Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

№0233757 ҚҰЖАТ

«№023752 құжат». Бір жапырақ қағаздағы осы 

сөздерді оқығанда Ерғали Мұқанов еңкілдеп жылай 

берді. Буыны босап, ес-түсінен айырылды. «Құдайым-

ай, мұндай қуанышқа жетемін деп пе едім? Жаратушы 

жарылқайтының бар екен-ау», – деп күбірлейді де жы-

лайды. «Еркінмін, кінәсіз, тазамын. Ақтығымды көзім 

тірісінде білдіргеніңе мың да бір рахмет!» – деп үй ішіндегі 

балаларын құшырлана сүйді, әйеліне қайталап айта берді. 

Ағайын-туыстарына жар салды. Әйтеуір, қуаныштан 

жүрегі жарылып кете жаздады. Қайтеді, «Әне атылам, міне 

атылам, әлде мәңгілік түрмеде шіримін бе? Сүйегім дала-

да қалатын болды ма?» – деп көлеңкесінен де үрейленім 

жүретін-ді. Көз алды – қараңғы тұман, еңсесін басқан – 

қапырық үрей, қызыл жағалыны көрсе жердің жарығы 

болса кіріп кете жаздайтын-ды. Түн ортасында ұйқыдан 

шошып ояну, адам болып кісі бетіне тура қарай алмау, 

артық сөз айтпау, қаншалық толып жатқан зәбірмен 

жанын жеп, тым мүжіліп бітіп еді. Міне, жоғарыдағы 

құжатты қолына ұстағанда Ерғали 38 жаста еді, арада 

сегіз мың түн мен күн, қайғыру, қамығумен өтті. Төсіне 

екі қолын айқастырып, үйдің төбесіне қарап іштей егіліп 

жататын уақытты ұмытар ма? Ағайын-туыстарының өзі 

есен-саулық сұрағанда: «Фашистерге өзің сатылып кет-

кен жоқсың ба? Біреулер күдіктенеді, шын ба?» – дейтін 

сыңай танытатындай көретін. Адам болып рахаттана күле 

алмайды. Пенделікпен орынды жерінде қуана алмай-

ды. Сүлесоқ, әйтеуір тірі жүр деген атақ еді. Күбір-күбір 

сөздерді тыңдағысы келмейді. Ақталар еді, куә қайда, 

құжат қайда?

Басына түспеген, көзімен көрмеген адам басқа біреудің 

жан азабын, бейнетін, қасіретін, көңіл күйін ұға алар 

ма? Бала кезінде отбасындағы тыныштықты ұзағынан 

бере көр деп тілейтін ата-анасы: «Ұйқыларың тыныш 



141

болсын!» деп жатарда тілек тілейтіннің терең сырын біле 

бермейтін-ді. Ойлап қараса, түн атасына елдің бас көтерер 

азаматтарын тиеп әкетіп жататын қан кешулі 1937 

жылдың үрейі екен-ау. Ата-анасы жоқ-жұпынылықтан 

қалай құтылам демейді. Арманы – адамдық. Өйткені, қа-

лың елді бір тарының қауызына сыйғызып дүрліктірген 

«жаусың»деген қасірет ұйқы түгелі күлкіні де бұзатынын 

басынан кешірді.

Ержетіп, ат жалын тартып мінісімен соғыс деген үрейлі 

үнді естіді, қалың ел қан жұтқандай күрсінді. Көкті торлап 

сірескен қара бұлт ажал оғын сепкендей еді. Адамдардың 

тіл қатысқаны да ауыр салмақ, зіл батпан қайғымен ара-

ласты.


Көкшетаудың Құрөзек өзені бойындағы «Ұялы» кең-

шарындағы Мұқанның қара шаңырағынан ағайынды үш 

жігіт майданға аттанды. Жауды жеңеміз, аман келеміз 

деп кетті. Үміттерін күйретіп абыржыған жоқ, «Батырлар 

аруағы қолдасын!» деп ата-ана ақ батасын беріп, дұғасын 

оқып арнады. Ешкім шошынған жоқ, өлеміз, денеміз 

бейтаныс жерде қалады деген бірі де жоқ. Қылт еткен 

мұң да жасырылды, ақ жолға кедергі деп көз жастарын 

да көрсеткендері де некен-саяқ еді. «Елмен бірге көрген 

қасірет, қайғы, ұлы той», – деп кейбірі жігерлерін жаны-

ды. Мақсат-мағынасы фашистерді жер бетінен аластатсақ 

тамаша өмірге қолымыз жетеді деу еді. Бұл кезде Ерғали 

Зеренді аудандық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет 

істеген-ді. Көзі ашық, көңілі ояу, надан емес, адамшылығы 

мол, өзін емес өзгені бақытты етсем дейтін. Құпия тазарту-

дан да өткен. Бір басына оқыған-тоқығаны жетерлік, отба-

сынан алған имандылығы, шүкіршілігі жастығына жара-

сым тауып жататын. Оқу бөлімінің меңгерушісі Данилов 

өзі майданға сұранып бара жатып:

– Ерғали, броньмен қалсаң қайтеді? Мектептер ие-

сіздікке ұшырамас еді, – деген-ді. Тылға да мұғалім ке-

рек, адамдар білімге мұқтаж. Алғашқы да Ерғали ой-

ланып қалды. Ел әлсіресе майданда да күш азаяды, 

аштықтан қырылып ауырлықты бастан өткізе бастаған 

да... 1935 жылы астық жақсы шықты, бірақ ындыны 

кепкен кедейлікті жарылқай алмады, бірден мемлекетке 



142

жөнелтілді. Келдек теріп астық қорын жасағысы келген-

дер сотталып кетті. Енді елге үрейдің үстіне соғыс үрейі 

қосылды. Жо-жоқ, Ерғали броньмен елде қала алмады. Тай-

құлындай тебісіп бірге өскен достары аудандық газеттің 

редакторы Ж. Рахымжанов, Е. Қабиболин, С. Мұқанов, 

барлығы 50 жас жігіт майданға кетеміз деп тілек білдірді. 

Сөйтіп, олардың 31-і Ақмола қаласында байланысшылар 

курсында оқыды. Оны бітіріп 1942 жылдың наурыз айында 

майданға аттанып кете барды. Қазақстаннан жасақталған 

Жандосов басқаратын 106-дивизия жауынгерлері Сталин-

град бағытымен қара жамылған соғыс өртінің ішіне енді. 

Содан Харьков түбінде фашистердің қоршауында қалды. 

6-Қызыл Армия жаудың бетін қайтарып, тезінен көмек 

бере алмай қалды. Бірақ бұларға көмекке ұшақтар, танктер 

келмекші еді. Қоршауды бұзып шығатын бағыты да анық 

болатын-ды. Соғыста нендей кесел аяқ астынан тап болып 

жататынын қарапайым жауынгерлер біле бере ме? Оның 

үстіне, жаралы, ауру, сырқау жауынгерлер жетіп жатты. 

Армия дәрігері кірпік ілместен: «Днепропетровскінің ка-

зармасына жетсек, бір тыныс алар едік», – дегені есінде.

– Аты-жөнін білмейсіз бе?

– Сол дәрігер мені ажалдан алып қалды. Есімі – Иван, 

әкесінің атын ұмыттым. Алматыдан еді. Тірі ме екен. Оны 

қанша іздедім, кездестірмедім ғой. Өлі мен тірінің ара-

сы... – деп Ерғали жасаураған жанарын сипап ойға қайта 

шомды.

 Тұтқында жау қолында қалды, алтыншы армияның 



жауынгерлерін фашистер қоршап алып, қарусыздандырды. 

Дені сауларын Екатерина салдырған түрмеге қамады. Жа-

ралы, ауру-сырқауларын бір шұңқырға апарып лақты-

рып тірідей көміп жатты. Ерғалиды да зембілмен әкетіп 

құртпақ еді. Дәрігер: «Бұл адам емделіп жазылады!» – деп 

қарсылық білдіріп жібермеді. Ажал аузынан алып қалды. 

Бірақ шектен тыс көретін зәбірден құтқара алмады. «Менің 

Қазақстаным... Сені тірідей көмдіріп өзім аман қаламын 

ба?» – деп қалай ойламайын. «Өлсек бір шұңқырда бірге 

жатқым келді». Дәрігердің сөзі осы еді. «Өмірге екінші рет 

әкелген лебізді өлсем ұмытамын ба?»


143

Қиратуды, өртеу, опан-топанын шығарып жою, өлтіру, 

сұмдық қанқұйлылықты Ерғали айтып тауыса алар ма? 

Өліктердің үстінен қан жосытып, мейлінше зәбірмен 

тұтқындарды Львовқа әкелді. Аяқтарында ағаш бәтіңкі, 

тұтқындар бірін-бірі қолтықтасып сүйеген болады. Әрбір 

жүз адамның жанында қасқыр иттер, сәл қимылдасаң 

жарып салады. Адамдық қасиет ұмытылған, күнәсіз 

тұтқындардың әлсірегенін сол бойда атып тастайды. Адам 

тағдыры шыбын ғұрлы емес. Пенде ауыр минуттардың 

өзінде жарық күнді қимайды екен, үміті үзілмейді екен, 

жеңіске жетеміз деген сенім жоғалмайды. Бұлдыр сағым 

арасынан еркін өмір қол бұлғап шақыратын тәрізді. Оққа 

байланып тұрғанда да тірлік қымбат. Әлде әлемде бұрын-

соңды болып көрмеген патриоттық сезім күші ме? Дұрысы 

сол шығар. Ұлтымыздың намысы, имандылығы дер ша-

ғындағы кезең еді. Мыңдардың тілегі – ерлік, адам де-

ген атына кір келтірмеу, шын арманы – намыс, адалдық. 

Қаймағы бұзылмаған қазақи қасиет жаралы көкіректерде 

күмбірлеп тұрды. Сатқындықты білген жоқ. Оны өліммен 

бірдей деп есептеген-ді. Бір күндері Иванов деген екеуі 

қуысқа тығылып қашып кетуді ойлады. Амал не, фашис-

тер тауып алды. Соққыға жығып жұмысқа қосты. Содан 

тұтқындарды Польшаға әкелді. Әрбір тұтқынның мойны-

на темірден номер байлады. Бұрынғы әскери киімдерін 

шешіндіріп алып, жыртық-жыртық киіммен алмастыр-

ды. Барлық тұтқынның ішінде екі жүздей ғана қазақ 

қалды. Көбі өлді, атып тастады. Содан Ерғали Мұқанов, 

Байділ Қожықов, Балдер Әбішев және басқаларын Фран-

ция жеріне неміс армиясының жұмысына апарды. Үлкен 

қорғаныстар қазды. Тәулігіне жиырма төрт сағат бойы 

жұмыс. Жерорта теңізінің маңында фашистердің ДЗО-тын 

салды. Күндердің бір күні жоғарыдағы үш жігітті асха-

нада тамақ пісіруге қалдырған кезде күзеттегі немістерді 

өлтіріп қашып шығады. Содан түнделетіп Францияның 

партизандарына өліп-талып қосылады. Оларды Бессеж 

деген қаланың маңынан табады. Әрине, бұл үшеуін олар 

шпион деп біраз тексереді. Ақырында командирлерінің 

алдында Интернационалды айтып сенімге ие болады. Ал 

Валанс, Лион қалаларында америкалықтар тұрады. Со-



144

нымен Ерғалилар екінші майданға қатысып, Франция 

жеріне орналасқан фашистердің ұясын талқандайды. Мар-

сель портында америкалықтармен бірігіп, екінші майдан-

да жүрген қазақтармен танысады. Зеренділік Құрманқо-

жа Ысқақовты көріп, туған жерінің қасиетті топырағын 

сүйгендей болғанын айтсаңшы. Олардың киім-кешегі, 

жағдайлары тәуір екен, жақсы киімдерін беріп жарылқап 

тастайды.

– Туыстар, 1944 жыл аяқталып қалды. Фашистер 

жеңілді. Бірақ сіздер елге оралмаңдар, барсаңдар соттай-

ды, құртады. Одан да Америкада қалайық, – дейді Құ-

манқожа.

– О не дегенің, біз француз коммунистерінің басшы-

лығымен фашистерге қарсы соғысып біраз қаланы тазарт-

тық, ол ерлігімізді ескермей ме?

– Ай, қайдам... Сталиннің «Отанын сатқан опасыз» 

деген қағидасы шырмап тастамаса? Дегенмен, қатты 

ойланыңдар, саяси бағытты байқаңдар.

– Франция партизандарымен бірігіп фашист құзғын-

дарының талай ордалы жыландай болған құзғын ұясын 

талқандап, кек қайтты. Оны Отан ескерер.

Сонымен соғыс аяқталысымен Франция жеріндегі 24 

партизан қазақтар елге оралады. Оларды Одесса түбінен 

КГБ күтіп алады. Содан сот, әскери трибунал, Мага-

дан түрмесінің азабын маңдайларына жазады. Ерғали 

Мұқанов қатардағы жауынгер болғандықтан атылу жаза-

сынан аман қалғанымен, 11 жыл түрменің есігін тозды-

руы, қуғын-сүргін, туған-туыстарының жазықсыз жапа 

шегуінен артық тірі өлім бола ма? Жоғарыдағы құжат 

қана үбірлі-шүбірлі болып тоқсанның белесіне көтеріліп, 

оның отыз жылын Алексеевкіде орман шаруашылығында 

қызмет етуімен жалғасты.

Алып тұлғасы тік, жүрісі де ширақ. Немерелерін ері-

тіп серуендейді. Ара-тұра оларға француз тілінде есінде 

қалғандарын айтып оқ пен өрттің ішінде өткен өкінішті 

жастығын ойлайды. Сөйтеді де, тыныштыққа ештеңе 

теңгермейді.

– Бар бол, қуғын-сүргіннің, қан кешудің талайынан 

аман өткен аға! –дейсің. Төгіліп тұрған тірі тарих дегеннің 



145

құдіреті осы. Бір арнаға құйылатын шындық көз көрген, 

құлақ естігеннен басталады.

ҚЫСАСЫ КЕТКЕН

Жылы-жұмсағын тарықпай жеген халық, бары-

на Пайғамбар да риза деп, қанағатын қанға сіңірген ел 

адамдары еді. Жалпақ жұртқа қаныпезерлер қанқұйлы 

қастандық жасайды деп ойлап па? «Социализм қой 

үстіне бозторғай жұмыртқалайтын алтын заман орна-

тады», – деп даурыққанға үміт артуы, көрініп тұрған 

ауылдан көрінбеген бұлт жақын дегенді сезді деймісің. 

Үкімет аузыңнан ақ май ақтарады, ақ бөлкеге тойынып 

ақ маржандай құлпырып шығасыңдар, малдарыңды 

бермесеңдер атылып кететіндікті ұғарсыңдар дегесін 

тышқақ лақ қалдырмай санап берді. Бәлду-бәлду бәрі 

өтірікті, аштық қысқасын бір-ақ білді. Қазақстан 

Орталық Атқару комитетінің төрағасы С. Меңдешов: «3 

миллионнан астам адам аштыққа ұрынды. Қазақстанда 

аштық басталып күшейіп барады. РКФРО-ның орталық 

органдарынан ашыққандарға шұғыл жәрдем көрсетуді 

сұраймыз?» – деген арнаулы хатқа Сталиннің құлақ 

аспағанына қандай қысасы кеткенін кім білсін? Құжатта 

1921 жылдың төрт айының өзінде әке-шешесі аштан 

өлген 480 022 бала қаңғып қалғандығы, Орал губкомының 

баяндамасында айтылып: «1921 жылдың қыркүйек 

айында губернияда аштық кеңінен етек алды. Мұны 

жөндеуге мемлекет көмегі жетпеді. Губерния халқының 

әлдісі өлмеуі үшін адам жеуге дейін барды. Тек қана 

төрт уезде үш жүз елу адамды сойып жегені, төрт жүз 

отыз жеті мүрдені тамаққа пайдаланғаны тіркеуге алы-

нып, анықталып отыр. Губерниядағы халықтың бес-

тен бірі, яғни 48 802 адам аштан өлді. Елде мал қалма-

ған», – делінген баяндамада. Мұны Сталин де, Калинин 

де, Свердлов та білді. Хат-хабарды оқыды, жұтты қолдан 

ұйымдастырудың алғашқы нәтижесіне көңілдері толды 

ма, 1922 жылдың 26 қаңтарында Сталин мен Калинин қол 

қойып құжаттандырған деректе «Бір ғана Еділ бойынан

10-0203


146

23 миллион адам аштыққа ұшырады... Бұл апаттан 

халықты құтқару үшін ашыққандарды Қазақстан мен 

Түркістан республикасына қоныс аударылсын» деген 

қаулысын оқысаң Еділ бойынан көшірілгендер қазақтарды 

сойып жесе де өлмейді деу ме? Өйткені, көшірілгендерге 

қанша азық жеткізіледі, үй-жаймен қамту айтылмаған. 

Көшсін, бітті шаруа. Жоғарыдағы дерек бір ғана губкомның 

төрт уезіндегі аштық қырғыны, ал республикада 16 об-

лыс, 21 қала, 203 аудан, 2 672 ауылдық кеңестегі аштан 

өлгендердің есебін шығарсаң миллиондаған халықтың 

қырылғанына көз жеткізер едіңіз (Тарихшылар бұл есепті 

компьютермен нақты шығарып алады. – Т.Қ.).

– Ойыл қаласының көшелерінде аштан өлген адам 

қырылған қара шыбындай еді. Комсомолдар жинап, 

көміп үлгере алмайды да, Сегізсайға адам қаңқаларының 

арасына тастай салады. Бауыздап өлтіргендер, етін 

кесіп, сүйегін қалдырғандарды көргенде жаның шоши-

тын еді, – дейтін қарттар. Бұл аштық ұзаққа созылды, 

бәсеңсіген жоқ. Аштық қырғыны, ату, түрмеге қамау 

заңдандырылып жүзеге асырылды. Оған дәлел 1932 жы-

лы 7 тамызда ВЦИК пен Совнарком «Мемлекеттік кәсіп-

орындарын, колхоз, кооперация мүліктерін қорғау жә-

не қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы» 

қаулыны Сталиннің нұсқауымен қабылдап, қоғам мүлкіне 

қол сұққандар оққа ұшты, атылды. Түрмеге жабылды. 

Саясат үрейі осылай дамыды. Аштық жұты өрттей өршіді. 

1933 жылы ауданның «Тамдыкөл» мұнайын бұрғылау 

басталып, онда геологтар Жолмағамбетов, Балмағамбе-

тов, Құтмағамбетовтер мұнай көзін бұрғылайды. Олар-

дың бұрғылау станоктары германиялық фирмадан шық-

қан «Ганэль-МОЭГ» маркілі болған. Шет елге астық, ет 

өнімдерін беріп алынған құрал-жабдық, техника осы-

лар ғана деймісің. Экономикасы мешеу Одақ өндірісін 

өркендету үшін өз халқының аштан өлуін қайтеді. Гео-

лог Қалиханның күнделігінде: «Анамның аштарға ас 

пісіруден қолы босамады. Мұнайшыларға азық-түлік бе-

ріліп тұрды. Айлық ақша да аламыз. Тарыққан жоқпыз. 

Бірақ ашыққандарды, олардың өліп жатқандарын көру-

дің өзі жаныңа үлкен азап әкеледі екен. Көңілің босап, 



147

аяйсың. Көз нұры тайған, алба-жұлба киімді, денедегі еті 

тартылған, әбден арыған, кейбірінің беті ісінген, сөйлеуге 

тілі келе бермейтінін, қолын жайып, аузын ашып тамақ 

сұрайтындар босып жүрді. Өмір сүруі көмескі-күңгірт, 

соңғы арманы бір тойыну тәрізді. Бір үзім нан іздегендер, 

босып жүргендер, бұралып жолшыбай өліп жатқандары 

қаншама? Тіл жоқ, үнсіз өлім, жан тапсырғандары да 

кінәні ешкімге артпайды... Үнсіз... Құлай кетеді, жан тап-

сырады. «Тамдыкөлден» жолаушылап Ойылға бара қалсаң 

жолшыбай құзғын құстар үймелеп жатқан жерде толған 

өлік...» – деп жазылыпты.

Бірде әкесі Жолмағамбетке танысы кездесіп:

– Аштықта алдымен кімдер өледі? – дейді.

– Әлсіздер, ақылдылар, адал ойлы, ешкімнің ала жібін 

аттамаймын деп қазан қайғысынан ұлттық қасиетті артық 

бағалайтындар. Бұлардың күнкөрісіне жиғанын жау-

ыз ойлы дүлейлер тез тартып алады, не алдап, не ұрлап 

алып тақыршаққа отырғызады. Шамалы күнкөрісі барлар 

жұтап бітеді, ажалды күтеді. Ашықтырудың ретін, жөнін, 

жағдайын білетін қуларға дауа жоқ. Саясаты белгілі, заңы 

түсінікті.

– Обал-қиянаттың жамандығын білмей ме?

– Өзі аман қалуы үшін зұлымдыққа барады. 1922 жы-

лы Атырау өңіріндегі елге Кеңес үкіметін орнатамын 

деп облыстық милицияны басқардым. Жаңа үкіметтің 

ішкі-сыртқы жауы аз болған жоқ. Егес, өліспей беріспеу. 

Арамдық, жауыздық жасырын, аңғару қиын бүркеліп 

қалған. Толстовтың казактарынан құралған бандылары, 

Орынборда біразын атқаннан кейін ызалы бір тобы Аты-

рауда бүлік-ойранды салды. Адамдарды өлтірді, ауыл-

елді тонады, әйелдерді зорлады, кеңестік мекемелерді өр-

теді. Колчактың құйыршықтары бандылық топтың қан-

құйлыларын жоюда оңайлық болған жоқ. Қарияларды, 

балаларды айуандықпен өлтіргенін кім кешіреді? Қырғын 

қақтығыспен жауды құрттық. Жеңдік, Кеңес үкіметінің 

жұмысы жолға қойыла бастады. Ал аштық қырғыны неге 

тоқтамады? Мәскеуден азық-түлік жеткізіледі деген уәде 

бар, сөз көп, нәтиже жоқ. Аз-кем келген азықты ұрылар, 

жымысқы топ талап алады да, жалпы халыққа жетпей 



148

қалады.  Жанұяма азыққа рұқсат қағаз береді, адам ба-

сына өлшеулі, тарыға бастағасын милиция жұмысын 

тастап мұнай өндірудің барлау геологиялық экспеди-

циясына басқарушылық жұмысқа ауыстым. Білім бар, 

үш ағайындының балалары да ер жеткен шағы. Сөйтіп, 

«Асанкеткен» кенішіне тұңғыш рет бұрғы салып едік, 

мұнай қоры көптігін біліп едік, – деп Жолмағамбет 

інілері Еркеқара, Ғалымжан, Мәтжанды және балалары 

Қасқырбай, Қалихан мұнай жұмысына кірісіп кетті. – 

Қатпар-қатпар, бүрме-бүрме жер қыртысындағы мұнай 

көлемін нақты есептеп шығарудың шеберлігі табиғат-

тың бүккіш құпиясын білу аса аңғарымпаздықты қажет 

етеді, – дейтін Жолмағамбеттің мұнайшылық жолы, 

Отанға қызметі, халқына адалдығы ұзаққа бармаса керек. 

Бір күні кешкісін қара машина есік алдына тоқтайды.Үш 

адам түстері ызғарлы төрге енеді.

– Жоғары шығыңдар, кешкі асымызды ішейік деп 

отырмыз. Дастахан жаюлы... Дәмнен үлкен ешкім жоқ, – 

дейді Жолмағамбет.

– Біз үштікпіз. Сіз тұтқынсыз!

– Ау, Отанға мұнай керек емес пе?

– Ауқатты Бөлекбай атаңыздан енші алыпсыз, байларға 

арыз жазып беріпсіз.

– Енші алу ұлтымыздың заңы емес пе? Сауатсыз адам 

арыз жазып бер десе, ол бай ма, кедей ме, ішіне кіріп 

шығыппын ба?

– Еншіге нендей байлық алдыңыз?

– Көк ат пен көк алақан дойыр алдым. Сол көк ат, сол 

көк дойырмен бандыларды ұстадым. О да байлық болып 

па?

– Ататегіңізде Көпберген деген бай болыпты. Оны неге 



жасырасыңдар?

– Өліп қалған, көр жасырды. Балалары барлық түйесі 

мен қойларын үкіметке тапсырды, өздері аштан өлді, тұ-

қым жоқ.


– Балаларымның бетінен сүйейін. Тоғыз баланы кім 

бағады?..

– Үкімет бағады.

Жолмағамбет он жылға сотталып кете барды. Ажалы 

түрмеде болды. Мұнайшылар тірлігі жалғаса берді. Соғыс 


149

жылдары түрлі ауыртпалық, індет, «халық жауының» 

тұқымы деп көзге шұқу зәбірі өлшеусіз. Ағайындылардың 

иығына түскен зіл, көкіректеріндегі шер-мұң езіп-жан-

шитын еді. Бертінде Қасқырбай Жолмағамбетов Еңбек 

Ері атағына ұсынылды ма, әлде басқаша ма, әйтеуір Ле-

нин орденін омырауына тағып әке есімін ақтағандай 

қуанышты болды... Қазірде үш ағайындыдан тараған отыз 

шақты ұрпақ Атырау мұнай өндірісі саласында еңбек етеді. 

Жүздері ашық, емін-еркін, баяғыдай кейбіреу кекетіп: 

«Аяз, әліңді, құмырсқа, жолыңды біл» деген кім екеніңді 

білеміз», – деп намысқа тиетін ешкім жоқ.

Мұнайшылар өмірінде де осындай сталиндік заманның 

қиқуы өтіп жатқан-ды... Бабалардың ауыр кезеңдерден 

көрген иттігі өзімен кетсін дейікші?!

АСПАННАН ТҮСКЕН ЖАСЫН-ДЫ...

Құс тұмсығы өтпестей қалың жыныс орман қара дауыл 

соқса қайғылы жандай сыңсиды екен? Дүн-дүние зары ма, 

дің қарағай қай заманның сырын шертпек. Пенденің басы-

на келіп кеткен күндерде не болмады? Адам жел айдаған 

қаңбақ, дүр еткен дүрбелең жайсыздық етсе, қаңыраған 

жер қалады, иесіз ел қалады. Ағаш жапырақтары қал-

тырағанмен кезіккен апатқа дәрменсіз. Кәрі тарих дұ-

рыстығын да кешең айтады. Пенде сәтінде неге душар 

болғанын айтып үлгере де алмайды. Діңкесі құрып тына-

ды. Сол дүр еткен дүрбелең алдында 1905 жылы Құлынды 

даласында 13 ауыл болған өзін-өзі асырауға ебдейлі қауым 

болған. Табиғатымен емін-еркін «сырласқан» 187 жанұяда 

бабалар тірлік тазалығына елтіген болар. Өлмес күнін 

көрген болар. Қайырлы жердің нәрін емген болар. Жаз 

жайлауы ың-шыңсыз Таулы Алтайға дейін (Алтай қазақ 

сөзі ғой), қыс-қыстауы Керей көлі маңы екен. Бай-манабы 

түтін түтетіп, жерді жерлеп, суды сулап, ертеңін байқап, 

бүгініне байламды тірлік еткен. Көші-қонуына жайлы 

табиғаты ғаламат өңірде ендей қоныстанып байсал тапқан. 

Қысыр қалатын жылқысы болмағасын ба, қазақтар тұтас 

шұрайлы өңірді Құлынды атаған. Жер атын қоюда та-



150

лай аңыз бар, оған тоқталмай-ақ қоялық. Өмір сүрудің 

қолайлылығына байланысты бертінде Белағаш болысы 

деп байы бар, байсымағы бар бірауыздан ұйғарым жасаған 

мезгіл де болған-ды. Еркін іс, еркін күш ортақ десе керек. 

Отарлық езгідегі халықтың аңсағаны еркіндік болмай 

қайтеді? Қайран ер көңіл-ай! Өмір болғасын бағынысу 

бар, бағындыру бар, сұс көрсету бар, жым болу бар. Бағыт-

бағдарды түсінген бар, енжарлықпен түсініксіз өткен бар. 

Бақытқа қолы жеткен бар, маңдай терін рәсуа еткен бар, 

құлша жүріп рахатын көрмей өмірден баз кешіп кеткен 

бар. Есті, епті, барын базарлай білетін Байдәулет байда 

1800 жылқы болса, одан қалыспаймын деген Самайбай-

да – 900 жылқы, Исада – 500 жылқы, Мұздыбай, Қазан-

ғап, Құдабай, Сағындықтарда – 100-150-ден жылқы бо-

лыпты. Ірі қара, қой-ешкіні мал екен деп есептеп қағазға 

түсірмегенге ұқсайды. Жылқының еті, сүті жанға дәрі, 

қысы-жазы ерттеулі аты, қару-жарағы елінің түрлі 

дұшпаннан қорғаны. Жарлысы байға жетемін десе де 

жете алмай, ырыздық, байлық өлшеулі деп тынған да бо-

лар. Шыр етіп жерге түскенде маңдайға жазған перзент 

те, байлық та құралуынан, бәрі өлшеулі деп түсінбеді 

деймісің? Олардың қай-қайсысы да иегінің астын-

да тұрғандай жердегі Обь өзенін игерудің 1542 жылы 

жиһанкез ғалым Антония Вида жасаған картасынан хабар-

дар бола қоймаған шығар. Бірақ «Өзен жағалағанның өзегі 

талмайды» деген сөз қалдырған ғой. Әр кезде, әр қилы 

тірлік, әрі-беріден соң бүгінгі ұқсамаған өміріне өкіну, 

ертеңіне күмәндану бастан өтпей ме? Мың жылғысын 

айна-қатесіз біліп, болжайтын пенденің бәрі әулие емес 

қой. Қазақ бірақ: «Үш күнгісін ойламаған әйелден без, 

үш жылғысын ойламаған еркектен без», – деп ұрпағының 

құлағына құйып отырғаны бар ғой. Оны жадына кім тұтты, 

сол тірлігінде ұтты. Тірлікке әрекет етіп жүріп келешекке 

қаншалық әсері тиеді, оның пайдасы мен зиянын байқау 

көптің ойына кіріп-шыға бере ме? Орыс ғалымдары мың 

жылғысын, одан да әрісін ойлап жайлы қонысы, байлығы 

мол мекен іздесе, қазақтар әншейін күнделікті тірліктен 

аспай, жылқы санына місе тұтатын байларымыз да болған. 

Бірақ халқының тамағын аш етпей, киімін жыртық етпей, 



151

жесірін жатқа жібермей, жетімін жылатпай әлсіздерінің 

жай-күйіне қарасып жақсылықтың жолын салып 

отырған. Сол байлар мен кедейлер ұрпағы 1920 ауылдық 

кеңеске Рақымсадық Дауытовты бірауыздан сайлап алса, 

Кеңес үкіметі жарылқайды деген көп тілегі, сенімі болған. 

Кейбір жырық етік белсенділердің залымдығын байқай 

қоймаған. Сөйтіп 1926 жылы Керей ауылдық кеңесін 

Есләм Досымбеков басқарып ел шаруасын саясатқа икем-

деп, қабат-қабат келіп жатқан ұсыныс-бұйрықтар бо-

йынша жүргізе бастайды. Одан соң үлкен дүрлігумен ТОЗ 

құрылады, оның шаруасын жан-жақты жүргізуді жалпы 

жиналыстың пікірімен санасып Сағат Жансергеновке тап-

сырады. Қаймағы бұзылмаған ұлттық намыс бар, ұят бар, 

арлылық бар, көрші шаруашылықтардан қалыспауды 

ойлайды. Елде тамағын асырай алмайтын әлсіз бар, ауру-

сырқау бар. Аштықтан аман шыққаны елдің татулығы 

болса, «Сақтықта қорлық жоқ» деп өздерінше қор 

ұйымдастырып, жұмыла жұмыс істеп, үкіметтің тапсыр-

маларын орындап елеулі табыстың есігін айқара ашады. 

Өлке бойынша біріншілікке ілігіп 1939 жылы №77314 

куәлік беріліп, Мәскеудегі Бүкілодақтық көрменің 

«Құрмет кітабына» жазылады. Демек Алтай өлкесі бо-

йынша екі бірдей аштық әл бермей, жай соққандай жай-

пап тұрғанда, жұрт жұтап әл үстіне іліккенде Құлынды 

халқын басқарушылардың әлібі түзу, халқым аман болғай 

деп еңбек еткені күмәнсіз еді. Әділшілік әдібі түзу бол-

са, түйсігі бөлектің түтіні бөлек делінбесе, түгін тартсаң 

майы шығып тұрған, сыңсыған орман іші жеміс-жидек, 

адал өсімдіктері мол және өзен-көлі балық, аң-құсқа 

жеткілікті жерде қолы қимылдаса, аузы қимылдап, аштан 

өлу мүмкін емес екені белгілі еді. Бірақ, аштықтың өрттей 

жалмауының себебі әр алуан және құпия жүргізілді емес 

пе? Қызғаныш, егес, көре алмаушылық, зұлымдықтың 

не түрі аяқтан шалды ғой. Ең ауыры, бес күндік беделді 

орынтақта деп ойлайтын басшыларға Мәскеуден түсіп 

жатқан лимит, түрлі қиянатқа толы нұсқау, бұйрықтарды 

орындау амалсыздыққа тіреді ме екен? Басшы өзімшіл 

болмаса жұрт аман болар еді. Қарақан басты сақтау үшін 

арпалыста бірлік-тірек болмаса кім жай тасындай жал-



152

тылдап шындық деп суырылып алға шығады дейсің? Бір 

жайды айта кетелік. Құлынды өңіріне белгілі Байдәулет 

сықылды байлар Кеңес үкіметінің тәртіп-заңын алдын-

ала түсініп, ың-шыңсыз мыңғырған малдарын ағайын-

туыстарына, дос-жарандарына бөліп беріп, одан артығын 

ортаға ұйыстырып кедей қалпына түсіп жан сақтағанға 

ұқсайды. «Байлық – қолдың кірі, жусаң кетеді. Ағайын-

туыстың амандығына не жетеді? Жігітке қырық жыл 

дәулет – қырық жыл бейнет. Феодализм байлығын да 

ұстадық, бірақ құс болып ұшпадық, социализмнің жап-

пай кедейлігін де көрелік, сөзімізге берсе болды төрелік. 

Жұрт капитализм жақсы болды дейді, ұрлайтыны көп 

болған-ау, шамасы. Не жетеді дейсің елдің соңына сөз 

қалдыратын данасына делік те, бір нәрсеге ұрынар көп 

желіккен, әр нәрсеге еліккен деп тыналық. Жаппай кедей 

болып шығалық!» – деп ұйғарымды ақылдылар айтып, 

долы күшті де елмен бірге жеңерміз деген ақылға келген-

ау. Долбар солай, едіреңдеген белсенділердің алдында 

пыштай болып есінен айрылығысы жоқтығын егжей-

тегжейлі ойластырса керек. Маңдайға жазған байлықты 

да көрді, енді жұртпен бірге кедейліктің күйін кешіп туған 

топырақта адал ниетімен өлудің өзі бәрінен де қымбат. Ке-

дей болсын, бай болсын, пенденің жақсысы бар, жаманы 

бар. Әркімнің қарнына бір аяқ кеспе көже сыяды. Кімнен 

кімнің несі артық?.. Ойлысы бар, ойсызы бар. Тірлігіңде 

еліңе қадіріңнің кетпегеніне ешбір байлық тең келмейді. 

Кер ауыздының қаңқуынан құтылып, заманға билігін де, 

мал-мүлкін, байлығын да бере білді. Өйткені, кедейлердің 

қоғамы біз байлыққа иеміз деп діңкеге тиіп жүргендерді 

көріп ақылға салған өнегелі қариялар шешімі елді тоналу-

дан сақтап, жұрттың аман-саулығын қорғаған сықылды. 

Өйткені 1920-1921 жылы Алтай өлкелік соты 34 адамның 

қылмыстық ісін қарап, 1 адамды атуға, 2 адамға 5 жыл 

мерзімге үкім шығарса, революциялық әскери трибу-

нал 525 қылмыстық істі қарап, 15 адамды атуға жылдам 

үкім шығарған екен. Жүре-бара бұдан да зоры болатынын 

байқатып тастайды. Әйтеуір, Құлынды өңірінен бірде-

бір адам қылмысты делініп жанұясы зарлап қалмаған 


153

(Ф. 204. Оп 2.Д. 10). Бұл ел ақылдыларының ертеңіне жіті 

көз жеткізуі еді.

Қоғам өзгерісінің ауыр-жеңілі болмай тұрмайды. Пенде 

ескі тірліктен айниды, жаңа жарылқайды деп үміт етеді. 

Айла-тәсіл өзгереді, айт-үйт деп ұйтқытушылар өз пайда-

сын шығарады. Түрлі айқас, барымталы басқыншылық, 

қарапайым халықтың миы жете бермейтін қулық-сұмдық 

анталап шыққанда амалсыздыққа кім ұрынбайды? 

Осындайда қоғамның аужайын байқап аужар айтуға да 

шеберлік, көрегендік керек. Аумалы-төкпелі 1922 жылдың 

тұсында Поволжьяда 1 миллион адам аштыққа ұрынады. 

Кеңес үкіметі бұл хабарды естіп, 12 миллион пұт астық 

көмек бермек болады, бірақ 500 мың пұт астық жеткізіледі 

де кулактарды, үкіметке сенімсіз көзқарастағы адамдары 

тазартып Қазақстанға көшіруді нұсқайды. «Қазақстанда 

аштық басталды, босқындарды қабылдауға мүмкіндік 

жоқ!?» – деп С. Меңдешовтің батыл түрде Сталинге хат 

жазуы осыдан басталады екен. Мәскеудің өзімшілдігі мен 

теріс пиғылы кесірінен Глазовскінің 37 елді мекенінде 

аштан өліп жатқаны, өлімші боп әлсірегендері түрлі 

шіріген ас қалдығын жеп түрлі жұқпалы ауру тарап жат-

са, кейбір елді мекенде әлділері әлсіреген адамды сойып 

жеудің сұмдығы кездескен. Бұзылық уезінің Ефимовка 

селосында ашыққан шаруа өзінің қызын сойып жеген 



(Ф. 169. Оп. 1. Д.1). Осы сияқты төмендегідей жазылған 

жан түршіктірер сөйлем бар: «В селе Андреевке голода-

ющими съеден труп женшины... В селе Любимовке но-

чью раскапываются могили умерших, из трупов варится 

пища», – деген мұрағат дерегін оқығанда төбе шашың тік 

тұрып, аштық қырғынында мал-мүлкін тартып алып, жер 

аударып тірлігінен бездірген кім дер едің? Орал губерния-

сында әлділер әлсіреген үш жүз елу адамды сойып жегенін 

жоғарыда айттық. Аштықтың авторы кім? Әзірге бет пер-

де сыртында тұра тұрсын. Мұрағат-мұражайлардың талай 

дерегінен кейін оқушы өзі түсінеді. Бөрік астында жатқан 

бөлтірік те көрініп қалмай ма?

Бір өкінтерлігі, Кеңес үкіметінің халқы аштан қыры-

лып жатқанда Америка, Канада тұтынудан артылып қалған 

астықты төгіп-шашып, өртеп құртып жатса, Аргентина 


154

паровоздарына астық жағып жүргізгені тарихи шындық 

еді ғой. Демек шетел Кеңес үкіметіне капитализмді тамы-

рынан жұлып, социализмнің туын желбіреткеніне жаны 

ашыған жоқ, қаны ұйыған жоқ, қайта кектенгенге ұқсай-

ды. Бұқпантай пікір жаңа үкіметі құласын деу ме? Араз-

құраз болмаса да арғы-бергіні ойлайтын пенделік арамза 

пиғыл іште бұ-йығып жатқаны болар. Әйтпесе, аштық-

тың қыл бұрауынан аман шығуға көмектескен болар еді. 

Мына бір дерек ойға қалдырады. «Жизнь Сибири» 

журналының 1922 жылғы №3 санында Сібір өлкесінде 

қоныстанған 6 105 254 адам, бұлар 14 ұлт өкілдері, 200 

мыңнан астам қазақ болған. 1918 жылғы есепте Уранхай 

өңіріндегі елде 4 508 ірі қара, 1 360 жандық, 750 жылқы, 

1 348 марал өсірілген. Алтын өндірумен айналысатын 

Уранхай-Усинск жылына 700 тонна алтын өндіріпті. Сон-

дай қаржылық байлық арқасында Ачинск-Абақан темір 

жолы тартылып халыққа қызмет еткен. Демек, өндіріс 

орындары Кеңес үкіметінің алас-қапасында біршама жұ-

мыс атқарып Одақ қазынасын нығайта бастаған. Солай 

бола тұра 1921 жылдың қаңтар-наурыз айы аралығында 

халыққа қажеттілік ұнның бар болғаны 27 пайыз мөл-

шерінде ғана жеткізілген. Ал 1922 жылғы наурыз 

айындағы есепте өндіріс орындарына жан сақтауға жан-

таласып қоныстанушылар 8 703 249 адамға жетіп, мем-

лекет азық-түлік көмегін беріп үлгере алмай, Сібірде 

аштықтың басталуының бір себебі осы болса керек. 

Журнал дерегінде 40 000 бала аштыққа ұрынып қаңғып 

қалған, өлген, ісіп-кепкен, ата-анасы өлген. «Алтын-

күміс тас екен, арпа-бидай ас екен» деп зарлау басталған. 

Былшыл батпақ сөз ас болсын ба? Қабақ қағу қиындап, 

аштан бұралған тұста:



...Аспаннан түскен жасын-ды,

 Қорғай алмаспын-ау

 Томашадай басымды.

 Былдыр-былдыр былығу,

 Саясат дауыл басынды.

 Ажырата алар емеспін

 Досым менен қасымды.

155

Жинап алып, жеп жатыр,

Ажал келіп еріксіз,

Елге сыйлы асылды.

Орынтаққа қонжиттық

Сұрқия мен масылды.

Аспаннан түскен жасын-ды,

Байлық қайда шашылды?

Үрейсіз ішер емеспін

Аз-кем адал асымды.

Сұмдығы мол белсенді

Айласын әбден асырды.

Өліп жатқандарды

Мәскеуден неге жасырды? –

деп зарлап өлгендер де болған. Өлу қабақ қағудай сәттік 

кезде қаланың ұн тарту кооперативіндегі жұмысшы Лу-

кьян Черкасов ауырып өледі. Асқа жарымағанға не түрлі 

ауру тап болады. Содан кедей жанұяның қожасын жер-

леуге 5 рубль көмек көрсетуге мекеме бастығы бұйрық 

шығарады. Есепші шот тасын біресе олай, біресе бұлай 

қағып, Лукьянның баласының қолына 9 тиын ұстатады. 

Басқа ақша өлген әкеңнің берешегіне ұсталды деп 

есепшотын тарс еткізеді. Міне, біреу өліп жатқанда, 

екінші жымысқының жымқыратын қулығын «Степ-

ная правда» газетінің 17 қазан 1925 жылғы санынан 

оқып қаламгерлердің қай кездерде де халықтың мұңын 

мұңдап, жоғын жоқтағанын танисың, білесің. Өліні де жеп 

қалудың ұятсыздығына өкіне күлесің. Шындықты шы-

райландырып батыл жазған қаламгерлердің кейбірі жаза-

сыз қалмағаны белгілі. Ондайда «Бас кеспек болса да, тіл 

кеспек жоқ» дегенге де үкім бар-тын. Олардан да ел аузын-

да сөз қалған, бір үзім нанға жарымай жүрсе де, айтарын 

тайсалмай айтқандар кездескен.



Заманым мұнша неге қиын болды,

Тірлігім алай-дүлей құйын болды.

Қымс етсең қимылдатпай қиып түсер,

ОГПУ жан алатын ұйым болды.

Қалғыдым қашан жаным шығар екен,

Қақ шекеден соққымен ұрады екен.

156

Бірегей түрмесінде қалшитқанда,

Жөн сөзді қақас қылып тұрады екен.

Үштігің қайғы-шерді білер ме екен?

Соңыңда кісі ілесіп жүреді екен.

«Жатып атар» кіндіктес туысың да,

Кінәсізге кінә қойып күледі екен.

Күн сайын құпиялы жиын болды,

Қолыңа кісен салған сыйың болды.

Аузыңа темір қақпақ орнатып ап,

Бұралқы сөз айтуға тыйым болды.

Дақпырттың біреу көріп пайдасын-ай,

Бір күні ғапыл кетіп қалмасым-ай.

Дариға дархандықтан айырылғасын,

Дау-жанжал тексіздікте болмасынба-ай.

Дорба сақал долданып отыр екен,

Жазықсызды жазғырған қоқым екен.

Төбеден жай түскендей толықсисың,

Арманым ізгілікке қашан жетем?

Өмірден дәл осылай құтым қашты,

Жалмап жатыр халықты қалың аштық.

Жалпақ жұрт сенімінен айырылғасын,

Ажалдың есігін де айқара аштық, –

деген зар үн тарихтың әрбір парағында жазылғандай елес 

береді. Билік иіріміне иілу бар, көбінде күйіну бар екенін 

сезесің. Имансыз деп қаскөй ойлыдан безесің. Ол төбеде 

отырса қайтесің? Бас изеп қойып басыңды жұтатындар 

неге иландырмады? Жоқтан өзгенің бәріне дәлел таба 

білді. Пәлесін өліге де жаба білді. Газеттің осы санында 

«Қарасу» кооперативінің шаруасы Щербинин тарығып 

жалғыз сиырын саудагер Якутинге сатады. Арада екі-үш 

күн өткеннен кейін Якутиннен коопреатив басшысы ым-

дасып-жымдасып екі есе бағаны артық төлеп ортаға сатып 

алады. Саудагер ұтады, шаруа ұтылады, адамның қақын 

адамның жеуі бар, делдалға да дем берушісі бар. Құпия 

келісім заңсыз делінбейді. Адалдығын жарастыратын 

иман жүзді бар, иіні келгенде іліп түсетін қара ниетті бар. 

Ондайлар: «Құдай аямағанды адам аяуға тиісті емес», – 

деп ой түйеді. Тірліктің қай кезде де дұрысы бар, зиянды 


157

бұрысы бар. Ұлы дүбірге ілесу бар, оның жөнсіз тұсымен 

өзінше күресу бар. Бәрі де адамдардың тарихына жата-

ды. Бірақ қоғам, үкімет халықтың ара-жігін ажыратпай 

пиғылынан табатын пендені бөлектемей, қайткенде де 

азықпен асырауға амал тауып ойластыруға тиіс десек, 

осы «Степная правда» газетінің 21 қазандағы санында Ал-

тай өлкесінің халқына 1 500 000 пұт астық дайындаудың 

керектігін жазса, СССР бойынша бюджетке қардарлық 

жоқтығын, шаруашылықтар 550 миллион рубль қаржыны 

жұмсауға мүмкіндігі барлығын айтып, бұл жоқшылықтан 

құтқаратынын білдіреді. 1-округтік Советтер съезінің де-

легаты, Родин ауданы, Вознесенко селосының депутаты 

П.А. Сучкова:

– Әр жұмысшыға 3 пұттан астық бердік, кедейлерге 

350 пұт астық үлестірдік. Халқымыз аштықтан қорғана-

тын шығар деп жазады. Шіркін, түсінгенге кедейліктің 

де, байлықтың да өзіндік қайғысы жетіп артылады екен 

ғой. Әсіресе, қысылшаң кезде бәрі айқын көрініп қалады. 

Бұл кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін арзандату үшін 

Мәскеу, Ленинград, Харьков қалаларында 44 миллион 

рубльдің зайымын тарату жүріп жатқаны қақында да га-

зетте хабар берілген. Газет деректері мен құжаттарында 

Одақты қамту назардан тыс қалмаған. «Тульск губерниясы 

1925-1926 жылдары 12 миллион рубльге 65 мың ат сатып 

алып жұмыс көлігіне қардарлықты жойды десе, Одақта 

17 мың трактор, 19 мың соқа, 1 620 мың дискі, тырма, 900 

тұқым сепкіш, 1 500 шөп шабатын машина, оған қосымша 

ауыл шаруашылығына 10 миллион рубль несие беріл-

ді», – деп жазады. Ал Америка Кеңес Одағы саудасы бо-

йынша 10 мың трактор Қаратеңіз арқылы жеткізіліп, оны 

РСФСР мен Украина алады. Америка алпауыттары, әрине, 

техниканы тегін бермесі белгілі болса да, барлық республи-

каны астықпен қамтитын Одақтың мешеулігі халықтың 

аштыққа ұрынуының бір себебі десек, салық қыспағы, 

кулактар мен байлардың социализмге теріс көзқарасы, 

саясаттың осал тұстары азып-тозуға соқтырғаны белгілі. 

Тоталитарлық басқыншылық шындықты жасырып пен-

дені басымен қайғы етуінің зұлматы және бар. Табынды-

ру мен табыну жақсылыққа бастаған жоқ. Мұндай кезде 



158

қылмыс түрлері де белең алып ажал оғын кезеніп жатады. 

«Степная правда» газетінің бірінші ноябрьдегі санында 

Екатеринаславскі соты тәртіпке шақырған милицияны 

ұрып өлтірген қылмыскерлер Ражков, Конченконы ату 

жазасына үкім шығарады. Газеттің әрбір санында келеңсіз 

оқиғалар жұртқа жарияланып тұрған...

Біреулер: «Алтай өлкесінде аштық болуы мүмкін 

емес. Аяқ-қолы аман, дені сау адам табиғат байлығынан 

өлмесі үшін азығын таба біледі», – дейді. Нанымды сөз. 

Кежегесі кейін тартпаса, ешкімге сенбесе, өзіңді асырау 

билігі өзіңде десе кім ашығады? Үкіметтің жері, үкіметтің 

байлығы деп тыйым салу болмады деймісің? Тазалаудың 

үрейі басымдық көрсетіп, кулактардың кедергісі, өштігі, 

зұлымдығы жетіп жатқан да болар. Жұрттың кейбір тобы 

кедейшіліктен қорықты. Өндірілген астықты үкіметтің 

жинап алғанына күмәнді болды.

– Славгород ауданының халқына арналған 5,5 мил-

лион пұт астық қорымыз бар, бірақ бұл жеткілікті емес, 

әр адамның қажетсінуін қанағаттандырмайды, – дейді 

округ басшысы Бекболатов «Хлебпродукты» мекемесінің 

басшысына өтініш хатында. Демек, азық-түлікті Ке-

ңес үкіметінің жеткізу қажеттігіне мұндай сұраныс-біл-

дірмелер бола тұрса да, Одақтың сөзбұйдалыққа салынуы 

бірден байқалады... «Кейінірек қарық қыламыз», – деп 

ысыра салу болғандығы анық-тын.

Кедейшілік – пенденің соры. Бас мүлгігенде, аяқ сүрі-

ніп, балақтағы бит басқа шығып, банды, зұлым, сұм-

сұрқиялар екі аяқты бір етікке тығып езіп жанши бастай-

ды десек, Алтай өңірінде Карман Чугурековтің бандылық 

тобы ойранды салған көрінеді (Ф. 949, Оп. 2. 191-25 г.). 

Олардың Кеңес үкіметі ғана емес, жазықсыз халықты 

қыруы, тонауы, өртеп бүлдіруі шектен шыққан. Банды 

тобы Пермск дивизиясындағы қызыл армияшылардың 

кейбірімен келісіп, әскерилердің құпиясын да пайдалан-

ған. 1919 жылғы ВЦИК РСФСР-дың 12 сәуірдегі Декреті 

бойынша революциялық трибунал (Ф.109, Оп. 1,95, л.3

негізінде дивизияның жауынгерлері М.А. Литвинов пен 

Т.Р. Шумалин бандыларға әскери құпияны хабарлағаны 

үшін ауыр жазаға тартылады.



159

Қарапайым халық қабырғасы қайысып, қиындыққа 

майысып күйзелген кезде кеудемсоқ қаскөй, зұлым кез 

келген жерден бас көтеріп, әлсізді басынуы кездеспей 

тұрмайды. Сібірде Кеңес үкіметіне жаулық ойлаған, 

көзқарасы, кейіп-кескіні келіспеген, өліспей беріспеген, 

тосыннан киліге кетіп бүлдіруге дайын тұрған, ызалы, 

кекті 209 мың кулак есепте болыпты. 1918 жылы 40 губер-

ния, 365 уезд бойынша ВЧК құрылып, ол Алтайгубчека боп 

аталып, Алтайгуборгбюроның РКП(б) қаулысы бойынша 

1919 жылы 26 желтоқсаннан бастап жұмысқа кірісе бас-

тайды. Олар шүу дегеннен 25 мың кулактың мал-мүлкін, 

иелігіндегі жерін, кәсіпорындарын, бар байлығын тар-

тып алып, басқа республикаларға, Қазақстанға тездетіп 

көшіруді қолға алады. «Сен кулаксың, халықтың қанын 

сордың, енді капиталистік қоғам болмайды, кедейлердің 

мемлекеті әлемді билейді», – деп кеңескенге көнбесең 

сұс көрсетіп, қарсыласқанды нанша илейді, көзге шұқып 

жаңа қоғамның көзайымы екенін мәлімдейді. Аяушылық 

білдіргендей байлығын жалаңаштаған ортаға салғанына 

қарамай, 44 мың кулакты уақытша отырған мекендерін 

тастатып өлкенің басқа аудандарына күштеп көшіреді. 

Қарсыласқандары болса әскери жаза қолданылып көзіне 

көк шыбын үймелеуге де рұқсат бар. Байлығынан, жиған-

тергенінен айырылып, қу тақырға отырғандай кедей-

ленген елу мыңдай кулак қоймадағы азық-түлік қорын 

өртеп, байлығын құртып, қарауындағы халқының аштан 

қырылуына жаны ашымады, бақастығы Кеңес үкіметіне 

қастандық деп есептеді. Жөнсіз күш көрсету деп ұғынады 

тағы. «Мал ашуы – жан ашуы» деген қазақ мақалы күш-

қайраты мұқалғандағы ыза-кек тәрізді ғой. Тартып алу-

ды, тәркілеуді кулактар кісі төзбес қастандық деп түсінді. 

Кішігірім бас көтеріп, қарсылық көрсету кулактардың 

өлім жазасына соқтырды. Русанов Петр Фокеевич 1889 

жылы туған, орыс, Тизек станциясын мекендеген ку-

лак. Оны Родинск ауданындағы үштік тұтқындап, мал-

мүлкін тәркілеп мемлекетке өткізді. Өзіне 58-11 УКкВМН 

статьясы бойынша үкім шығарылып, 1930 жылдың 3 

қыркүйек күні Славгорд қаласында атылды. Кулактың 

қарауында-ғы жұмысшы құлдары аңырап қалды. Бірі: 



160

«Еңбекақым кетті», – деп сан соқса, енді біреулері: «Азық-

түліктен айырылдық, бізді енді кім асырайды», – деп жер 

соқты. «Адам сияқты есеп айырысу неге болмады?» – деп 

күңіренгендер адыра дүниеге түсінбей аза тұтып жатты. 

Айқай-шу, дүрліккен оқиға қалың жұртқа құлақтанып 

жым болатыны жым болды, «жатып атарлар» кімнің нен-

дей байлығы барын сыбырлап айтатын ым болды. «Менде 

ондай байлық жоқ», – деп орта ауқаттылар да ақ безер де 

көк безер болып бұлтақтай алмай қалды.

Кезек кімдікі дейсіз ғой? Скворцов Павел Федоро-

вич 1901 жылы туған, ерекше үштік тергеп-тексеріп, 

тұтқындап, 1931 жылы 31 қаңтарда Новосібір қаласында 

атуға бұйырылған үкімді орындаған. Сонымен қатар Тор-

бенко Андрей Корнеевичті кулак болып шаруалардың 

қанын сорған, аса көп байлық жиған деп ерекше үштік ұс-

тап айыбын мойындатып, байлығын үкіметке өткізіп ату-

ға шығарған үкімді шұғыл орындаған. Айып тағу да оңай, 

оны орындау да оңай, пролетариаттан артық дүние-мүлкің 

болса қылмыстысың. Үштікке ақыл айту, қарауындағы 

адамдардың қақымен есептессін деу, шағымдану, оны 

тыңдау деген бола бермейді. Тазарту да, тазалау да шұғыл 

жүргізіледі. Пендеге кәрін тіккен заң бар, Мәскеуден келіп 

түсіп жатқан, оны орындамауға болмайтын, басыңмен жа-

уап беретін лимит бар. Сосын да болар халықты азықпен 

асырайтын диқандар да жазасыз қалмаған. Данилин 

Борис Абрамович – «Аврора» кеңшарының бригадирі, 

егін өсірудің төселген маманы. 1922 жылғы аштықта 

шаруалардың азық-түліктен тарықпауына қызмет еткен. 

Әрбір килограмм астықтың жиырма пайызын халыққа 

қалдырып, сексен пайзын үкіметке өткізудің орнына, 

сексен пайыз астықты кеңшар халқына үлестіріп бер-

ген. Әрине, еңбеккүн есебіне қарай. Одан кейін 1932 

жылы егін алқабаның өнімі ойдағыдай болмағанға 

ұқсайды. Өзінің жауабында: «Көрші кеңшарларға 

асықтай бұлт шықса жаңбыр құйып өтеді. Бізге Құдай 

уақтында жаңбыр бермеді», – десе керек. Сөйтіп, егін 

шығымының төмендігі бар, Құдайды ауызға алуы бар, 

әйтеуір көпжақты кемшілік табылып, қылмысты делініп 

10 жыл үкім кесіледі. Одан тірі келді ме, өлді ме, белгісіз 



161

қылмыстық ісі дәлелсіз делініп, 1958 жылы ақталады. 

«Переможец» кеңшарының колхозшысы Деркач Яков 

Петрович, «Земледец» кеңшарының колхозшысы Жар-

ков Николай Науымович үштіктің шешімі бойынша аты-

лып кеткен. Ауылда бір айтқыш: «Пенденің маңдайына 

жазылып, салымына түскен алакөздікті, алауыздықтың 

кесапатын еске түсіріп қайтем? Кісі-місінің кісі-місіге 

ісі түсіп тұр, алақұйында әлсіздің көкірегін үрей қысып 

тұр, тәйт десе иманы ұшып тұр, місінің мылтық кезеніп 

кімді атамын деп алқаны қышып тұр. Аласапыранның кісі 

төзбес қанды оқиғасы осындай, тірлік етіп көр жаның шо-

шымай, аңдушы алып түседі, басыңды допша домалатып 

қағып түседі. Шен-шекпен киген місі апшыңды қуырып, 

жаныңды кеңірдегіңнен теп-тез суырып алады, үкіметтің 

бас-көзіне баскесер деп айта алмайсың, статьяңды арқалап 

алдына түсіп байпаңдайсың», – деп кекетуші еді. Кісі 

қайғысына қайғыра білмейтін тасжүректік пайда болған 

кезде «Трусова» кеңшарының тұрғыны Л.А. Жарков 

«халық жауы» аталатын қылмыстық ісімен 1931 жылы 

атылса, әйелі А.Е. Жаркова ОГПУ-дың 58-8,11УКк статья-

сымен 5 жылға сотталып кетеді. Балалары болса жетімдер 

үйіне тапсырылады, тірі деген атағы болмаса, өмір бойы 

жаудың баласысың деп бетіне баттитып айтатын жаладан 

құтыла алмайды. Ішкені ірің, жегені желім боп көзтүрткі 

тірлік кешеді. Ондай жетімге бауырсырап маңдайынан 

сипайтын ағайын-туысы да болмайды. Өйткені, жандары 

тәтті, қорқады. Мұндайлардың қаншасы тірлігінен безіп 

жүрді. Ал Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты кіршіксіз таза 

адамдарды дайындау болғасын, тырнақ астынан кір іздеу 

Мәскеуден басталып, шап-шағын ауылмен аяқталып, 

бір сәтке де бәсеңсімей жүріп отырады. Капиталистік 

қоғамның кулактардың, байдың, орташалардың мінез-

құлқының мазмұнында: «Қансорғышсыңдар, ұры, тонау-

шысыңдар, безбүйрексіңдер, кісі еңбегін жедіңдер, сұм-

сұрқиялықпен байыдыңдар, қара халықты алдап, табан 

еті, маңдай терінің қақын бермеген обырсыңдар, алда-

уыш, алаяқсыңдар, зұлымдықпен байыдыңдар, енді жиған 

байлықтарың үкіметтікі болады, қайырын жаппай кедей-

ленген теңдік алған халық көреді», – деген қағида бар. 

11-0203


162

Қалың халық социализмнің біртұтас адалдығынан үміткер, 

сенімдері нық-тын. Бірі бай, жүздеген, мыңдағаны күнін 

әзер көретін кедейлікті түсінулі-тін. Ортаға жиналған 

бірыңғай байлық ортақ игілігіміз дейтұғын. Бала кезімізде 

облыстан, ауданнан дөкей бастық келгенде қой сойып, 

қонақасы беру үшін колхозшылардың жиналысын ашып 

бір бас қой союға да қаулы шығаратын еді. Жұрт аштан 

бұралып жүрсе де, қой үстіне бозторғай ұя салатын комму-

низм келеді деп үміттенуші еді. Оның үстіне тоталитарлық 

темірдей тәртіпті Сталин өзі ғана ұстағанына, әсерлі сая-

саты жарылқайтындай болғанына аса мән беруші еді. 

«Кулак атылды ма, ерлі-зайыпты сотталды ма, жаулық 

пиғылы барлар түрмеге кетті ме, олардың туған-туысқаны 

қалай тірлік етеді?» – деген сұрақтарға ешкімнің басы 

ауырмайтын еді. Ұсталдың ба, заңнан қайырым күтпей-

сің. Мойыныңа қара тас байлап қара тереңге тастаса да 

арашашы жоқ. Тағдырыңды бір оқпен шешеді. «Жалма-

уыз патшаның жанындағы қолшоқпарлары қанды ауыз бо-

лады», – деп қариялар қоңырайып отырушы еді. Өйткені, 

тас құдайды пенде өзі қолдан жасап ала ма? Құдайсыған-

ға құлдық ұру сойқаны кімді тыңдасын? Заң қолында 

түймедей кінәң болса түйедей ғып пәлелей салу қиын ба 

екен?


М.Ф. Полетаева 1894 жылы Финляндияда туып-

ты, Яков Яковлевичпен жанұя құрыпты. Күндердің бір 

күнінде Яков Полетаев шетел шпионы деп аталып, тайып 

тұр о дүниеге деп атылады. Әйелі Кеңес үкіметінің жауы-

мен тұрмыс құрып, бала тапқаның үшін деп 5 жылға үкім 

кесіліп түрмеге айдалады. Міншіл үштік Мәскеуден келген 

міндеттеуді орындайды. Мәскеуден ыммен де, құпия қағаз 

телефондық дүммен де жетіп, әйелдер өсек айтады, біразы 

түрмеде отырсын деген тәртіп және бар. «Аштан қырыла-

тын шығармыз, бұрынғы күніміз күн-ақ екен. Кулак оң 

көзімен қараса оңалып қалушы едік», – деген «Қызыл тіл 

қыршын басты желге ұшырар» деп, балаларын өсіріп үй 

шаруасында отырған Д.М. Поршиева 3 жыл үкімді арқалап 

түрме қайдасың деп кете барады. Пенде болғасын оқшау 

сөз, бірін-бірі зиянсыз қағытуы, әзіл-қалжың, омыртқамен 

ойласып, қабырғамен кеңесетін тіршілік қақындағы пікір 



163

айтылмай тұрмайды. Біреу кулакты оңдырмай сынап 

отырып, Кеңес үкіметі қашан жарылқар екен деп қалса, 

оны мың құбылтып жеткізе қоятын жанындағы дос-

жолдасы, туыс-туғаны үштікке жеткізе қояды. Кәдімгі 

ордалы жыланның ұясын тапқандай сендіреді. Ондайда 

шындықты анықтауға беттестіру үзілді-кесілді болмайды. 

Бір адамның растаған бір жапырақ қағазы жетіп жатады. 

Басқа құжаттарды жалғандықпен реттеп сөздің астарын-

да қоғамның қадірін кетіру, капиталистік қоғамды аңсау 

бар, саясатқа кір жұқтырып, басқаларды теріс үгітке тар-

ту бар деп түрмеге жөнелте салады. Бұл жалпы халықтың 

бір-бірінен секем алып, кісілік қасиеттен жұрдайлыққа 

еріксіз апарғаны еді. Халықта әр нәрсеге селқос қарап, 

пәлеге де, жалаға да мойынсұнып, өмір сүру дағдысынан 

айырылып селт етпейтін есалаңдық пайда болғандай еді. 

Қоғамның жыртқыштық түрінен қауіптенгендер аяу-

лы, адал туысы қылмысты атанып жатса да, мейлі сес-

пей қатсын деп қарақан басының амандығын тілеуден 

басқаға дәрменсіздік қалың көптің санасына орнағаны 

Кеңес үкіметін басқаруды оңайлатты. Аузы дуалы, 

халқының алдында беделі бар, қоғамның бағыт-бағдарын 

жақсы білетіндерді атарын атып, ажалсызын түрмелерге 

сығылыстырып қылмысты деп жинап қойды. «Статьяң 

суып қалмасын, тезірек жет!» – деп ОГПУ шұғыл ше-

шімдерін күн-түн қатып шығарып жатты. Ел болсын, ау-

дан болсын, облыс болсын көпке сөзі өтімді кім бар деп, 

шен-шекпенін сілкіп-сілкіп киіп, лимитті орындаған са-

йын құрметін алып, сыйақысын қалтаға салып, бұйырған 

жұлдызын пагонға тағып, жемтікке семіретін құзғындай 

жұлқынып жатқандар да жетерлік емес дейсің бе? Олар 

Мәскеу не айтса соны орындауға тиісті, сол жолда ант бер-

ген. Антты бұзу – өзінің басын жұтумен бірдей. «Ажалды 

шақырма, өзі келеді» дегендей, «Киров» кеңшарының 

колхозшысы М.П. Свиридова, Плешковск селосының 

тұрғыны Е.С. Холодова, «Черная курья» кеңшарының 

шаруа әйелі П.Е. Пелегая үштіктің тексерісімен ұсталған. 

Шетелшіл болды ма, Отанға опасыздық етті ме, Кеңес 

үкіметін балағаттады ма, түрлі құжат дайындалды да 58-

10,11 УКкВМВ шешімі бойынша атылып кетті. Оның ба-



164

лаларын Ежов баға ма, Берия ер жеткізіп, тәрбиелеп бере 

ме? Әйелдерді атқан Кеңес үкіметінен басқа жұмыр жерде 

мемлекет болды ма екен? Сұраққа тарих кешігіп, нақты 

жауапты уақытында бере алмайды (Ф.П.4. Оп. 4. Д. 28. л.13 

об., Ф.П. 4. Оп. 3.224).

Ғасыр солай, мылтық үні тынымсыз гүрсілдеп ны-

санаға іліккен адамын құртып жатқан (Мәскеуден кел-

ген Одаққа белгілі ірі ғалым Жұмахан Күдриннің қызы, 

мұрағат-мұражайларды зерттеуші Ларисаның айтуынша, 

кітаптарында көрсетілген аштық жылдарында статистика 

есептерінің бірінде үш миллион қазақ қырылды делінсе, 

алты миллион адам аштық, түрлі жұқпалы індеттен өлді 

делінеді дегенді айтты). Сол аштық Алтай өлкесінде де 

болғанына күйініп айтылатын сөз де есепте. «Есуастың екі 

мың түрі бар» дегендей, жала да жабылады, айтпағаның 

айтылған болып, сатпағаның сатылған болып, өлшемнен 

асқан кінә қоғамға, күн көсем Сталинге зиян екенін 

тәптіштеп түсініп, істің ақ-қарасын нақты анықтауға 

ешкімнің басы ауырмаса керек. Халық үрейден қорқып, 

дәрменсізденіп дәліп жүрсе, социализм тез орнайды де-

ген түсініктің қиын кезінде кім кінәлі, кім кінәсіздігін 

айыру бейнеті де аз болмаған шығар. Кімнің ішіне кім 

кіріп шыққан, басты мақсат – әлсізді табындыра білу 

керек, үндейтіннің үнін өшіріп, ешкімнің ешқашан да 

үнін шығармай, жағын қарыстыра білу керек. Сталиннің 

үрейінен қорқып, Берияның қанды қақпанына түспес үшін 

өтіріктің де өркендеген кезі еді-ау. Ауылда бір айтқыш: 

«Жайсыз жылда мал жұтар-ау, бірақ кеңшар бастығы-

ның өтірігі жұтамас», – деген сөз қалдырған-ды. Оқтаулы 

мылтық минут сайын атылып жатқасын бастыққа да 

жан керек. Қымс еткенде ажал, түрлі жаза арнап жатқан 

сүргін жылдардың өтірік жаланы біліп қарсылық білдірді 

ме, дереу жазалайды. Алтай өлкесінде 1938 жылы 30 про-

куротура қызметкері қылмыскер атанып жазаланған 

екен. Оның ішінде Бас прокурор Н.Я. Позняков та бар. 

Оған да себеп табылған, 1938 жылғы 17 желтоқсандағы 

Сталин мен Калинин қол қойған №00447 қаулысы бо-

йынша тазарту жүргізілген. Тазарту жайлы И.А. Гриду-

нов пен В.Н. Разгонның №227 баяндама мақаласында: 


165

«Прокуратураға түскен арыз-шағым 1940 жылдың тоғыз 

айында Алтай өлкесі бойынша 27 253-ке жеткен. Оның 

біразы қуғын-сүргінге түскендердің үкімі жөнсізге сая-

ды. Кеңес үкіметіне ашыну бар. Шағым кешігіп қаралады. 

Әрбір прокурор күніне 7-8 арыз-шағымнан артық қа-

рамапты, заңдылықты сақтап үлгере алмаған. Соның сал-

дарынан 4 194 арыз қаралып болмаған, себебі түсініксіз 

деген сықылды кінәрат тағыла кетеді. Жаза дайын, Ста-

лин мен Калининнің қолын қойған қаулыға селқостық 

болған деп Мәскеуге құпия түрде хабарланып тұрған. 

Демек, Сталиннің әр сөзі, әрбір нұсқауы жоғарыдан 

төменге дейінгілердің алқымынан алып, тұншықтырып 

жатқанын осыдан-ақ көруге болады. Кәне, көсемді ақтап 

көр. Алуан түрлі зұлымдығын кешіріп көр. Мақтайтын да, 

кешіретіндер де табылар, онда шаруамыз жоқ. Осы сапар-

да Өлкелік прокурорының аға көмекшісі Давидова Елена 

Юрьевнадан: «Заңгерлердің тағы қандай жазаланғанда-

ры бар, олар ақталды ма?» – деп сұрағанымызда: 

«Қуғын-сүргінге түскен прокурорлардың қылмысты 

делінгендерінің ісі қаралып, барлығы дерлік ақталды. 

Жанұясындағы ұрпақтарының қолына ақталу қағазын 

бергенде олар қуаныштан көздеріне жас алды. Ал қиянаты 

мол жылдардың бүкіл дерек-құжаттары, қылмыстық іс 

қағаздары сараптан өткізіліп, егжей-тегжейлі зерттеліп 

болысымен мұрағатқа тапсырдық. Ақпарат құралдары 

арқылы жұртқа хабар берді. Қазір қуғын-сүргінге тап 

болғандардың ұрпағы күн сайын мұрағатқа барып тиісті 

мәліметін алуда», – деді. Алтай өлкесі бойынша сұрапыл 

жылдардың жазалы болғандары жайлы бес томдық 

кітапты қала қаржысының демеушілігімен шығарыпты.

– Бұл кітапта кейбірінің фотосуреттері, қолмен жазған 

қағаздары да қамтылды. Бұл ұрпағына ата-анасының 

бейнесін көріп, көңілдегі шерін жеңілдетуге сеп болуда, – 

деді КГУГААК-ның бас мұрағатшысы Тюленова Татьяна 

Григорьевна (Бұл – Қазақ елінің тиісті орындарының да 

есінде болатын шаруа. Көршінің жақсы ісінен үлгі алу-

дың артықтығы жоқ).  Өйткені, осындай кітап заңдылық 

сүзгіден өтіп шықса зобалаң жылдарда аяулыларын 

жоғалтқан ұрпақ хабарын біліп, әкесі ме, анасы ма, туыс-



166

туғаны ма, өмірдерегінің шындығын аңғарып көңілі тын-

шу табар еді. Жетім көңілді жұбатқанға тірлікте не тең 

келуші еді?

Сол сұрапыл жылдары Қызыл империяның жарлығы 

қатал, айтылды орындалуы тиіс, бірін-бірі қайта-қайта 

тексеріп отырады, бірін-бірі аңдып жүреді. Жатпай-

тұрмай өсек аңдуға, өтірік айтуға, жала жабуға жаттығып 

себеп тапқыш-ақ. Біреу дабы көйлек киіп көлектесе де 

күндесі табылады, пенде емес пе? «Пәленше байдың 

құйыршығы ғой», – деген қызғаншақтың аузынан сөз 

шығады, оны жатып атары қағып алады. Сұмырайдың 

бір көзі мың көзге топырақ шашады. Қараңыз 1930 жылы 

30 қаңтарда ЦКВКП(б) Саяси бюросы бекіткен кулак-

тарды жер аудару жайлы №10 ОГПУ қаулысы бойынша 

концлагерьге 60 000 адамды отырғызу 15 000 кулакты 

15 сәуірге дейін үкімін шұғыл кесіп: «Сібір өлкесінен 

Қазақстанға жанұясымен жер аудару жүзге асырылсын. 

Әрбір кулактың жанұя мүшесіне өте аз мөлшерде 500 

рубль жол шығынына ғана берілсін. Бұл жұмыстарды 

қапысыз қамданып атқаратын бірегей күш ОГПУ-дың 

800 адамы, сол сықылды әскерилердің күш көрсетуі үшін 

1000 штык, жеткілікті етіп қылыш қарулары берілсін!» – 

деген бұйрық орындалмай көрсін (История компар-

тия совсоюза. – М., 1971.Т.4. Кн.2. ст.54). Кулактармен 

бітіспес күрестің беті ашылды, оларды аштық шырмауы-

нан құтылмай өліп-өшіп жатқан Қазақстанға жіберетіні 

белгілі болды. Кулактардың бүкіл байлығын тартып алып, 

500 рубль берілетіні және көрсетілді. Бұл қаржы кімнің 

жұғынына жұқ болады? Жер ауып барған жерінде үй-

жай, азық болатыны айтылмаса, аштан бұралғанда көзіне 

көрінгенін жейді, әлсіз адам болса оны да сойып жейді. 

Міне, Қазақстанда адамды адамның сойып жеу сұмдығы 

осылай пайда болған екен. ОГПУ жоғарыдағы бұйрықты 

орындамайтын амалы жоқ, әркімнің басы екеу емес қой. 

Алғашқы күндердің өзінде халықты барлап жүріп, осы-

ның жүріс-тұрысында бір шикілік бар-ау деп 6 113 адам-

ды тұтқындап тезінен түрмелерге жөнелткен. Онда тегін 

жұмыс жасайды, азық-түлік шығыны мардымсыз. Тұтқын 

еңбегі қоғамға таза пайда әкеледі. Көсем айтқан Кеңес 



167

Одағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінен елу, жүз жыл 

кейін қалып, оны он жылда қуып жетеміз деген қағидасы 

бойынша қан кешу теңізіне социализмнің қайығын салып 

әркелкі пікірліні тазартып, Горбачев заманына дейін әлем 

таңғалған Одақ болғанымыз, бүкіл жеңістерімізді баянды 

еткенімізді неге ұмытамыз? Тарихтың табысты беттерін 

ашық қалдыруға қақымыз жоқ. Бірауық ақылға тоқтап 

өткенімізді, бүгінгімізді ой елегінен шынайы қалпында 

өткізген ұрпаққа өмір-мектебі емес пе? Аталарымыздың 

«Мың қайғыны бір қуаныш ұмыттырады» деп айтаты-

нын еске алған артық па екен? Сонымен, бірді айтып бірге 

кетпей, мұрағаттың мына бір дерегінде Бийский ауданы 

ОГПУ-дың 1930 жыл, 12 ақпандағы қаулысында: «Тал-

дин селосының кулактары П.О. Тесленко, Н.Ф. Сарычев,

Ф.А. Смагин, И.М. Ащеулевтер астық жинау науқаны 

кезінде контрреволюциялық үгіт жүргізген. Халыққа 

үндеу тастап: «Хлеб государству не сдавайте, все забира-

ют... Это не советская власть, а грабители, все имущест-

во забрали, всех разорили» деп шу шығарады», – деп 

жазылған. «Қасқыр дөң асқанша, ұры түн асқанша» де-

геніндей байлығымызда қиянат жоқ, адал еңбегіміз деп 

зарлайды, тәркілеудің ауыр тигеніне шамданады. Тірегі 

халық болатындай көріп атойлайды. Осындай үкіметке 

қарсы үгіт таратқандарды дереу құжаттандырып 58-11 

ст. УК дайындап дереу үкімді орындайды (ОСД. УАДАК 



Ф.р.-2. Оп. 7. Д.19300 Л.33-35 ст). Астық дайындау майда-

ны аштық зауалымен күресу екені, бұл бірінші маңызды 

міндет деп түсінсек, 1932 жылы Одақта 467.485.5 мың 

центнер астық жиналса да, бұл халықтың жан басына 

шаққанда жетпейтін еді. Астық өндірушілер халқына 

жетерлік қор құрай алмай үкіметке өткізіп, арып-аша-

тынын ойламай, жоспарды қиқумен орындады. Содан 

1933 жылы Сібірде аштықтан 220 мың адам өлген, бұл 

1928 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп өлім екен. Біз 

1922 жылы Одақта басталған аштық қырғынының ұзақ 

жыл жүріп отырғанын тарихымызға енгізіп, сараптап 

болған жоқпыз. Аштықтың астарындағы қулықты да біле 

бермейміз. Мәселен, кеңшарларда 34582 еңбеккер болса, 

оған әрбіріне күнкөрісіңе деп өлшеп 84 килограмм азық 



168

берілсе, оныңыз кімнің жұмырына жұқ болады? Оны аз 

десеңіз, әр отбасына ақшалай, астықтай, ет және басқа 

да түрлі салық салынып тартып алу өмір мен өлім арпа-

лысына соқтырмай тұра ма? Айта кетелік, 1932 жылы 

Қазақстанда 1 килограмм өндірген астықтың еңбеккүнге 

шаққанда 22,4-57,4 пайызы ғана халыққа қалдырылып, 

артығын үкіметке жинап алған. Міне, аштыққа ұрын-

дырудың қалың қайғысы осылай басталған-ды. Осы кез-

де Қазақстанда 278.2 мың ірі қара, 549.4 мың қой-ешкі, 

63.5 мың жылқы,48.9 мың шошқа, 16.6 мың түйе бол-

са, тонналаған үкіметке ет тапсыру мылтықсыз майдан 

есебінде жүрген емес пе (Ф. 141. Оп. 9. Л.65-64,69)?

Ежелден қоңсы қонған Ресейдің Алтай өлкесінің 

қазақ елімен қарым-қатынасы, бір-біріне қам жасауы 

қалыптасқан. Алыс-берісі әркімнің басына түскен ауыр-

лық кезінде әлсірей бастайды. Қоғамның зұлымдығы 

пендені жуасытып, есінен адастырады. Өйткені, жан-

жағында қансорғыш бар, қанау бар, жоқтықтың қамытын 

кию бар, үстемдікке басын июі бар, қан жылау бар, қан 

жылатушы бар, қанағаттық шүкірлік қалған. Тірлік ал-

дану болған, қаны қарайған бар, дорбасын арқалап қайыр 

тілеп қаңғырған бар. Қанды қасапта қаскөй бар, қатыгез 

тірлікте қолайы келсе әркім амандығын ойлайды. Ұрпағын 

сақтауды армандайды. Одан басқаға лаж жоқ. «Алдау-

арбаудың құрбаны болдық-ау», – деп кімге шағынады? 

Айтса да тыңдаушы жоқ.

В.С. Познанскийдің түрлі деректердің қыбын тауып 

зерттеу кітабында 1920-1930 жылдардағы Сібір өңірі хал-

қының бастан кешкен аяулы да, ауыр тағдырын тарихи 

дерек-құжаттармен баяндаған екен. «Сібірде 1920 жылы 

ақпан айында 100 миллион пұт астық қор қамбасында 

болса, ол Омбы, Алтай, Томск, Енисей губернияларының 

халқының жан басына шаққанда түк емес, жетпейді. 

Аштықтан құтқара алмайды. Одақтың жарылқаймыз де-

ген құр сөзі ас болмайды. Алдын-ала сақтанып, халықтың 

амандығын қорғау мақсатында көкек айының алты-

сында Сібірревкомның жиналысында М.И. Фрумкин 

жекелеген шарауашылықтардың азық-түлік саудасын 

тоқтатуды сұрап: «Әскери бұйрық бойынша тексерісте 



169

кулактарда 70 пайыздық азық молшылығы барлығын, 

оны Продкомиссариат 5 күн ішінде бір орталыққа жинап 

алу керектігі кезек күттірмейтін тығыз шаруа екенін ай-

тамын», – деп түйген. Оған арқа сүйер заңды себеп бар. 

1920 жылы В.И. Ленин мен А.Д. Цюрупа қол қойған 

декреттердің міндеттеуі бойынша: «Сібір халқын аман 

сақтау үшін әлі де 110 миллион пұт астық, 6,7 миллион 

пұт ет және басқа азық түрлерін кулактардың қоймасынан 

тездетіп өндіріп алуымыз – басты міндет», – деп көрсеткен. 

Алтай Одаққа алтын-күміс басқа да түсті металл өндіріп 

отырған тірек өлке екені түсінікті. Қуыс-қуысқа жасырған 

кулактардың астығы оңайлықпен қазына қамбасына 

құйыла қойса? Сөйтіп, 1921 жылдың қаңтарында бас-

талған аштықтың алдын алу пәлендей нәтижелі бол-

мағанға ұқсайды. Бәрібір кенеуі кеткен тірлікте аштық 

жан-жақтан қусырып ала жөнелгенде, әлсіреген халық 

арасында оба, тырысқақ, іш сүзегі, тағы басқа жұқпалы 

аурулар Сібір, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Самар, Са-

ратов, Қазақстанның тағы да басқа қалаларында қауға 

түскен өрттей дүр ете түспей ме? Жол қатынасы жөнін-

дегі санитарлық дәрігер Б.И. Иоффаның күнделігінде 

Омбының өзінде бір күнде 400 адам тырысқақ, оба ауруы-

мен тіркелгенін жазады. Ал 1933 жылдары эпидемиолог 

С.А. Арбеньевтің күнделігінде жұқпалы аурумен 200 000 

адам ауырғанын құжаттап тіркеген. Құты қашқан ауыр 

жылдар қыбырлаған пендеге ажал құштырып жатқанына 

дерек жетерлік. Мәлімсіз тірлік өлі түске ұрындырып бей-

нетке де, ажалға да мойынсұндырады. Шындықты айтып 

Одақтан көмек сұрағандар қуғын-сүргінге ұшырап, ба-

сымен қайғы болады. Құбылған саясатты көсем бастады, 

пайдасын сұрқиялар көрді, халқым деген шыншылдарды 

түрмеге тықты, атты, зәбірмен өлімші етті. Үрейлі жұртты 

басқарудың мызғымас көпірі тұрғызылды. Қорқақ, надан-

дар үштікке жағынып, үстемдікке теп-тез бағынып жан 

сақтау, кесер кеңірдектің амалын тапты. Жаны қорланған 

ел ақыны :

Қыдың-қыдың етесің,

Түбіме өзің жетесің.


170

Жау дегенді жапсырып,

Мазақ етіп кетесің.

Құты қашқан тірліктің

Жайын сұрап не етесің?

Құтырынған кезеңде

Статья берді есесін, –

деп өзін-өзі асырауына басында билігі жоқ, қолы қысқа 

жұрт құлазыған елде ошақ отын сөндіріп жатты. Өйткені, 

1920 жылы Одақ бойынша астық дағдарысы 30 пайызға 

құлдыраған кезде Сталин: «Біз алдыңғы қатарлы ел-

дерден 50-100 жыл артта қалдық, 10 жылда міндетті 

түрде алға шығуға тиістіміз!» – деп халықты сендіріп, 

шындықты мойындап, аштық сұмдығының кінәсі өзінен 

еместігіне дәлел айтып тынады. Одақ бойынша халықты 

асырай алмайтындықты білгесін саясатқа негіздеп та-

зарту, қара тақта, қызыл тақта дегенді ойлап тауып 

талайдың көзінен сорасын ағызып, жеті атасына дейін 

дүрліктіре тексеріп сілкілеу «Халық жауы» деп талайды 

атудың басты баспалдағы еді. Оған тағы бір себеп 1920-30 

жылдары құрылған коммунаның жұлымы қырқылып, 

өміршең болмағаны, халықтың қолын молдыққа жет-

кізбей, кері кеткізгені де шындық. Ауыл шаруасының 

қолында техника жоқ, ағаш соқа, митың-митың өнімсіз 

іс кімді жарылқайды? Тірілер мұңды-зарлы, өлілердің 

қаңқасының үстімен қан кешу теңізіне батып бара 

жатқандықты байлықтың мұрагері кулактар мен бай-

ларды құртып, қалың халық мұқтажын өтей алмай, тал 

қармаған суға кетердей қиянкестіктің торына түскені 

де аян еді. Мол астықты жинап үлгере алмай, артығын 

теңізге төгіп-шашып жатқан капиталистік мемлекет-

тер социализмді көзге шыққан сүйелдей көріп қитығып, 

кірпіше жиырылып көмек қолын созбай, қырылған 

халықты мүсіркей алмады. Қайта жығылғанға жұдырық 

деп, мырс-мырс күлген де болар. Сталинде де көкірек 

бар, капитализмнің мысын құртқысы келмеді деймісің. 

Әйтпесе, мыңдап трактор берген Америка астық сұраса 

мырзалық танытуы кәдіксіз еді. Нансыз қалдық деп наз 



171

айту да намысқойға ыңғайсыз-ау. Науқас қоғамның азық-

түліксіз халқын қаңғытып алуы талайдың наразылығын 

туғызды. Нәубет қайғысы қалыңдағанда үстемдікке нәлет 

айтып, обалсынбаған билік басындағыларды қарғап-сілесе 

де Сталин есіміне шаң тигізбеді. Көсем аштықты естімей 

жатыр деп көз жұмды. Қара жер жұтқанынқайтармайды. 

Аштан өлгендерге қаупиып тұратын моланың топырағы да 

бұйырмаған-ау... Пенденің жанына бататыны сол қайғы...

Халықтың өлі-тірісін біліп отырған Ф.П. Грядинский 

мен РСФСР совнаркомы Д.Е. Сулимовтың шындық жай-

лы жазба сөздері Қазақстандағы аштық өрттей күшейіп 

тұрғаны, Батыс Сібір өлкесінің балалар үйі қаңғып жүрген 

1 500 баланы, жер аударылғандардың 2 500 балаларын, 

1000 жас сәбилерді ата-аналары аштан өлгендіктен бағуға 

орналастырғанын айтады. Сол жетімдердің әкелері өлер 

алдында ұрпағының аман қалуын тілеп зарлады ма екен?

Обырлардан обығып күшім тайды,

Ұрпағымды сақтау болған қайғы.

Белсенділер нысапсыз тонап алды,

Өлсең мейлі, ешкімнің жаны ашымайды.

Озбырлықтың елдегі түрі жаман,

Ойран-топыр үрейлі, басылмайды.

Өлгендер көп есігі ашылмайды.

Опасыздар тұс-тұстан анталады,

Кім көріпті, зұлымдық осындайды, –

деп өксігенін үкіметтің оң көзімін деп тақта отырғандарға 

жеткізе алды деймісің. Өткен қоғамның жақсылығы да, 

жамандығы да өз тарихымыз болғасын ақыл айтудан 

аулақпыз. Өмірге қара дүрсін қарамай әр кезде сақтық 

болса деу ғана. Кейде қапас-түнек мезгіл дейміз, бірақ 

революцияға дейін халқын бағып отырған кулактар мен 

байларды социализм ісіне қызмет еткізіп, өрескелдікпен 

қырып-жоймағанда өңкей кедей аштыққа ұрынбас па 

еді деген долбар ғана. Қазақ ауылында бір ақылды қария 

азық-түлігін тауып, бір ақылды ана әйелдерді тәртіптеп, 

тәрбиелеп отырғанын еске алмай тұра алмаймыз. Кулак-

тар мен байларға сонша өшігіп, жанұясына күнелтетін 


172

қаражат та бермей қаңғытқасын әлі барында адамды со-

йып жеуге дейін барған сұмдық оқиға адамзат тарихында 

бұрын-соңды болмаған да шығар. Адамның құнсызданға-

ны соншалық, ұрпағын аман сақтау қиынның қиынына 

айналып, 1933 жылы Батыс Сібір өлкелік атқару комитеті 

жетім балалар үйіне 11 500 балаларды орналастыруға

Нарымск округіне 2 000 балаларды қабылдатып, оларды 

бағып-күтуге 6 650 рубль (бұл жоспарланғаннан екі есе көп) 

қаржы бөліпті. Одан кейін 1 200 ересек балаларды ФЗУ-ға 

орналастырып түрлі мамандық алысымен қаладағы өндіріс 

орындарына, кеңшарларға жұмысқа жіберуді діттеген 

екен. Осы жасөспірімдердің біразы Қазақстаннан барған 

жетімдер, 1933 жылы басталысымен 1 312 ересек қазақ 

балалары бұрынғы есептің үстіне қосылған. Сосын да өлке 

басшысы Эйхоның тапсыруы, қамқорлығымен қазақша 5 

арнайы балалар үйі және Ново-Омск, Славгород, Бийск, 

Алейск, Покровскіден 480 балаға арналған қосымша орын 

бөлініп жұмысқа кіріскен. Сондай-ақ, қазақ балалары-

на арналған қосымша екі балалар үйі ашылған. Мұндай 

шексіз қамқорлық өлке басшысы Эйхоның кісілік ісі 

болған. Қазақстаннан шұбырып барған жетім балалардың 

көбейгені соншалық, 1933 жылдың мамыр айында 13 

мыңға жеткен. Бәрі де үкіметтің жетімдер үйінен пана та-

уып аман қалған. Ал балалар яслилерінде 1 079 бүлдіршін 

есепте болса, олардың 62-сі сәбиді далаға тастап кеткен 

жерінен тауып алынғандар екен. Осының бәрін Сібір 

өлкелік партия хатшысы Эйхо өзі қадағалап отырған. Нет-

кен мейірімділік. Міне, халықтың үреймен реңі қашып, 

рухы түсіп сал сүйектенудің қабырға қайыстырған қалың 

қайғысы. Қазақ еліндегі аштық күшейгені соншалық, 

Голощекин үкіметі адамдардың қайда қаңғып кеткенін 

білгісі де келмеген. Сталинге жағдай жақсы деумен ты-

нуы ұлтты жоюдың құпия зұлымдығы емес пе? Сібірдің 

денсаулық орны мамандары РСФСР-ға дабыл қаққан: 

«Станцияларда дорбалы қайыршылар қаптап жүр. Бәрі 

ашыққандар, жұқпалы ауру асқынып тұр, шұғыл көмек 

керек. Қазақстаннан босқандар аштықтан, аурудан өліп 

жатыр», – деп жеделхаттар беріп жатқан.


173

В.С. Познанскийдің архивтік және басқа мемлекет-

тік орындардың нақты құжаттары бойынша зерттеу 

еңбегінің (224-бет) бір парағында: «Карповск селосында 

1000 жанұя түтін түтетеді. Көше, үйлер маңы қоқысқа 

толы, адамдардың ішетін асы шіріген, борсыған қалдық, 

басқа тамақ жоқ. Адамдар көлеңке сықылды жүреді, 

есуастанған, ештеңе ойламайды, қабақтары түсіп кет-

кен. Сөйлескісі де келмейді, ұйықтайды, тоңады, қал-

тырайды, аштық есін алғандар көп. Жұмысшы К. Си-

дельников кеңшардың еңбек озаты екен, төрт баласы 

бар, олар аштықтан ісінген. Үйі лас, едені, үй қабырғасы 

ылғалмен көктеп, иістеніп кеткен... Оған көрші отырған 

Ф. Бородиннің бес баласы бар, әйелі ауру, пештің жанын-

да жатыр, қасында үш баласы отыр. Олар аш, жылайды, 

ісінген, қу сүйектері тамырға ілініп тұр. Көздерінің нұры 

тайған, бір-екі күнде өледі. Кеңшарда үздік еңбек жасап 

650 еңбеккүн тапқан жанұяның бәрі қырылмақ. Бұдан екі 

күн бұрын арам өліп далаға тасталған шошқа торайының 

бұзылған етін жепті. Басқадай адал ас татпаған», – деп 

дәрігер аудандық партия комитеті мен аудандық кеңес 

басшысына жазбаша мәлімдеген екен. Іле-шала басшы-

лары И.П. Жуков пен Б. Силаев, Ф.Д. Шугеев: «Аштық 

мәселесін шешуге өлкелік басшылық көмектеспей отыр, 

ауданда қуаңшылық болып астық шықпады, біздің ауыр 

жағдаймызға шұғыл көмек керек», – деп өздерін қорғау 

мақсатында И.В.Сталинге хат жазып, көшірмесін Батыс 

Сібір өлкелік комитетіне жөнелтеді. Дереу өлкелік бюро 

мәжілісі шақырылып: «Көсемге шағым жазу коммунистік 

этикаға жатпайды. Аспанға ұш, жерден қаз, халқыңды 

өзің азықпен асырауың керек!» – деп арыз иелерін жа-

залайды. Бұл жеке адамға табынудың Мәскеуден баста-

лып, терең тамыр тартқанының дәлелі еді. Өл, тіріл үн 

шығарма деу Одақтың барлық жерінде қалыптасқанын 

көрсетеді. Халық қорғансыз, кем-кетігін айта алмайды. 

Босып кетеді, үреймен өледі, амандық жөнінде үкіметтен 

әрекет жоқ. Егер дәрігер елді аралап қайғылы оқиғаларды 

аудан басшыларына жазбаша мәлімдемесе, ауданның да, 

өлкенің де басшылары бейхабар болып, құлақты мақта-

мен тығындағандай отырар еді. Демек, қай шаруашылық-



174

та қанша адам аштықтан, қаншасы аурудан өлді нақты 

дерек уақытында болмағанға ұқсайды (Бүгінде 1922 жыл-

дан басталған аштық жылдарында төрт жарым миллион 

қазақ аштан өлді деген дерек, кей есептерде алты миллион 

өлді деп айтылуы сондықтан). Адам тағдырына кейбір елді 

мекенде селсоқ қарау болғаны, ондай төзгісіздікті шұғыл 

білуге телефон байланысы, түрлі көліктің жеткіліксіздігі 

тағы бар. Ел аузында: «Райком түгілі ауылға мили-

ция да жаяу келіп, жаяу кеткен, көлік жоқ», – деген сөз 

қалған. Сол Сталинге жазылған хат Эйхоның төбесінен 

қара бұлт үйірілмеді деймісің. Жеке күн көсемге табыну 

зұлматы шындықты айтуға тыйым салып, басшы алдын-

да тайлықтырып тастамай ма? Зұлымдыққа бетпе-бет 

келіп кім батылдық таныта алады дейсің. Талан-тараж та-

лапайды да, қырылып өлуді де талқыға салып, талап ету 

партиялық тәртіпті бұзу деп үстемдікке тәуелді етсе не 

жорық?


Айта кетелік, 1921 жылы басталған аштық зардабы 

негізінде кулаксың, орта шаруасың деп халықтың жиған-

тергеніне қол салып, азық қорын тартып алғаннан кейін 

жұрт ішер асқа жарымай, екі саусағын мұрынға тығып 

сымпиып қалған. Кей жерде ыза-кекті халық көтеріліс те 

жасаған. Қараңыз: «Кремль. Ленинге, көшірмесі Азық-

наркомы Брюхановке. Омбы. 9 мамыр, 1921 жыл. Аса 

құпия делінген жеделхатта : «600 мың пұт астықты Но-

вониколаевка уезінің қоймасында сақтап, Орталыққа 

жібермек едік. Шаруалар, әйелдері балаларымен қойманы 

күндіз-түні күзетіп, маңына жан жолатпайды. Қызыл 

армияшыларға күш берер емес, темір жол бойы әскери 

жағдайда. Қауіптісі Мәскеуге қатысатын темір жол қа-

тынасын тоқтататын түрі бар. Сібір ревкомының басты-

ғы Смирин». Міне, шаруалар кулактарды тап ретінде жо-

йып, тәркілеуді тоқтатуды талап еткені де, Томскінің Азық 

комиссары К.А. Данилов халықтың тәртіпсіздігіне жол 

бергені үшін қызметінен босатылғаны да құжатта айтыла-

ды. Сондай-ақ, «Темір жол станцияларында, Челябинскі 

станциясында – 2 000, Петуховада – 900, Лебяжьяда – 

850, тағы басқа станцияларда дорбалы қайыршылар то-

лып жүр, олардан тырысқақ, оба, іш сүзегі аурулары тарап 



175

жатыр», – деп Сібір денсаулық бөлімі бастығы Гречишев 

дабыл қағып, РВСР №2115 бұйрығы бойынша бүкіл темір 

жолда жұқпалы аурулармен күресті күшейтуді талап 

етеді. Одақтан көмек керектігін жазған...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет