәріміз де қорқамыз. Ол түсінікті ғой. Егер өле кетсек адал
еңбекпен жиған байлығымыз ұрпаққа бұйырар деген үміт
бар, тәркілеудегі түрлі құжатты балаларыма мұқияттап
түсіндіріп тастадық», – дегені бар-ды. Ал Дүзелбайдың
қолына түк құжат берген жоқ. Байлығынан біржола
тоналғаны ма? Шынымен ақ адал байлығы ит-құсқа жем
боп кете бере ме? Жиған-тергенін бұйыртпауды қазақтың
маңдайына жазған ба? Саясат та, өмір, тіршілік те алма-ке-
зек ұйытқып, бірде қазанға салған тарыдай қуырып, бірде
шыққан күндей жадырап қалмаушы ма еді. Ей, тыртысып
жан беріп, жан алып жиған мүлік, байлық қайда қалмаған?
Жартқаннан тілейтінім, ұрпағым шайтан мінезділерге
қысылып-қымтырылып көзін сатпай, жағынып, табынбай
өмір сүрсе екен. Билік басындағының табалдырығын тоз-
дырып жағымпазданбаса екен. Ерлік мінезбен көкірегін
ешкімге бастырмаса болғаны. Әй, қайдам. Көзге түскенін
қолма-қол ұстап, байдың тұқымысың деп итсілікпелеп
зәбірлемесе өз тірліктерін көрер еді деп ойлануға да мұрсат
бермейтін қызыл жағалы діңкілдеп:
– Тездетіп жұмыс істеңдер! – деп қызынып дауыстап
жатады. Сілесі қатып құлағаны болса тепкінің астына
алады. Жазалы адамдар өлсе де, оны қорлаудың шектен
шыққанын көрсетсе де ешкім тергеп, тексеріп жатпай-
ды. Өлгендерін бір шұңқырға лақтыра салады. Әркімнің
күйініш, күйігін, жәбір-жапасын ешкім елемейді, бәрі
сұраусыз. Бүкшеңдеп жүріп тапсырған жұмысын ат-
қарасың. Осының бәрі өлгенінше санасынан өшер ме?
Тұтқын, жазалы, тыныш ұйқы жоқ, күлкі жоқ. Көз ал-
дында сұлап жатқан өлі денелер, біріндеп тулақша сүйреп
әкетеді. Аяныш сезім жойылған, қанталаған көздер олар-
ға ештеңе айтуға болмайды. Адам құнсыз. Соның бәрін ел-
ге келгесін Дүзелбай ұрпағына да айтып олардың жаны-
241
на жара салғысы жоқ, көрген, баққанын жүрегінде сақ-
тайды.
– Ақтарылып айтса шері тарқар еді.
– Жоқ, олай емес, ешкімді шошытқысы келмейді.
Өзінің өмірі, өзгеге білдірмеуге шыдайды.
Жазалы болғанда көргендерін қылқылдап сұраса,
«Жұртпен бірге жұмыс атқардық. Әр түрлі істі, шаруа-
ны меңгердік, ол жаман ба?» деп Дүзелбай өзінің қанына
біткен тазалығынан тынбай. «Болаттай беріктік, мінез
сынбайды. Өлгендер тіріліп, өмір сүретін мезгіл келер де-
ген айдауда жүргендегі үмітін жоғалтпайды. Қаншалық
қорланса да, қаншалық зәбір шегіп, жүрегіне кек мұз боп
қатса да от-жігер төзімділігін танытудан жаңылған жоқ.
Алла жолына адалдығын сақтады», – деп Шәміл жан-
жүйесін босатты.
* * *
Дүзелбай кіндік қаны тамған жерге, қайратының ба-
рында айбатымен кедейлерін үбірлі-шүбірлі етіп теңес-
тірген еліне келгеннен бері ұйқысынан ерте оянады. Ара-
да өткен он жылда біраз өзгерістерді байқады, лақтырған
таяғын әкеле алмайтын сорлылар атқа мініпті. Жалпыл-
дап шауып, бір қолымда мылтық, бір қолымда кеңестің
мөрі деп жер астынан жарып шыққандай зікір салып
жүр. Көздері аспандап, көкірек желі дауылдатып, екі
иығын жұлып жердей ащу шақырып, «Жаусыңдар ма,
жұмысқа шығыңдар» деп ақырып сөйлейді. Ешкімнен
жасқанбайды, тым тасынып кеткен. Өйткені қарсы
тұрғанның қарасын батырып дәніккен. Ойыл өзенінің
тұнық суындағы таңғы самалы ғана жанға жылылық
сыйлайды. Басқасы озбырлық қиянат еңсеңді басатын,
шындыққа ырық бермей дүрілдеген үрей үдеген мезгіл.
Сезеді, көп ұзатпай ізіне түседі. Кіммен сөйлеседі, қайда
барады – бәрін аңдуға алады. Жалаланып бұлай тергелсе,
әуелгі он жылдан да ауырлап кетеді. Әйтеуір маза бермесі
анық. Белсенділердің аужайын байқады. Көрдім, білдім
деген көп сөз, қылмысты деуге жарайтын дөп сөз, білмедім
деген бір сөз деген жұртта үрейлі ой қалған. Меңіреу маң,
16-0203
242
айғай-шу, белсенділер қиқуы соншалық дүлейлене түскен.
Әлсіз халық мал, егін шаруасын атқарады, үнсіздікпен
ымырт үйіріліп, қас қарайғанда жатаған үйіне оралып
пеш түбінде қорқыныштан жүрегін тоқтатып, өзіне әзер
келіп, аманбыз ба деп бәдіктене күбірлеседі. Бесікте жы-
лап жатқан бала болса, «милиция келіп қалады, үніңді
шығарма» деп қорқытып тастайды. Қуғын-сүргіннің
зұлмат зілі жас сәбидің де ұйқысын бұзған, ажал арбаған
қатал кез.
Адамдар үрейі ұшқан кезде абдырап күлуді де ұмыта-
ды екен. Кейбірі тілін жұтқандай ерінінің ұшымен аман-
дасады. «Көріп тұрсың, Дүке, біздің жағдай осылай,
бір түйір тарының қауызына сый деді, сыйып кеттік.
Тіріміз ғой, өлмеспіз әзір» деушілер Қызылқоға аспа-
нын сирек бүркейтін сұсты қара бұлтқа қарап, ләм де-
местен телміреді. Қимас достары неге екені белгісіз,
солқылдап жылап, «Сағындық қой, аман-сау келдің бе?»
деп күңіренеді. Онысы елде өлімнің аз болмағаны, қуғын-
сүргінмен сотталғандарды жоқтауының үнсіздікпен
білдірген белгісі. Ал белсенділер болса қарсы келіп кезде-
скенде қабағы қатып, әкесін өлтіргендей кектілікпен:
– Жаулық ойың жоқ шығар, жазаңды толық өтедің бе?
Өліп қалды деп естіп едік. Тірі екенсің. бізге мешает етпе,
өйітсең қараңғы үйден бір-ақ шығасың, – деп мықтымсып,
пәлені қалай жабыстыруға болатынын, сотталып келген
таза емес деуге дайын тұрған арамдығын бетіне тура қарап
біледі. Онысы әбден түсінікті. Дүзелбайдың шамалауы со-
лай. Байқаусызда қолға ұстаған айырын немесе күрегін
аңдаусызда сындырса, өкімет мүлкіне жаулық әркет деп
байбалам салады. Бағымы келіспей мал өлсе, өкімет жауы
жасырын барып қарнына қара пышақ сұққан деген сықыл-
ды жалалап қылмыс көтеруге белсенділер оңтайланып
төселіп алыпты. Көп ойланып, бас қатырып, обал-сауап-
ты ескеріп жатпайды, жатыпатарлары бәкенеден де пәле
өргізудің сан түрлі сұрқиялық жолын меңгеріп, шаруалар-
ды бір шыбықпен айдаудың тәсілін әбден игеріп, ешкімнің
аузын аштырмайды, тырп еткізбейді. Колхоз шаруасы
осылай дамып жүріп жатыр. Басшылар жиындарда «Өмір
бақи жетпеген жетістікке жеттік, социализм қара халықты
243
жарылқады, жасасын Сталин!» деп өтірік-шыны аралас
мәліметті пысықайлары толтырып, жоғарыға жөнелтіп
жатады. Жазба дерекке иланбай көрсін. Арғы тегі бай
болған, құл ұстаған, елді қанаған деп әупірімдеп соттата
салу оңайланған. Басшылық Дүзелбайды жылы қабылдай
қойған жоқ, оқты көзбен атып, тірі келгенің түсініксіз
дегендей зіл білдіреді. Осындай сәттерде Дүзелбай еркін
күліп: «Айтқыш Керей «адамды адамның сыйлағаны
жақсы, бірақ қорқып сыйлағанға ештеңе тең келмейді»
депті. Көкірегімді шалған жазалы деген қылауды адал
еңбегіммен ақтармын деген сертім бар еді», – десе түрлене
бастаған тобыр түксиген қалпы үнсіз қалып жүрді. Көзге
көрінбейтін жау, айқастың белгісізденуі тым қауіпті.
– Осындайда адамдардың қатты өзгерісіне, ағайын-
туыстың мінезінің мың сан құбылуына жылауға көзіңнен
жас шықпайды, есесіне қарқылдап күлесің. Мазақ
күлкінің өзі оқтан өткір, түсінгенді жерге тығып жібере
жаздайды, – деп Шәміл қиюы қашқан қилы заманды ой-
лап өзінше баға беріп көрді: «Дүзелбайдың туған жеріне,
ағайын-туыстарына жаман ойы болған жоқ. Бірақ,
қоғамның ықпалымен өзгерген сұм-сұрқиялар тірлік жо-
лын кес-кестеуге әбден тырысып бақты. Кейбірі кергіп
тәсілқойлана «Жат жердің тамағы дәмді ме екен, оңалып
келіпсің»деп кекете бастағанда «Жақсы адамға қай жерде
де бір орын бар және құрметтеліп тұрады, ақылсыз жаманға
орын жоқ, тірлігі тар қапас, масқаралап күлкіге айналды-
рады. Өзіңнің түріңді көргенде ішегім түйілгенше күліп
қуанып тұрғаным-ай. Менің күлгенім ұйқының батпағына
батқаныңды байқап, сезіміңді оятсам, тағы да күле берер
едім» дегенде әлгі әрлі-берлі сенделіп, күйіне ойқанып
бетімен кете барады. Тіпті кейбірі Дүзелбаймен бірге егін,
мал шаруасында бірге жүруге сезіктенетіндей сыңай та-
ныта бастаса, өзінің туған жерінде болған-болмағанын
ұмытқандай назалы күйге түседі. Өйткені өмірінде
көрмеген сұмдықтарды көріп, жанын қинағаны аздай,
елдегі дос-жарандарының да кейбірі жалт бұрылғанына
күлкімен ғана жауап береді.
Бірде бірге өскен жолдасы Сәдір шопаның үйіне барды.
Киіз үйінің алдында төбет итін қыңсылатып ұрып жатыр.
244
– Оу, не болды, өзгеге әлің жетпегесін иттен өшіңді
алып жатырсың ба?
– Бұл ит бұзылған, менің үйімнен асқа тойынады да,
анау-у ақ боз үйдегі бастықтың інісі шопанның үйіне әдейі
барып үреді, – деп басын шайқайды.
– Ит иттігін жасайтын шығар.
– Неткен жағымпаздық. Күшік күнінен асырап асқа то-
йындырып бағып, күттім, еңбегімді, жақсылығымды неге
ит басымен түсінбейді? – дегенде Дүзелбай оған қарады да:
– Итмінез адамдар да да бар емес пе? «Ит те иесіне
тартпай тұрмас» деген, елдің иесіміз дейтін ожарлараға
бейімделе бастағаны ғой. Ұрып түзете алмайсың, одан да
«күшім, күшім» деп күліп қайта тәрбиеле.
Қайта тәрбиелеуге көнбейтіндер қалпағын қақы-
райтып, аяғын алшаң басты. Сөйтіп, Дүзелбай ескі
досының қонақасын ішіп, біраз әңгіме-дүкен құрып,
өткен өмірлерін еске алып, ішінде жатқан оқиғаларды
ақтарып бір жасап қалып еді. Арада біраз уақыт өткесін
Сәдір шопанды кеңсеге шақырып бастық: «Сотталған
адамды жақсы құрметтепсің, сенің де қоғамға жаулық
ойың болып жүрсе жақсылық күтпе!» – деп әмір етіп-
ті. Осындай сұмдықтардан кейін Дүзелбай қарапайым
туыс-туғандырыма кесірім тимесін деп буынып, түйініп,
жақсы ит өлімтігін көрсетпейді деп әлденеше толғана ой-
лап, ақыры Қазалыға көшіп кетуге бел байлады. Бірер
ағайынына «Мені өледі деп ойламаңдар, Алланың берген
жасын жасаймын, басқадай таудай қиындық болса да күліп
жүріп жеңемін» деп қоштасты да, ата-баба қорымына ба-
рып дұға тигізіп, туған жер топырағын маңдайына ба-
сып, «Қазалы, қайдасың?» деп тартып отырады. Сәдір до-
сын қимай тұрып: «Ар кірлесе, айыптаушының не керегі
бар?» – депті. Басшылардың қауырт қимылдарына, то-
сын тәсілдеріне арымды кірлетпей, ешкімге залалымды
тигізбей, жер кең ғой, бір пана табылар. Өлді деп ойлай
көрме!
* * *
Нағашымның «Мені өледі деп ойламаңдар» дегені
еске түскенде Қырым ханы Жәнібек Гирей (1477-
245
1478) уәзірлеріне әрқашан да жорықта жүргенде «Мен
қастарыңда тірі жүремін, өлді деуге қақыларың жоқ
ешқайсыңның» депті деседі. Сол сықылды әлдекімдердің
қолындағы ойыншығы бола алмай, көзтүрткіден шыда-
мы таусылып, басқа жерге қоныс аударып кетсе де, дос-
жолдастарымен «Әрқашан да қасыңнан табылармын» деп
төс түйістіріп, саулық тілесіп, Қызылқоғаның құмдауыт
топырағын қимай кеткен-ді. Жанындай сүйген ата-баба
мекені, киелі босағасы кімнің көзінен бұлбұлдай ұшпады
дейсің. Басқыншылықтың шешімі жоқ қиын түйіні
кімді тентіретпеді. Дала толған мұң-шер, қалың қайғы.
Құбылай хан (1216-1204) – Шыңғыс ханның немересі ата
жұрты Моңғолия мен Қытайға дейін билік жүргізіп жүріп:
«Байқаңдар, денем өлсе де, билігім, тарихым өлмес. Шын
Достарыңызбен бөлісу: |